Материалдар / құқық негіздері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

құқық негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің республикамыздың қылмыстық кодексі жаза туралы түсінікке төмендегідей анықтама береді: «Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатьш мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және осы адамды осы кодекспен көзделгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады» (ҚК ). Бұл анықтамада жазаның негізгі белгілерінің жиынтығы берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2021
474
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін туындайтын жаза түсінігі және түрлеріне қысқаша сипаттама


Біздің республикамыздың қылмыстық кодексі жаза туралы түсінікке төмендегідей анықтама береді: «Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатьш мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және осы адамды осы кодекспен көзделгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады» (ҚК ). Бұл анықтамада жазаның негізгі белгілерінің жиынтығы берілген.

Жаза - мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы. Ол қылмыс жасаған тұлғаға тек ерекше мемлекеттік орган, яғни сот арқылы ғана, осы жөнінде шығарылған үкімнін негізінде қолданылады. Ал, үкім ҚР-ның атынан шығарылады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды қызмет иесінің атынан, немесе басқадай билік, басқару органдарының атынан қолданылады.

Жазаның басқа бір маңызды мақсаты - сотталушының түзелуі болып табылады. Мұндай мақсаттың болуы - ҚР қылмыстық зандылығының адамгершілік бағытты қолдайтындығының куәсі. Мемлекет, қылмыс жасаған тұлғаға заңды қолдана отырып, бұл тұлғаны жазасын өтеп болған соң қоғамға ол енді қайтадан жаңа қылмыстар жасамайтындай қылып қайтаруға ұмтылуы тиіс. Түзелуді екіжақты тұрғыдан қарастырған орынды: біріншіден, сотталушыға ықпал етуші тәрбиелеу процесінің өзі ретінде және, екіншіден, бұл ықпалдың нәтижесі ретінде.

Түзету дегеніміз - бұл сотталған тұлғаның психикасынан (санасынан) оны Қылмыс жасауға жеткізген теріс әдеттерді аластату.

Жаза дегенiмiз - сот үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кiнәлi деп танылған адамға қолданылады және ол осы адамды құқықтары мен бостандықтарынан ҚР ҚК көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.

Жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектiрудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейдi.

Жаза түрлерi:

1. Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негiзгi жазалар:

1) айыппұл;

2) түзеу жұмыстары;

3) қоғамдық жұмыстарға тарту;

4) қамаққа алу қолданылуы мүмкiн.

2. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негізгі жазалар:

1) айыппұл;

2) түзеу жұмыстары;

3) бас бостандығын шектеу;

4) бас бостандығынан айыру;

5) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.

3. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға негізгі жазамен қатар мынадай қосымша жазалар:

1) мүлкін тәркілеу;

2) арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру;

3) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;

3-1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру;

4) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу қолданылуы мүмкін



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!