Ұйымдастыру кезеңі (7
мин)
|
Заңды аттамай тура жолмен жүріп еліне адал қызмет
еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу заман
талабы. «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» айдарымен
ұйымдастырылып отырған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Сайыстың жоспары:
1. Таныстыру (топ аты, өмірлік ұстанымы, топ төс белгісімен
таныстыру)
2. Тікелей сұрақ (әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 10
сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен есептеледі)
3. «Ой жалғау» (мақалдың жалғасын табу)
4. «Адасқан әріптерді орналастыр» (термин сөздер)
5. Суретті баптар (әр топқа мақалдар беріледі, мағынасын қарап,
Конституция бойынша баптарға келтіріп, оқушылар соны суреттеп
көрсету)
6. «Ой талқы» Берілген сұраққа әр топ ой-тұжырымдарын білдіреді
(уақыт 3 минут)
7. Қорытынды (әділқазы алқасының
қорытындысы)
|
Оқушылар мұғаліммен
амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша
орындарына отырады.
|
Компьютер
|
Сабақ басы (13
мин)
|
«Әділет» тобының
сұрақтары:
1. Конституция сөзінің аудармасы қандай? (Құрылым, өкілім)
2. ҚР-ның биліктің бірден бір бастауы (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол
қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет қабылданды?
(2-рет
1993 жылы 28-қаңтар, 1995 жылы 30-тамыз)
5. Республикадағы жоғары заң шығарушы органды ата?
(Парламент)
Құқық бұзушылық — қоғамға
зиян келтіретін және заң бойынша
жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке
басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян
келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын
мәліметтерді тарқату және т.б.), әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін
бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс
қылық және т.т. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс
болып табылады.
Құқық бұзушылықтар
үшін заңмен тиісінше
әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық
жауапкершілік қарастырылған.[1]
|
«Ақиқат» тобының сұрақтары:
1. ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады? (1991жылы 16-желтоқсан)
2. ҚР-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 жылы
15-қараша)
3. ҚР-ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заң қай жылы қабылданды?
(1992 жыл 4-маусым)
4. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
5. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы
20-қараша)
|
презентация
|
Ортасы (20
мин)
|
Құқық бұзушылық — қоғамдық қауіпті (зиянды)
сипаты бар, өз істеріне өз бетінше жауап беруге қабілетті тұлға
жасаған кінәлі құқыққа қайшы
іс-әрекет.
Барлық құқық бұзушылықты екі топқа бөлу
қабылданған – қылмыс және теріс қылық. Оларды бөлудің басты
критерийлері, біріншіден, қоғамдық зияндылықтың сипаты мен
дәрежесі, екіншіден, субъективті фактор, бұл шешуші шамада құқыққа
қайшылық ретінде сол немесе басқа іс-әрекетті мойындауға әсер
етеді. Қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі нысан
құндылығымен, құқыққа қайшы қастандықпен, жағдаймен, уақытпен,
(зорлық немесе зорлық емес) тәсілдермен, өлшеммен және келтірілетін
зиян сипатымен және т.б.
анықталады.
Теріс қылықтар – бұл,
қылмыстармен салыстырғанда қоғамдық қауіптің аз дәрежесімен
сипатталатын құқық бұзушылық, ол қоғамдағы құқықтық тәртіптің жеке
жақтарына қастандық жасайды. Теріс қылықты құқық салаларында
қолданарлық түрде, сондай-ақ олар теріс қылық енгізетін
қарым-қатынас түрлері бойынша және солар үшін қолданылатын жаза
түрлеріне қарай топтауға болады.
Тәртіптік теріс
қылық – қызметтік қарым-қатынастар аумағында
жасалатын құқық бұзушылық және ол ең алдымен қызмет бойынша
бағынушылық қатынастың тәртібін бұзады. Тәртіптік теріс қылық
адамдардың (жұмысшылардың, қызметкерлердің, оқушылардың және т.б.)
белгілі ұжымдарының қызмет тәртібіне қастандық жасайды, ол еңбек,
қызмет немесе оқу тәртібін әлсіретеді де, тәртіптік теріс қылықты
тудырады. Сонымен, мысалы, Еңбек туралы заңдар кодексі ескерту,
сөгіс, белгілі бір мерзімге төмен жалақылы жұмысқа ауыстыру немесе
төменгі лауазымға түсіру, жұмыстан босату сияқты тәртіптік жазалар
қарастырылған.
ІІІ бөлім «Ой жалғау»
(мақалдардың жалғасын табу)
«Әділет» тобына
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
3. Ақырын жүріп... (анық бас)
4. Асыл тастан ... (өнер жастан)
5. Тура биде ... (туған жоқ)
«Ақиқат» тобына
1. Ұрлық түбі ... (қорлық)
2. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
3. Әдепті бала ... (арлы бала)
4. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
5. Әділ істің ... (арты игі)
|
Оқушылар мақалдың жалғасын
табады
|
Компьютер
|
Соңы
|
«Адасқан әріптерді орналастыр» (термин
сөздер)
«Әділет» тобына
1. ЕКОНЮС – БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы
2. АТКРДЕИЯМО – халық еркі немесе билігі
3. ЕНТЕЗПРИДЕ – мемлекет басшысы
«Ақиқат» тобына
1. УАТРА – айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім
2. АТТӨЛЖҰҚ – азаматтықты куәландыратын құжат
3. РПАЕЛМАНТ – заң шығарушы
орган
|
«Әділет» тобына
Тақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?
«Ақиқат» тобына
Тақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу
керек?
|
презентация
|