"Құқықбұзушылық және Жасөспірім" сыныптан тыс жұмыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Құқықбұзушылық және Жасөспірім" сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезім қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Құқықбұзушылық және Жасөспірім

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезім қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
Түрі: Кездесу, пікірталас
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөз.
Жүру барысы:
І Психологиялық тренинг
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
ІІІ Сенің құқығым – менің құқығым (оқушы құқығы)
ІV «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
V Көкейде жүрген сауал (сұрақ - жауап)
Ойды аяқта (мақал - мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)
VІІ Қорытынды

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар және кеш қонақтары «Құқықбұзушылық және жасөспірім» атты пікірталас сағатымызға қош келдіңіздер!
Пікірталастың негізгі мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

І Психологиялық тренинг
Пікірталасымыз бастамас бұрын бір - бірімізге деген қарым - қатынастарымызды ізгілендіру мақсатында біз мектеп психологымен бірлесіп тренинг дайындаған болатынбыз.
Сіздерге екі ақ парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, қалған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.
2. Ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер. (Бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек).

ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар.
Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз.
Әлеуметтік норма
Құқық
Мораль
Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі
құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды.

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт.
Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. — Әрекет — бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Құқық дегеніміз - мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелігі - оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілер де көрсетілген. Президент – нормативтік жарлықтар, үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар – нормативтік шешімдер қабылдайды.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді.
Адам құқығы
Табиғи құқық
Азаматтық құқық
Экономикалық - әлеуметтік, мәдени
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.

ІІІ Сенің құқығым – менің құқығым. Бұл кезеңде оқушылар өз құқықтары жөнінде айтып өтеді.
1 - оқушы: 10 бап
(Аманбаева Гулден)
Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір - қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы.
2 – оқушы
(Тилейхан Жансұлтан)
Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.
3 - оқушы: 9 – бап
(Маулетхан Ақжол)
Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы бала туған сәтінен бастап аты - жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР - ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. қай ұлтқа жататындығына, тіліне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән - жайларға қарамастан бала тең құқылы.
4 - оқушы: 11 – бап
(Бердхан Дана)
Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар - ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР - ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.
5 - оқушы: 12бап
(Сейіл Елнұр)
Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ
6 – оқушы: 19 бап
(Аманжол Бақытжан)
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
7 – оқушы: 30 бап
(Мұратбек Нұртілек)
Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
8 – оқушы: 19 бап
(Бекеш Әлия)
Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.
Өз құқықтарыңызды айтып өттіңіздер, қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек
(оқушылар өз міндеттерін айтады)

ІV «Тығырықтан шығар жол қайсы»
(ситуациялық жағдайды шешу)
Көшедегі көрініс
А
қжол: Мұхтар бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Елнұр: Ия, ия, айтпақшы Әсеттер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген.
Саған хабарласқан жоқ па?
А
қжол: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Елнұр: Кеттік, жолшыбай Дамирге соға кетейік, ол да барар мүмкін.
А
қжол: Дамир біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Бақытжан: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Елнұр: Ту, ата - анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.
Бақытжан: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бірнәрсеге душар болармыз.
А
қжол: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме?
Елнұр: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?
1. Құрметті
оқушылар, ұстаздар осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.
Ата - ана қай жерден қате жіберіп отыр?
2. Осы жағдайда оқушылар және ата – аналар қандай жауапкершілікке тартылады?

V Көкейде жүрген сауал (сұрақ - жауап)
Бүгінгі
сабағымызға тарих пәнінің мұғалімі Ожай Абай Игілікұлы келіп отыр. Өздеріңізді мазалап жүрген сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.
1.
Жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?
2. Қазіргі уақытта мектеп жасындағы балалардың түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолданасыздар?
3. Мектеп оқушыларына қандай ақыл – кеңес бере едіңіз?
Мектеп психологы
на сұрақтар:
1. Мектеп жасындағы балалардың мінез – құлқының ауытқуына қандай жағдайлар әсер етеді?
2. Кәмелетке толмаған мектептегі «қиын» балалар туралы не айтар едіңіз?
Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Тилеухан Сейтмұратқа бірер сауалдар қойсақ.

1.Мектептің ішкі ережесі жөнінде түсінік бере кетсеңіз.
2. Оқушылар мектеп ішкі ережесін қай деңгейде сақтап жүр?
3. Мектеп ішкі ережесін сақтамайтын оқушыларға қандай шаралар қолданады, оны болдырмаудың жолдары қандай?

VІ. Оқушыларға тапсырма

Ойды аяқта (мақал - мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)
1. Біреуге ор қазба....(өзің түсесің)
2. Заңның құрығы...(бәрінен ұзын)
3. Ұрлық түбі...(қорлық)
4. Өтірікшінің құрығы....(бір – ақ тұтам)
5. Тура биде....(туған жоқ)
6. Туғанды биде....(иман жоқ)
7. Қолыңмен істегенді....(мойныңмен көтер)
8. Тек жүрсең....(тоқ жүресің)
9. Заңды сыйлаған....(еркін жүреді)

Ойлан тап. (Дұрыс жауабын табып, сәйкестендіру.)
1. Құқық -----------------------------------------А – Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция ---------------------------------Б – Мемлекет басшысы
3. Мемлекет ------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым
4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі
6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган
7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу
8. Егемендік --------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыны
Дұрыс жауабы:
1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г

VІІ Қорытынды

Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
401
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі