Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құқық негіздері тесттер мен жұмыс дәптері

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқық негіздері тесттер мен жұмыс дәптері
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

“Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің
“Жалпы білім беретін №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп”
коммуналдық мемлекеттік мекемесі







«Құқық негіздері» пәні бойынша жұмыс дәптері
9-сынып





Тарих, құқық негіздері пән мұғалімі:
Ерлан Русланұлы Баймағамбетов







Атырау қаласы
2024-2025 оқу жылы


Page 2

2

Пән мазмұнына сай мына бөлімдерден тұрады:
9.1A Құқық түсінігі
9.1B Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары
9.1C Азаматтық құқық түсінігі
9.1D Еңбек құқығы түсінігі
9.1E Неке және отбасы құқығы түсінігі
9.1F Әкімшілік құқық түсінігі
9.1G Қылмыстық құқық түсінігі
9.2A Мемлекеттік органдардың конституциялық құрылысы
9.2B Меншік құқығы
9.2C Еңбек жағдайлары
9.2D Некені қию және тоқтату жолдары
9.2E Қылмыс ұғымы
9.3A Азаматтық құқықтағы міндеттеме мен жауапкершілік
9.3B Еңбекті қорғау
9.3С Отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері
9.3D Әкімшілік жауапкершілік
9.3E Қылмыстық жауапкершілік
9.4A Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
9.4В Тұтынушылар құқығын қорғау
9.4С Еңбек шарты
9.4D Отбасының қоғамдағы маңыздылығы
9.4E Әкімшілік құқық бұзушылықты алдын алу
9.4F Жазалау мен гуманизм мәселесі

Оқушылардың теориялық оқу материалын өз бетінше оқып игеру,
әзірлеу және бекітуді ұйымдастыруға бағытталған оқу-тәжірибелік
басылым ретінде жасалды. Тапсырмалар, мәтінмен, дерекпен
жұмыс, тест сұрақтары, эссе т.б. жазу түрінде саралау
принциптерін сақтап орындалуын көздейді.










Page 3

3

І тоқсан бойынша тапсырмалар

Бөлімі Тақырыбы Оқу мақсаты
9.1A Құқық түсінігі

Құқық дегеніміз не және ол
қоғамдық қатынастарға қалай
әсер етеді?
9.1.1.1 Әлеуметтік нормалар
жүйесінде құқықтың ұғымы мен
ролін түсіндіру
Кілтті сөздер Жазылымға қажетті
тіркестер
Дағдылар/Бағалау критерийлері
• құқық
• мораль
• әлеуметтік норма
• құқықтық норма
• заң
• құқықтық мәдениет

Құқық дегеніміз...
Мен...деп ойлаймын
Құқықтық норманың
моральдық нормалардан
айырмашылығы/ұқсастығы ...
Құқықтық мәдениетті
қалыптастыру
Білу және түсіну : Құқық,
әлеуметтік норма ұғымдарының
мағынасын және қоғамдық
қатынастарға әсерін түсіндіреді.
Қолдану: Құқық түсінігіне
қатысты ұғымдарды қолдану
аясына мысалдар келтіреді.

Оқуға арналған деректермен мәтіндер
Құқық дегеніміз не?
Құқық – заңмен бекітілген тәртіп ережелері. Құқық аса маңызды қоғамдық қатынастарды
реттеп отырады. Мемлекетпен қорғалады, әрбір адамға дұрыс жүру жолдарын таңдауға
мүмкіндік береді. Құқық барлық адамдар үшін міндетті және ол адамдардың қауіпсіздік сезімін
нығайтады.
Құқық нормалары білім алуға, денсаулық сақтауға, отбасын құрып, нығайтуға жағдай жасайды.
Құқық адамдарға бостандық пен құқықты қамтамасыз ету, ынталандыру, міндеттерді
қалыптастыру, жазалау, мәжбүрлеу жолымен ықпал етеді.
Құқықтың мәні – қазіргі замандағы қоғамдық қатынастарды реттеу, қоғамды жөнге салу,
тұрақтылыққа қол жеткізу, адам мен азаматтың бостандығы мен құқығын, демократияны жүзеге
асыру.

Құқықтың белгілері:

Нормативтілік Құқық нормалар мен мінез-құлық ережелерінен турады. Бұл
нормалар адам мен азамат бостандығының шекараларын
анықтайды.
Жүйелілік Құқықтың бір-бірімен байланысқан және нақты бір жүйеде орналасқан
нормалардан туратынын білдіреді.
Жалпыға бірдей
міндеттілік
Құқық нормалары жынысына, тегіне, ұлттық ерекшелігіне, әлеуметтік
дәрежесіне, тұрмыстық деңгейіне, дініне, саяси көзқарастарына
қарамастан, бәріне бірдей міндетті болып табылады.
Формальды
Анықтылық

Құқық заңдар және баска да нормативтік-құқықтық ережелер турінде
ресми қалыпқа енеді.
Мемлекеттің
қамтамасыз етуі
Құқыктық нормалар бұзылған жағдайда мемлекет мәжбүрлі
түрде шара қолдана алады.

Мораль адамды тәрбиелеп, санасына әсер етеді, жағымсыз әрекеттердің алдын алуға
бағытталады. Мораль туралы ғылым этика деп аталады.
Этика моральдың пайда болу мәселелерін зерттеп, оның нормаларын қолдану механизмі мен


Page 4

4

мәнін түсіндіреді; адамның іс-әрекетін адамгершілік тұрғысынан бағалау өлшемін анықтайды.
Құқық – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық
қатынастарды реттейтін тәртіп нормаларының жиынтығы.
Құқық нормалары – заңда бекітілген мінез-құлық ережелері.
Мораль – жақсылық пен жамандық, әділеттік пен әділетсіздік, адалдық пен арсыздық туралы
адамның түсінігі мен сеніміне негізделген, адамның іс-әрекетін реттеп отыратын қағидалар мен
ұстанымдар жүйесі.
Діни ережелер – дін туралы деректерде қалыптасқан мінез-құлық ережелері.
Құқықтың функциялары – құқық әрекетінің негізгі бағыты; қоғамдық қатынастарды реттеу
үдерісіндегі құқықтың рөлін көрсетеді.

Глоссарий
Норма - жазбаша және ауызша бекітілген, тұрақталған әдет-ғұрып ережелері.
Құқық - қоғамдық қатынастарды реттеуші.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.

Тапсырма 1. Мәтінді оқып келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Құқық дегеніміз не?
2. Құқықтың белгілері қандай?
3. Құқықтық норманың моральдық нормалардан ұқсастығы қандай?
4. Құқықтың басқа әлеуметтік нормалардан қандай айырмашылығы бар?


Тапсырма 2. Мәтінге қажетті сөздерді жазыңыздар.
______________ мемлекетпен бірге, қатар пайда болады, ал _____________мемлекеттен бұрын
пайда болады. Құқық жазылған______________тұрады, ал мораль күрделірек құрылым және
жазылмаған ережелер, талаптардан тұрады. Құқық мемлекеттік мәжбүрлеудің болу
мүмкіндігімен қамтамсыз етіледі. Ал мораль дағды арқылы немесе қоғамдық пікір күшімен
қамтамасыз етіледі.____________ бұзғандар құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше
бұзылған құқық орнына келтіріледі.
Қажетті сөздер Заң Норма Мораль Құқық


Page 5

5


Тапсырма 3. «Нысана» стратегиясы бойынша «құқық» ұғымына сәйкес тірек-сөздер жазып,
кілтті сөздер арқылы анықтамасын беріңіз.
_________________________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________

Тапсырма 4. Венн диаграммасы арқылы мораль мен құқық түсініктердің айырмашылығы
мен ұқсастықтарын анықтаңыз.

Құқық ұқсастықтары Мораль






Тапсырма 5. Синквейн әдісін қолданып, «құқық» терминіне қатысты бес жол өлең
құрастырыңыз.
1-жол. Зат есім ________________________________________________________________
2-жол. Сын есім ________________________________________________________________
3-жол. Етістік _________________________________________________________________
4-жол. Сөйлем ________________________________________________________________
5-жол. Синоним сөз жазыңыз ____________________________________________________

Бөлімі Тақырыбы Оқу мақсаты
9.1B Адам және
азаматтың құқықтары
мен бостандықтары
• Қазақстан
Республикасында адам мен
азаматтың қандай құқықтары мен
міндеттері бар?
• Неліктен Қазақстан өзін
демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік
9.2.1.2ҚР Конституциясын талдау
арқылы адамның және азаматтың
конституциялық құқықтары,
бостандықтары мен міндеттерін
анықтау
9.2.1.1 Конституциялық құрылыс
негіздерін түсіндіру


Page 6

6

мемлекет ретінде жариялайды?
Кілтті сөздер Жазылымға қажетті тіркестер Дағдылар/Бағалау критерийлері
• конституция
• конституциялық
құқық
• азамат, адам
• азаматтық
• құқықтар мен
бостандықтар
• конституциялық
міндеттері
• зайырлы, әлеуметтік,
құқықтық мемлекет
Конституция дегеніміз...
ҚР Конституциясының
қабылдауына келесі жағдайлар
әсер етті...
Конституция... кепілдік береді
Адам мен азаматтың
құқықтарына/бостандықтарына/
міндеттеріне жататыны: ...
Адам және азаматтың негізгі
құқықтары келесі баптарға
сүйенеді...
Адам мен азаматтар міндетті: ...
Білу және түсіну: адам мен
азаматтың құқықтары мен
міндеттерін түсіндіреді.
Қолдану: Адам және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын
түсіндіруде конституция, зайырлы,
әлеуметтік, құқықтық мемлекет
ұғымдарын қоладанады.
Талдау: Конституция баптарын
қолдана отырып, адам және
азаматтың конституциялық
құқықтарын, бостандықтарын,
міндеттерін тадайды.


Оқуға арналған деректермен мәтіндер

Қазақстан
Республикасының
Конституциясы
1995 жылы 30 тамызда
республикалық
референдумда
қабылданды.
Өзгерістер мен
толықтырулар 1998
жылғы 7 қазанда, 2007
жылғы 21 мамырда,
2011 жылғы 2 ақпанда
енгізілді,
2017 жылғы 10 наурыз,
2019 жылғы 23 наурыз,
2022 жылғы 8 маусым,
2022 жылғы 17
Қыркүйек.
https://adilet.zan.kz/rus/d
ocs/K950001000_
I бөлім ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат
қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен
бостандықтары.
II бөлім АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ
10-бап
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады
және тоқтатылады, ол қандай негiзде алынғанына қарамастан,
бiрыңғай және тең болып табылады.
11-бап
1. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе,
Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге
болмайды.
12-бап
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам
құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк
берiледi.
13-бап
2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы
қорғалуына құқығы бар.
14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең.
2. Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына,
жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына,


Page 7

7

тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар
бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.
Тапсырма 1. Мәтінді оқып келесі сөйлемдерді жалғастырыныз:

Адам құқығы ұғымы
«Адам» ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына
сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. «Жеке адам» ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда
сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі
керек. «Азамат» ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір
мемлекетпен тұрақты құқықтық байланысын қарастырады.
Адам құқығы – адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заңмен қорғалатын
демократиялық құндылық.
Адам құқығын жүзеге асырудағы негізгі қағидалар
• адам құқығы ажырамайтын әрі әмбебап (жан-жақты) құқық
• адам құқықтары мен бостандықтары адамның ар-ожданын қорғауға қызмет етеді
• адам құқығы оның өз міндеттерін орындауына тәуелсіз
• ең жоғары әлеуметтік құндылық болып танылады.
Адамның өмір сүруі мен лайықты өмір сүру құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуі
ғана жеткілікті.
Мемлекеттің міндеті – адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің
азаматтарын жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтармен
қамтамасыз етуге міндетті. Құқықтық мемлекеттің бірден-бір негізгі ерекшелігі – заң өмірге
еніп, қабылданғаннан кейін бұлжытпай орындалуы керек. Бұл, әсіресе, мемлекеттік қызметтегі
лауызымды азаматтардың қоғам алдындағы парызы десек те болады.

Адам мен азаматтың құқықтарына/бостандықтарына/ міндеттеріне жататыны
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________

Адам және азаматтың негізгі құқықтары келесі баптарға сүйенеді
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________

Адам мен азаматтар міндетті
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Тапсырма 2. Адам құқықтары мен бостандықтарын және міндеттерін топтастырып,
цифрлермен кестеге жүктеп жаз.
1.Өмір сүру;
2. Табиғатты қорғау және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану;
3. Референдумдарға қатысу;
4. Қызмет пен кәсіп түрін таңдау еркіндігі;
5. Жеке басының қауіпсіздігі;
6. Мемлекеттік және жергілікті органдарын саулау және сайлану;
7. Шығармашылық еркіндігі;
8. Жеке меншік иесі болу құқығы;
9. Денсаулығын сақтау;


Page 8

8

10. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалу;
11. Концерттерге бару;
12. Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын орындауға, сақтауға міндетті








Тапсырма 3. Жүптасып жұмыс істей отырып, әр сөзге тиісті анықтамасын табыңыз

1. референдум a) ешбір дің ерекше мәртебе иеленбейтін және барлық дің
теңістірілген мнмлекет
2. заң b) жалпыұлттық маңызға ие мәселе бойынша елдегі жалпы
халықтық дауыс беру
3. құқықтық
мемлекет
c) кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру
деңгейін көтеруге бағытталған
4. зайырлы
мемлекет
d) бірдей құқық пен мәртебеге ие болу
5. әлеуметтік
мемлекет
e) халықтың тікелей немесе сайланған өкілдері арқылы
6. демократия f) конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық
жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.

1- 2- 3- 4- 5- 6-

Тапсырма 4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздерін
аңықтайтын кестені толтырыныз.

Атауы Мазмұны мен мысал
ҚР -құқықтық мемлекет

ҚР – демократиялық
мемлекет


ҚР – әлеуметтік мемлекет

ҚР – зайырлы мемлекет



Табиғи
құқықтары мен
бостандықтар
Экономикал
ық
құқықтар
Саяси
құқықтар
Әлеуметтік
құқықтар
Мәдени
құқықтар
Міндеттері



Бөлімі Тақырыбы Оқу мақсаты
9.1C Азаматтық құқық
түсінігі
• Азаматтық құқық қандай
қоғамдық қатынастарды реттейді?
9.3.1.1 Азаматтық құқық
ұғымы мен қағидаларын
түсіндіру
Кілт сөздер Жазылымға қажетті тіркестер Дағдылар/Бағалау
критерийлері
• азаматтық құқық
• құқық қабілеттілік
Азаматтық құқық келесі қағидаларға
сүйенеді...
Білу және түсіну :
Азаматтық құқық ұғымы


Page 9

9

• әрекет қабілеттілік
• меншік
• тараптардың
теңдігі
• шарт еркіндігі
• меншікке қол
сұқпаушылық
• біреудің жеке ісіне
келісімсіз араласпау
Азаматтық құқықтың пәні...
Азаматтық құқық... қатынастарды
реттейді
Азаматтық құқықтың қайнар көзі...
мен қағидаларын
түсіндіреді.
Қолдану: Азаматтық
құқық қағидаларын
түсіндіруде нақты
мысалдар келтіреді.



Оқуға арналған деректермен мәтіндер
Қазақстан
Республикасының
Азаматтық кодексi
Қазақстан
Республикасының Кодексі
1994 жылғы 27
желтоқсандағы № 268-ХIII.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
K940001000_
1-бап. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастар
1. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және
қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк
қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты
мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi.
12-бап. Жеке тұлға ұғымы
Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа
мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар
жеке тұлғалар болып ұғынылады. Егер осы Кодексте басқаша
белгiленбесе, бұл тараудың ережелерi барлық жеке тұлғаларға
қолданылады.
13-бап. Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгi
1. Азаматтық құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi
(азаматтық құқық қабiлеттiлiгi) барлық азаматтарға бiрдей деп
танылады.
2. Азаматтың құқық қабiлеттiлiгi ол туған кезден басталып
қайтыс болған соң тоқтатылады.
17-бап. Азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi
1. Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие
болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер
жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет
қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан
кейiн толық көлемiнде пайда болады
33-бап. Заңды тұлға ұғымы
1.Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару
құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз
мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және
мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды
жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын
ұйым заңды тұлға деп танылады.
35-бап. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi
1. Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметiне
байланысты мiндеттердi осы Кодекске сәйкес мойнына алуы
мүмкiн. Мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, коммерциялық
ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы және заң актiлерiнде
немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген
қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi
атқаруы мүмкiн.
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.
Тапсырма 1. Құқық және әрекет қабілеттілігіне қатысты жас ерекшелігіне байланысты іс
әрекетін сәйкестендіріңіз.


Page 10

10

0 – 3 Есім иеленуге құқығы бар
3-6 Балабақшаға баруға құқығы бар
6 жастан бастап Мектепке баруға құқығы бар
10 жасынан
бастап
Заңды тұрғыда шешім қабылдау құқығы (ажырасу барысында кіммен қалуын
таңдау жасайды, баланың пікірі, егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы
келмейтін болса, ескеруге міндетті)
14-18 Өз табысы, стипендиясы, басқа кірістеріне иелік ету құқығы
18 Толық әрекетқабілеттілікке ие
25 Судья болуға құқығы бар
40 Президенттіке сайлануға құқығы бар

Тапсырма 2. Жағдаятты талда.
С. есімді азамат үйінің маңындағы орындықтан біреудің ұмыт қалдырған қолшатырын тауып
алды. Қолшатырдың иесі белгісіз еді және оның кім екендігін анықтау да мүмкін болмады. С.
тапқан мүлкі туралы полицияға хабар берді. Қолшатыр өзінде қалды. Оқиғадан он ай өткеннен
кейін С.-ға Т. есімді азамат келіп, қолшатырдың оныкі екендігін айтып, қолшатырды қайтаруды
сұрады. Қолшатырдың өзінікі екендігін оның белгілерін айту арқылы дәлелдеді.
С. есімді азамат қолшатырды қайтарып беруге міндетті ме?
Бұл жағдай қалай шешілуі тиіс?
Жауабы:


Тапсырма 3. Жағдаятты талда.
12 жасар Еркебұланға атасы велосипед сыйлады. Еркебұланға тез арада коньки қажет болып, ол
велосипедін 16 жастағы көршісіне сатып жібереді де, ақшасына коньки алады. Еркебұланның
әкесі бұл жағдайды біліп, ұлының әрекетін атасына құрметсіздік ретінде таниды және сатып
алушыдан ақшасын қайтарып, велосипедті қайта алмақ болды. Алайда, велосипедті алған
көршісі ақшаны қайта алудан және велосипедті қайтарудан бас тартады. Өзінің бұл әрекетін ол
велосипедке лайықты бағасын бергенімен, велосипедтің әкесіне емес, Еркебұланға тиесілі
екендігімен және Еркебұлан өз мүлкіне өзі билік ете алатындығымен түсіндірді.
Еркебұлан көршісінің әрекеті дұрыс па?
Бұл жағдай қалай шешілуі тиіс?
Жауабы:


Page 11

11



Бөлімі Тақырыбы Оқу мақсаты
9.1D Еңбек құқығы
түсінігі
• ҚР Конституциясының 24-шы
бабы нені көздейді?
9.4.1.1 Еңбек құқығы
ұғымын түсіндіру
Кілт сөздер Жазылымға қажетті тіркестер Дағдылар/Бағалау
критерийлері
 еңбек
 еңбек кодексі
 еңбек құқығы
 еңбек
 жалақы
 жұмыссыздық

ҚР Конституциясының 24 бабына
сәйкес...
Әркiмнiң еңбек ету бостандығына,
... құқығы бар, өйткені...
Еңбек ету маңызды, өйткені...
Еңбек құқығы
Білу және түсіну: Еңбек
құқығы ұғымын
түсіндіреді.
Қолдану: Конституция
бойынша еңбек құқығына
қатысты мысалдар
келтіреді.
Оқуға арналған деректермен мәтіндер
Қазақстан Республикасының
Еңбек Кодексі
Қазақстан Республикасының
Кодексі 2015 жылғы 23
қарашадағы № 414-V ҚРЗ.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K15
00000414

Қазақстан Республикасының Конституциясы
24-бап
1.Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн
еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi
бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана
жол берiледi.
2.Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету
жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына,
сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.
3.Ереуiл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгiленген
тәсiлдердi қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын
шешу құқығы мойындалады.
4.Әркiмнiң тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс
iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының
ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы
ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар
Еңбек - адамдардың өмiрi үшiн қажеттi материалдық, рухани
және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметi


Page 12

12




Еңбек құқығы – қызметкер мен оның жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарын
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Еңбек құқығының тәртібіне жататын негізгі элементтер:
еңбек қатынастары (басталуы немесе тоқтатылуы);
жұмыс жағдайы;
еңбекті қорғау;
біліктілігін арттыру, кәсіби қайта даярлау;
еңбек дауларын шешу және т.б.
Кәсіподақ – еңбек құқықтарын қорғау және олардың мүдделерін білдіру мақсатында
бір саланың немесе кәсіпорынның қызметкерлерін біріктіретін коммерциялық емес
қоғамдық ұйым.



Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.

Тапсырма 1.
Арманның анасы радиодан зауытта слесарь бос жұмыс орны тұрғанын естіді. Ол ұлын
жұмысқа шақырды, ол солай істеді. Осы жағдайда кім жұмыс беруші болып табылады?
Дұрыс нұсқаны белгілеңіз.
1. Зауыт
2. Радио
3. Арман
4. Арманнын анасы

Тапсырма 2. Сөйлемдегі бос орынды түсіп қалған термин сөзбен толықтырыңыз.
____________ жұмыс берушімен еңбек қатынастарына түскен және ақы төлеу бойынша
ұсынылған жұмысты адал орындауға және еңбек тәртібін сақтауға міндеттенетін жеке тұлға.
Тапсырма 3. Екі жағдайды талдаңыз: бірі еңбек қатынастарын, екіншісі қызмет көрсету
түріндегі азаматтық-құқықтық қатынастарды бейнелейді. Қандай жағдай еңбек
қатынастарын сипаттайды?
1.Борис ірі мұнай компаниясында мұнайшы болып жұмыс істейді. Вахталық әдіспен жұмыс
істейді: 1 ай демалады, 1 ай жұмыс істейді.
2. Женя үйде тапсырыс бойынша торт пісіреді.
Тапсырма 4. Тек еңбек қатынастарының айрықша белгілері болып табылады (барлық
мүмкін жауаптарды таңдаңыз):
A. қызметкер тек жеке тұлға бола алады
B. себебін көрсетпестен шартты бұзуға болады
C. бұл қатынастар заңмен реттеледі
D. бір реттік құқықтық қатынастар
E. еңбек шарты жазбаша түрде жасалады

Еңбек құқығының қайнар
көздері
ҚР Конституциясы ҚР Еңбек Кодексі


Page 13

13


Тапсырма 5.
«Еңбек: құқық па, әлде міндет пе?» екі тұжырымның біреуін дәлелдеңіз.


Бөлімі Тақырыбы Оқу мақсаты
9.1E Неке және отбасы
құқығы түсінігі
• Заңнамада отбасы қалай
қорғалған?
9.5.1.1 Неке және отбасы
ұғымдарын түсіндіру
Кілт сөздер Жазылымға қажетті тіркестер Дағдылар/Бағалау
критерийлері
• отбасы
• неке
• отбасы мүшелері
• ерлі-зайыптылар
• отбасы құқығы
• толық отбасы
• толық емес отбасы
• кеңейтілген отбасы

Отбасы дегеніміз...
Неке дегеніміз...
Некені қиюдың негізгі шарттары...
Отбасының қоғамдағы маңызы...
Қазақстан Республикасында
мемлекеттік органдарда ғана қиылған
неке заңды деп есептеледі, себебі...

Білу және түсіну:
Отбасы, неке, неке жасы,
неке қию, отбасы құқығы
ұғымдарын түсіндіреді.
Қолдану: Неке түрлерін
ажыратады.


Оқуға арналған деректермен мәтіндер

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
неке (ерлі-зайыптылық) жасы – осы Кодексте белгіленген, адамның
некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) құқығына жеткендегі жасы;
отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан,
жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге
алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы
қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған
мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге
байланысты адамдар тобы;
2-бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының
негіздері
1. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы, ана, әке және бала
мемлекеттің қорғауында болады.


Page 14

14

Неке (ерлі-зайыптылық)
және отбасы туралы
Қазақстан
Республикасының 2011
жылғы 26 желтоқсандағы
№ 518-ІV Кодексі.
https://adilet.zan.kz/kaz/doc
s/K1100000518

2. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы:
1) еркек пен әйелдің некелік (ерлі-зайыптылық) одағының
еріктілігі;
2) отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;
3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол
берілмеушілік;
4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім арқылы шешу;
5) балалардың отбасында тәрбиелену басымдығы, олардың өсіп-
жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық;
6) отбасының кәмелетке толмаған, қарт және еңбекке қабілетсіз
мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау;
7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге
асыруын қамтамасыз ету, осы құқықтарды сот арқылы қорғау
мүмкіндіктері;
Отбасы және қоғам
Отбасы қоғамда өмірдің қуңдылықтарының бірі және өмір сурудің шарты ретінде қабылданады.
Оның үстіне қоғамдық өмірдің тұрақтылығы немесе тұрақсыздығы, ұлт деңсаулығы тікелей
отбасының жағдайына байланысты.Отбасы өмірлік құңдылық ретінде адамға: мәдениет
құңдылықтарына араласу мүмліндіктерін; алғашқы әлеуметтік рқөлді игерумүмкіндерін;
қоғамға өзін-өзі ұстау тәжірибесін; әлеуметтік қорғау мен болашаққа сенімділікті; адамға
күнделікті өмірге қажетті дағдыларды меңгеру мүмкіндіктерін береді.
Отбасының атқаратын қызметі

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.

Тапсырма 1. Үш-төрт адамнан топ құрып, оббасының атқаратын қызметтерін атап
жазыныздар.
І топ
Отбасы адамға
не береді?
ІІ топ
Отбасы мүшелерін не
біріктіреді?
ІІІ топ
Отбасы мемлекет
пен қоғамға не береді?
IV
Отбасы мүшелерін
атаңыз


ерлі-зайыптылар
неке
ұрпақты
жалғасытру



өгей әке-шеше
жылулық


құңдылықтар:
шыдамдылық, құрмет, махаббат,
жауапкершілік, сенім, борыш
түрлері:
нуклеардық, полигамия, моногамия,
кенейтілген
атқаратың қызметі:
жеке, әлеуметтік, экономикалық
мұрагерлік:
майорат, минорат, өсиет
Отбасы


Page 15

15

Отан қорғаушы


Тапсырма 2. Сіздің қоғамыңыз туралы графиктік ақпарат
Нұсқау:
1. 1. Көрші тұратын 10 отбасының тізімін жасаңыз.
2. 2. Отбасыларды түрлеріне қарай бөліңіз: кеңейтілген отбасы, толық емес отбасы (жалғыз басты
ана немесе жалғыз басты әке) және т.б. (ол үшін сіз отбасыларды аралап сұрақ қояр алдында,
міндетті түрде келу мақсатыңызды түсіндіріңіз).
Келесідей сұрақтар қойыңыз: Үйде кімдер тұрады? Қанша бала? Олармен бірге әжесі мен
атасы тұрады ма?
3. 3. Ақпаратты жинағанан кейін оны басқа екі оқушының ақпаратымен біріктіреді.
4. 4. Әр-бір отбасы түрлерін пайыздық үлеспен есептеңіз.
5. 5. Өзініздің тұрғылықты жеріңіздегі адамдардын соңғы 10 жылда отбасы құрылымы неліктен
өзгергені туралы пікір сұраныз.
Алған мәліметтерді кесте түрінде толтыраныздар.
Отбасы

Әкесі де, анасы да
бар ма?
Қанша бала бар? Олармен бірге
тағы кімдер
тұрады?
Отбасы түрі








Бөлімі Тақырыбы Оқу мақсаты
9.1F Әкімшілік құқық
түсінігі
• Әкімшілік құқық қандай
қоғамдық қатынастарды
реттейді?
9.6.1.1 Әкімшілік құқық ұғымын
түсіндіру
Кілт сөздер Жазылымға қажетті
тіркестер
Дағдылар/Бағалау критерийлері
• әкiмшiлiк құқық
• әкімшілік құқық
бұзушылық
• әкімшілік құқықтық
нормалар
• әкімшілік құқық
субъектілері
• билік
Әкiмшiлiк құқық дегеніміз –
(...)
Бұл (...) табылды
Бұл (...) реттеледі
Әкімшілік құқығын білу
маңызды, себебі (...)
Әкімшілік құқық
субъектілеріне мыналар
жатады (...)
Білу және түсіну: Әкімшілік
құқық ұғымын түсіндіреді.
Қолдану: Әкімшілік құқық
қоғамдық қатынастарды реттеу
ерекшеліктерін түсіндіруде
әкімшілік құқық бұзушылық ,
әкімшілік құқық субъектілері
ұғымдарын қолданады.

Оқуға арналған деректермен мәтіндер
Әкімшілік құқық бұзушылық
1-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама
1-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық
туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық
туралы заңнамасы осы Кодекстен тұрады.
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына,
халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен
нормаларына негiзделедi.
25-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық
Осы Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке
тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда
жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа
қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп


Page 16

16

туралы Қазақстан
Республикасының Кодексі
2014 жылғы 5 шілдедегі №
235-V ҚРЗ.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
K1400000235

танылады.
26-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау
Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға өзiнiң
әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның
зиянды салдарын алдын ала бiлсе және осы салдардың туындауын
қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайлы
қараса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық қасақана жасалды деп
танылады.
Әкімшілік құқық – заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, олардың
жергілікті өзін-өзі басқару және атқарушы билік органдарымен қарым-қатынастарын реттеуге
арналған сала.
Әкімшілік құқықтық қатынастар – бұл әкімшілік құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық
қатынастар.
Әкімшілік құқықтың субъектілері:
• азаматтар;
• мемлекеттік органдар;
• мемлекеттік қызметкерлер;
• жергілікті мемлекеттік органдар;
• әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар.
Әкімшілік құқықтың объектілері:
• адамдардың (соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің) әрекеттері мен мінез-құлқы;
• мемлекеттік және қоғамдық меншік;
• азаматтар мен атқарушы билік арасындағы қарым-қатынастар;
• рухани мәдениет, ғылым және білім субъектілері.
Әкімшілік құқықтың ерекшеліктері:
• әкімшілік құқық нормалары императивті (міндетті) сипатта болады;
• әкімшілік құқықтық нормаларды бұзған жағдайда тұлға мемлекет алдында ғана жауапты
болады;
• мемлекеттік қызметтің барлық түрлерін (әскери, полиция) реттейді.
Әкімшілік құқықтық қатынастардың ерекшеліктері:
• мемлекеттік органның қатысуы;
• құқықтық теңдікті жоққа шығару.
Назар аударыңыз!
Жалпы ереже бойынша, әкімшілік жауапкершілік 16 жастан басталады. Егер әкімшілік құқық
бұзушылықты 16 жасқа толмаған адам жасаса, ол үшін ата-анасы жауапты болады.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.
Тапсырма 1. Тізімнен дұрыс мәлімдемені таңдаңыз.
1. Жүргізуші куәлігінен айыру құқықтан айыру сияқты жаза түріне жатады
2. Әкімшілік құқық бұзушылық әрқашан кінәлі әрекет бола бермейді
3. Әкімшілік құқық жеке мүліктік қатынастарды реттейді
4. Қылмыстың заты тәркіленуі мүмкін

Тапсырма 2. Берілген хабарландырулардың қандай байланысы бар?
Әкімшілік құқық қандай қоғамдық қатынастар саласын реттейді деп ойлайсың?
«Президент әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды»
«Қалталарыңыздағы қымбат заттарға әкімшілік жауап бермейді»
«Қоғамдық көліктің 18 жүргізушісі мен 1 такси жүргізушісі жолда жүру ережелерін бұзғаны
үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды»

Тапсырма 3. Сөйлемдерді жалғастырыныз.


Page 17

17

Әкiмшiлiк құқық дегеніміз –
____________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
Бұл ______________________________________________________________________ табылды.
Бұл ____________________________________________________________________ реттеледі.
Әкімшілік құқығын білу маңызды, себебі
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
Әкімшілік құқық субъектілеріне мыналар жатады
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Тапсырма 4. Берілген әр құқықтық қатынасқа мысал келтірініздер

Әкімшілік құқықпен реттелетін құқықтық қатынастар

құқықтық қатынастар түрі мысалдар
Басқарушылық құқықтық
қатынастар




Ұыймдастырушылық құқықтық
қатынастар




Бақылаушылық құқықтық
қатынастар







Бөлімі Тақырыбы Оқу мақсаты
9.1G Қылмыстық құқық
түсінігі

• Қылмыстық құқықтың басқа
құқық салаларынан ерекшелігі
неде?
9.7.1.1 Қылмыстық құқық ұғымын
түсіндіру
Кілт сөздер Жазылымға қажетті
тіркестер
Дағдылар/Бағалау критерийлері
• қылмыстық құқық
• қылмыс
• қылмыстың
белгілері


Қылмыстың орын алуы келесі
белгілер бойынша анықталады
...
Қылмыстық құқықтың басқа
құқық салаларынан
айырмашылығы...
Қылмыстық құқықтың
міндеттері ...
Әкімшілік құқық пен
Білу және түсіну: Қылмыстық
құқық ұғымын түсіндіреді.
Қолдану: қылмыстың
белгілерін басқа құқық
салаларынан ажыратады.
Талдау: Қылмыс жасау
әрекеттерін талдайды.


Page 18

18

қылмыстық құқықтың
айырмашылығы

Оқуға арналған деректермен мәтіндер


Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексi
Қазақстан Республикасының
Кодексі 2014 жылғы 3
шiлдедегі № 226-V ҚРЗ.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K14
00000226
ҚР Қылмыстық кодекс
Жалпы бөлім Ерекше бөлім
Барлық қылмыс түрлеріне
қатысты ережелерді құрайды
Жеке қылмыстарды
сипаттаудан тұрады
Қылмыстық-құқықтық қатынастар – бұл қылмыс жасауға және
ол үшін заңды жауапкершілікке байланысты туындайтын қоғамдық
қатынастардың бір түрі.
Назар аударыңыз!
Қылмыстық жауапкершілікке тек жеке тұлғалар ғана тартылады.
Оған заңды тұлға қатыса алмайды.

Қылмыс
Қоғамға қауіпті әрекет (іс әрекет немесе әрекетсіздік)
ҚР ҚК, 9-бап
Қылмыстың белгілері
Әрекеттің
қоғамға
қауіптілігі
Заңға
қайшылығы
Кінәлілігі Жазаланатындығы

Сондай-ақ қылмыстық құқық қылмыстардың алдын алуға арналған
– бұл оның алдын алу функциясы. Бұл заңдылық пен заңды
құрметтеуге тәрбиелеу арқылы жүзеге асады – бұл тәрбиелік
функцияны білдіреді.
Қылмыс құрамының түсінігі
Қылмыстың
объекітісі
Қылмыстың
объективтік
жағы
Қылмыстың
субъектісі
Қылмыстың
субъективтік
жағы


Қылмыстық құқық
Мемлекет пен қылмыс
жасаушы тұлғаның арасындағы
қатынастарды реттейді
Міндеттері:
-мүдделерді қорғау;
- қоғамдық қатынастарды
реттеу
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.

Тапсырма 1. Келесі сөйлемдерді жалғастырыныз:
Қылмыстың орын алуы келесі белгілер бойынша анықталады

___________________________________________________________________________________
Қылмыстық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
Қылмыстық құқықтың міндеттері


Page 19

19

___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
_
Әкімшілік құқық пен қылмыстық құқықтың айырмашылығы/ұқсастығы
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________

Тапсырма 2. Қылмыс па? Қылық па? Кикілжің ба?
Мына жағдаяттарды қайсысына жататындығын * белгіленіз:

жағдаяттар Қылмыс Қылық Кикілжің
1. Марат пен Санат үзіліс кезінде төбелесіп қалды.
Екеуіде бір – бірінің бет ауыздарына оңдырмай таңба
салды. Санат Мараттың көйлегін жыртып тастады

2. 20 жастағы ағайынды Саша мен Никита 9 сынып
оқушысы Аняны есірткіге үйретті

3. Әуесқан сыныптас жолдасының 900 теңгесін ұрлап
алды

4. Индира өзіне жаңа Джинсы әпермегені үшін әке –
шешесіне ренжіп ешкімге айтпастан құрбысының үйіне
кетіп қалды

5. Рокерлер алаңға түнгі сағат 12 де жиналадыда топ
болып көше кезеді

6. Жабаев Иманбай 2 ай бойы сабаққа бармай жүр, Ол
биологиядан беретін мұғалімді жақтырмайды, бірақ
ата-анасы оны басқа ауыстырудан бас тартты

7. Жекпе – жек үстінде боксшінің біреуі қарсыласының
жағын сындырды

8. 9 сынып оқушысы Марат Ізімов өз сыныбындағы және
төменгі сыныптардағы балаларды қорқытып ақша
жинаған

9. Аңға шыққан кезінде Омаров Қадіржан байқаусызда
досының қолын атып алды

10. 6 Б сыныбында 3 баланың ата – анасы мектеп
жиналысына келмеудіәдетке айналдырған. Себебі
үшеуініңде баласының үлгерімі нашар.Олар өз
балалары жөнінде жағымсыз хабар естігіс келмейді

11. Иманжанов Бауыржан ылғи әскери комиссариаттан
шақыру қағаз алады , бірақ оған барып жатқан ол
жоқ,шақыру қағаздарын жыртып тастайды Ол әскерге
барудан қатты үрейленеді

12. Аида ағасы автобуста жымқырып кеткен 100 долларды
үйдің бір жеріне тығып тастады. Бұл жөнінде ата-
анасына тіс жарған жоқ

13. Абай отбасының жоғалып кеткен итін белгісіз бір жігіт
тауып алды. Ит иелері газетке хабарландыру берді.Ит
қартайған ауру болсада Абайдың үй іші оған әбден
бауыр басып қалған , Ал әлгі жігіт телефон арқылы
сыйақы ретінде 30 мың теңге сұрайды. Бұндай ақша


Page 20

20

Абайда жоқ.
14. Мұрат «Альянс» дүкенінен бейне камера сатып
алды.Камера түрлі – түсті етіп түсірмейді. Кепіл
берілетін мерзімі өтпесе де дүкен қызметкерлері
камераны айырбастаудан бас тартты . Олардың
пайымдауынша камераны қалағандай етіп жөндеуге
болады, Ал Мұратттың ата- анасы болса қалайда
айырбастауды талап етіп отыр

15. Дене шынықтыру сабағында мұғалім балалардың
белтемірге тартылуын талап етеді, егер бала 7 рет
тартыла алмаса мұғалімнің айтатыны «шикі өкпе,
жалқау»

16. Техника қауіпсіздігі жөніндегі инжинер жұмысқа 3 рет
мас болып келді

17. Асанбаев 14 ай бойы қызына алимент төлемей келеді.
Ол кездейсоқ , уақытша жұмыстарда жүр


Тапсырма 3. Берілген жағдаятты талда

Цирк қызметкері Досеков достарымен отырыс үстінде өзінің мас күйіне қарамай, көзін байлап
Тұяқовқа бірнеше пышақ лақтырмақшы болады. Қарсылық көрсеткен Тұяқовты «Күнде істеп
жүрген жұмысым емес пе, тигізбеймін», - деп сендіреді. Осылайша «өнер» көрсету үстінде бір
пышақ Тұяқовтың өмірлік маңызды дене мүшесінің біріне тиіп, ауыр жарақат алады.
1. Досековтың іс әрекеті қылмыс болып табылады ма?
2. Қылмыс екенін қалай дәлелдей аласыз?














Page 21

21





ІІ тоқсан бойынша тапсырмалар

Бөлімі Тақырыбы Оқу мақсаты
Мемлекеттік органдардың
конституциялық құрылысы
Мемлекеттік органдардың
қызметі қандай?
Конституция негізінде
мемлекеттік органдардың
қызметтерін анықтап, салыстыру
Кілт сөздер Жазылымға қажетті
тіркестер
Дағдылар/Бағалау критерийлері
Президент, Парламент,
Үкімет, Конституциялық
Кеңес, Сот, Жергілікті
атқарушы органдар

Мемлекеттік билік мына
тармақтарға бөлінеді:(...)
Мемлекеттік билік үш тармаққа
бөлінеді, себебі (...)
Заң шығарушы билікке мына
органдар жатады:(...)
Мына органдар сот жүйесіне
жатады:(...)
Атқарушы билікке мына
органдар жатады:(...)
Білу және түсіну: мемлекеттік
органдар/лауазымдардың қызметін
біледі;
Президент, Парламент, Үкімет
ұғымдарын сипаттайды.
Талдау: Пропорционалды және
мажоритарлы сайлау жүйесін
салыстырады, және
айырмашылығын талдайды.
Оқуға арналған деректермен мәтіндер

Қазақстан
Республикасының
Конституциясы
Конституция 1995
жылы 30 тамызда
республикалық
референдумда
қабылданды.
https://adilet.zan.kz/rus/
docs/K950001000_
III бөлім. ПРЕЗИДЕНТ
40-бап
1. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы,
мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын
айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның
атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттік билік
бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат
құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
41-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға
сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде
Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру
арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды.
2. Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан
Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған,
мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы
тұратын және жоғары білімі бар Республика азаматы сайлана алады.
Конституциялық заңда Республика Президенттігіне кандидаттарға
қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
44-бап Қазақстан Республикасының Президенті:
1) Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және
сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау
арнайды;
2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және
кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын
шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін
антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады;


Page 22

22

Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды
халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын
қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.
Тапсырма 1. Қажетті ақпаратты жаз.

Термин Анықтамасы Кім бола алады? Қызметтері
Президент 1.
2.
2.
4.
5.


Тапсырма 2. Сызбаны толтыр.

І. ҚР Президенті (40, 41, 44 бап)
ІІ. Парламент (49, 51, 53, 54 бап)
ІІІ. ҚР Үкіметі (64, 65, 66 бап )
ІV. Конституциялық Кеңес (71, 72 бап)
V. Сот билігі (75, 83 бап)
VІ. Жергілікті атқарушы органдар (85,86 бап













Мемлекеттік
билік
Парламент Үкімет Сот
Президент

Қызметтерін
жаз
Анықтама
жаз
Кім бола
алады?


Page 23

23





Тапсырма 3. Кестені критерийлерге сәйкес толтырыңыз.

Атаулар Анықтамасы Қызметтері
Парламент





Үкімет





Конституциялық
Кеңес






Сот билігі





Жергілікті
атқарушы
органдар






Тапсырма 4. Сөйлемді толықтырыңыз.
Қазақстан Республикасының ____________ Қазақстан халқына жыл сайын ________ арнайды;
Парламент ____________ ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды. Қазақстан Республикасының
Парламенті – Қазақстан Республикасындағы ____________жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті
орган. Палаталардың бірлескен отырысында ____________ : соғыс және бітім мәселелерін шешеді,
республикалық ____________бекітеді.
____________ – атқарушы биліктің жоғары органы. Парламентке республикалық бюджетті және
оның атқарылуы туралы ____________ ұсынады. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек
____________ қана жүзеге асырады. ____________ сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және
____________мен заңға ғана бағынады.

1.
бюджетті
2.
Парламент
3.
заң шығару
4.
Үкімет
5.
сот
6.
Конституция
7.
Судья
8.
Парламентке
9.
Жолдау

10.
Президенті
11.
есепті
12.
Сенаты


Page 24

24

Тапсырма 5. Кестедегі қөрсетілген лауазымдарды қызметімен сәкестіндіріңіз.

№ Міндеттер Президент Атқарушы
билік
Заң
шығарушы
билік
Сот билігі
1 Адамдардың мемлекет
заңдарын бұзған/ бұзбағанын
анықтайды

2 Парламент қабылдаған заңдарға
қол қояды

3 Бюджеттің атқарылуын
қамтамасыз етеді

4 Соғыс және бітім мәселелерін
шешеді

5 Республикалық бюджетті
бекітеді


Тапсырма 5. Кестені толықтырыңыз.
Қазіргі мемлекеттік билікті басқарып жүрген басшыларды білесіз бе?

Қазақстан
Республикикасы
ның Президенті
Парламе
нт
сенатын
ың
төрағасы
Парламе
нт
мәжілісі
нің
төрағасы
ҚР
Премьер
-
министрі

Конституци
ялық
Кеңестің
төрағасы
ҚР
Жоғары
сот
төрағасы
Жергілікт
і қаланың
әкімі
/қала
атауы/





Тапсырма 6. ҚР Конституциясын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметі
туралы шығармашылық өнім құрастырыңыз.
А. Органайзер құрастыру
В. Инфографика жасау
С. Ментальді карта құрастыру
Д. Еркін таңдау




Бөлімі Тақырыбы Оқу мақсаты
Мемлекеттік органдардың
конституциялық құрылысы
Мемлекеттік органдардың
құрылуында сайлаудың
маңызы мен рөлі қандай?
Мемлекеттік органдардың
құрылуында сайлаудың маңызы
мен рөлін талдау
Кілт сөздер Жазылымға қажетті
тіркестер
Дағдылар/Бағалау
критерийлері
 сайлау
 сайлау құқығы
 сайлау жүйесі
 референдум
 прапорционалды және
мажоритарлы сайлау
Пропарционалды және
мажориталы сайлау жүйесі
дегеніміз...



Білу және түсіну: сайлау жүйе
түрлерін сипаттайды.
Талдау: Пропорционалды және
мажоритарлы сайлау жүйесін
салыстырады, және
айырмашылығын талдайды.


Page 25

25




Оқуға арналған деректермен мәтіндер

ҚР Конституциясы

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
K950001000_

ҚР Конституциясының 33-бабы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері
арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар
мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге,
сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.
2. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға
сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға
құқығы бар.
3. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі
бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған
азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық
референдумға қатысуға құқығы жоқ.

«ҚР сайлау туралы»
Қазақстан
Республикасының 1995
жылғы 28 қыркүйектегі
Конституциялық заңы.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/
Z950002464_
«ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңы.
3-бап. Сайлау құқығы принциптерi
1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және
мәслихаттарының депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалар,
ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін, өзге де жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей,
тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру
жағдайында өткiзiледi.
2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау
жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында
өткiзiледi.
3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып
табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға
мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де
құқығы жоқ.
4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы
1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он
сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық
және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге
көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге
жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.
2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы
азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты, аудандық
маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы.
3. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ
сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған
азаматтар қатыспайды.


Page 26

26




Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.
Тапсырма 1. Деректерге сүйеніп қестені толықтырыңыз.

33-бап 3-бап
Сайлау құқығы
принциптерi
4-бап
Жалпыға бiрдей сайлау
құқығы
Не
білдім?








Тапсырма 2. ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің тағайындау
ерекшелктерін анықтаныз.

Мемлекеттік
қызметкерлер
Кім бола алады? Қалай сайланады не тағайындалады?
Парламент сенат
депутаты
ҚРК 50-бап 4-тармақ



Параламент мәжіліс
депутаты
ҚРК 50-бап 4-тармақ


Маслихат депутаты ҚРК 86-бап 3-тармақ


Облыс әкімі


Қала әкімі


Аудан әкімі


Ауыл әкімі



Тапсырма 3. Сайлау жүйелерін салыстырып, 2 айырмашылық пен 2 ұқсастығын анықтаңыз.

Мажориталдық сайлау жүйесі Пропорционалдық сайлау жүйесі
Айырмашылық 1.

1.

2.

2.
Ұқсастық 1.


Page 27

27


2.


Тапсырма 4. Терминдердің анықтамасын жазыңыз.

Терминдер Анықтамасы Негізгі кілт сөздер
Сайлау


Референдум






Тапсырма 5. Екі сұрақтың бірін таңдап, өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.

«Сайлауға не үшін баруымыз керек?»
«Сайлау қандай өзгеріске себеп болуы мүмкін?»

Өзіндік зерттеу. Біліп келіңіз.
Сайлау жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек?






Бөлімі Тақырыбы Оқу мақсаты
Меншік құқығы Қалай меншік иесі бола
аламыз?
Меншік түрлерін анықтау;
Меншік құқығына ие болудың
және тоқтатылудың жолдарын,
құқықтық жағдаяттарды талдау
арқылы анықтау.
Кілт сөздер Жазылымға қажетті
тіркестер
Дағдылар/Бағалау
критерийлері
«Меншік», «Меншік құқығы»,
«меншікке ие болу», «меншік
иесі», « иесіз зат»,
«жекеменшік», «заңды тұлға
меншігі» ,«мемлекеттік
меншік», «коммуналдық
меншік», «мұрагерлік»,
«реквизициялау», «тәркілеу»

Меншік құқығы дегеніміз (...)
Мынадай меншік түрлері бар:
(...)
Жеке меншік пен мемлекеттік
меншіктен ерекшеленеді, себебі
(...)
Меншік иесі бола аламын,
себебі (...)
Білу және түсіну: Меншік
құқығына ие болу тәсілдерін
түсіндіреді.
Қолдану: Меншік құқығының
түрлерін анықтайды және әр
қайсысына бір мысал келтіреді.
Талдау: Меншік құқығының
тоқтатылу жолдарын талдайды.







Page 28

28



Оқуға арналған деректермен мәтіндер

ҚР Конституциясы

https://adilet.zan.kz/kaz/docs
/K950001000_


6-бап
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке
меншік танылады және бірдей қорғалады.
2. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам
игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері,
меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері,
оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар
дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан
меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер, сондай-ақ заңда
белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де
болуы мүмкін.



Қазақстан
Республикасының
Азаматтық кодексi
ҚР Кодексі 1994 жылғы 27
желтоқсандағы № 268-
ХIII.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs
/K940001000_
191-бап. Жеке меншiк ұғымы және оның түрлерi
1. Жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды
тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде көрiнедi.
2. Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға
тиесiлi бола алмайтын жекелеген мүлiк түрлерiнен басқа кез келген
мүлiк жеке меншiкте болуы мүмкiн.
Жеке меншiкте болатын мүлiктiң саны мен құны шектелмейдi.
192-бап. Мемлекеттiк меншiк құқығы
1. Мемлекеттiк меншiк республикалық және коммуналдық
меншiк түрiнде көрiнедi.
2. Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң
құжаттарына сәйкес мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға
бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.
Республикалық бюджеттiң қаражаты, мемлекеттiк меншiктiң осы
Кодекстiң 193-бабында аталған объектiлерi және мемлекеттiк заңды
тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де мемлекеттiк мүлiк Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк қазынасын құрайды.
3. Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң
құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп
берiлген мүлiктен тұрады.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.
Тапсырма 1. Құжаттағы негізгі кілт сөздердің астын сыз.
26-бап
1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке
меншігінде ұстай алады.
2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.


Page 29

29

3. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше
жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде
жүргізілуі мүмкін.

Берілген құжат бойынша кестедегі сұрақтарға жауап жазыңыз.
Не білдім?


Не білгім
келеді?



Тапсырма 2. «Меншік түрлері» сызбасын толықтырыңыз.











Тапсырма 3. Кестені толтырыңыз. Меншік құқығын пайдалана отырып, мысалдар келтір.
Меншік


Page 30

30


Сұрақтар Жеке меншік Мемлекеттік меншік


Меншік
атаулары

Меншікті иелену


Меншікті
пайдалану



Меншікке билік
ету



Қорытынды


Меншік
құқығы
мысалы, үй
Иелену-заң бойынша толық иелену
менің үйім, ол менің атымда жазылған, оны толық өзім иелене аламын
Пайдалану-заң бойынша пайдаланып, одан пайда табу
үйімді жалға беріп, табыс таба аламын
Билік ету-заң бойынша мүліктің құқықтық тағдырын анықтау
үйімді балама сыйға тарта аламын


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
09.12.2024
108
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12