жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Құқық негіздері және еңбекті қорғау
1.Мемлекет туралы негізгі түсініктер. Мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады.
Мемлекеттер тұрпаты жағынан: аграрлық,индустриялдық және постиндустриялдық болып бөлінеді. Аграрлық мемлекеттер өз кезегінде құлиеленуші және феодалдық болып екі сатыға жіктеледі.
Қоғамдық өмір аяларын тұтас жүйені құрайтын жүйешелер ретінде қарастыруға болады.Әдетте,қоғамдық өмір аяларын экономикалық,әлуметтік.саяси мәдени деп төртке бөліп қарастыруға қабылданған.
Мемлекет
пен кұкық әлеуметтік институт, ұйым
ретінде үнемі өмір сүріп келген жоқ,
олар белгілері күрделене түсу арқылы
біртіндеп қалыптасты. Ғылыми болжам
бойынша, жер шары бұдан 4—5 миллиард,
алғашқы адамдар мөлшермен 2 млн. жыл
бұрын қалыптасқан. Қазақстанның аумағын
ең ежелгі адамдар бұдан 1 млн. жыл бұрын
коныстана бастаған деген деректер бар.
Біздің заманымыздан 40 мың жыл бұрын
қазіргі замандағы адамдардың, яғни
біздің ата-бабамыз деп болжалатын
«ақылды адам» (хомо сапиенс-homo sapiens)
қалыптасуы аяқталды. Адамзат тарихындағы
алғашқы мемлекеттер біздің заманымыздан
бұрынғы 4-5 мың жылдықтарда Ежелгі
Египетте, Вавилонда, Үңдістанда, Қытайда
дүниеге келді. Сонда 35 мың жыл аралықта
адамдар мемлекетсіз өмір сүрді деген
болжам айтуға болады. Бұл дәуір ғылымда
адамдардың қандык туысқандық белгілері
мен бірігіп еңбек ету, өмір сүру әрекетінің
негізіңде, тобыр, топ болып өмір сүрген,
мемлекеттің пайда болуына дейінгі
аралық алғашқы қауымдық не рулық құрылыс
кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде мемлекет
пен құқық әлі қалыптаса қойған жоқ.
Сондықтан алғашқы қауымдық не рулық
құрылыс кезеңінде адамдар арасындағы
қоғамдық қатынас жасы үлкеңдердің,
туысқаңдардың, көсемдердің, ру, тайпа
басшыларының, ақсақалдар кеңесінің
беделімен, ықпалымен реттеліп отырылды.
2. Мемлекеттiң белгiлерiне мыналар жатады:
1.
Мемлекеттiк билiк - ерекше көпшiлiк билiгi,
яғни халық билiгi.
2. Мемлекеттiң халқы
әкiмшiлiк жүйеге бөлiнедi, Азаматтары
шекарасы белгiленген әкiмшiлiктерриторияның
аумағында тұрады.
3.
Iшкi және сыртқы саясатын жүргiзуде т
әуелсiз.
4. Билiк жүргiзетiн органдарының
болуы. Бұл органдарда
тек
қана басқару қызметімен шұғылданатын
адамдарболады.
5. Заң шығару құқығы
болады және заңдарды мемлекеттiң
аумағында
тұратындардың бұлжытпай орындауы.
6.
Мемлекеттiң басқару органдарының
аппаратын ұстауы
және
әлеуметтік мәселелерді шешу үшін
салық
жинауы.
3.
Мемлекеттің белгілері.
Мемлекет –
қоғамның саяси-экономикалық,
мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке
түсіретін, қоғамды басқаратын және
сақтайтын негізгі институт болып
табылады.
Мемлекеттің белгілері мыналар:
Мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
Мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.б.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
Мемлекеттің шекарасы, анық белгіленген аумағы болады;
Мемлекеттің ең маңызды белгісі – оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі, егемендігі;
Мемлекет әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
Мемлекет заңдар және басқа нормативтік – құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.
Мемлекеттер иелік етіп отырған жер көлеміне және тұрғындарының санына қарай көптеген түрлерге бөлінеді.
Аумағы жағынан дүниежүзіндегі ең ірі мемлекет –Ресей Федератциясы,одан кейінгі орындарды тиісінше Канада,Қытай,АҚШ және т.б.
4.
Мемлекеттің пайда
болуы мен дамуы.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық , әлеуметтік, құрылымдық , басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді:
1) Малшылық
2) Жер игеру
3) Өндірістік
4) Саудагерлер тобы
Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісінасырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың – қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.
Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар:
1. Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды:
1) Ірі су каналдарын жасау;
2) Суармалы ирригациялық жүйелер құру;
3) Құрғақшылықпен күресу.
Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.
5.
Құқықтың
дамуы –
адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің
негізгі обьективтік заңдылықтарының
бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың
қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды
реттеп, басқаруы және әлеуметтік
нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр,
мораль, діни нормалары) қоғамның даму
процесінде бірте-бірте құқықтық
нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда
мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен
құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң,
заңға тәуелді келісімдер, шарттық
нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды.
Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.
Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.
6.
Мемлекеттің
дамуы –
мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің,
жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде
алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің
туындысы. Мемлекет жария үкіметтің
пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі
ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін
ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі
салаларына басшылық ететін, қажетті
жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына
үйренетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар:
1. Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды:
1) Ірі су каналдарын жасау;
2) Суармалы ирригациялық жүйелер құру;
3) Құрғақшылықпен күресу.
Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.
Сонымен,
Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің
қалыптасу себептеріне:
-
ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру;
- барлық жұмысшыларды бір орталықтан басқару жатады.
Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, XIX-XX ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді.
Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
7.
Мемлекеттің
және құқықтың пайда болуы туралы
теориялардың мазмұны
Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. (Форма Аквинский)
Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.
Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы – монарх. (Аристотель, Конфуций)
Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.
Шартты теория - халық пен оны басқарушылардың арасындағы азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, меншігін, кауіпсіздігін қорғау, бірлікте,татулықта туру туралы келісім шарт жасасудың нәтижесінде пайда болды деп есептейді (Т,Гоббс,Ж.Ж.Руссо)
Марксистік теория б-ша мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, отбасының, жеке меншіктің және бір -біріне қарама қайшылықтағы таптардың шығуынан пайда болды дейді( К.Маркс, Ф.Энгельс)
Зорлық,күштеу теориясы б- ша мемлекет өзінің ішінде руларды, тайпаларды, тұрғындарды бір орталыққа біріктіру мақсатында мәжбүрлеу, күштеу әдістерін қолданады, сөйтіп күштеудің арқасында мемлекет пайда болады дейді(Л.Гумплович, Е.Дюринг)
8.
Мемлекет пен құқықтың негізгі белгілері.
Мемлекеттің
белгілері мыналар:
Мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
Мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.б.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
Мемлекеттің шекарасы, анық белгіленген аумағы болады;
Мемлекеттің ең маңызды белгісі – оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі, егемендігі;
Мемлекет әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
Мемлекет заңдар және басқа нормативтік – құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.
9. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теологиялық, патриархалдық, психологиялық теориялары.
Теологиялық теория – мемлекет пен құқықтың шығуын отбасының дамуымен байланыстырады. Отбасының қожасы ер адам, ол өз отбасын өз еркімен билейді, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды реттейді. Сөйтіп, отбасы мүшелерінің белгілі бір тәртіпке бағынып, қалыптасуының жөн-жобаларын анықтайды. Адамдар осындай қағидаларды басшылыққа алып, мемлекет құруда отбасын басқару үлгілерін қолданған деп түсіндіреді бұл теория.
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы – монарх. (Аристотель, Конфуций)
Психологиялық теория – бұл теорияны уағыздаған Чард, Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
10.
Құқықтың негізгі белгілері.
Нормативтік сипаты
– құқық негізгі белгілерінің бірі құқық
қағидалардан, ережелерден рәсімдерден
тұрады. Қағида – тұлғалардың мінез –
құлықтары туралы ереже. Сондықтан
құқықтық нормалары – тұлғалардың іс -
әрекетінің, мінез құлқының үлгісі.
Формальды анықтамалығы құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқық- оны құрайтын заңдарды, басқада нормативті актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң – ережелер жиынтығы.
Құқықтың ендігі бір белгісі мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемелекет қағидалық жүзеге асырылуына, дұрыс қолдануын қамтамасыз етпесе, солар тек қағаз бетінде ғана жазылып қойылған болар еді. Мемлекет оның органдары тұлғалардың құқығын жүзеге асыруға жәрдемді жағдай жасайды.
Құқықтың
тағы бір белгісі – адамдардың
еркін білдіру.
Қазақстан Республикасының Конституциясында
жазылғандай, мемлекеттік биліктің
бірден – бір бастауы халық. Халық билікті
тікелей республикалық референдуммен
еркін сайлау арқылы жүзеге асырады,
сондай - ақ өз билігін жүзеге асыруды
мемлекеттік органдарға береді.
11.
«Құқықтың қайнар көзі»
ұғымы теорияда бірнеше мағынаға ие:
Материалдық мағынада
Формальды заңдық мағынада
Таным қайнары ретінде қолданылады.
Еліміздің тəуелсіздігін анықтаудың стратегиялық міндеттерінің біріне – бұрынғы ұлттық əдет-ғұрып тарихындағы тəуелсіз рухта қалыптасқан құқық туралы ғылыми пікірлердің, қазіргі кездегі құқықтың қайнар көздері туралы ғылыми-теориялық пікірлермен тікелей байланыстылығын айқындау.
«Құқықтың қайнар көзі» туралы сөз болғанда, оның пайда болуы мен əрекеті туралы факторларға көңіл аударылады. Сол арқылы нормативтік белгілердің өмірге келудегі негізгі процестерін жəне мемлекет белгілеген бəріне бірдей тəртіп жолын түсіндіруге болады. Қысқаша айтқанда «құқықтың қайнар көздері» заңды істерді шешудегі тəжірибеден нені басшылыққа алатынымызды анықтауға қажет. Бұл заң нормаларын бекітудің сыртқы көрінісі, нысаны əдісі.
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
Нормативтік құқықтық акт
Нормативтік келісім
Сот прецеденті
Әдет- ғұрып құқығы
12.
Құқықтың функциялары мен қағидаттары
Құқық принциптері (қағидаттары)
Құқық принциптері - құқықтың мəнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен
бастаулар. Ол идеялар əділеттік пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы
шығарылады.
Құқық принциптері əділдік, дұрыстық көрсеткіші болғандықтан, тұрақтылығымен
ерекшеленеді, олардың ұзақ уакыт бойы өзгермеуі құқықтық нормалардан айырмашылығы
болып табылады.
Құқықтық принциптер нормаларда, заңдарда тікелей немесе жанамалай білінеді.
Əділет жəне бостандық идеяларын дамытатын құқықтык, принциптердің ең бастылары демократиялық, ұлтаралық пəтуа (келісім), заңдьшық, адамгершілік, азаматтардың заң алдында тең болуы (тең
құқықтылығы).
13.
Құқықтық қатынастар
– құқыққа байланысты, құқық негізіндегі
қатынастар болып табылады. Бұл үшін бір
бірімен байланысты үш негіз болуы керек:
1) құқық нормасы; 2)
субъективтiк
құқықтар мен мiндеттер;
3) заңға негiзделген айғақ болуы
керек.
Құқықтық
қатынастардың белгілері:
а)
бұл әлеуметтік субъектілер арасындағы
екіжақты нақты
байланысты білдіретін
қоғамдық қатынас;
ә) ол құқық
нормаларының негізінде қалыптасады,
яғни, құқық нормаларының жалпы талаптары
субъектілер мен нақты жағдайларға
қатысты жеке дараланады;
б) бұл
тұлғалар арасында субъективтік құқықтар
мен заңды
міндеттер арқылы қалыптасатын
байланыс;
в) бұл ерікті қатынас,
себебі, оның пайда болуы үшін оның
қатысушыларының еркі қажет;
г) бұл
мемлекетпен қорғалатын және қамтамасыз
етілетін
қатынастар.
Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады:
Субъект
Объект
субьективтiк құқық
заңды мiндеттер
14.
Құқық және мемлекеттік құқықтық
құбылыстар туралы негізгі түсініктер
Адам
әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі.
Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар
арасында өзара әрекеттестік қалыптасады,
түсіністік пайда болады, қамқорлық
жасау және көмек беру жүзеге асады.
Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар
арқылы реттеледі, олардың арасында құқық
нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық
нормалары заңдар мен нормативті
құқықтық актілерде көрініс табады.
Жалпы адамзаттық құндылықтар және
әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық
идеялары құқықтың негізі болып
табылады. Құқық
дегеніміз —
мемлекет арқылы қамтамасыз
етілетін, әділеттілік туралы
адамдардың көзқарастарынан көрініс
табатын, жалпыға бірдей міндетті
нормалардың жиынтығы
15.
“Құқық” терминінің
көптеген мәні бар, ол заң ғылымында,
күнделікті өмірде қызмет бабында
қолданылады. Заң ғылымында “Құқық”
термині бірнеше мағынада қолданылады:
“Құқық”
ресми түрде танылған және заңды
тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет
жасау мүмкіндігі. Мысалы: адамдардың
еңбек етуі, білім алу меншікке ие болу
тағы басқа заңды тұлғалардың да құқықтық
мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген
жағдайда “Құқық” түсінігі субъект
(тұлғалар) мағынасында қолданылады. Субъективтік
құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру
мақсатымен құқықтық нормалардың құқық
тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері.
Екіншіден “Құқық” дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективті мағынада құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес.
Үшіншіден
“Құқық” термині оқу пәнін білдіретін
ретінде қолданады. Құқық пәндері түрлі
салаларға бөлінеді: Конституциялық
құқық, әкімшілік құқық, еңбек , отбасы,
азаматтық, қылмыстық құқық тағы басқа.
Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық
қатынастарды реттейтін құқық нормалардың
жиынтығы.
Төртіншіден “Құқық”
термині тұлғалық құқық пен объективті құқық
ретінде қолданады.
Сонымен құқық дегеніміз –мемлекет
белгілеген санкциялаған жалпыға бірдей
нормалардың жиынтығы.
16. Конституциялық құқық ұғымы. Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының жетекші саласы, еліміздің қоғамдық және мемлекеттік құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайын, мемлекеттік және жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесін баянды ететін маңызды құқықтық нормалар жиынтығы.
Конституциялық құқық, ең алдымен, қоғам мен мемлекет құрылысын айқындайтын негізгі қағидаттарды баянды етеді. Бұл қағидаттарда біздің мемлекетіміздің сапалық сипаттамасы – басқару мен мемлекеттік құрылым түрі, егемендік, биліктің халыққа қатыстылығы, қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік саласы қызметінің жалпы негіздері көрініс тапқан.
Қазақстан
Республикасының конституциялық құқығының
мәні қоғам мен мемлекет құрылысын, жеке
адамның құқықтық мәртебесінің негіздерін
және мемлекет пен жергілікті өзін - өзі
басқару органдарының құқықтық жағдайын
айқындайтын маңызды қоғамдық қатынастарды
құрайды.
17.
Конституциялық – құқықтық нормалар.
Конституциялық
құқық жүйесін
құқық
институттарына біріккенқұқық нормалары
құрайды.
Конституциялық -құқықтық нормалар қоғамдық қатынастың екі негізгі саласын реттейді:
Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесіне, оның мемлекет пен және азаматтық қоғаммен қарым қатынасына байланысты саланы;
Мемлекетті құру және жария билік қызметіне байланысты саланы.
Құқықтың бұл саласы тек көрсетілген қоғамдық қатынастарды реттейді.
Конституциялық құқық нормасының құрылымы
Гипотеза:
Норма қандай жағдайларда өз күшіне
енетінін көрсететін норма бөлігі
Дизпозиция:
Құқық субъектілерінің тәртіп ережелерін
қалыптастыратын норма бөлігі
Санкция:
Ықпал ету шаралары белгіленетін норма
бөлігі ретінде конституциялық - құқықтық
нормалар құрылымында тек жекелеген
жағдайларда ғана кездеседі
Конституциялық - құқық нормаларда тиянақталатын нұсқаулардан сипаты бойынша құқық беру, міндеттеу және тыйым салу нормаларын бөліп көрсетеді:
-
құқық беру нормалары субъектілердің
оларда көзделген әрекеттерді жүзеге
асыру құқығын баянды етеді;
-
міндеттейтін нормалар құқық субъектілерінің
өз іс әрекетін осы нормалар талаптарымен
үйлестіретін міндеттерін баянды етеді;
-
тыйым салатын нормалар өз ұйғарымында
белгілі бір әрекеттерге тыйым салуды
қамтиды.
18. Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының қайнар көзі дегеніміз – конституциялық - құқықтық нормаларды қамтитын қолданымдағы нормативтік - құқықтық актілердің жиынтығы. Осындай актілердің түріне байланысты олар мынадай түрлерге жіктеледі:
- 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы.
- Конституцияда көзделген мәселелер бойынша қабылданатын конституциялық заңдар. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» және т. б. заңдар.
- Заңдар – конституциялық құқық нормалары бейнеленетін нормативтік актінің едәуір кең тараған түрі. Оларға «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі», «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі», т. б. заңдар жатады.
- Конституциялық - құқықтық нормалар қамтылған Парламент пен оның палаталарының қаулылары;
- Қазақстан Президентінің конституциялы құқықтық мәселелерге арналған Жарлықтары;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары сотының және Орталық сайлау комиссиясының конституциялық - құқықтық нормалары қамтылған қаулылары;
- Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, аумақтық сайлау комиссияларының және т. б. шешімдері.
19.
Қазақстанның конституциялық құрылысының
негіздері.
Конституциялық құрылыс деп қоғам мен мемлекеттің саяси және әлеуметтік- экономикалық ұйымын, мұндағы жеке адамдардың Ата Заң нормаларымен бекітілген қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл ұғым Конституцияны, конституциялық және жай заңдарды жо,ары санайтын мемлекеттерге ғана тән болмақ. Конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым- қатынастарынан туындайтын негізгі қағидаттарға жататындар:
Қазақстан халқының толық билігі (егемендігі)
Қазақстан Республикасының аумағының тұтастығы
Мемлекеттік билікті жүзеге асыру барысындағы пікір алуандығы
Конституцияның үстемдігі (жоғарылығы)
Мемлекет билігінің бөлінісі
Адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымммдылығы
Мемлекеттік тіл саясатының кепілдігі және өзгелер.
Бұл қағидаттар Қазақстан Республикасы Конституциясының «Жалпы ережелер» деп аталатын 1 бөлімінде баяндалған.азаматтық қоғам мемлекеттік адам мүддесіу үшін жұмыс істеуге мәжбүр ете отырып, оны мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну. Олардың тежемелік әрі тепе- теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс – қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырудың қатаң талаптарын қояды.
21.
Конституция (лат.
constitutio – құрылу, өкім) –
қоғамдық және мемлекеттік құрылыс
негіздерін, мемлекеттік органдар
жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен
қызметін, азаматтардың құқықтары мен
міндеттерін айқындайтын мемлекеттің
Негізгі заңы. Конституцияның мәні
мемлекеттің негізгі заңдылық мүдделеріне,
халықтың шын мәніндегі еркіне сай
келуімен және құзіреттілігімен
айқындалады.
“Конституция” деген сөздің латыннан аудармасы “құрылғы”, “жарғы”, “заң” деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған. Ең бірінші конституция дүние жүзінде 1787 жылы қабылданып, осы күнге дейін қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
22.
Конституциялық құқық — ҚР құқық жүйесінің
жетекші саларының
бірі
ретінде — ол өзінің ішкі тұтастығымен
сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін
білдіреді және басқа құқық жүйесінің
нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық
конституциялық нормалардағы қоғамдық
қатынастардың ерекшеліктерімен
белгіленетін, солар арқылы реттелетін
жалпы белгілердің болатындығын
білдіреді.
Конституциялық құқық
пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ
тәжірибелік мәні бар. Онсыз конституциялық
құқықтың нормалары мен институттарына
тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды,
олардың құқықтық реттеудегі мәні мен
рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі
орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық
қүқық пәнін білмейінше оның нормаларын
қолдану саласын да анықтау мүмкін емес.
Конституциялық құқықнормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталады, белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялык-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей:
1.
Міндеттеу әдісі;
2.
Тыйым салу әдісі;
3.
Рұқсат ету әдісі;
4.
Тану әдістерді қолданылады.
Міндеттеу
әдісі мемлекеттік
органға сияқты, жеке тұлғаларға да
катысты, олардың барлық қызмет саласында
қолданылады.
Рұқсат
ету әдісі мемлекеттік
органдардың өкілетгігін белгілеу
кезінде де қолданылады.
Құқықтық
реттеудің тағы бір әдісі — тану
әдісін де
қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі
конституциялық құқықжөніндегі
әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу
мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне
бұл әдіс обьективті фактордан —
адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан
танудан туындайды.
23.
Адам және азаматтың құқықтық мәртебесі
ұғымы.
Қазақстан Республикасында адам және азаматтың конституцялық мәртебесі 1995 жылғы Конституцияның II -«Адам және азамат» бөлімінде белгіленген. Адам және азаматтың конституцялық- құқықтық мәртебесі институты төмендегідей элементтерді қамтиды:
1.
Адам және азаматтың құқықтық
мәртебесінің мән- маңызын құрайтын
конституциялық құқықтар;
2. адам және
мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды,
адамның қоғамдағы және конституцялық
құқықтың басқа субъектілері арасындағы
жағдайларды сипаттайтын адам және
азаматтың мәртебесінің конституциялық
принциптері.
Конституциялық заңдылықтардағы ең басты жаңалық адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп танылуы болып табылады (конституцияның 1- бабы). Бұл жағдайда адам және мемлекет арасындағы қарым-қатынастарда өзара жауапкершілікке басым бағыт беріледі.
24.
Адам құқығы мен бостандықтарының
жіктелуі
Субъекті бойынша: 1. Адам құқықтары мен бостандықтары
2. Азаматтың құқықтары мен бостандықтары.
Сипаты бойынша: Жеке, Топтық
Мазмұны бойынша:
Адам мен азаматтың жеке (азаматтық) құқықтары мен бостандықтары – адамға туғаннан берілетін табиғи және өзгермейтін құқықтар мен бостандықтар жиынтығы. Бұл құқықтың азаматтыққа қатысы жоқ.
Адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтары – азаматтардың қоғамдық және саяси өмірге, мемлекет пен қоғамды басқаруға қатысу мүмкіндігін беретін құқықтар жиынтығы.бұл, негізінен, мемлекет азаматтарына қатысты.
Адам мен азаматтың әлеуметтік- экономикалық құқықтары мен бостандықтары – экономикалық мүдделерді қанағаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған жеке құқықтар жиынтығы.
Адам мен азаматтың әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтары – рухани, мәдени құндылықтар мен жетістіктерді пайдалану, оларды жасауға қатысу құқықтарының жиынтығы (мәдени өмірге қатысу т.б. құқықтар).
25.
Адам және азаматтың міндеттерінің
конституциялық – құқықтық институты
тұлғаның конституциялық – құқықтық
қатынастардың субъектісі ретіндегі
міндеттер көлемін бекітті. Конституциялық
міндеттер тиянақталған талаптар тізімін
құрайды, оларды орындаудан тұлғаның
қоғам алдындағы, азаматтың мемлекет
алдындағы жауапкершілігі көрініс
табады.
Конституция «әркім» және «азамат» терминдерін пайдалана отырып, адам және азаматтың конституциялық міндеттерін белгілейді. Конституция «әркім» ұғымын қолданған кезде ҚР-ның азаматтарымен қоса республика аумағында тұрақталған шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды есепке алады.
Әркімнің конституциялық міндеттері мыналар:
Қазақстан Республикасының Конституциясын сақтау
Басқа тұлғалардың құқықтары, бостандықтары, ар – ожданы мен қадір – қасиетін құрметтеу
Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеу
Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті тқлемдерді төлеу.
Азаматтардың конституциялық міндеттері:
Қазақстан Республикасын қорғау
Тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасау
Тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау және оларға ұқыпты қарау
Табиғатты сақтау және табиғат байлықтарына ұқыпты қарау.
26.
Азаматтардың негізгі құқықтары мен
бостандықтары, міндеттері.
Конституция «әркім» және «азамат»
терминдерін пайдалана отырып, адам
және азаматтың конституциялық міндеттерін
белгілейді. Конституция «әркім» ұғымын
қолданған кезде ҚР-ның азаматтарымен
қоса республика аумағында тұрақталған
шетелдіктерді және азаматтығы жоқ
тұлғаларды есепке алады.
Әркімнің конституциялық міндеттері мыналар:
Қазақстан Республикасының Конституциясын сақтау
Басқа тұлғалардың құқықтары, бостандықтары, ар – ожданы мен қадір – қасиетін құрметтеу
Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеу
Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті тқлемдерді төлеу.
Азаматтардың конституциялық міндеттері:
Қазақстан Республикасын қорғау
Тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасау
Тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау және оларға ұқыпты қарау
Табиғатты сақтау және табиғат байлықтарына ұқыпты қарау.
Конституцияда адамның және азаматтың құқытары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, өалықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін деп белгіленген. Ұлтаралық татулықты бұзатын кез-келген әрекет конституциялық емес деп танылады.
Бір қарағанда конституциялық міндеттер соншалықты көп емес сияқты көрінуі мүмкін, дегенмен олар қоғам мен мемлекеттің қалыпты дамуы үшін қажетті негізгі, маңызды салаларды қамтиды.
27.
Қазақстан
Республикасы - президенттік басқару
нысанындағы біртұтас мемлекет.
Қазақстан Республикасының
1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік
билікті ұйымдастырудың негізгі қағидаты
ретінде ерікті сайлауды, ал егемендікке
ие әрі мемлекеттік биліктің бірден-бір
көзі - халық екенін анықтады. Қазақстан
Республикасы - президенттік басқару
нысанындағы біртұтас мемлекет.
Демократиялық сайлау – бұл бәсекелі, мерзімді және өкілдік сайлау, оның процесінде кең еркіндікке ие азаматтар билік құрылымдарына өздерінің өкілдерін балама негізде сайлайды. Бәсекелі сайлау сайлауға түрлі партиялардың және кандидаттардың қатысуына кепілдік береді. Олардың барлығы сөз, жиналыс, қозғалыс бостандығын, олардың саяси көзқарастарының естілуі үшін және олар сайлаушыларға балама кандидаттарды ұсына алуы үшін қажеттінің барлығын пайдалана алады. Қазақстан Республикасының заңнамасы сайлаудың мерзімділігін, билік органдарында елдің әр түрлі әлеуметтік топтарының өкілдігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысу құқығына кепілдік береді. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқы жоқ.
28.
Қазақстандағы президенттік институттың
қалыптасуы.
Мемлекеттік биліктің институттарын
қалыптастырудың негізгі міндеті жүйе
ретінде қоғамның даму деңгейі мен саяси,
əлеуметтік жəне экономикалық жағдайына
сəйкес оның саяси жəне құқықтық рəсімдеуін
таңдау болып табылады. Мұндай таңдау
мемлекетті қалыптастыруда саяси жəне
құқықтық негізін жəне мемлекет
пен қоғамның өзара іс- қимылының
сипаттамасын анықтайды. Ғылыми талдауда
объективті қажеттілік берілген мəселемен,
сонымен қатар Қазақстан қатысты ауыспалы
қоғамда басқару үлгісінің саяси
жəне құқықтық табиғатын зерттеуде
көрінеді. Бұл қазақстандық қоғамның
басқарудың қазіргі заманғы жəне
демократиялық үлгіні таңдаудағы бірінші
тəжірибесі жөнінде сөз болып отырғаны
анық. Бір жағынан, Қазақстан мемлекеті
тəуелсіздік алғаннан кейін басталған
кезеңде саяси реформаның негізгі
мақсаттарының бірі – ауыспалы кезеңдегі
қоғамның қажеттілігін толық жүзеге
асыру үшін мемлекеттік билікті
ұйымдастырудың əдістерінің өзгеруі
болды [3].
Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуы мен дамуы жəне мемлекеттік «құрылыстың» қиын процесінің стратегиялық концепциясын, басқарудың берілген үлгісін таңдауды жүзеге асырғандағы жағдайын, саяси жəне конституциялық табиғатының ерекшеліктерін, барлық заңдылықтарды шығару жоспарында қазақстандық ғалымдар əлі аяғына дейін əзірлеген жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттік биліктің жəне халық бірлігінің кепілі жəне рəмізі, тұрақты Конституция, азаматтар мен адамның бостандығы мен құқығы.
Негізгі өзгерудің шешуші факторы президенттік институт республикасында қазақстан мемлекетінің барлық қалыптасу процесі табысты іс-əрекет болып табылады. Осыған байланысты басқарудың президенттік үлгісінің қазақстандық нұсқасы- шетел мемлекетінің конституциясының тəжірибесі есебімен қалыптасқан процесс, біздің елдің ұлттық дəстүрі актуалды болып отыр.
29.
Қазақстан республикасының президентінің
конституциялық-құқықтық мәртебесі
Президент
– бұл бірінші кезекте Ел басшысы,
мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы.
Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы
саясатының бағыттарын айқындап береді.
Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін орнықтырды. ҚР-ның Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек парламент заң шығару өкілеттігін берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай алады. Сот билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Одан әрі, ҚР-сы Конституциясында көзделген тежеушілік және тепе-теңдік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары тұруына мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің және сот билігінің қызметін бақылау құқығы берілмеген. Президентті жабық дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Және сайлау баламалы сипатта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен артық сайлануына жол бермейді. Президент өзінің норма шығармашылық өкілеттігін шеңберінен артық пайдаланған жағдайда Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады.
ҚР-сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс.
30.
ҚР Президенттік сайлау.
31.
Қазақстан
Республикасының сайлау жүйесі.
Қазақстан Республикасының
1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік
билікті ұйымдастырудың негізгі қағидаты
ретінде ерікті сайлауды, ал егемендікке
ие әрі мемлекеттік биліктің бірден-бір
көзі - халық екенін анықтады. Қазақстан
Республикасы - президенттік басқару
нысанындағы біртұтас мемлекет.
Демократиялық сайлау – бұл бәсекелі,
мерзімді және өкілдік сайлау, оның
процесінде кең еркіндікке ие азаматтар
билік құрылымдарына өздерінің өкілдерін
балама негізде сайлайды.
Қазақстан
Республикасы Конституциясының 33-бабы
Қазақстан Республикасының он сегiз
жасқа жеткен азаматтарының тегiне,
әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк
жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына,
тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына,
тұрғылықты жерiне немесе кез келген
өзге жағдаяттарға қарамастан, мемлекеттік
органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарын сайлауға және оларға
сайлануға, сондай-ақ республикалық
референдумға қатысу құқығына кепілдік
береді. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз
деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас
бостандығынан айыру орындарында отырған
азаматтардың сайлауға және сайлануға,
республикалық референдумға қатысуға
құқы жоқ.
Қазақстан беделді халықаралық
ұйымдардың белсенді мүшесі бола отырып,
өзі қабылдаған ерікті және бәсекелі
сайлау өткізу жөніндегі барлық
міндеттемелерді ұстанады.
Сайлау және сайлану құқығы 1995 жылғы қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда реттелген.
Конституцияның және аталған заңның ережелеріне сәйкес Президентті, Парламент Мәжілісі мен жергілікті өкілді органдар депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
32.
Сайлау ұғымы мен қағидаттары.
Қазақстан Республикасындағы
сайлау құқығы бұл Президентті, Парламент
депутаттарын және республика маслихаттарын,
сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару
органдарын сайлауды ұйымдастыру және
өткізу тәртібін зерттейтін конституциялық
– құқықтық нормалар жиынтығы.
Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы (ҚР Конституциясы. 33-бап). Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады.
Сайлауға қатысу — азаматтардың бейқам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. Бейқамдык пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады. Сайлаушылардың сайлауға келмеуі абсентеизм деп аталады.
Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттары дегеніміз сайлау құқығы нормалары мен институттары негізінде алынган жетекші ережелер мен талаптар. Бұл қағидаттарды сайлау процесінің барлық қатысушылары (сайлаушылар, сайлау комиссиясы, кандидаттар, т.б.) басшылыққа алуга тиіс. Бұл жетекші идеялар ҚР-ның Конституциясында бекітілген. Оларға:
• жалпыға бірдей сайлау құқығы;
• тең сайлау құқығы;
• төте сайлау құкығы;
• жанама сайлау құкығы;
• жасырын
дауыс беру кағидаттары жатады.
33. Қазақстан
Республикасының сайлау жүйесі.
Қазақстан Республикасының
1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік
билікті ұйымдастырудың негізгі қағидаты
ретінде ерікті сайлауды, ал егемендікке
ие әрі мемлекеттік биліктің бірден-бір
көзі - халық екенін анықтады. Қазақстан
Республикасы - президенттік басқару
нысанындағы біртұтас мемлекет.
Демократиялық сайлау – бұл бәсекелі,
мерзімді және өкілдік сайлау, оның
процесінде кең еркіндікке ие азаматтар
билік құрылымдарына өздерінің өкілдерін
балама негізде сайлайды.
Қазақстан
Республикасы Конституциясының 33-бабы
Қазақстан Республикасының он сегiз
жасқа жеткен азаматтарының тегiне,
әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк
жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына,
тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына,
тұрғылықты жерiне немесе кез келген
өзге жағдаяттарға қарамастан, мемлекеттік
органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарын сайлауға және оларға
сайлануға, сондай-ақ республикалық
референдумға қатысу құқығына кепілдік
береді. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз
деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас
бостандығынан айыру орындарында отырған
азаматтардың сайлауға және сайлануға,
республикалық референдумға қатысуға
құқы жоқ.
Қазақстан беделді халықаралық
ұйымдардың белсенді мүшесі бола отырып,
өзі қабылдаған ерікті және бәсекелі
сайлау өткізу жөніндегі барлық
міндеттемелерді ұстанады.
Сайлау және сайлану құқығы 1995 жылғы қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда реттелген.
Конституцияның және аталған заңның ережелеріне сәйкес Президентті, Парламент Мәжілісі мен жергілікті өкілді органдар депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
34.
Қазақстан Республикасындағы
сайлау органдарының жүйесі.
Сайлау комиссиялары
Қазақстан Республикасында сайлауды
дайындау мен өткізуді ұйымдастыратын
мемлекеттік сайлау органдары болып
табылады. Сайлау комиссияларының
өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды.
Сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін:
· Республиканың Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком);
· aумақтық сайлау комиссиялары;
· учаскелік сайлау комиссиялары құрайды.
Ортсайлауком Республиканың сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін басқарады және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Оған депутаттарға жазалау шараларын, депутаттық этика ережелерін қолдануға, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға және оларды өкілеттігінен және депутаттың дербес құқығынан айыруға байланысты мәселелерді дайындау жүктелген.
Қазақстан Республикасының Президенті Ортсайлаукомның Төрағасы мен екі мүшесін бес жыл мерзімге тағайындайды, Парламент палаталарының әрқайсысы, басқа палатаның қатысуынсыз, Ортсайлаукомның екі мүшесін бесжылдық мерзімге тағайындайды. Төрағаның орынбасары мен Ортсайлауком хатшысы комиссияның бірінші отырысында сайланады.
Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты бар. Орталық сайлау комиссиясын және оның аппаратын ұстауға шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары өз қызметін қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады және оларды саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясына бір кандидатураны ұсынуға құқылы.
35.
Әкімшілік құқық пәні, әдістері.
Әкімшілік құқықтың пәні
— бұл мемлекеттік басқару сферасында
туындайтын, дамитын және тоқтатылатын
қоғамдық қатынастар.
Заң әдебиетінде әкімшілік құқықтың ғылым ретінде және құқық саласы ретінде қатынасы туралы сұрақтар қазірге дейін дискуссиялық болып отыр. Осыған орай бұл ғылым көптеген мамандармен мемлекеттің барлық істерін басқару ғылымы ретінде қарастырылды. Әкімшілік құқық ғылыми пән ретінде - әкімшілік-құқықтық құбылыстар туралы пікірлер мен қорытындылар жүйесі. Оның пәні болып құқық саласы және сәйкесінше заңнама саласы ретінде әкімшілік құқық табылады. Соңғы жылдарда зерттеудің тек жалпы ғана емес, сонымен қатар арнайы әдістеріне де қызығушылық көбейді. Мұның нәтижесінде көптеген мәселелер жаңа дауысқа ие болуда.
Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің, яғни әкімшілік құқықтың әдісі болып әкімшілік- құқықтық қатынастарға ықпал етуге көмектесетін әдіс-тәсілдер, шаралар жиынтығы саналады. Бұл жиынтықты құрайтындар:
а)
құқық беру – тұлғаларға өздерінің жеке
белсенді әрекеттеріне құқық беру;
ә)
тыйым салу – белгілі бір әрекеттерді жасаудан
тартынуды талап ету;
б) позитивті
міндеттеу – тұлғаларға өздерін дұрыс
ұстау міндетін жүктеу.
36.
Әкімшілік құқық ұғымы, пәні.
Әкімшілік құқық – атқарушы
билікті тәжірибелік тұрғыдан іске
асырумен байланысты қоғамдық қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын
құрайтын ҚР құқық жүйесінің аса маңызды
бір саласы.
Әкімшілік
құқықтың пәні — бұл
мемлекеттік басқару сферасында
туындайтын, дамитын және тоқтатылатын
қоғамдық қатынастар.
Заң
әдебиетінде әкімшілік құқықтың ғылым
ретінде және құқық саласы ретінде
қатынасы туралы сұрақтар қазірге дейін
дискуссиялық болып отыр. Осыған орай
бұл ғылым көптеген мамандармен мемлекеттің
барлық істерін басқару ғылымы ретінде
қарастырылды.
Әкімшілік
құқықтың пәні болып
оның нормаларымен реттелетін қоғамдық
қатынастар табылады. Бірақ әкімшілік
құқық нормалары заңнаманың басқа да
салаларында қолданылуы мүмкін. Өз
кезегінде, мысалы, білім беру басқармасы
органдарының қызметі әкімшілік, еңбектік,
қаржылық, білім беру туралы заңнамаға
негізделген. Әкімшілік-құқықтық
актілердің көбісінің жүйе құраушылық
белгілері бар. Бір жағынан, мұндай
актілер өзіндік мәнге ие, себебі
қатынастардың белгіленген тобын
реттейді, келесі жағынан – нақты
сұрақтарды шешудегі қызметтің
процессуалдық шегін анықтауда
сақталады.
37.
Әкімшілік
құқықтың жүйесі
— бұл салаларды құрайтын салашықтарға
жиыстырылған топтар – құқықтық
институттар бойынша бөлінген
құқық нормаларының ғылыми –
ұйымдастырылған жиынтығы – біртұтас
нормативті құрылым.
Әкімшілік құқықтың басқа құқық салалары сияқты өзінің жүйесі бар, олар бәр- бірімен тығыз байланысты әкімшілік- құқықтық нормалар мен институттардан тұрады.
Дәстүр бойынша заң ғылымында әкімшілік құқықты екіге, жалпы және ерекше бөләктерге бөледі. Әкімшілік құқықты оқулық пән ретінде құрудың негізіне осылай бөлу алынған.
38. Әкімшілік құқыктың әдістері. Әкімшілік құқық үшін тән құқықтық реттеу әдістері:
1) Билік әдісі – бағындыру, немесе тура бұйыру әдісі ( қатынастар әкімшілік құқықтың шегінде біреуінің екіншісіне бағынуына тұрғызылады);
2) Ұсыну әдісі (басқару субъектісінің ұсыныстары егерде оны басқару екінші қатысушысы қабылдаған жағдайда заңды күшке ие болады)
3) Келісу әдісі (өзара бағыныштылықта болмайтын қатысушылар арасында)
4) Теңдік әдісі (мемлекеттік механизмнің бір деңгейінде тұратын субъектілер әкімшілік келісімшарт түрінде бірлескен әрекеттерді қабылдайды)
Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің, яғни әкімшілік құқықтың әдісі болып әкімшілік- құқықтық қатынастарға ықпал етуге көмектесетін әдіс-тәсілдер, шаралар жиынтығы саналады. Бұл жиынтықты құрайтындар:
а)
құқық беру – тұлғаларға өздерінің жеке
белсенді әрекеттеріне құқық беру;
ә)
тыйым салу – белгілі бір әрекеттерді жасаудан
тартынуды талап ету;
б) позитивті
міндеттеу – тұлғаларға өздерін дұрыс
ұстау міндетін жүктеу.
39.
Әкімшілік құқықтың
қайнар көздері.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері –
бұл әкімшілік құқық субъектілерінің
атқарушы-бұйрықтық қызметінің аясында
пайда болатын қоғамдық қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың құқықтық
нысандары.
Заң
әдебиеттерінде құқықтың
қайнар көздері ретінде
мына алты нысан танылады:
1)құқықтық
әдет;
2) нормативтік акт;
3) сот
прецеденті;
4) келісімшарт;
5) сот
тәжірибесінжалпылау;
6) ғылыми-
құқықтық доктрина.
Әкімшілік
құқықтың негізгі қайнар көздеріне:
-
ҚР Конституциясы;
- ҚР Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексі;
- ҚР
Парламенті қабылдайтын заңдар;
-
Конституциямен анықталған ҚР Президентінің
актілері:жарлықтар;
- өкімдер;
-
заң күші бар жарлықтар;
- Конституцияның
69-бабына сәйкес бүкіл республика
аумағында орындалуға міндетті ҚР
Үкіметінің қаулылары;
- Мемлекеттік
басқарудың орталық органдарының актілері
(министрліктер мен ведомстволардың);
-
ҚР Жоғары Сотының қаулылары бола алады.
40. Әкімшілік жаза және оның түрлері. Әкімшілік жаза жүйесі – бұл ауырлық дәрежесіне қарай анықталған жаза түрлері. Кодексте әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылатын жеке және заңды тұлғаларға қолданылатын әкімшілік жаза түрлері белгіленген.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкін:
ескерту жасау;
әкiмшiлiк айыппұл;
әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу;
арнайы құқықтан айыру;
рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау;
қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу;
әкімшілік қамаққа алу;
шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу.
Кодекстің 42-бабында әкiмшiлiк жазалардың негiзгi және қосымша шаралары бекітілген. 1.Ескерту жасау, әкiмшiлiк айыппұл, әкімшілік қамаққа алу негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.
2. Арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен алып тастау, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу негiзгi де, сол сияқты қосымша әкiмшiлiк жазалар ретiнде де қолданылуы мүмкiн.
3. Тәркілеу, заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу тек қосымша әкімшілік жаза ретінде ғана қолданылуы мүмкін.
41. Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы. Қоғамдағы адамдардың мінез- құлқы заңды және заңсыз (құқыққа қарсы) болуы мүмкін. Құқыққа қарсы мінез-құлықазаматтыз мінез-құлықтық, тәртіптік қылықтарды, әкімшілік құқық бұзушылықтарды және қылмыстарды жасауда көрінеді.
Әкімшілік жауаптылықтың заңды негізі болып әкімшілік құқықбұзушылық саналады.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық мәселелерін 2014 жылы 5 шілдеде қабылданған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі және басқа да құқықтық-нормативтік кесімдер реттейді.
Тәртіпсіздікке бару әкімшілік жауапкершілікті туындатады.Бұл норманы талдау барысында барлық әкімшілік құқық бұзушылықтарға тән, жалпы белгілерді анықтауға және осы белгілері арқылы заңсыз мінез-құлықты, заңды мінез- құлықты, сонымен бірге басқа да құқық бұзушылққа тән ерекшеліктерді айыруға болады.
Бұл белгілердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
Теріс қоғамдық
Құқыққа қарсылық
Кінәлілік
Жазаланатын әрекет.
42.
Әкiмшiлiк
құқық бұзушылықты қасақана және абайсызда
жасау.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана
жасау.
Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған
жеке тұлға өзiнiң әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң)
құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның
зиянды салдарын алдын ала бiлсе және
осы салдардың туындауын қаласа немесе
оған саналы түрде жол берсе не оларға
немқұрайлы қараса, әкiмшiлiк құқық
бұзушылық қасақана жасалды деп танылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға өз әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) зиянды салдарының туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлсе, бiрақ жеткiлiктi негiзсiз олардың алдын алуға болады деп ұшқары ойласа не тиiстi назар салған және көре білген жағдайда, олардың алдын алуға тиіс және солай ете алатын болса да осындай салдардың туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болып нақты әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған жеке тұлға саналады.
43.
Әкімшілік жаза ұғымы.
Әкімшілік
жаза
– әлеуметтік әділеттілікті қалпына
келтіру және құқық бұзушылықты жасаған
адамды заң талаптарын сақтау және құқық
тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу,
сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де,
сол сияқты басқа адамдардың да жаңа
құқық бқзушылық жасауының алдын алу
мақсатында қолданылады.
Әкімшілік
жаза қолданудың негізін екі түрге бөлуге
болады: материалдық және процессуалдық.
Әкімшілік жаза қолданудың материалдық
негізі ретінде, әкімшілік жазалану
түріндегі субъектінің құқыққа қарсы
мінез- құлқы, яғни, құқық бұзушылық
жасау фактісі саналады.
Әкімшілік жаза, біріншіден, әкімшілік құқық бұзушылықжасағандарғағ тек әрекет немесе әрекетсіздік аяқталған соң ғана салынады.
Екіншіден, әкімшілік жаза және оны қолдану тәртібі заңмен қатаң реттеледі, ал басқа да әкімшілік көндіру шаралары заңнан туындайтын нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Үшіншіден, әкімшілік жаза қолдану құқығы тек заңмен айқындалған субъектілерге берілген, ал басқа әкімшілік шаралар қолдану құқығына ие субъектілер шеңбері өте кең.
Төртіншіден, әкімшілік жазаларды қолдануға құқығы бар субъектілер өз құзыреттері шеңберінде тек Кодекстің талаптарын ескере отырып қолданады.
Бесіншіден, әкімшілік жаза қолдану белгіленген рәсімде және әкімшілік -процессуалдық құжаттарды міндетті түрде толтыру негізінде жүзеге асырылады.
44.
Әкімшілік
жаза
түрлері.
Әкімшілік
жаза жүйесі – бұл ауырлық дәрежесіне
қарай анықталған жаза түрлері. Кодексте
әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапқа
тартылатын жеке және заңды тұлғаларға
қолданылатын әкімшілік жаза түрлері
белгіленген.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкін:
ескерту жасау;
әкiмшiлiк айыппұл;
әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу;
арнайы құқықтан айыру;
рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау;
қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу;
әкімшілік қамаққа алу;
шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу.
Кодекстің 42-бабында әкiмшiлiк жазалардың негiзгi және қосымша шаралары бекітілген. 1.Ескерту жасау, әкiмшiлiк айыппұл, әкімшілік қамаққа алу негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.
2. Арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен алып тастау, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу негiзгi де, сол сияқты қосымша әкiмшiлiк жазалар ретiнде де қолданылуы мүмкiн.
3. Тәркілеу, заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу тек қосымша әкімшілік жаза ретінде ғана қолданылуы мүмкін.
45.
Әкімшілік құқық бұзушылық.
Әкімшілік
жауаптылықтың заңды негізі болып
әкімшілік құқықбұзушылық саналады.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық мәселелерін 2014 жылы 5 шілдеде қабылданған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі және басқа да құқықтық-нормативтік кесімдер реттейді. Осы кодекс бойынша «Жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс- әрекеті немесе әрекетсіздігі, заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті, не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады».
Тәртіпсіздікке бару әкімшілік жауапкершілікті туындатады.Бұл норманы талдау барысында барлық әкімшілік құқық бұзушылықтарға тән, жалпы белгілерді анықтауға және осы белгілері арқылы заңсыз мінез-құлықты, заңды мінез- құлықты, сонымен бірге басқа да құқық бұзушылққа тән (қылмыстар, тәртіптік қылықтар т.б.) ерекшеліктерді айыруға болады.
Бұл белгілердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
Теріс қоғамдық
Құқыққа қарсылық
Кінәлілік
Жазаланатын әрекет.
46.
Әкiмшiлiк
құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты
жеңiлдететiн мән-жайлар.
Мыналар:
1) кiнәлi адамның өкiнуi;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқық бұзушылықтың зиянды салдарын болғызбауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қатты жан толқынысының әсерiмен не жеке басының немесе отбасының ауыр мән-жайлары салдарынан жасау;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жүктi әйелдiң немесе он төрт жасқа дейiнгi баласы бар әйелдiң жасауы;
6) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күшпен немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде жасау;
7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қажеттi қорғаныстың заңдылық шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу, бұйрықты немесе өкiмдi орындау кезiнде жасау;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын сот (судья), орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілмеген мән-жайларды да жеңiлдететiн мән-жайлар деп тануы мүмкiн.
47. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар. Мыналар:
1) прокурордың заңды түсiндiргенiне және (немесе) осыған уәкiлеттi тұлғалардың оны тоқтату талабына қарамастан құқыққа қарсы мiнез-құлықты жалғастыру;
2) бұрын бiртектi әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жазаға тартылған, ол бойынша осы Кодекстiң 61-бабында көзделген мерзiмi өтпеген адамның оны бiр жыл iшiнде қайталап жасауы;
3) кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту;
4) кiнәлi адамға психикасының ауыр түрде бұзылуынан зардап шегетіні көрінеу белгілі адамдарды не әкiмшiлiк жауаптылық туындайтын жасқа толмаған адамдарды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту;
5) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша, басқа адамдардың заңды әрекеттерi үшiн кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
6) адамға немесе оның жақындарына қатысты осы адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
7) кiнәлi адамға жүктiлік жағдайда екені көрінеу белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кiнәлi тұлғаға тәуелдi адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
8) адамдар тобының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
9) дүлей зілзала жағдайларында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
10) алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады. Әкiмшiлiк жаза қолданатын сот (судья), орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипатына қарай осы мән-жайды ауырлататын мән-жай деп танымауы мүмкiн.
48. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық. «Сыбайлас жемқорлық» сөзі (латын тілінен «corumper») көптеген мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын таптау, «rumpere» көп мағыналы (бұзу, қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын «со» қосымшасы сыбайлас жемқорлық – бұл бірнеше субъектілердің қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді. Бұдан өзге, латынша «corruptio» «параға сатып алу», «іріп-шіру» дегенді білдіреді, «сыбайласу» етістігі «біреуді ақшамен немесе өзге де материалдық игіліктермен параға сатып алу» дегенді білдіреді. Рим құқығында «corrumpire» сөзі «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, алдау, бұрмалау, параға сатып алу», сондай-ақ «құлдырау, бұзылғандық, нашар жағдай, (пікір немесе көзқарастың) құбылмалылығы» деген мағынаны білдіреді. Сыбайлас жемқорлық ұғымының жалпыға танымал тұжырымдарымен қатар, латын термині «corruptio» екі түбірлі сөзден «cor» (жүрек, жан, рух, ақыл-ес) және «ruptum» (бүлдіру, бұзу) шығады деген пікір бар. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың мәні лауазымды тұлғаны параға сатып алуда немесе оларды байытуда емес, ал әлеуметтік жүйені, оның ішінде мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін бұзуда (ыдырату, іріп-шіру), мемлекеттің, азаматтардың заңды мүдделерін қоғамдағы өзінің жағдайын жеке мақсатына пайдакүнемдік арқылы сатып кетуде.
49.
Сыбайлас жемқорлық ұғымы.
Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін
«сыбайлас жемқорлық» ұғымының мазмұнын,
осы этностық әлеуметтік құбылыстың
тарихи түп-тамырын түсінбейінше, ұғыну
мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық ұғымы
қазіргі ғылыми және қоғамдық-саяси
әдебиетте кеңінен қолданылады. «Сыбайлас
жемқорлық» сөзі
(латын тілінен «corumper») көптеген мағынасы
бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып
алу, азғыру, тура жолдан тайдыру, притон,
құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу,
бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын
таптау, «rumpere» көп мағыналы (бұзу, қирату,
заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен
қатар қолданылатын «со» қосымшасы
сыбайлас жемқорлық – бұл бірнеше
субъектілердің қатысуымен іс-қимыл
жасау екенін көрсетеді. Бұдан өзге,
латынша «corruptio» «параға сатып алу»,
«іріп-шіру» дегенді білдіреді, «сыбайласу»
етістігі «біреуді ақшамен немесе өзге
де материалдық игіліктермен параға
сатып алу» дегенді білдіреді. Рим
құқығында «corrumpire» сөзі «сындыру, бүлдіру,
бұзу, зақымдау, алдау, бұрмалау, параға
сатып алу», сондай-ақ «құлдырау,
бұзылғандық, нашар жағдай, (пікір немесе
көзқарастың) құбылмалылығы» деген
мағынаны білдіреді. Сыбайлас жемқорлық
ұғымының жалпыға танымал тұжырымдарымен
қатар, латын термині «corruptio» екі түбірлі
сөзден «cor» (жүрек, жан, рух, ақыл-ес) және
«ruptum» (бүлдіру, бұзу) шығады деген пікір
бар.
50. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес келмейтін құндылықтар жүйесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адамгершілік пен азғындық (орынды және орынсыз, мейірімділік пен зұлымдық, пайдалы және пайдасыз), құқықтық және құқықтық емес, ақылды және ақымақтық, тамаша және бейберекет призмасы арқылы адами қатынастар әлеміне көзқарас. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қазіргі уақытта шынайы қажетті құбылыс мәртебесін иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде қоғамның барлық әрекетке қабілетті мүшелері игеруі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің міндеті – сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті білім алушы жастардың азаматтық позициясы ретінде бекіту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға берік иммунитетті нықтау, оларды жария түрде жоққа шығару болып табылады.
51. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл адамдардың сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі оның барлық көрінісінде мүдделер қақтығысына жағымсыз, төзбеушілік қатынастың призмасы арқылы өмірлік болмысты көрсетеді, содан кейін жаңғыртады. Ол жалпыға міндетті мінез-құлық нормаларын белгілеуді талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінезқұлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы санаға нысандандыру, белгілілік пен кесімділік тән. Сондай-ақ моральдық және құқықтық міндеттерді орындауға қатаң бақылау талабы тән. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың рөлі оның танымдық, реттеуші, бағалаушылық, болжамдық функцияларында көрінеді.
52.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың
ерекшелігі
оның барлық көрінісінде мүдделер
қақтығысына жағымсыз, төзбеушілік
қатынастың призмасы арқылы өмірлік
болмысты көрсетеді, содан кейін
жаңғыртады. Ол жалпыға міндетті
мінез-құлық нормаларын белгілеуді талап
етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана
адамгершілік және адамгершілікке жат
қылықты, құқықтық және құқықтық емес,
заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп
береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мінезқұлықты қамтамасыз ету үшін
моральдық-адамгершілік, идеологиялық,
құқықтық шараларды талап етеді. Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы санаға нысандандыру,
белгілілік пен кесімділік тән. Сондай-ақ
моральдық және құқықтық міндеттерді
орындауға қатаң бақылау талабы тән.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың
рөлі оның танымдық, реттеуші, бағалаушылық,
болжамдық функцияларында көрінеді.
53. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қылмыстық Кодексте және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексте көзделген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және лауазымды тұлғалар жүргізуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі анықталған жағдайда азаматтар 1424 тегін call-орталығына қоңырау шалып, мемлекетке хабарлай алады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады.
Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем
көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік
құпия болып табылады және заңда
белгіленген тәртіппен ұсынылады.
Көрсетілген ақпаратты жария ету
заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп
соғады.
Сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған
ақпартты хабарлаған адам заңға сәйкес
жауапты болады.
54.
Сыбайлас
жемқорлық ұғымдардың даму тарихы.
Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы
алғашқы деректерінің бірі – Ежелгі
Вавилон мұрағаттары, кейіннен вавилон
патшасы Хаммурапидің атақты заңдары.
құқық көздерінде сыбайлас жемқорлық
іс-әрекеттер жасағаны үшін нақты
жазалануы тиіс екені көрсетіледі.
Италия ойшылы мен саясаткері Н.
Макиавелли еңбектерінде сыбайлас
жемқорлықты пайымдауға маңызды серпін
берілген. Өзінің «Билеуші» атты еңбегінде
ол сыбайлас жемқорлықты «жария
мүмкіндіктерді жеке басының мүддесіне
қарай пайдалану» ретінде анықтады,
сыбайлас жемқорлықты алдын ала қиын
анықталатын, бірақ жеңіл емделетін, ал
ол асқынып кеткенде, анықталуы оңай,
бірақ емделуі қиын аурумен
салыстырған.
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы алғашқы ескертулерді
тарихшылар біздің эрамызға дейінгі XIV
ғасырға – шенеуніктердің тарапынан
асыра сілтеушіліктің жолын кесу мен
сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер үшін
жауапкершілік белгілейтін мемлекеттік
аппарат реформасын ұйымдастырған шумер
билеушісі Урукагиннің уақытына
жатқызылады. Осылайша, шамамен төрт
мыңжылдық бұрын Ежелгі Вавилонда
парақорлық үшін жауапкершіліктің
болғанын Хаммурапи патшаның заңдары,
сондай-ақ египет фараондарының заңдары
көрсетеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген