400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Құқығым бар» сайыс-ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
.Оқушылардың құқықтық мәдениеттілігін көтеру. 2.Өз құқығын білуге деген қызығушылығын арттыру 3. Заңдарды сыйлап,өз құқығын қорғауға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

СҚО Есіл ауданы Горное ауылы

«Горное негізгі мектебі» КММ

Мусина Динара Муратовна

әлеуметтік педагог


«Құқығым бар» сайыс-ойыны


Мақсаты:

1.Оқушылардың құқықтық мәдениеттілігін көтеру.

2.Өз құқығын білуге деген қызығушылығын арттыру

3. Заңдарды сыйлап,өз құқығын қорғауға тәрбиелеу


Қолданылатын көрнекіліктер:ҚР Конституциясы, Бала құқықтары туралы Конвенция, интербелсенді тақта арқылы слайдтар,ертегілер, жағдаяттар т.б


Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме ойынға қатысушылар,көрермендер,әділ-қазылар.Бүгін біз «Құқығым бар» атты сайыс ойынын өткізуге жиналдық. Ойын сендердің құқықтық мәдениеттеліктеріңді арттырып,өз құқықтарыңды жетік білуге көмектеседі деген сенімдемін. Сонымен ойынға 3 команда қатысады. Командалар өздерін таныстырып өтсін

1-топ Аламан

2-топ Жігер

3-топ Болашақ

Ойынымыз 4 турдан тұрады

  • Іріктеу

  • Сен білесің бе?

  • Жалғасын тап

  • Сөз шебері

І. «Іріктеу» турында әр топ 10 сұраққа жауап бере отырып,өзіне ұпай жинайды. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

1.ҚР Конституциясы қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамыз)

2.Еліміздегі билік бастауы кім? (Н.Ә. Назарбаев)

3.»Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі» Коституцияның нешінші бабы? (7-бабында)

4.Заң мен сот алдында қандай азаматтардың құқықтары шектеледі? (Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.)

5.Заң шығарушы орган (Парламент)

6.ҚР мемлекеттік рәміздері (Туы, елтаңбасы, гимні)

7.ҚР Конституциясы неше баптан тұрады? (98-баптан)

8.Еліміздің басты құжаты (Конституция)

9.ҚР Президенті неше жылға сайланады? (7 жылға)

10.Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар. Нешенші бап? (19-бап).


ІІ тур: «Сен білесің бе?» деп аталады.Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі

Ең алдымен баланың қандай құқықтары бар екенін анықтап алайық.

Слайдтағы суреттер бойынша әр топ баланың қандай құқығы туралы айтылып тұрғанын анықтайды

1-слайд

Бұл турда Ертегілер еліне саяхат жасай отырып, Бала құқытары туралы Конвенцияның баптарымен таныстыру үшін саяхат айналымын өткізбекпіз. Балалар, Конвенцияда қаралған құқықтарың жөнінде біршама түсініктерің болуы керек. Енді мен сендерге өздерің білетін ертегілерден үзінді оқимын, сендер Конвенцияда қандай құқығымыз туралы айтылғандығы жөнінде түсінік бересіңдер.

Бар екен де жоқ екен

Ерте, ерте, ерте екен

Ешкілері бөрте екен

Қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен

1.«Алтын сақа» ертегісінде сақасын алуға келген баланы жалмауыз кемпір ұстап алып, баланың өміріне қауіп төндіреді, өлтірмекші болады. Бұл туралы Конвенцияда қандай құқық көрсетілген? Баланың құқығы бұзылды ма? (Ия, 37 бап азаптау жәнек бас бостандығынан айыру)


2. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде Кендебай ата-анасынан айырып алған Мергенбай батырдың баласына болысып, Мергенбай батырды, қолға түскен басқа да адамдарын зынданнан шығарады, бұл жерде қандай құқығымызды көрсетесіңдер? Бала құқығы бұзылды ма? (Ия, Конституцияның 18 бабы,Конвенцияның)


3. «Тазша бала» ертегісінде хан жарлығы бойынша жетім өскен Тазша бала тапқырлығымен қырық «өтірік әңгіме» айтып, өлең құрастырып халқын, ханын риза қылды. Бұл жерде қандай құқық туралы айтасыңдар? Бала құқығы бұзылды ма? (Жоқ, 20 бап,Конвенция 13 бап)


4. «Ұр-тоқпақ» ертегісінде кедей шал Қазбайға жасаған жақсылығы үшін алған «Піс, қазанын», «Құс, есегін» Ұр тоқпақтың көмегімен қайтарып алады. Бұл жерде қандай құқық туралы айтасыңдар? Бала құқығы бұзылды ма? (Ия, Конституция17 бап, Конвенция 2 бап)

ІІІ тур «Жалғасын тап» деп аталады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

Әр топқа берілген сөйлемді аяқтау қажет.

Аламан,Жігер, Болашақ топтарына қағазда жазылған келесі сұрақтар жеке-жеке беріледі.Орындау уақыты 2-3 минут


-ҚР азаматы ......жасқа толғанда сайлау құқығына ие болады

-Қазақстан республикасы...................,...........................,.................... мемлекет

-Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - ...............

- Баланың ........ жастан еңбек етуге құқығы бар.

-Көлік жүргізу куәлігі ... жастан бастап беріледі.

-Құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған баланы тінту кезінде міндетті түрде баланың қасында.......................болу керек.

-Жеке өзін қорғауға арналған құралдарды (газ балоны,травматикалық пистолет) тек ..........жастан бастап қолдануға болады

ІV-тур «Сөз шебері» деп аталады. Бұл турда сендер түсініктер бойынша жасырылған сөзді тауып, анықтамасын бересіңдер.Әр топқа 2 сөзден беріледі


  • Двакато- азаматтар мен ұйымдарға заң мәселелері бойынша консультациялар мен түсініктемелер, заңдар жөнінде анықтама береді.

  • Иваз- әр мемлекеттің аймағына кіруге және шығуға немесе өтуге берілетін рұқсат.

  • Инзцялеи-мемлекет құзырлы органның экспорттық не импорттық тауарларды әкелуге немесе әкетуге, сондай- ақ патентке өнертапқыштыққа тауар белгісін пайдалануға беретін арнайы рұқсатнама.

  • Енцрауз- бұқаралық ақпарат құралдарының және оларда жарияланатын кейбір материалды немесе мәліметтермен деректі шектеу не тыйым салу.

  • Цакия- бағалы қағаз.

  • Аңзегр- арнайы заң оқу- орындарының құқықтану немесе заңтану саласын бітірген маман.


Дұрыс жауаптары:

  • Двакато- адвокат

  • Иваз- виза

  • Инзцялеи- лицензия

  • Енцурауз- цензура

  • Цакия- акция

  • Азңегр-заңгер

Ойын соңында әділ-қазылар қорытындыны шағырғанша әр топ келесі тақырыптар бойынша өз ой-пікірлерімен бөліседі:


  • Ішімдік ішу- ұлт болашағына зиян.

  • Менің өз құқықтарым мен жауапкершілігімнің қайсысын көбірек білуім керек?

  • Өз құқығымды білу өмірде қалай көмектеседі?


Рефлексия. Баланың құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын білу бойынша тест.

1. Бала құқықтары туралы Конвенцияны БҰҰ Бас Ассамблеясы қашан қабылдады? 
А) 1989 жылдың 20 - қарашасында 
В) 1990 жылдың 20 - қарашасында 
С) 1991 жылдың 20 – қарашасында 
2. Бала құқықтары туралы Конвенцияны Қазақстан қашан бекітті? 
А)
1991 - жылы 
В) 1994 - жылы 
С) 1993 - жылы 
3. Конвенцияға сәйкес, әрбір адам мына жасқа дейін бала болады..... 
А) 16- жасқа дейін 
В) 14- жасқа дейін 
С) 18- жасқа дейін 
4. БҰҰ- дың анықтамасы бойынша, жасөспірім- ол мына жастағы тұлға: 
А) 12 –жастан 19 – жасқа дейін 
В) 10 –жастан 19 – жасқа дейін 
С) 12 –жастан 18 – жасқа дейін 
5. Бала құқықтарға ие: 
А) туылғаннан бастап 
В) кәмелетке жеткенінде 
С) 14 - жастан 
6. Қоғамның негізгі ұйымы және барлық оның мүшелері, әсіресе балалар өсу және аман-сау болып жүретін табиғи орта: 
А) мектеп 
В) үй 
С) отбасы 
7. Конвенцияға сәйкес, бала: 
А) ересектер сияқты, негізгі құқық және адам бостандығының барлық спектрына ие болу керек 
В) ересектермен салыстырғанда, өз құқықтарында шектеулі 
С) ересектерге қарағанда, көп құқыққа ие 
8. Баланың заңды өкілі, ол: 
А) ата-аналары 
В) асыраушылары, қамқоршылары, қорғаншылары 
С) патронаттық тәрбиешілер және Бала құқықтары туралы конвенцияға сәйкес қамқорлықты, білім беруді, тәрбиелеуді, бала құқықтарын және мүдделерін қорғауды, жүзеге асыратын оларды ауыстырушы тұлғалар 
Д) барлық жоғарда тізбелегендер 
9. Төменгі тізбелеген құқықтардың қайсы, бала құқығының негізгі тобына жатпайды: 
А) Тіршілікке қабілетті құқығы 
В) Кемтар балалардың құқығы 
С) Даму құқығы 
Д) Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың құқығы 
Е) Қорғалу құқығы 
Ж) Қатысу құқығы 
З) Білім алу құқығы 
10. Конвенцияға сәйкес, бала құқықтарын қорғау, ол: 
А) Зомбылықтан, эксплуатациядан және балалармен қатал айналысудан сақтау және елеу коммерциялық және сексуалды эксплуатация 
В) балаларды сату 
С) балалар еңбегі 
Д) зиян келтіретін, дәстүрлі әдет-ғұрып 
Е) барлық жоғары тізбеленгендер 
11. барлық негізгі халықаралық құқықтық қорғау құжаттармен мойындалған және балалар дамуындағы барлық қалған аспектердің негізі болатын, бөлінбейтін құқықтар: 
А) өмір сұру құқығы 
В) даму құқығы 
С) қатысу құқығы. 
12. Конвенцияға сәйкес, жеке, отбасылық және балалардың үйдегі өміріне араласудан қорғауға, сондай-ақ, хат жазысу, бәле - жала және өсектен қорғау құқығын қамтамасыз етілуде : 
А) ой, ар-ождан және дін еркіндігіне құқықты 
В) жеке өмірге құқықты 
С) еркіндікпен пікірін білдіруге құқықты. 
13. Отбасында тұру құқығы, ол, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, отбасында тұру құқығын көздейді: 
А) туған (биологиялық) отбасында 
В) туған (биологиялық) отбасында, ал ол болмаған жағдайда, баланың жеке талабына  сай оны ауыстыратын отбасында, 
С) баланың жеке талабына сай, оны ауыстыратын отбасында.
14. Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекіткен елдер, баланың денсаулығына қатысты құқықтарын іске асыруда, міндет алады: 
А) балалар өлімің қысқартуға, 
В) балалар аурулары және жеткіліксіз тамақтануларымен күресуге, 
С) баланың тұғанға дейін және тұғаннан кейін күтімін қамтамасыз етуге, 
Д) санитарлық ақпарат таратуға 
Е) барлық жоғары тізбеленгендер. 
15. Балаларға қатысты дискриминация – ол: 
А) Балалар үшін тең құқықтың жоқтығы 
В) Баланы құқықтан айыру 
С) Ерекше белгі бойынша балаларды құқықтармен үлестеу 
16. Құқықтар туралы Конвенция, балалар зорлық - зомбылықтың барлық нышанынан қорғалуға құқықты екенін көрсетеді.  Бұл жағдайда зорлық-зомбылықтың мағынасы болып, мыналар көзделеді: 
А) ұрлау, бала өлтіру, өлтірушілік 
В) зақым келтіретін, дәстүрлі тәжірибе 
С) сексуалды, психикалық және денеге қиянаттар 
Д) «тәртіп шаралары» ретінде дене жазалау 
Е) барлық жоғары тізбеленгендер. 
17. Конвенцияға сәйкес, балаларға қатысты жәбір келтіру, ол адам құқығының бұзылуы болып табылады. Зорлық – зомбылық мыналарды бұзады: 
А) әркімнің заң алдындағы тең қорғалу құқығын; 
В) қатал айналысуға жатпау құқығын; 
С) өмір сүру және денеге қол сұғылмаушылықта болу құқығын; 
Д) денсаулықтын дене және психикалық ең биік стандарттарына ие құқығын; 
Е) барлық жоғары тізбеленгендер. 
18. Конвенцияға сәйкес, «психикалық, денелік, әлеуметті моралді қатынаста қауіп-қатер немесе немесе балаға зақым келтірумен байланысты, төленетін және төленбейтін жұмыс және қызмет» - ол: 
А) балалардың еңбек қызметі 
В) балалардың еңбек тәрбиелеуі

С) балалар еңбегі. 
Сонымен ойынымыз аяқталды. Жеңімпаздарды марапаттау,ойын қорытындысын шығару үшін әділ-қазыларға сөз беріледі.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
7 қаңтар
2103
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі