Құқық әлеміне саяхат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құқық әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға құққық туралы түсінік беру. Өз пікірлерін білдіруге, тұжырым жасауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №85 сәбилер бақшасы»

мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны











Тақырыбы: «Құқықтану әлеміне саяхат»

Ересек «Ә» тобы








Дайындаған:

Калиева Динара Жумажановна


















Павлодар қаласы, 2021ж.


Мақсаты:

Білімділік: Балаларға құқық туралы түсінік беру. Өз пікірлерін білдіруге, тұжырым жасауға үйрету.

Дамытушылық: Құқықтық дүниетанымдары мен адамгершіліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Достыққа, мейірімділікке ойын арқылы тәрбиелеу. Өзін және басқа адамдарды сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Паровоз макеті, ертегі кейіпкерлері атрибуттары.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар, біз бүгін құқықтану әлеміне саяхатқа шығамыз. Проектордан паровоз көрсетіледі. Сендер білесіңдер ме, Қазақстан – өте бай, әдемі,көп ұлтты, ірі мемлекеттердің бірі. Қоғамның басты байлығы – адам. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек. Әр мемлекетте Бала құқығы туралы конвенция қабылданған. Конвенция дегенміз ол- бала құқығы туралы келісім шарт. Заң бойынша бала деп кімді атайды ?


Балаларға,қамқорлық,жасай,отырып, бақытты,өмір,сүру,үшін,керемет,кітапты «Бала құқықтары туралы Конвенцияны» жазып шығарды. Сонымен бүгін, осы кітаптағы құқықтарымыз жайында сөз қозғаймыз.

Жай ғана,бұл,кітап,емес,

Не керек, не керек емес.

Ашқанда,ғана,көрерсің

Мазмұнын,сонда,білерсің

Балалар, мен сендермен қызықты бір ойын ойнағым келеді.

Ойынның аты «Сиқырлы сандық» деп аталады.

Көмекшілерімнен сиқырлы сандықты алып шығуын сұраймын.

Бұның ішінде көптеген заттар бар. Қане, қарап көрейік. Алып шыққан әрбір затты бала құқығымен байланыстырайық.


1.Туу туралы куәлік

Бұл қандай құжат? Бұл құжат сендерге қандай құқықты еске түсіреді?

- Ата-аналарың сендер дүниеге келгенде есім қояды.

-Ал, балалар, сендер есімдеріңіздің қандай мағына беретінін білесіздер,ме?

-Адамдар бір-бірін қалай атауы қажет?

-Балалар, адамдарға жалған ат қойып, дөрекі сөзбен атауға болмайды. Бұл есім алу құқығының бұзылуы болып табылады.


2.Жүрек

-,Мына жүрек сендерге қандай құқықты еске түсіреді?

-Отбасы деген не?
-Отбасы мүшелерін атап өтейікші?
— Балалар, сәбилерге, үлкен ,адамдардың сүйіспеншілігі мен күтімінсіз өмір сүру өте қиын. «Отбасы болмаса бақыт та жоқ» деген мақал да бар. Сондықтан «Бала құқықтарының
Декларациясында»жазылған: «Әр бала отбасында өмір сүруге, ата-ананың сүйіспеншілігі мен күтіміне құқылы»
Сенде бар жанұя
Менде де бар жанұя
Үлкенде де, кіші де
Жанұя бар кісіде
Әр баланың құқығы бар
Жанұямен тұруға

Ойын: «Мақал айтайық»
1. Отан оттан да ыстық

2. Әке асқар тау, Ана бұлақ, Бала жағасындағы құрақ.

3. Бір тал кессен, Он тал ек

4. Қыз өссе елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі

5. Батамен ел көгерер,

Жаңбырмен жер көгерер.

Кітап

Бұл қандай кітап? Бұл кітап баланың қандай құқығын еске түсіреді?

Қалай ойлайсыңдар, әр баланың білім алу құқығы бар ма?

-Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалар ерекше қамқорлыққа және білім алуға құқылы.

Біздер балабақшада не істейміз,балалар?


Сергіту сәті

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін өзі басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Қанат жаям жолма жол,

Талпынғандай ұшуға.

Иіліп кеп қол созам,

Аяғымның ұшына.
3. Суретшінің құралдары

Жер бетінде қаншама мамандық бар. Олар бір-біріне байланысты.
Сендердің де еркін еңбек таңдау құқықтарың бар. Ер жеткенде қандай мамандық иелері атанғыларың келеді?
«
Мамандықтың бәрі жақсы»
Суретте қандай мамандық иелерін көріп тұрсыңдар? Мынау кім?

Бұл -суретші

Бұл - жүргізуші

Бұл -құрлысшы (Суретте көрсетілген мамандықтар бойынша әңгіме құралады.)

Міне, балалар осындай мамандыққа жету үшін алдымен білім алып үйрену керек.
4. Дәрігер құралы
— Әр адамның ауруханада емделуге құқығы бар.
— Деніміз сау болу үшін не жасау қажет?
Денсаулық өмірдегі ең басты бағалы нәрселердің бірі. Әр бала қуатты болуды, денсаулық дағдыларын, ойнауды қалайды.

Біздер өсіп жетілуіміз үшін дұрыс тамақтануымыз қажет. Ағзамызға қандай азық-түліктер мен жемістер пайдалы екендігін сендер біледі ме екенсіңдер?!

Дидактикалық ойын: «Не пайдалы?»

5. Қуыршақ қыз бала

-Қалай ойлайсыңдар, мына сиқырлы сандыққа неге ұлттық киім киген қуыршақ салынған?

-Ия , дұрыс айтасыңдар. Әрбір бала өз ана тілінде сөйлеп, салт-дәстүрін ұстануға, өз мәдениетін, дінін қолдануға құқылы.

Балалар, бәрімізге белгілі біздің Қазақстан мемлекетінде көп ұлттың өкілдері өмір сүреді.

-Ендеше ,балалар «Достық» әнін айтайық.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2021
862
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі