Менің
кәсіби ұстанымым
Мен
Т.Рысқұлов
ауданы Қызылшаруа ауылында № 3 шағын
орталықты орта мектебінде 2011 жылдан
бастап «Ұзтаздық» қызметімді атқарамын.
Ал Директордың Құқықтық тәрбие орынбасары
лауазымында 2016 жылдан бастап еңбек
етудемін. Мамандығым Құқық негіздері.
Бұл мамандықты өз жүрек қалауымен таңдап
алдғандықтан, өз ісіме мейлінше адал,
өз қызметімді барынша абыроймен атқаруға
тырысамын. Мен өзімді бала жанының
бағбаны десем де болады. Өз басым ұстаздар
әулиетінен шыққандықтан, бұл мамандық
мен үшін аса бағалы, баға жетпес, құнды.
Еңбек
жолымда ұстаздық кәсіптің қыр-сырын
меңгеріп, біраз ой түйдім, өз ісіме
сараптама жасап, білім беру ісінің мәнін
толық түсіне бастадым, тұжырымдама
жасадым. Қарап тұрсам бұл кәсіпті
таңдауымда еш адаспаппын, мен осы істің
маманы болуға жаралғанымды түсіндім.Ұстаз
болу жоғарғы оқу орнын үздік бітіруді
аздық етеді. Ұстаз атты ұлы шыңға көтерілу
үшін ұстаз әрдайым ізденісте, оқуда
болуы керек. Осы орайда Әбу Насыр
Әл-Фарабидің «Адамға ең алдымен білім
емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз
берілген білім-адамзаттың қас жауы»
деген ұлағатты сөзін ұстанамын. Ұстаз
алдында әр бала, қайталанбас бір әлем,
жауабы жоқ жұмбақ. Бала – біздің
болашағымыз, балаға жақсы тәрбие
беру,дамуына мүмкіндік беру, оларға
қуаныш сыйлау және толық құқылы еркін
тұлға етіп жетілдіру біздің
міндетіміз.
Тәрбие – қоғамның негізгі
қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты,
жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың
тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп,
олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын
дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи
өмірде жинақталған тәжірибені, білімді
жас буынға тәрбие процесі арқылы
береді.
Мақсат
дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске
асыру.
Бұл
тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты —
жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен
жүргізілетін тәрбие жұмыстарының
нәтижесін ерте болжау.
Тәрбиенің
мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты
мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен
қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие
қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі
ілгері дамымайды.
Құқықтық
тәрбие беру баланың жеке тұлғасын
қалыптастырып, олардың бойына жоғары
идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты
көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін
атқарады. Заңдарға терең құрмет сеземін
қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және
орындау - ұзақ уақыт тәрбие жұмысын
жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық
сананың төмендігі, материалдық және
рухани игіліктердің не екені жөнді
түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды
туғызады. Сондықтан әр оқушының санасына
құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп
қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық
нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық
тәрбиенің міндеті болып табылады.
Жасөспірімдердің мектептегі өмірі
тұлғаның қалыптасуының шешуші кезеңі
болып табылады.
Құқықтық
тәрбие негізі отбасынан басталады.
Оқушылардың тәртіп бұзуның бір жағы
отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы.
Маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс-керістен
көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің
есебінен арам жолға барып қалғысы
келетін отбасылар бар. Осындай отбасында
өскен баланың оқуға, еңбекке қалай
қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе?
Мұндай отбасында тәрбиеленген бала
қылмысқа бір табан жақын тұрады. Арам
тамақтықтан өмірді жақсы көреді, өзімшіл
болады.
Оқушылар
арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың
алдын-алу үшін жүргізілетін шаралар:
1.Тәртіп
бұзуының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға
ықпал ететін жағдайды жою;
2.
Оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын,
ортасын сауықтыру;
3.
Оқу, еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
4.
Отан қорғау, туған елдің күш-қуатын
молайту, сөз бостандығы мәселелері
жөнінде тәрбиелік іс-шараларды
өткізу;
Адамның
құқықтық мәдениеті күрделі. Әңгіме
адам, оның санасы, мінез-құлық, жүріс-тұрысы
туралы болғанда, көптеген сұрақтар
туындайды дегенмен қоғам болашағын
құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра
қарап отырған шағымызда аға ұрпақ
тәжірибесі мен қарым-қатынасы тәжірибесін
негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық
тәрбиесі мәселесін педагогика ғылымы
мазмұнда қарастырғанымыз жөн.
XXI
ғасырдың лайықты азаматы етіп қалыптастыру
ұстаздар мен ата-аналардан сындарлы
жауапкершілікті талап етеді. Еліміздің
өркендеуіне сай, заман талабына жауап
беретін рухани адамгершілік қасиеттерін
қалыптастырған, қоғамдық өмірге
икемделген, біліммен өмір заңдылықтарын
түсінген, қоғам мен мемлекет және отбасы
алдындағы жауапкершілігін сезінетін,
салауатты өмір салтын саналы түрде
таңдаған өркениетті елдің азаматын
тәрбиелеу.
«Еліміздің
ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың
қолында»,-дегендей бүгінгі білім мен
білік бәсекелес заманда оқушыларымның
биіктен көрінуіне күнделікті жұмысымда,
сабақ беру барысымда жаңашылдығым
арқылы үлес қосу менің ұстаздық парызым.