400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құқықбұзушылық пен зорлық -зомбылық әлеуметтік дерт

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандаға тигізер үлесі көп
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бұлақ негізгі мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі












«Құқықбұзушылық пен зорлық – зомбылық әлеуметтік дерт»

(тренинг-сабақ)



Педагог-психолог: Есенова Ш.А.





















Бұлақ ауылы

2019 жыл



« Құқықбұзушылық пен зорлық – зомбылық әлеуметтік дерт»

Мақсаты:

1.Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту.

2. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету.

3. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.
4. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.

Түрі:тренинг сабақ          

Қатысушылар: 7-9 сынып оқушылары

Қажетті құралдар:сұрақтар, тапсырмалар, жағдаяттар жазылғанкеспе қағаздар, түрлі түсті бояулар, ватман қағаз, қосымша материалдармен слайд.

Топта жұмыс істеу ережесі:
1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.
2. Болып жатқанға белсенді қатысу.
3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.
4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.
5. «Басынан» «Аяғына» дейін жұмыс істеу.


  1. Кіріспе.

Бүгінгі тренинг сабағымыздың тақырыбы «Құқықбұзушылық пен зорлық – зомбылық әлеуметтік дерт».

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.


Зорлық -зомбылықтың түрлері:

Психологиялық (эмоциялық) кемсітушілік 
Физикалық зорлық-зомбылық 
Бопсалау 
Кибербуллинг 
Кемсітушілік 
Суицид

Мектептегі зорлық-зомбылық түрлері:

1. Психологиялық зорлық-зомбылық – балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал етуге,оның өзін-өзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана жасалатын вербалды және іс-әрекеттік қимылдар схемасын қамтиды.
Психологиялық кемсітушілік әрекетке баланың өзін керексіз, кемістігі бар, сүйкімсіз және қалаусыз болып табылатынына сендіру үшін жасалатын мазақтау, балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту сияқты вербалды әрекеттер кіреді. Ол сондай-ақ баланы қорқыту және оны бақылау үшін қорқыныш сезімін тудыру мақсатында физикалық залал келтіре отырып балаға қауіп төндіру сияқты іс-әрекеттік қимылдарды да қамтиды.

2. Физикалық зорлық-зомбылық – балаға қатысты өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына, оның өмірінің ұзақтығына, дамуына, өзін-өзі бағалау сезіміне нұқсан келтіруі мүмкін физикалық күш көрсету арқылы жасалатын әрекеттер.
Физикалық зорлық-зомбылық ретінде бағаланатын іс-әрекеттің түрлері көп: соққы, ұру, итеру, тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, қандай да бір затпен не қарумен шабуыл жасау. Физикалық зорлық-зомбылық көбінесе балаға залал не жарақат әкеледі, тіпті баланың мүгедек болуына не қайтыс болуына да соқтыруы мүмкін. Жыныстық сипаттағы сөздерді айту не қысым көрсету – қандай да бір баланың не ересектің балаға қатысты жыныстық алдап-арбауы, нәпсіқұмарлық сипатта ауызша не физикалық қысым көрсетуі.
3. Бопсалау – балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс.
4. Кибербуллинг – баланың қыр соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында Интернетті не басқа технологияларды пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орналастыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасын, веб-парақшаны не онлайн режімінде бейне жасау сияқты әрекет түрлерін қамтиды.
Құрбылар тарапынан қорқытып -үркіту – нақты не болжамды күштер теңсіздігін білдіретін мектеп жасындағы балалар арасындағы агрессивті әрекеттер. Мінез-құлықтың мұндай моделі қайталанып отырады немесе белгілі бір кезең сайын қайталануы ықтимал. Баланы кемсіту қорқыту, өсек тарату, балаға физикалық не сөзбен тиісу не әдейілеп топтан шығарып тастауды қамтиды.

Ғаламтор мен ұялы телефондағы тәуелділіктің апаратын жолы:

  • Зорлық-зомбылық

  • Қылмыс

  • Жыныстық бұзылу

  • Діншілдік

  • Суицид

  • Жүйке жүйесінің тозуы

  • Әртүрлі аурулар (денсаулыққа зияны)

5. Кемсітушілік – баланың жынысына, ұлтына, ұлыстық мәртебесіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, дініне не мүедектігіне негізделген әділетсіз не бөліп-жару қарым-қатынасы.


Негізгі бөлім.

1. Сәлемдесу дәстүрлі емес сәлемдесу.
2. Топқа бөліну (Оқушылар топқа бөліну үшін әрбір оқушы үстелде қойылған түрлі түсті қағаздарды алып 4 топқа бөлінеді)


Тапсырмалар

3. «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ»   тақырыбында постермен жұмыс жасау, қорғау.

4. «Аяқталмаған тезистер» атты анкетаға зорлық зомбылықтың бірнеше түріне анықтама жазады.

  1. Зорлық–зомбылық –ол….


2.Физикалық зорлық –зомбылық  -ол

3.Психологиялық -

4.Экономикалық зорлық деген-

5.Қорқыту –ол…

1.«Жунглидағы жаңбыр»

Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).

Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .

Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)

Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)

Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).

Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).

Тағы да нөсержауынжауды.

Ұсақжаңбырсіркіреді.

Дауылсоқты.

Желсоқты.

Желбасылыпкеледі.


5. Сұрақ- жауап.

1. Балалардың құқықтарын ата?

( Отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге; ата- анасымен және басқа да туыстарымен қарым- қатынас жасауға өз пікірін білдіруге; ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға, мүлікке және қорғалуға )

  1. Жасөспірімдер қылмысы үшін неше жастан бастап жауапқа тартылады? (14 жастан )

  2. Оқушы міндетін ата? (Себепсіз сабақтан қалмау, сабаққа дайындалу, тәртіпті болу, мұғалімді сыйлау, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарау.)

  3. Құқық дегеніміз не? ( Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі. )

  4. Қазақстан азаматы болуды қалай түсінесің? ( Мемлекетте тұрақты түрде тұратын азамат заң бойынша Қазақстан мемлекетінің азаматы бола алады; )

  5. Жауапкершілік деген не?


    1. Жаттығу Мимикалық жағдай

Мақсаты: өзіндік баға, және топтық талдау дағдысын дамыту.

Қатысушылар 4 топқа бөлінеді де, топ басшылары ортаға шығып карточкаларды таңдайды. «Темекі шегу, төбелес, ішімдік ішу, тәртіп бұзу.» Әр топ өздеріне берілген тақырыпқа мимика арқылы түсіндіру қажет ал қалған топ қандай жағдай екенін анықтау керек.


  1. Жағдаяттарды талдау

Жағдаят №1

Нұрлан 5- сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға талабы жақсы. Оқыса, жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата- анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайдырды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, тіпті кейде апталап қалдыратын кездері де болады. Мектепте, сыныпта ата – аналарға байланысты өтетін жиындарға мүлдем келмейді.

Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата-анамен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиеже шықпайды. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра, соны орындамауда ата- анасы салғырттық танытты.

Сұрақтары:

1. Нұрланның ата – анасының қылығын қалай бағалайсыздар?

2. Нұрланның орнында не істер едіңіз?

3. Ата- ананың бала алдындағы міндеті қандай

4. Бала қандай міндетін орындамай отыр?


Жағдаят №2

Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасты. Ерланның есіне асханадағы ақша майдалатқан Қайрат есіне түсті. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтты. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырды. Ойында ештеңе жоқ Қайратты Ерлан артынан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етті. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол, ақшасының жоқ екенін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екенін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салды. Аман-есен құтылғанына қуанған ол анасынан айтатындығын ескртті. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтса, онда жақсылық болмайтынын Қайратқа жақсылып ұғындырды.

Сұрақтары:

  1. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?

  2. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды ?

  3. Осында баланың қандай құқығы шектелді ?

  4. Сіз оқушы ретінде қандай пікірді ұсынасыз ?



Қорытынды : Жүректен жүрекке












Анықтама


« Құқықбұзушылық пен зорлық – зомбылық әлеуметтік дерт»

( Тренинг сабақ )


Өткізілген күні:13.09.2019ж

Тақырыбы:« Құқықбұзушылық пен зорлық – зомбылық әлеуметтік дерт»

Қатысушылар: 7-9- сынып оқушылары

Қажетті құралдар:сұрақтар, тапсырмалар, жағдаяттар жазылғанкеспе қағаздар, түрлі түсті бояулар, ватман қағаз, қосымша материалдармен слайд.

Топта жұмыс істеу ережесі:

Кіріспе.

Зорлық -зомбылықтың түрлері:

Ғаламтор мен ұялы телефондағы тәуелділіктің апаратын жолы:

Негізгі бөлім.

1. Сәлемдесу дәстүрлі емес сәлемдесу.
2. Топқа бөліну (Оқушылар топқа бөліну үшін әрбір оқушы үстелде қойылған түрлі түсті қағаздарды алып 4 топқа бөлінеді)

Тапсырмалар

3. «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ»   тақырыбында постермен жұмыс жасау, қорғау.

4. «Аяқталмаған тезистер» атты анкетаға зорлық зомбылықтың бірнеше түріне анықтама жазады.


5.Сергіту сәті.«Жунглидағы жаңбыр»


6. Сұрақ- жауап.


7.Жаттығу Мимикалық жағдай


  1. Жағдаяттарды талдау

Жағдаят №1

Жағдаят №2


Қорытынды : Жүректен жүрекке


Нәтиежесі: Оқушылар зорлық зомбылық туралы мағлұмат алды, адамның ең жаман қасиеті екенін білді. Оқушылар адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйренді.Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін білді. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасалынды.





Тақырыбы«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тренинг

Мақсаты:

  • Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту.

  • Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету

  • Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.
    Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.

Топта жұмыс істеу ережесі:
1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.
2. Болыпжатқанғабелсендіқатысу.
3. Әркімөзпікірінбілдіругеқұқылы.
4. Пайдаболған ой, сезімдеріңді осы жердежәнеқазірайт.
5. «Басынан» «Аяғына» дейінжұмысістеу.

Кіріспе
Қоғамүшінеңбастысы – тәуелсіздік, адамүшін бас бостандығыжәнеуайымқайғысызөмір.Оныңкепілі – заңдылық.Тәуелсіздіктөрімізденорыналғанқоғамымыздағыеңбастықұндылық – адамбостандығы.Адамныңжәнеадамзаттыңқұқықтары мен бас бостандықтарынқамтамасызетужәнеқорғау – конституциялықзаңдылықтыңбастыталабы.
Қазақстандасалауаттыөмірсалтынақолжеткізуде, денсаулықтысақтау мен нығайтудағыбастыміндеттіңбірі – бала құқығынқорғау, зорлық-зомбылыққақарсыкүресжүргізу.Егержалпыайтқандазомбылықтыфизикалыққасіреткөрсетуәрекетідепанықтауыболса, ондатұрмыстықзомбылықта осы әрекеттіңбастауы мен айқындаунүктесіанықбелгіленеді.Ол – жанұя, яғнизұлымдықшы мен оныңжемтігіеңжақынадамдарболады. Олар – жұбайлар мен балалар.Отбасындағызорлы-зомбылықмәселесіәлемніңәреліндеертеденорыналған. Зорлықбалалардыңденелікжәнепсихологиялықденсаулықтарыжәнежан-жақтыдамуларыүшінауырмашақатболыптабылады.
Әйелдер мен балаларғақатыстызомбылықтыңалдыналужәнебағытталғанпрофилактикалықсипаттағышараларды  жүргізудеақпараттықүгіттеушілікжұмыстардыөткізуқажетболыптабылады.

 

Негізгі бөлім.
1)Амандасу – «таныстыру» жаттығуы.
Нұсқау: әрқатысушыөзесімініңбіріншіәрпінеқарайбойындағыжекеқасиетінқосыпайтукерек. Мысалы: мен Әлияәділқызбын….

Оқушылартүгеламандасыпболғаннанкейінтопқабөлінеді.

        2) Топқабөліну

Оқушылартопқабөлінуүшінәрбіроқушыүстелдеқойылғансмайликтердіалып 4 топқабөлінеді

3) «Зорлық-зомбылықсызжәнеқатігездіксізбалалықшақ»   тақырыбындапостерменжұмысжасау, қорғау.

4)«Аяқталмағантезистер» аттыанкетағазорлықзомбылықтыңбірнешетүрінеанықтамажазады.

  1. Зорлық–зомбылық –ол….

2.Физикалық зорлық–зомбылық  -ол

3.Психологиялық —

4.Экономикалық зорлықдеген-

5.Қорқыту –ол…

 

  1. «Қайтабайланыс» жаттығуы
    Оқушыларшеңберқұраотырады да, доптыәрқайсысыкезекпенкезек ала отырыптренингтіңөткізілуінебайланыстыөзойларынбілдіреді:
    — Тренингтееңбірінші не ұнады?
    — Не ұнағанжоқ?
    — Өзіңжаңадан не білдің?
    б) «Алғанәсеріңізқандай?»- смайликтерарқылыанықтау.
    в) тренингкеқатысушыларғарахметайтаотырып, тренингтіаяқтау.

  2. Қорытынды.
    «Мен зорлық-зомбылыққақарсымын» тақырыбындағытренингтібылайқорытындылағымкеледі.
    Немістіңұлыақыны В. Гете серуенгешығардақалтасынатүрлігүлдердіңтұқымынсалыпшығып, шалғындардан, орманнанөткенде, тауғашыққандагүлтұқымдарынсеуіпжүрудіжанысүйген. Оныңжүргенжерлерімезгілікелгендекереметгүлдерөсіпшығатын.
    Гете сепкенгүлме, әлдетабиғижолменөздерікөктедіме, оны білуміндеттіемес. Дегенменсұлулықәлемі, әсемдікәлемібайыды. Солсияқтыдүниедезорлық-зомбылықболмасаадамөмірі, адамзатдүниесісұлу да әсемболареді

 




Тақырыпқа шолу
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық.
Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.

Кіріспе
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Зорлық -зомбылықтың түрлері:

Психологиялық (эмоциялық) кемсітушілік 
Физикалық зорлық-зомбылық 
Бопсалау 
Кибербуллинг 
Кемсітушілік 
Суицид

Мектептегі зорлық-зомбылық түрлері:

1. Психологиялық зорлық-зомбылық – балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал етуге,оның өзін-өзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана жасалатын вербалды және іс-әрекеттік қимылдар схемасын қамтиды.
Психологиялық кемсітушілік әрекетке баланың өзін керексіз, кемістігі бар, сүйкімсіз және қалаусыз болып табылатынына сендіру үшін жасалатын мазақтау, балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту сияқты вербалды әрекеттер кіреді. Ол сондай-ақ баланы қорқыту және оны бақылау үшін қорқыныш сезімін тудыру мақсатында физикалық залал келтіре отырып балаға қауіп төндіру сияқты іс-әрекеттік қимылдарды да қамтиды.
2. Физикалық зорлық-зомбылық – балаға қатысты өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына, оның өмірінің ұзақтығына, дамуына, өзін-өзі бағалау сезіміне нұқсан келтіруі мүмкін физикалық күш көрсету арқылы жасалатын әрекеттер.
3. Физикалық зорлық-зомбылық ретінде бағаланатын іс-әрекеттің түрлері көп: соққы, ұру, итеру, тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, қандай да бір затпен не қарумен шабуыл жасау. Физикалық зорлық-зомбылық көбінесе балаға залал не жарақат әкеледі, тіпті баланың мүгедек болуына не қайтыс болуына да соқтыруы мүмкін. Жыныстық сипаттағы сөздерді айту не қысым көрсету – қандай да бір баланың не ересектің балаға қатысты жыныстық алдап-арбауы, нәпсіқұмарлық сипатта ауызша не физикалық қысым көрсетуі.
4. Бопсалау – балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс.
5. Кибербуллинг – баланың қыр соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында Интернетті не басқа технологияларды пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орналастыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасын, веб-парақшаны не онлайн режімінде бейне жасау сияқты әрекет түрлерін қамтиды.
Құрбылар тарапынан қорқытып -үркіту – нақты не болжамды күштер теңсіздігін білдіретін мектеп жасындағы балалар арасындағы агрессивті әрекеттер. Мінез-құлықтың мұндай моделі қайталанып отырады немесе белгілі бір кезең сайын қайталануы ықтимал. Баланы кемсіту қорқыту, өсек тарату, балаға физикалық не сөзбен тиісу не әдейілеп топтан шығарып тастауды қамтиды.
6. Кемсітушілік – баланың жынысына, ұлтына, ұлыстық мәртебесіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, дініне не мүгедектігіне негізделген әділетсіз не бөліп-жару қарым-қатынасы. Тән жазасы – физикалық күш қолданылатын, балаға қандай да бір жеңіл ауырту сезімін не қолайсыздықты сездіруге бағытталған кез келген жазаны білдіреді. Көбінесе, бұл соғып жіберу, шапалақпен тартып қалу, баланы қолмен не затпен ұруды білдіреді. Сондай-ақ тебу, сілкілеу, баланы итеру, тырнау, шымшу, шашынан тарту не құлағынан жұлқылау, балаларды қолайсыз жағдайда ұстау, күйдіру, буға шалдыру, мәжбүрлеп жұтқызу (мысалы, баланың аузын сабынмен жуу не ащы дәмдеуіштерді жұтуға мәжбүрлеу) де қамтылады.
Мұндай жаңалықтар оқырман назарын аудару үшін мектептегі зорлық зомбылықтың ең шиеленіскен және төтенше түрлеріне баса мән береді, бірақ мұндай жағдайлар сирек кездеседі. Мұндай жаңалықтар мектептегі зорлық-зомбылық мәселесін тым әсірлі көрсетіп, қоғамның мектептегі зорлық-зомбылық сипаты мен дәрежесін қате түсінуіне әкеледі. Мектептегі зорлық-зомбылықты нақтырақ түсіну үшін, зорлық -зомбылық туралы халықаралық әдебиетке үңілу қажет. Бұл әдебиетте «зорлық-зомбылықтың ең көп таралған түрлері – ешкімге айтылмайтын, сол себепті үнемі жасала беретін, қоғам мен ресми саясат және заң тарапынан ұмытылып, зерттеу, пікірталас пен дау-дамай жүргізуге лайықты деп қарастырылмайтын зорлықтар» деп көрсетеді. Көптеген елдерде зорлық-зомбылық түрлеріне психологиялық жәбірлеулер, болмашы физикалық жәбірлеулер, құрбылар тарапынан қорқыту, жыныстық ерекшелігіне қарай жәбір көру, мектеп қызметкерлерінің «тілазар балаларды» тәртіпке шақырып, жазалау үшін тән жазасын қолдануы кіреді. Физикалық зорлық-зомбылықты қамтымайтын, мектеп қызметкерлері қолданатын қатыгез және кемсіту арқылы жазалау түрлері зерттеле қоймаған, сондықтан көбінесе елеусіз қалдырылады. Біздің елдерде мектептердегі балалар арасындағы және мектеп қызметкерлері тарапынан жасалатын зорлық-зомбылықты құжатқа түсіру жөнінде біршама жұмыстар қолға алынып жатыр .
Ұлдар арасында зорлық-зомбылық қыздармен салыстырғанда көбірек. Мектептегі зорлық-зомбылықты зерттеудің басым бөлігі, бір немесе бірнеше түрінің, көбінесе физикалық зорлық-зомбылықтың, жәбірлеудің және мектеп мұғалімдерінің балалар арасындағы тәртіпті реттеу мақсатында тән жазасын қолдану сипаты мен дәрежесін түсінуге шоғырланды .
Мектептегі құрбыларының тарапынан көрсетілген мазақ пен кемсіту олардың өзін-өзі зақымдауы мен суицидке баруы өзара себеп-салдарына байланыста екенін де байқатады. Бұл зорлық- зомбылықты зерттеудің маңызы өте зор, Қазақстандағы балаларға, оның ішінде ерекше осал балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың сипаты мен дәрежесін анықтау қажет. Балалардың мектепте зорлық-зомбылыққа ұшырау мәселесі өзекті болып табылады. Атап айтқанда, мектепте балаларға қатысты зорлық-зомбылық дәрежесі қандай? Мектепте балалар арасында да, мектеп қызметкерлері тарапынан да зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің қандай түрлері кездеседі? Мектептегі зорлық-зомбылықты жасаушы кім, құрбаны кім? Мектептегі балаларға қандай әсерін тигізеді? Зорлық-зомбылық пен балалар арасындағы суицид арасында қандай байланыс бар? Біздің міндетіміз осыны анықтау және оның алдын-алу болып табылады.
Мектептердегі зорлық-зомбылық бойынша мектеп аумағында, мектепке, мектептегі шараға бара жатқан немесе, мектепте өткен шарадан қайтып келе жатқан жолда не сол шара өтіп жатқан кезде орын алатын жасөспірімдердің зорлық-зомбылығы. Мектеп жасындағы балалар мектептегі зорлық-зомбылықтың құрбаны, кінәлісі не куәгері болуы мүмкін.
Халықаралық зерттеулер барысында әдетте мектептерде орын алатын зорлық-зомбылықтың нысандарын анықтау үшін түрлі критерийлерді пайдаланады. Жалпы әдіс ретінде зорлық-зомбылықты әрекеттің түріне сәйкес жіктеу қолданылады. Мектептегі зорлық-зомбылықтың алуан түрі сәйкестендіріліп, көрсетіледі. Олардың ішінде психологиялық зорлық-зомбылық, физикалық зорлық-зомбылық, жыныстық сипаттағы сөздер мен қысым көрсету, бопсалау, қоқан-лоқы, кибербуллинг, құрбылар тарапынан қорқытып-үркіту, кемсітушілік және мектеп қызметкерлерінің ұрып-соғуы арқылы жазалаулар кіреді. Соңғы жылдары қоғамның мектептегі зорлық-зомбылық туралы түсінігі көбінесе мектептердегі зорлық-зомбылықтың төтенше жағдайларына, мәселен, оқушылар арасындағы төбелес, мектепте өз сыныптастарына оқ ату секілді жағдайларға назар аударуымен қалыптасты; солай бола тұрғанмен, мұндай жағдайлар жиі кездеспейді, олар мектептегі зорлық-зомбылықтың болмашы бөлігін ғана құрайды. Сонымен қатар ата-аналар арасындағы төбелес, ұрыс-керіс, психологиялық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырайтын балалар бар отбасыларында өсіп келе жатқан балалардың эмоциялары да қалыпты болмауына , ол ашу-ызаның ұлғаюына, физикалық агрессияға бейімділіктің артуына әкеледі. Осы қорытындыларға негізделе отырып, балаларды қорғау жүйелері және мектептерде тұрмыстық зорлық-зомбылық байқалған отбасылар мен осындай отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалармен жұмыс істеу үшін әзірленген бағдарламалардың болуы аса маңызды. Араласудың осындай бағдарламалары отбасыларындағы зорлық-зомбылық пен отбасыларындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық деңгейін азайту үшін ғана емес, отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайында өмір сүріп жатқан балаларды түсіну, олардың ашу-ыза мен физикалық агрессияға бейімділігімен жұмыс істеу тұрғысынан да маңызды болып табылады. Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек.
«Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қала бермек» дейді облыстық балалардың құқықтары қорғау департаментінің бастығы Гүлбарам Наурызбаева.
Отбасындағы ата-ананың және мектептегі ұлағатты ұстаздың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгісі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны болып табылады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік дей келе бүгінгі баяндамамды аяқтаймын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.02.2019
514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі