400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құқық негіздері пәнінен "Еңбек құқығы туралы жалпы ұғым" тақырыбы бойынша эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбек құқығы жайында мәлімет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: Қазақстан Республикасы еңбек құқығы

 

Еңбек ету құқығы азаматтардың негізгі құқықтарына жатады. Еңбек ету құқы деп еңбекке қабілеті бар адамның өз еңбегімен өмір сүруге қажетті табыс табу мүмкіндігін айтады.

«Республика азаматының еңбек етуге құқы бар,ол әрбір адамның дербес өндіруші ретінде немесе еңбек шарты бойынша өз қалауына, қабілетіне және арнайы даярлығына сәйкес еркін еңбек етуге мүмкіндік алу құқығын қамтиды...» (Конституция, 19-бап).

Демек, азаматтар еңбек етуге құқын еңбек шартын жасау және кәсіпкерлік қызметпен шұғылдану арқылы жүзеге асыра алады. Азаматтардың басым көпшілігі еңбек шарты арқылы еңбек етеді. Еңбек шартының белгілері:

- еңбекші нақтылы еңбек ұжымының құрамына енеді;

- еңбек шартында көрсетілген қызметті орындайды;

- еңбек ұжымында белгіленген еңбек тәртібіне бағынады;

- еңбектің саны мен сапасына байланысты еңбек ақыны алады;

- ұжымның әкімшілігі еңбекшіге жұмыс істеуге лайықты жағдай жасайды.

Еңбек шартының бір тарабы – жеке адам. Ол өзінің атынан еңбек шартын жасайды, өзінің еңбегімен қабылдаған міндетін орындайды. Еңбек ету қабілеті 16 жастан, ерекше жағдайда 15 жастан қалыптасады. Мектеп, техникум оқушыларын 14 жастан жұмысқа алуға болады. Ол үшін ата-аналарының біреуі келісімін беру керек. Оқушылар денсаулығына зиян келтірмейтін, жеңіл жұмысты сабақтан тыс уақытта атқара алады.

Еңбек шартының екінші тарабы - әкімшілік (мемлекеттік, кооперативтік ұйым, жеке кәсіпкер).

Еңбекке қабілеті бар азамат өз еркімен еңбек шартын жасауға құқылы. Мерзіміне қарай еңбек шартының бірнеше түрі бар: мерзімі көрсетілмеген еңбек шарты, белгілі мерзімге жасалған еңбек шарты, белгілі бір жұмысты орындауға жасалған еңбек шарты. Мерзімі көр-сетілмеген еңбек шартын еңбекші өз еркімен кез-келген уақытта бұзуға құқылы. Бірақ, алдын ала өзін жұмысқа (қызметке) алған әкімшілікті ескертіп қою керек. Әдетте кем дегенде екі ай бұрын ескерту қажет. Өзара келісім бойынша осы уақыт өтпей-ақ еңбек шартын бұзуға болады. Уақытша жасалған еңбек шартын мерзімі өткенше бұзбаған жөн. Мұндай еңбек шарты бес жылға дейінгі мерзімге жасалуы мүмкін. Ал, белгілі бір жұмыс көлемін орындау үшін жасалған еңбек шарты ол жұмыс орындалғаннан кейін күшін жояды.

Соңғы жылдары мерзімді еңбек шартының ерекше түрі пайда болды. Оны контракт дейді. Еңбек шартының бұл түрі еңбеккердің жеке басының ерекшелігін еңбек дағдысын ескереді, еңбекті нәтижесіне қарай бағалап, түрлі көтермелеулер белгілейді, әрбір еңбек буынының жауаптылығын арттырады.

Жасы толмағандармен еңбек шартын жасаудың ерекшеліктері бар. Олардың жұмыс уақыты қысқартылған болады да, атқарған жұмысына еңбекақыны үлкендермен бірдей алады т.с.с.

Азаматтардың еңбек етуіне қауіпсіз жағдай жасауды щаң әкімшілікке жүктейді. Әкімшілік еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын бақылауға, еңбеккерлерді техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыруға, өндірістегі болған сәтсіз оқиғаларды терген, себептерін анықтауға міндетті. Жасы толмағандардың денсаулығын қорғау үшін қосымша кепілдіктер белгіленген. Жасы толмағандарды ауыр жұмыста, еңбек ету жағдайы өте зиянды және қауіпті жұмыста, белгілі бір мөлшерден артық ауыр заттарды таситын жұмыста пайдалануға тыйым салынған.

Қызметкерлердің екбекті қорғау құқықтарының кепілдіктері мыналар: азаматтарды денсаулық жағдайына жақпайтын жұмысқа қабылдауға тыйым салынады. Еңбек шартында жұмыс орнының қауіпті және зиянды өндірістік жағдайларды көрсетіліп, сондай зиянды жағдайда жұмыс істегені үшін көзделген (заңда, еңбек шартында) жеңілдіктер мен өтемдер де көрсетілуі керек. Кәсіпорын әкімшілігі қызметкерге кәсіби аурудың пайда болу мүмкіндігін де жүріп медициналық тексеруден өтіп отыруы тиісті.

Қызметкердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төнетін жағдай туса, ол жұмысты дереу тоқтатып, бұл туралы әкімшілікке хабарлайды, ал сол жағдай расталса, әкімшілік жұмысты тоқтатуға және сол қауіпті жою жөніндегі шараларды қолдануға міндетті. Егер қауіп төнген жағдайда қызметкер жұмысты орындаудан бас тартса, ол үшін оған ешқандай жаза қолданбайды.

Қызметкерден кәсіби аурудың алғашқы белгілері білінсе, әкімшілік оны қайта мамандандыру кезеңінде орташа айлық жалақысын сақтай отырып, он екі айдан асырмай басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті.

«... еріксіз еңбекке тыйым салынады» (Конституция, 19-бап).

Еңбек етуге мәжбүрлеу тек екі жағдацда қолданылуы мүмкін: сот үкімі бойынша жазаны орындау үшін және төтенше жағдай туралы заңды қолданғанда. Бұл екі жағдай да халықаралық жұртшылық таныған қағидаларға қайшы келмейді. Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық акт мынадай жағдайларда еңбек етуге мәжбүрлеуді орынды деп табады: егер ол сот үкімі арқылы тағайындалса және төтенше жағдайда немесе халықтың өміріне қауіп төнген жағдайда белгіленсе.

Еңбекке қабілеті бар азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін мемлекет органдары қажетті шаралар қолданады.

Жұмыстары мен табыстарын жоғалтқан және алғаш рет жұмыс іздеген, сондай-ақ, ұзақ уақыт үзілістен кейін еңбек етуге қайтадан кірісуге ниеті бар жұмыссыз деп танылған адамдар тіркелген кезінің 8-ші күнінен бастап жәрдемақы ала бастайды. Жәрдемақы алудың мөлшері мен мерзімі заңда белгіленген. Жұмыссыздарды мемлекет жұмыспен қамту қызметін жүргізеді. 1992 жылы жұмыспен қамту қызметі жұмыс іздеушілер есебіне 270 мың адамды тіркеді. Олардың ішінен әр төртінші адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздық статусын, яғни, әлеуметтік қорғау хұқығын 70 мың мың адам  иемденді. Жұмыссыздардың қатарының 28 проценті еркектер, 72 процентін      әйелдер   құраған. Жұмыссыз деп танылған адамға  жәрдемақы беріледі. Жәрдемақы    алудың    мөлшері    мен мерзімі   мынадай:

— жұмыстарын жоғалтқан адамдар өзінің соңғы жұмыс орнында алған негізгі еңбекақысының 50 проценті мөлшерінде 26 күнтізбелі апта бойы жәрдемақы алады, бірақ, ол республикадағы орташа еңбекақыдан көп болмауы және ең аз жұмысақыдан кем болмауы керек;

— зейнет демалысына дейінгі жастағы адамдар 36 апта   бойы   жәрдемақы   аладьг;

—  алғаш рет жұмыс іздеуші адамдар 13 апта бойы ең аз еңбекақының 75 процентінен кем емес жәрдемақы   алуға   құқылы.

Азаматтардың ереуіл жасауга құқы бар. Кеңес дәуірінде «ереуіл жасау» деген түсінік мүлдем жоғалған болатын. Себебі, Кеңес мемлекеті халықтық мемлекет, халықтың мұң-мұқтажын ойлап, мүддесін қорғайды, сондықтан халық өз мемлекетіне қарсы ереуілге шығуы мүмкін емес делінетін. Бірақ, ол дәуірде де халықтың еңбегін қанаушылық орын алғаны белгілі. Еңбек құқына нұқсан келгені үшін азаматтардың көбісі сот арқылы өзінің занды мүддесін қорғай алмайтын. Мысалы, мұғалімдер әрбір бес жыл сайын аттестациядан әтетін. Егер аттестация кезінде мұғалімнің заңды мүддесі бұзылатын болса, оның арызын сот қарамайтын, тек әкімшілік жолымен әділеттікті іздеуге тура келетін. Көп жағдайда әкімшілік сөз-бұйдалыққа салып, әділетсіздікті қорғайтын. Осындай тәсіл басқа да қызмет адамдарына қолданылатын. Әділетсіздіктің құрбаны болған адамдар бірігіп, ереуілге шығу мүмкіндігінен біржола айырылған еді.

«Республика азаматтарының ереуіл жасауға құқы бар» (Конституция, 20 бап).

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
1377
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі