Материалдар / «Құқық негіздері» пәні бойынша тест тапсырмалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Құқық негіздері» пәні бойынша тест тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқық негіздері» пәні бойынша тест тапсырмалары 10 сынып 1.Конституциялық құқық жүйесі өзіне мыналарды қамтиды: A) Конституциялық құқықтың нормалары B) Құқықтық әдет-ғұрып C) Жалпы және ерекше бөлімдерді D) Әділ соттылығының конституциялық қағидалары E) Конституциялық-құқықтық нормалар, қағидалары мен институттары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2021
6600
38 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Құқық негіздері» пәні бойынша тест тапсырмалары


10 сынып

1.Конституциялық құқық жүйесі өзіне мыналарды қамтиды:

A) Конституциялық құқықтың нормалары

B) Құқықтық әдет-ғұрып

C) Жалпы және ерекше бөлімдерді

D) Әділ соттылығының конституциялық қағидалары

E) Конституциялық-құқықтық нормалар, қағидалары мен институттары.

 

2. Белгілі теориялық принциптердің жиынтығын, логикалық әдістер мен тәсілдерін, конституциялық-құқықтың әсер ету нысандарын қолдану және конституциялық құрылыс негіздерінің, тұлғаның құқықтық дәрежесінің, мемлекет құрылымының заңдық негізін зерттеу – бұл:

A) Конституциялық құқықтың қағидалары

B) Конституциялық құқықтың әдістемесі

C) Конституциялық құқықтың жүйесі

D) Конституциялық құқықтың ғылымы

E) Конституциялық құқықтың нормасы.

 

3. Конституциялық құқықтың нормалардың байланысы мен өзара келісімділігін көрсететін және оларды жеке құрылымдық құқықтық институттарға бөлетін объективті құқықтық құбылыс не?

A) Конституциялық құқықтың нормасы

B) Конституциялық құқықтың әдісі

C) Конституциялық құқықтың жүйесі

D) Конституциялық құқықтың қағидасы

E) Конституциялық құқықтың пәні.

 

4. Қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін реттейтін және конституциялық құқық саласының бөлігі болып табылатын конституциялық құқықтық нормалардың жиынтығы – бұл:

A) Конституциялық құқықтың әдісі

B) Конституциялық құқықтың пәні

C) Құқықтық институт

D) Құқықтық құбыластар

E) Заңды факт.

 

5. Конституциялық – құқықтық қатынастардың субъектісінің мүмкін және міндетті мінез-құлқын анықтайтын, мемлекет бекітетін және қорғайтын міндетті мінез-құлық ережесі – бұл:

A) Конституциялық құқықтың жүйесі

B) Конституциялық құқықтың әдістемесі

C) Санкция

D) Конституциялық-құқықтық нормалар

E) Конституциялық – құқықтық қағидалар.

6. Нормативтік-құқықтық актілер былайша бөлінеді:

A) Негізгі және туында

B) Негізгі және жобалы

C) Жалпы және ерекше

D) Негізгі және қосымша

E) Жалпы және жеке.

 

7. Дұрыс емес жауапты көрсет.Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей әдістер қолданылады:

A) Тиым салушы әдістер

B) Рұқсат етуші әдістер

C) Міндеттеуші әдістер

D) Реттеуші әдістер

E) Тану әдістері.

 

8. Конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектісі:

A) Территория, мемлекеттік орган

B) Мемлекет, халық, заңды тұлға

C) Азаматтардың міндеттері, қажетті мінез-құлық

D) Оқиғалар, субъектінің мінез-құлқы

E) Ұйымдар, меншік.

 

9. Дұрыс жауапты көрсетіңіз. Конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектісі болып табылады:

A) Территория, мемлекеттік орган

B) Ұйымдар, меншік

C) Азаматтардың міндеттері, қажетті мінез-құлық

D) Оқиғалар, субъектінің мінез-құлқы

E) Ұлт, мемлекет басшысы.

 

10. Конституциялық-құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады:

A) Заңды факт

B) Іс-әрекет еркіндігі

C) Территория және меншік

D) Жағдай және шарттар

E) Барлығы дұрыс.

 

11. Дұрыс жауапты көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының қайнар көзі болып  табылады:

A) Федерация субъектілерінің заңдары

B) Конституция мен заңдар

C) Соттық прецедент

D) Құран

E)  Конституциялық әдет ғұрып.

 

12. Дұрыс жауапты көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының қайнар көзі болып табылады:

A) Құран

B) Конституциялық әдет – ғұрып

C) Конституция

D) Прецедент

E) Мұсылмандық құқық.

 

13. Төменде көрсетілген құқық салаларының қайсысы ҚР ұлттық құқық жүйесінің ядросы болып табылады:

A) Мемлекет және құқық теориясы

B) Конституциялық құқық

C) Еңбек құқығы

D) Азаматтық құқық

E) Халықаралық құқық.

 

14. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының конституциялық құқықтық қатынастарының объектілері:

A) Матариалдық құндылықтар

B) Жеке мүліктік емес құқықтар

C) Мемлекеттік территория

D) Адамдардың мінез-құлқы

E) Көпшілік қоғамдық қозғалыстар.

 

15. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Конституциялық құқықтың қайнар көзі болып табылады:

A) Конституциялық әдет-ғұрып

B) Конституция

C) Әдеттегі заңдар

D) «ҚазКССР мемлекеттік егемендігі туралы» декларация

E) Конституциялық заңдар.

 

16. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектісі болып төмендегі жеке тұлғалар табылады:

A) Азаматтар

B) Шетелдіктер

C) Бірлестіктер

D) Сайлаушылар

E) Азаматтығы жоқ тұлғалар.

 

17. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектісі:

A) Мемлекет басшысы

B) Мемлекет

C) Парламент

D) Үкімет

E) Мінез-құлық.

 

18. Қазақстан Республикасының Президенті келесі нормативтік-құқықтық актілерді бекітеді:

A) Үкіметтің қаулысын

B)  Конституциялық Кеңестің шешімін

C) Конституциялық заңдарды

D) Сенаттың қаулысын

E) Мәжілістің қаулысын.

 

19. Нормативтік-құқықтық актілердің негізгі түрлеріне жататындар:

A) Регламент

B) Ереже

C) Нормативтік-бұйрықтар

D) Жағдай

E) Нұсқау.

 

20. Нормативтік-құқықтық актілердің негізгі түрлеріне жататындар:

A) Регламент

B) Ереже

C) Нормативтік-бұйрықтар

D) Жағдай

E) Нұсқау.
















































































«Құқық негіздері» пәні бойынша тест тапсырмалары

11 сынып


 

1. Нормативтік-құқықтық актілердің негізгі түріне жататындар:

A) Регламент

B) Кодекстер

C) Ереже

D) Жағдай

E) Нұсқау.

 

2. Қазақстан Республикасының Конституциялық  құқығының пәні болып табылады:

A) мүліктік қатынастарды реттейтін нормалар

B) мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар

C) мемлекеттік басқару аясында пайда болатын қоғамдық қатынастар

D) мемлекеттің, қоғамның құрылысының негізін, ондағы адам мен азаматтың жағдайын реттейтін қоғамдық қатынастар.

E) халық, ұлт, сайлау комиссилары.

 

3. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының конституциясының негізгі функциялары:

A) Саяси

B) Заңдық

C) Құрылтайшы

D) Идеологиялық

E) Заң шығарушы.

 

4. Қаз КСР Конституциясы қашан қабылданды:

A) 1977 жылы

B) 1934 жылы

C) 1978 жылы

D) 1993 жылы

E) 1917 жылы.

 

5. Қазақстан Республикасының қай Конституциясы бойынша Конституциялық сот конституциялық бақылау органы болып табылады:

A) 1993 жылы

B) 1978 жылы

C) 1977 жылы

D) 1995 жылы

E) 1991 жылы.

 

6. 1995 жылғы Конституция құрылымы бойынша келесілерден құрылады:

A) Преамбула және өтпелі ережелерден

B) Преамбула және 7 тараудан

C) Преамбула, негізгі, өтпелі ережелерден және қорытынды бөлімнен

D) 8 бөлімнен

E) 10 бөлімнен, қорытынды және өтпелі ережелерден


 7. Қазақстан Республикасында биліктің жалғыз қайнар көзі және субъектісі болып табылады:

A) Азамат

B) Халық

C)  Адам

D) Демократия

E) Өзін-өзі басқару.

 

8. Тікелей демократия мына нысанда іске асады:

A) Заң шығару бастамасында

B) Өзін-өзі басқару

C) Шешім

D) Референдум

E) Парламент.

 

9. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Егеменді мемлекеттің негізгі белгілері:

A) Бір азаматтық

B) Мемлекеттік территориясының болуы

C)  Мемлекеттік биліктің бірыңғай жүйесі

D) Мемлекеттік биліктің жоғары болуы

E) Субъектілер арасында биліктің қатаң болуы.

 

10. Конституцияның негізгі заңдық қасиеттері:

A) Конституцияның жоғары тұруы

B) Жоғары заңдық күші

C) Құқықтық жүйенің ядросы

D) Ерекше қабылдау тәртібі

E) Құрылтайшылық сипаты.

 

11. Қоғамдық және мемлекеттік құрылымының маңызды қағидаларын анықтайтын және ағымдағы заңның заңдық базасы болып табылатын бірегей жүйелі саяси-құқықтық акт:

A) Заңдар

B) Саяси дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар

C) Конституция

D) Соттық прецедент

E)  Декларация.

 

12. ҚР Конституциясы қанша тараудан тұрады:

A) Конституция тарауларға бөлінбейді

B) 9

C) 10

D) 15

E)  12.

 13. ҚР Конституциясымен меншіктің қандай нысандары танылады және қорғалады:

A) мемлекеттік және жеке

B) жеке және ұжымдық

C) кооперативтік

D) мемлекеттік

E) ұжымдық және мемлекеттік.

 

14. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес мүшелерінің өкілеттілігі неше жыл:

A)  5 жыл

B)  4 жыл

C) 6 жыл

D) 7 жыл

E) Өмірлік.

 

15. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі:

A) Конституция нормаларына ресми түсінік береді

B) Амнистия туралы акт шығарады

C) Азаматтардың кешірімін жүзеге асырады

D) Конституцияға қайшы келетін заңдарды тоқтатады немесе жояды

E) Кешірім беру туралы мәселені шешеді.

 

16. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Конституция мынадай функцияларды орындайды:

A) Идеологиялық

B) Басқарушылық

C) Заңдылық

D) Саяси

E) А, С, Д.

 

17. Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы қашан қабылдады:

A) 1991 жылы 16 желтоқсанда;

B) 1993 жыл 28 қаңтарда;

C) 1995 жыл 30 тамызда;

D) 1977 жыл 12 ақпанда;

E) 1978 жыл 20 наурызда.

 

18. «Қазақстан Республикасы мемлекетінің егемендігі туралы» Конституциялық заң қашан қабылданды:

A) 1978 жыл

B) 1991 жыл

C) 1995 жыл

D) 1990 жыл

E) 1998 жыл.

 

19. Қазақстан Республикасының екінші Конституциясы қашан қабылданды:

A) 1978 жылы 16 желтоқсанда;

B) 1995 жылы 30 тамызда;

C) 1991 жылы 12 ақпанда;

D) 1993 жылы 28 қаңтарда;

E) 1989 жылы 20 наурызда.

 

20. Адамдардың өзара құқықтары, міндеткерліктері мен жауапкершіліктерінің жиынтығын көрсететін адам мен мемлекеттің тұрақты құқықтық байланысы, бұл –

A) Қоғам

B) Конституция

C) Үкімет

D) Азаматтық

E) Бірлестіктер.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!