Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Құқық бұзушылықтың алдын-алу - басты міндет
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Баяндама «Құқық бұзушылықтың алдын-алу - басты міндет»
Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақыттар бойы жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық
нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез
- құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің
әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс.
Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда А.С. Макаренко, В.А.Сухомлинский “Қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке адамның мұқтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шаруашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік- құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез-құлықтарына қалыптастырады”- деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.
Балалардың мінез - құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағдайы болып есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман - жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да, балалардың өнеге алып үлгі тұтары ең алдымен өздерінің ата - аналары. А.С. Макаренко сөзімен айтқандай, “Тәлім-тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс”. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың
ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса, құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан-жақты танып білу қажет. Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана-сезімін бірінші кезекте қалыптастырудың маңызы зор дедік. Себебі, құқықтық сана – қоғамдық санның ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайту - мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты. Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзкарас та күннен күнге өзгеру үстінде. Бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып, ақпарат тарату еркіндігі кең таралған. Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде. Осының салдарынан қазір мектеп жасындағы балалардың шылым шегуі, ішімдік
ішуі, есірткі қолдануы немесе әр түрлі қылмыстық іс-әрекетке баруы жиілеуде.
Ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпы ажырап қалған, шетелдік
компьютерлік ойындар мен қатыгездікке қойылған фильмдердің еркіндігіне кеткен
жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз, ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек, адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу - тәрбие жұмысының негізгі мақсаты. Жас ұрпаққа тек білім берумен шектелу аз, оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам қалыптастыру керек.
Құқықтық тәрбие сан қырлы, күрделі процесс, бұл жалпы және арнаулы
шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды. Соның ең бірінші сатысы - оқушыны заңмен хабардар етіп, оның жалпы білім деңгейін көтеру.
Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1-сыныптан бастап, белгілі бір жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды бітіргенге дейінгі аралығында жүргізуі қажет. Адамның құқықтары мен міндеттері жайында баяндалған 1-бапта “Менің Отаным – Қазақстан Републикасы. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы” деген жолдардан баста. 1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданып, 1995 жылы 5 қыркүйектен күшіне енген Ата Заңның Конституцияның мазмұнымен әрі ондағы құқықтық ұғымдарды таныстырудан, түсіндіруден бастаған жөн. Себебі, құқық әрбір адамның туғаннан, өлгенге дейін қоғамдағы жүріс - тұрысын, мінез - құлқын, адамдармен, жалпы тіршілік ету ортасымен қарым - қатынасын реттейді. Ол үшін мектебімізде «Заң және жасөспірім» атты айлықтар шеңберінде «Мен және заң», «Жауапкершілік түрлері», тақырыптарда сынып сағаттары, дөңгелек үстел өткізілді.
Мектептің ұстаздар ұжымы жастарды тәрбиелеудің Кешенді бағдарламасын жүзеге асыруда негізгі бағыты оқушыларды патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеу, қосымша жасөспірімдер арасында құқықтық тәрбиелеу және құқықбұзушылықтың алдын алуда мақсатты түрде жұмыс істейді. Осы бағытта барлық жұмысты құрамымен басқарды.
Балаларды оқумен қамту сұрақтары мектеп әкімшілігінің әрдайым бақылауында..
Оқушылардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға көп
көңіл бөледі.
Мектеп мұғалімдері әрдайым жасөспірімдерде белсенді азаматтық және
өмірлік ұстаным, қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыруға тырысады. Осы оқу жылының қыркүйек және ақпан айларында ҚР рәміздеріне арналған сынып сағаттары өткізілді, онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына, Мемлекеттік елтаңба мен Мемлекеттік әнұранына жауапкершілікпен
қарауға және жауапсыз болған жағдайда жазалануға тиісті екені
ескертілді. ҚР «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» Заңы –
Заңның 39, 40, 41 баптары - негізінде мектепте оқушылар мен ата-аналар
арасында күш көрсетуді, балалардың қаруланған шиеленістерде қатысуын насихаттайтын, осылай баланың рухани және ізгілікті дамуына зиян келтіретіні жайлы түсіндіру жұмыстары атқарылды. Жыл сайын, қыркүйектің басында мектепте салауатты өмір салтын насихаттау мен енгізу, темекі шегудің, ішімдік ішудің, нашақорлықтың, басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша іс-шаралар талқыланады. Бұл бағытта сынып етекшілері, мектептің медициналық қызметкері белсенді жұмыс атқарады,
21 ғасырдың қауіпті мәселесі бір-бірімен байланысты АҚТҚ мен
нашақорлық болып отыр. Біздің мектепте көп жылдан бері «Біз қарсымыз!» атты
талқыланған өз бағдарламасымен наркопост жұмыс жасайды.
- «Есірткімен балалық шақ»;
- «Әлем балалары мен АҚТҚ»
- «Ішімдік ішудің бұзатын күші»
- «Сіздің бүгінгі қадамыңыз - болашақтың негізі»;
- «Зиянды әдеттерге қалай қарсы тұру керек?»
Жылдың басында мектеп медбикесі «Сақ бол, есірткі!» ақпараттық бұрышын рәсімдеді, сонымен бірге емхананың наркологын «қатерлі топ»
оқушыларымен кездестіру ұйымдастырылды, онда «Балалар мен нашақорлық» тақырыбы бойынша лекция өткізілді. Барлық сыныптарда қорқу, үрейленудің және өзіне қол жұмсауға бейім болудың алдын алу бойынша тестілер, оқушылармен жеке әңгімелесулер өткізеді.
Барлық оқу жылы бойына мектептің әкімшілігі мен ұстаздары асоциалды, әлеуметтікжағдайы төмен отбасыларды, кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта үйлерінде болуын қамтамасыз ету мақсатында «Түнгі қаладағыбалалар», «Қамқорлық» акцияларын өткізеді. Аралау нәтижесінде тексеру актілері жасалып, отбасыларына ұсыныстар беріледі. Мұндай акцияларды өткізу үшін ата-аналар қоғамы, құқыққорғау органдарының қызметкерлері шақырылады. ДНД-да кешкі кезекшілік кестесі жасалып, іске асырылады. Жазғы уақытта, құқықбұзудан қашу үшін жазғы уақытты ұйымдастыру бойынша дәстүрлі жұмыс жүргізіледі. Бұл балалардың мектеп жанындағы алаңдағы жұмысы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың, қамқорлыққа алынған балаларын қала сыртындағы лагерлерге тегін жолдамалармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
Барлық тәрбиелеудің негізін отбасы қалайды. Бұл баланы- болашақ азаматты қалыптастыру - басты әлеуметтік институты. Сондықтан отбасындағы ата-аналардың дұрыс қарым-қатынасы, бұл жағынан отбасы мен мектептің өзара қатысы жастарды тәрбиелеуде маңызды орын алады. Мектептің әкімшілігі мен ұстаздары ата-аналар қоғамының көмегіне сүйеніп, оқу-тәрбие үрдісінің мәселелерін шешуде сыныптық ата-аналар комитетінің рөлін көтеріп отырады.