Сыныбы:
9
Тақырыбы: «Құқық лидері»
зияткерлік
сайыс
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық
білімдерін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісіне керек екенін
ұғындыру, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, оқушылардың ой -
өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету,
сөздік қорын молайту, оқушылардың бойына құқықтық патриоттық,
адамгершілік тәрбиені сіңіру.
Түрі:
зияткерлік
сайыс
Көрнекілігі:
қанатты сөздер, заңға байланысты мерзімді
басылымдар, кітаптар, буклет,заңдар жинағы, арнайы үлестірмелер,
сайыс жоспары.
Мұғалім:
Армысыздар, құрметті қонақтар 9 сыныпта
өткелі отырған «Құқық лидері»
зияткерлік сайысына
қош
келдіңіздер!
Оқу білім
азығы,
Білім ырыс қазығы – деген халық даналығының
күн өткен сайын маңызы артып келеді. Ертеректе байлық төрт
түлікпен, дүние мүлікпен өлшенсе, бүгінде жан байлығы басты
орында.
«Білім теңіз түбіндегі, інжу маржан»-деп
тегін айтылмаса керек. Тек бүгінгі өскелең ұрпақтың оқу білімге
ұмтылысы рухани байлықтың иесі болуға ұмтылыс деп білем. Солардың
бірі біздің ойыншылар, үздіксіз ізденіс пен ұдайы ұмтылыс,
оқушыларды білім бәйгесінде біріктірді. Өмірде дос, сайыста
қарсылас болған сайыскерлер, сайысқа сақадай сай. Біз сайысымызды
бастаймыз!
Алдымен сайыскерлерді таныстырып
өтейін:
1. Ақәділқызы Диана 2.
Бермағанбетұлы Сәт
3. Ерсұлтанұлы Әміре 4.
Уәзірова Гүлсім
ӘДІЛҚАЗЫЛАРДЫ САЙЛАУ,
ТАНЫСТЫРУ
Әділ қазы, ақ қазыға бір
сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі
әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше
бір,
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! - деп,
бүгінгі сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне қара қылды
қақ жарып әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс
болыңыздар.
Сайыстың
шарттары:
I – тур.
«БӘЙГЕ»
IІ – тур.
«ЖОРҒА»
IІІ – тур.
«ДОДА»
ІҮ – тур.
«ШЕЖІРЕ»
I – тур
«БӘЙГЕ»
Білім деген биік
шың,
Бақытқа сені
жеткізер.
Білім деген
ақылшың,
Қиындықтан өткізер
– деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық,
қане, көрелік, алғашқы бөлімімізде сайыскерлеріміз өздерін қалай
ұстар екен? Шарты: Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ 15 сұрақ
беріледі.
1. Бұдан 40 мың жыл бұрын жер бетінде пайда
болған адам? (саналы
адам)
2. Адам мәселесімен қандай ғылымдар
айналысты? (социология, психология,
педагогика)
3. Аумағы жағынан дүниежүзіндегі ең ірі
мемлекет? (Ресей
Федерациясы)
4. Халқының саны жағынан ең ірі мемлекет?
(Қытай)
5. Экономика қандай ұғымды білдіреді?
(шаруашылықты
жүргізу)
6. Өндіріс факторларын атаңыз. (жер, капитал,
еңбек, кәсіпкерлік)
7. Жалпыға бірдей балама
ретінде қолданылатын ерекше тауар? (ақша)
8. Айырбас үшін өндірілетін арнайы өнім?
(тауар)
9. Топтар өздерін құраған
адамдардың сандық мөлшеріне қарай нешеге бөлінеді, оларды
ата.
(2ге, макротоптар,
микротоптар)
10. Жұмыс істейтін әр адам
өзінің айлық еңбек ақысының неше пайызын жеке зейнет қорына аударып
отырады? (10 пайыз)
11. Отбасы түрлерін атаңыз.
(толық отбасы, толық емес отбасы, кеңейтілген
отбасы)
12. Отбасын құру мақсатын
көздеген ер мен әйелдің ерікті және тең одағы?
(неке)
13. Исламның қасиетті кітабы?
(Құран)
14. ҚР Конституциясы неше
бөлім, неше баптан тұрады? (9 бөлім, 98
бап)
15. Парламент палаталарын
атаңыз. (сенат, мәжіліс)
IІ – тур
«ЖОРҒА»
«Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз». Осы турда
сайыскерлеріміздің білімін, таным қабілетінің жан - жақтылығын
сынайтын кез жетті. Шарты:
әр балаға 1 тапсырма
беріледі.
Тақтадан қызғалдақ таңдай
қойыңыздар. Артында тапсырма
берілген.
1
тапсырма
-
Сыныптастарының
туған күнін атап өткен 10- сыныпта оқитын мектеп оқушылары түн
ортасында тұрғын үйлердің айласында би кешін ұйымдастырды.
Музыканың үні мен шулаған оқушылардың айқай- шуынан тұрғындар
ұйқыларынан оянып, шуды тоқтатуды өтінген. Тұрғындарадың өтінішіне
құлақ аспаған олар полиция қызметкерлері келгенше биді жалғастыра
берді. Сұрақ:
-
Мектеп оқушылары қандай
құқық бұзушылыққа жол берді
-
Оларды жауапкершілікке тартуға негіз бар
ма?
-
Әкімшілік жазаны қалай қолдануға
болады?
2
тапсырма
-
Аудандық ІІБ- не 8- сынып оқушысының
ата- анасынан арыз түседі. Онда 11- сынып оқушысы
Саят
өзінен төменгі сыныптағы балаларды
қорқытып, ақша, бағалы заттарын алып
қоятының мәлімдеген. Осындай тінту, күш көрсетідің нәтижесінде
баласының соққыға жығылғанын жазады. Сұрақ
-
Саяттың әрекетін заң
тұрғысынан қалай бағалауға болады?
-
Жауапкершілікке кімді
тартуға болады?
-
Зиян қалай
өтеледі?
3
тапсырма
-
Қарттар үйінде екі жылдан бері тұрып
жатқан Ахмет атай өзі қайтыс боларының алдында өсиет жазып
қалдырады. Онда өзінің барлық қаржысы мен тұрғын үйін қарттар
үйінде жәрдем көрсеткен мейірбикеге қалдыруды жөн көреді. Қарт
өзінің соңғы тілегін қағаз түсіру үшін мекеменің бас дәрігерін
шақыртып қол қоюды өтінген. Дәрігер растап қол қояды. Жерлеу
рәсімінен кейін шет елде тұратын баласы өсиеттің заңсыз екендігін
айтып, мұраны беруден бас тартады. Мейірбике сотқа
шағымдануға мәжбүр
болады.
Сұрақ:
Ахмет
атаның жасаған өсиетінің заңдық күші бар ма?
Мұраны
кім алуға құқылы?
Жауаптарынды дәлелде.
4
тапсырма
Сұрақ:
-
Сенің
көзқарасың?
-
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нешінші баптарында
айтылған?
-
Кәмелетке толмағандардан өндіріп алынуы тиіс
айыппұл кімдерден алынады?
IІІ - тур
«ДОДА»
Қажу барма
тұлпарға,
Талу бар ма
сұңқарға?
Білім күшті
оларда
Салсын барын
ортаға.
Шарты: Әріптерден сөз құрап,
сәйкестендіру.
№
|
Адасқан
әріптер
|
Сөз
|
№
|
Сәйкестендір
|
1
|
Маад
|
Адам
|
3
|
Конституцияны жасаушы, билік
қайнары
|
2
|
Томви
|
Мотив
|
1
|
Жерде мекен ететін тірі организдердің жоғары
сатыда дамыған
түрі
|
3
|
Қхыал
|
Халық
|
5
|
Мемлекеттің негізгі
заңы
|
4
|
Оысабт
|
Отбасы
|
2
|
Француз сөзі, себеп, себепке
итермелеу
|
5
|
Аат
ңза
|
Ата
заң
|
4
|
Қоғамның тірегі, оның алғашқы
ұясы
|
ІҮ – тур.
«ШЕЖІРЕ»
Берілер ұпай
сөзіне
Сенімді төрт жан
өзіне
Дайын болсаң
бастаймыз
Төртінші кезең
"ШЕЖІРЕ".
Көк түсті
конверт
1 тапсырма. Шарты: сайыскерлер
таңдаған еркін тақырыптары бөлімдері бойынша өз ойларын ортаға
салады.
Тақырып. Әр адам – қайталанбас
тұлға
2 тапсырма.
Шарты: «
Жалғасын тап» Мақал –
мәтелдер.
1. Заңның құйрығы ... (бәрінен
ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген
жақсы)
Күлгін түсті
конверт
1 тапсырма. Шарты: сайыскерлер
таңдаған еркін тақырыптары бөлімдері бойынша өз ойларын ортаға
салады.
Тақырып. Жаза және
тәрбие
2 тапсырма.
Шарты: «
Жалғасын тап» Мақал –
мәтелдер.
1. Әр адамның құдайы ...(оның
ары)
2. Қолыңмен істегініңді ...(мойныңмен
көтер)
Қызыл түсті
конверт
1 тапсырма. Шарты: сайыскерлер
таңдаған еркін тақырыптары бөлімдері бойынша өз ойларын ортаға
салады.
Тақырып. Жасөспірім және
заң
2 тапсырма.
Шарты: «
Жалғасын тап» Мақал –
мәтелдер.
1. Жазасын тартпайтын ...(жамандық
болмайды.)
2. Ұрлық түбі ....
(қорлық
Сары түсті
конверт
1 тапсырма. Шарты: сайыскерлер
таңдаған еркін тақырыптары бөлімдері бойынша өз ойларын ортаға
салады.
Тақырып. Жастар және
еңбек
2 тапсырма.
Шарты: «
Жалғасын тап» Мақал –
мәтелдер.
1. Біреуге ор қазба ... (өзің
түсесің)
2.
Ары таза
жігіттің... (жаны таза )
Мұғалім: Құрметті ұстаздар,
оқушылар, бүгінгі сайыс туралы, қатысушылар туралы бірнеше ауыз сөз
айта кетсеңіздер. Сөз кезегі мұғалімдерге, оқушыларға
беріледі.
Мұғалім: Тағы келеді сыналар
щақ айналып,
Тереңіне білім теңіз
байланып.
Бүгінгі кештің жеңімпазы
атанып
«Құқық лидері» болғалы тұр –
деп, сөз әділ қазылар алқасына беріледі, қорытынды есепті
тындайық.
Мұғалім:
Жастықтың оты
жалындап,
Жас жүректе жанған
шақ.
Талаптың оты
арындап,
Әр қиянға салған шақ, – деп
Абай атамыз жырлағандай жүректерінде жеңіске жетем
деген сенім оты жалындаған бүгінгі ойын жеңімпаздарын
құттықтаймыз. Оқушыларымыздың білімін, санасын, оқуға деген
құштарлығын оятатын зияткерлік
сайыстар
көбейе берсін.
Көріп тамашалағандарыңызға көп -
көп рахмет!!