Материалдар / "Құқық бұзушылық және жасөспірім" Сабақтан тыс сабақ

"Құқық бұзушылық және жасөспірім" Сабақтан тыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған ісшара ретінде қолдануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
647
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы қаласы, Алмалы ауданы













№124 ЖББМ КММ«Құқық бұзушылық және жасөспірім» тақырыбында 8 «А», 8 «Ә» сыныптар арасында өткізілетін сабақтан тыс ашық сайыс сабағының сценарийі

























Мектеп директоры: М.Н.Набидоллаева







Іс-шараның тақырыбы: «Құқық бұзушылық және жасөспірім»Қатысушылар: 8 «А», 8 «Ә» сыныптарТүрі: сабақтан тыс сайыс сабақҚатысушылар: 1.Жүргізуші Ауашева Қ. –тарих пәнінің мұғалімі2.Бағалаушылар Рахымбекова У.Т. тарих пәнінің мұғалімі, Ильясова Н.Р.тарих пәнінің мұғалімі, Бабаканов Р.Т АӘД пәнінің мұғалімі, мектеп инспекторы Имбетов Ч.М..3. 8 «А», 8 «Ә» сынып оқушыларыМақсаты : Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.Көрнекілік : Интербелсенді тақтаның көмегімен дайындалған слайдтар, қанатты сөздер, мақал- мәтелдер, тірек сызбалары.Тәрбиелік шараның жүрісі: І.Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. Халық даналығыақал-мәтелдер мағынасын ашу.ІІІ. Сұрақ-жауапікірталас.IV. Ойлан тап.V.Қорытынды.І. Ұйымдастыру кезеңі:Ауашева Қ.: Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. — Әрекет — бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.ІІ. Мақал-мәтелдер. (Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер айтып, мағынасын ашу)1.«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала ,қырсығын әкесінен іздейді.»2. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»3. «Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.»4. «Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.»5. «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер6 Біреуге ор қазба, өзің түсесің.7. Заңның құрығы, бәрінен ұзын.8. Ұрлық түбі, қорлық.9. Өтірікшінің құрығы, бір – ақ тұтам.10. Тура биде, туған жоқ.11. Туғанды биде, иман жоқ.12. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.13. Тек жүрсең, тоқ жүресің.14. Заңды сыйлаған, еркін жүреді.ІІІ. Сұрақ-жауап. (Мұғалім оқушыларға слайд тапсырмалары борйынша сұрақ қояды, оқушылар жауап береді. Мұғалім толықтырады)1.Жеке адамның құқығы дегеніміз не?Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара.2. Құқықтың қандай түрлерін білесіңдер?- Жеке (азаматтық)- Саяси- Экономикалық- Әлеуметтік- Мәдени т.б.3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады? Туылғаннан беріледі4. Оларды орындау үшін не қажет? Міндеттерін орындау5. Адамның негізгі құқығы? Өз құқықтарын пайдалану құқығы6. Құқық қашан және қайда пайда болды? Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады.7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық – деген не? Бостандық – бұл таңдау8. Бостандықты не шектейді? Бостандық және өз қалауымен орындамалық – бұлар бірдей ме? остандықты шектеу әр адамның саналығындаIV. Ойлан тап. (Интербелсенді тақтаның көмегімен дұрыс жауабын табу.)1. Құқық -----------------------------------------А – Еліміздің негізгі заңы.2. Конституция ---------------------------------Б – Мемлекет басшысы3. Мемлекет ------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу8. Егемендік --------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыныДұрыс жауабы:1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-ГV.ҚорытындыҚұқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ