Материалдар / "Құқық және бостандық" құқықтық эстафеталық сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Құқық және бостандық" құқықтық эстафеталық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
орта мектеп мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2018
663
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Құқық және бостандық

Сайыстың мақсаты:

  • Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдықпен пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге, алған білімдерін өмірмен байланысты мәселелерді бірге шешуге баулу;

  • Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау;

  • Конституцияны, т.б құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: құқық жайлы қанатты сөздер, кітаптар, заңдар жинағы т.б.

Сайысқа қатысушылар: 8-11 сынып оқушылары, әділқазылар алқасы.Ең көп ұпай жинаған сынып жеңімпаз атанады.

Сайсытың барысы:

І.Кіріспе бөлім.

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сайысқа қатысушы сыныптарды анықтау

  2. Сайысқа дайындығын тексеру

  3. Әділқазылар алқасын сайлау

Бүгінгі« » атты құқық онкүндігі шеңберіндегі сайысты тамашалауға қош келдіңіздер.

Мұғалім сөзі:

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты –өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше.Қазіргі білім берудің басты мақсаты да- сол, жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: “Бізге қажетті-жаны да, қаны да қазақы, халықтың тілі мен дінін,тарихы мен салт-дәстүрін бойына сіңірген, туған жерін түлетуді, егемен елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу” деп атап көрсеткендей, жас ұрпақтың дамуын, дүниежүзілік алдыңғы қатардағы ақыл-ой мен тәжірибені өскелең өмір талабына жеткізуін, тәлім-тәрбиесін жаңартуды талап етеді.Соңғы кездері білім мазмұнының тұжырымдамасында азаматтық құқықтық тәрбие беру мәселесіне баса назар аударылып отыр.

Ата-бабаларымыз жазу-сызуды білмеген кездің өзінде-ақ, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, адам құқын қорғауды назарда берік ұстаған.ҚР Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық және саяси құқықтары мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның дербестігін, жеке-дара мүдделерінің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды.

ІІ.Негізгі бөлім

Сайыстың шарттары:

  1. «Сәлем сөздің анасы» таныстыру /сынып ұраны, төсбелгі/

  2. «Біліміңді көрсет» кезеңі /сұрақтарға жауап беру/

  3. «Ой елегінен өткіз» кезеңі /жағдаяттар шешу/

  4. «Шынығу» кезеңі /тест тапсырмасын орындау/







1.«Біліміңді көрсет» кезеңі

10-11 сыныптар


  1. Шетелдіктер асырап алған, ҚР азаматы болып табылатын бала ҚР азаматтығын сақтай алады ма?

  2. ҚР азаматтығына қабылдану үшін қандай шарттар қойылады?

  3. Конституция құрылымын ата?

  4. Конституция бойынша Президенттің сайлау өкілеттілігінің мерзімі?

  5. Ата Заңның қабылданған уақыты?

  6. Неше жасқа толмаған баланы Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге шақырылуға жатпайды?

  7. Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады?

  8. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі?

  9. Қандай тұлға Президент болып сайлана алады?

  10. Қай уақыттан бастап заң қабылданды деп саналады?

  11. Ерікті еңбек ету құқығы деген не?Еріксіз еңбекке қай кезде жол беріледі?

  12. Некенің қандай түрлері бар?

  13. «Жеті Жарғы» бойынша әйелдің құны қалай белгіленген?

8- сынып


  1. Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзінде нешінші орында?

  2. Тәуелсіздік алған уақыты?

  3. Ел басшысы?

  4. Заң шығарушы органы қалай аталады?

  5. Ұлттық рәміздері, авторларын атап беріңдер?

  6. Ақшасы қашан айналысқа шықты?

  7. Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі?

  8. Оқушының демалатын уақытына нелер жатады? /

  9. «Жеті Жарғы» бойынша ердің құны қалай белгіленген?

  10. ҚР азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма?

  11. Қазақстанның қазіргі Конституциясына биыл неше жыл болады?

  12. Конституция құрылымын ата?

  13. Жазаның ең ауыр түрі:

9- сынып

  1. Терроризм деген не?Тероризм қылмысы қалай және қандай мақсатпен жасалады?

  2. Құқықтың қандай түрлері бар ?

  3. Қоғамның бастапқы ұясы не?

  4. Адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясы қашан қабылданды?

  5. Біздің мемлекетіміздегі меншіктің түрлерін ата?

  6. 18 жасқа толған республика азаматы сайлау құқығына ие болады ма?

  7. «Жеті Жарғы» бойынша әйелдің құны қалай белгіленген?

  8. Ата-ананың қасиетті міндеті не?

  9. ҚР азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы оның азаматтығын тоқтатуына әкеліп соқтыра ма?

  10. 16 жасқа толмаған балалардың азаматтығын қалай анықтаймыз?

  11. Некеге тұру жасы:

  12. Конституцияда бекітілген ең басты құндылық:

  13. Ұсталған адамды ішкі істер органдары қанша уақыт бойы ұстауға құқылы?

2.«Ой елегінен өткіз» кезеңі /жағдаяттар шешу/

С.Айқын өзінің өгей баласы Сәбитті үнемі ұрып соғады, қорлайды.Бір күні Сәбит сыныптастарымен үйде отырғанда С.Айқын мас күйінде келіп, оны жолдастарының көзінше ұра бастайды.Өгей әкенің осы әрекетіне шыдамаған Сәбит оған ашу үстінде үстелдің үстіндегі пышақты сұғып алады.Өгей әкесі бірден көз жұмады.Қылмыс қалай жасалып тұр?

Кей отбасында бала жылап-сықтап ата-анасына өзінің алғысы келген нәрсесін қалайда алғызады.Айбол да өзін жақсы көретіндері үшін әке –шеше, ата-әжесінен «ақы» талап ететін баланың бірі.Осындай жеткіншектен түбі қандай адам қалыптасады деп ойлайсыңдар?Пікірлерің.


Нұрхан 8-сыныпта оқиды.Білім алуға деген ынтасы жақсы.Оның ата-анасы бала

тәрбиесіне жауапсыз қарайды.Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады.Мектептегі

ата-аналар жиналысына мүлде келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға

байланысты Нұрханның үйіне барып, ата- анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгені

мен еш нәтиже шықпайды.Ата- анасы құрғақ уәдемен шығарып салады.Осы жағдай

қайталана береді.

Нұрханның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыңдар?

Сынып жетекшінің орнында болсаң не істер едіңдер?

Ата-ананың бала алдындағы міндеттері қандай?


Асқар мен Данияр түнгі сағат он бірде сыныптас Айжанның үйіне барады.Қақпасын

тарсылдатып, итін абалатып , Айжанды айғайлап шақырады.Айжан үйден шығып,

«ұйықтап қалып едім, ертерек келмедіңдер ме? Сендермен бірге көшеде жүріп қайтатын едім»- дейді.Оқушылардың әрекетіне баға бер.


Талғаттың ата-анасы жұмыс жасамайды.Кезекті бір би кешінде 11 сыныпта оқитын Талғат өзімен бірге оқитын Айгүлді туған күнімен құттықтап, алтын жүзік сыйлады.Айгүл қолына тағылған жүзіктің бағасын қараса, он сегіз мың теңге тұрады екен.Сенің ойың қандай?


Сыныптастарының туған күнін атап өткен 10 сыныпта оқитын мектеп оқушылары түн ортасында тұрғын үйлердің ауласында би ұйымдастырды.Музыканың үні, шулаған оқушылардың таңғы беске дейін созылды.Олар туған күнді тамаша өткізді.Оқушылардың әрекетіне дұрыс па?


ІІІ.Қорытынды

  1. Әділқазылардың берген қорытындысы

  2. Сайысқа қатысқан оқушыларды марапаттау

Мұғалім сөзі:

Құтты ел.Құтты халық.Осы қос ұғым әлеуметтік, филологиялық түсінік үлгісінде

айқын, жүйелі қолданған бірден –бір ежелгі түрік мұрасы – «Құтты білік».Дана , ақын

Ж.Баласағұн:

Құт дарыды, өсті халық өрісі,

Бірге жусап, өрді қозы, бөрісі.

***

Заңды түзе, сұмдық сонда сасады,

Құтың өсіп, абыройың асады,-

Бұл сөзімді білімдіге арнадым,

Білімсіздің тілін ұға алмадым.

Білімді, құтты мемлекет.Азаттықтың да, тәуелсіздіктің де, береке бірліктің де тірегі

мемлекет, елдік, білім-білік ḥәм парасат.Елдіктің өзегі-білік, Елдіктің қадір-қасиеті

кісілік.Құтты мемлекет, жұлыны берік елдік тәуелсіздікті, азаттықты, бірлік-берекені

қорғап, қоршайды.

Заңды сауатты білген адам әділетті, парасатты, турашыл да батыл болса, заңды білмеген адам жағымпаз, жасқаншақ, екіжүзді, қорқақ болады.Ата Заң бізге қызмет етеді.Ал біз елге қызмет етуге тиіспіз, өйткені мемлекет дегеніміз біз боламыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!