№103 жалпы орта
мектебі

Тақырыбы: Құқықбұзушылықтың
алдын алу басты міндет
Дайындаған:
Б.Нускабаев
Шымкент
2016
Құқықбұзушылықтың алдын-алу -
басты міндет

Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілік
пен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның
елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату
процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр
уақыттар бойы жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық
нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен,
күнделікті мінез - құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты
ісжүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын
дамыту кезеңінде, еңбірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен
мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша
міндетті іс.
Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің
мазмұнын айқындауда А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский “Қандай да
бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен
ұйымдастырылып жеке адамның мұқтаждығына негізделсе, екіншіден,
ұжымдық жұмыстарға оқушылар шаруашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы
буын ағалардың әлеуметтік-құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін
қабылдап, өз мінез-құлықтарына қалыптастырады”- деп осы мәселеге
қатысты айтқан пікірлеріне кең түрде басшылыққа алудың маңызы
ерекше.
Балалардың мінез - құлқының нормадан, шамадан
ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде еңбастысы
отбасы жағдайы болып есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының
жаман - жақсы қасиеттерінің негізі отбасына қалыптасады. Сондықтан
да, балалардың өнеге алып үлгі тұтары ең алдымен өздерінің ата -
аналары.
А.С. Макаренко сөзімен айтқандай, “Тәлім-тәрбие,
кең түрде алғанда әлеуметтік процесс”. Адамдар да, заттар да
тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың
ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен.
Олай болса, құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы
жағдайын жан-жақты танып білу қажет.
Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың
құқықтық сана-сезімін бірінші кезекте қалыптастырудың маңызы зор
дедік. Себебі, құқықтық сана – қоғамдық сананың ерекше түрі.
Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу,
жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайту
- мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір
бағыты.
Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзкарас та
күннен-күнге өзгеру үстінде. Бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас
құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып, ақпаратта
еркіндігі кең таралған. Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері
әсер етуде. Осының салдарынан қазір мектеп жасындағы балалардың
шылым шегуі, ішімдік ішуі, есірткі қолдануы немесе әртүрлі
қылмыстық іс-әрекетке баруы жиілеуде. Ата-бабамыздың
салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпы ажырап қалған, шетелдік компьютерлік
ойындар мен қатыгездікке қойылған фильмдердің еркіндігіне кеткен
жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз, ұлтымыздың болашағын
ойлайтын санасы сергек, адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу -
тәрбие жұмысының негізгі мақсаты. Жасұрпаққа тек білім берумен
шектелу аз, оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам
қалыптастыру керек.
Құқықтық тәрбие сан қырлы, күрделі процесс, бұл
жалпы және арнаулы шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды. Соның
еңбірінші сатысы - оқушыны заңмен хабардар етіп, оның жалпы білім
деңгейін көтеру.
Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1-сыныптан бастап,
белгілі бір жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды
бітіргенге дейінгі аралығында жүргізуі қажет. Адамның құқықтары мен
міндеттері жайында баяндалған 1-бапта “Менің Отаным - Қазақстан
Републикасы. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандығы” деген жолдардан баста. 1995 жылы 30
тамыздаБүкілхалықтықреферендумдақабылданып, 1995 жылы 5 қыркүйектен
күшіне енген Ата Заңның Конституцияның мазмұны менәрі ондағы
құқықтық ұғымдарды таныстырудан, түсіндіруден бастаған жөн. Себебі,
құқық әрбір адамның туғаннан, өлгенге дейін қоғамдағы жүріс -
тұрысын, мінез - құлқын, адамдармен, жалпы тіршілік ету ортасымен
қарым - қатынасын реттейді.
Ол
үшін мектебімізде «Заң және жасөспірім» атты айлықтар шеңберінде
«Мен жәнезаң», «Жауапкершілік түрлері», «Заң бұзушылық неге апарып
соғуы мүмкін» тақырыптарда сынып сағаттары, дөңгелек үстел, пікір
талас өткізілді. Сонымен қатарата-атаналар мен оқушылар үшін
прокуратура қызметкерлерімен, құқық қорғау органдарының
қызметкерлері мен кездесулер өткізілді.