Құқық бұзушылық және ол үшін жауапкершілік. Тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 22 материал табылды

Құқық бұзушылық және ол үшін жауапкершілік. Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқық бұзушылық және ол үшін жауапкершілік. Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп


Сабақтың тақырыбы:

Құқық бұзушылық және ол үшін жауапкершілік

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі фигур алғандарды

1-топқа «Достар», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Құрдастар» тобына бөлемін.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал


Оқушылар

дың пікірі тыңдалады


слайд

Жаңа сабаққа кіріспе




«Миға шабуыл» әдісі

-Конституция дегеніміз не?





-Біздің еліміз Конституция күнін қашан мерекелейді?


-Балалар, өздерің айтқандай Конституцияда Қазақстан республикасында тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері жазылады. Осы заңға бағынатын, оны орындайтын адамдарды кімдер дейміз?


Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.

/30 тамыз/







/азаматтар/


Сабақтың ортасы

26 мин.

Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет.Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілеттерін дамытады,өз пікірін айтуға,тұжырым жасауға үйретіп,патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек. Себебі ол осы мемлекеттің азаматы. Сендердің де әр қайсысылардың осы мемлекеттің азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді. Ол туралы Конституцияда жазылған.

Ендеше, балаларға арналған олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құжат бар. Оның аты – Конвенция деп аталады. Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі. . Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 54 баптан тұрады.

2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген. Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады.




Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар? СЛАЙД бала құқықтары

Өмір сүруге

Ата-тегін алуға

Отбасында тәрбиеленуге

Жеке бас бостандығына

Азаматтық алуға

Білім алуға

Баспана алуға

Дүние мүлікке

Демалуға

Денсаулықты сақтауға

Сөз бостандығына

Қоғамдық жұмыстарға араласуға



Көрініс: «Каусар мен Диастың ақшаға таласуы»

Каусар менде ақша бар жүр екеуміз бірге барып асханадан пирожки алайық. Неге? Жарайды, менда ақшамды алайын. Сол кезде Диас түрі бұзылып үнсіз қалады. Жоқ менің ақшам жоқ, сен алып алдың , алып кел менікі сені болса қайтемін, менікі болды мекнікі?! Сенің де атың жазылып қойған жоқ.Бұл менің ақшам,саған бермеймін. Менің де құқығым бар,саған ғана беріліп қойды дейсің бе? Мен тауып алдым Автор: класс аң таң. Ақмерей: Каусар Диас төбелесті тоқтатыңдар,қазір апай екеуіңнің дауларыңды шешіп береді. Автор:Осы мезетте топ бөлмесіне тәрбиеші апай келді. Бұл не шу? Диас пен Каусар 50 тг үшін таласып, «Менің құқығым бар ақша жұмсауға » деп дауласып жатыр,қойыңдар десек те қоймайды. Каусар , Диас сендердің бұл құқықтарың дұрыс емес.Өздеріңнің жеке бастарыңның қажетін ойлап,бір-бірлеріңе тіл тигізу адамгершілікке жатпайды.Әркім өз құқығын дұрыс түсінуі қажет.Әрине сендердің әрқайсыларың оқуға,білім алуға,ойнауға,демалуға құқықтарың бар,бірақ барлық мәселені ақылмен шешу керек. Сынып жетекшіміз дауды шешіп,Каусардың ақшасын қайтарып, кешірім сұрауды өтінді.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Құқың бар: күл,ойна ,шаттанып білім ал.

Құқың бар:табиғат сырларын біліп ал.

Химик бол, ғалым бол, пайдалы еңбек ет,

Халқың да құрметтеп, достарың қызығар.

Құқың жоқ гүлдерді, көк шөпті жұлуға,

Құқың жоқ құстардың ұясын бұзуға.

Құқың жоқ тәртіпсіз, қатыгез бала боп,

Халқыңның алдында қызарып тұруға. –дей келе біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өзқұқығымыздыда,өзгеніңқұқығын да бұзбай,тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып өсейік!

Рисунок 23




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2024
114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі