Материалдар / Құқықбұзушылық, қылмыс жақсылыққа апармайды. Ермек Өтетілеуұлы. Ата Заң.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Құқықбұзушылық, қылмыс жақсылыққа апармайды. Ермек Өтетілеуұлы. Ата Заң.

Материал туралы қысқаша түсінік
Максаты Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет екенiн тусiндiру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2022
2522
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жұмыс дәптері



Сабақтың тақырыбы Құқықбұзушылық, қылмыс жақсылыққа апармайды. Ермек Өтетілеуұлы. Ата Заң.

БІЛУ: (Ғ) 0-49 (D) 50-54

Ермек Өтетілеуұлы кім?


Ермек Өтетілеуов (1938-2006) - 1 қаңтарда Ақмола қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты филология факультетінің орыс тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. 1962—1964 жж. Целиноград (қазіргі Ақмола) облысы, Қорғалжың аудандық газетінде қызмет істеген. 1964— 1974 жылдары республикалық «Балдырған» журналында, 1974 — 1976 жж. «Жазушы» баспасында редактор, ал 1976 жылдан бастап «Жалын» баспасында аға редактор, бөлім меңгерушісі болып істеді.

1957 жылы Алматыдағы Абай атындағы педагогтік институтыңың филология факультетіне оқуға түседі, кейін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің мамандығын алып шығады. 1962—1964 жылы Целиноград (қазіргі Ақмола облысы) Қорғалжын аудандық "Шамшырақ нұры" газетінде қызмет істеген. 1964—1974 жылы республикалық "Балдырған" журналында, 1974—1976 жылы "Жазушы" баспасында редактор, 1976 жылдан жаңадан ашылған "Жалын" баспасында аға редактор, редакция меңгерушісі болып қызмет атқарады, кейін балалар әдебиеті баспасы — "Балаусада" еңбек етеді. Осы үш көркем әдебиет баспаларында жиырма жылдан астам уакыт жұмыс жасаған баспагердің көлынан жүздеген жинақтар мен жеке кітаптар редакцияланып, оқырман қауымға жетеді. Ақынның шығармашылығы бірыңғай балаларға арналғандықтан, оның редакторлық қызметі де жас оқырмандар үшін жазылған көркем әдебиетпен тікелей байланыста болады.

"Баспа және полиграфия ісінің қайраткері" құрмет белгісімен марапатталған.

Ермек Өтетілеуұлы АТА ЗАҢ


Азат елдің басталған Айқын жолы тәрізді,

Ата Заң деп аталған, Конституциямыз бар біздің.

Ата Заңмен бекіткен, Дербестігін еліміз.

Ата – баба мұра еткен, Тұтастығын жеріміз.

Халық сенген заңымыз, Әділдікті қолдайды.

Жақсарсын деп халіміз Адам құқын қорғайды.

Дейді заңы – мемлекет, Үлкенге де, балаға: “

Оқу оқы, еңбек ет, Кәсіп жаса қалаған!”

Әрбір бабы маңызды, Әр көңілдің жыры бір.

Бізде 30-ы тамыздың- Ата Заңның күні бұл.

Дескриптор:

Ермек Өтетілеуұлы кім екенін біледі,өлеңімен танысады

ТҮСІНУ: . 55- 69 (D+; ); 60-64 (С-); 65- (С)

Оқу, түсіну

Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет.

Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.),әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс қылық және т.т.

Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады.

Құқық бұзушылықтар үшін заңмен тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қылмыс» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

«Қылмыс» сөзіне кластер.


Дескриптор:

Мәтінді оқиды, кластер толтырады

ҚОЛДАНУ 70-74(С+)75-79(В -)

Жағдаяттық тапсырмалар.

Әкесі баласының бет аузының көгергенін көріп, - сен не көшедегі бұзақылардан таяқ жеп жүрсің бе? Неге ұрмайсың? Бұдан кейін үйге бет аузың көгеріп келуші болма? Олар ұрғанда сен қарап тұрма, ұр, сазайын бер.

- Қалай ойлайсыңдар, әкесі дұрыс жол көрсетті ме?

Сәйкестендіру «Тәртіп орнат»

1. Құқық -------------------- А - Еліміздің негізгі заңы.

2. Конституция ------------ Б - Мемлекет басшысы.

3. Мемлекет ---------------- В - Негізгі саяси қоғамдық ұйым.

4. Азамат -------------------- Г - Тәуелсіздік

5. Құқық бұзушылық ----- Д - Заңдар жүйесі.

6. Президент ----------------- Е - Заң шығарушы орган

7. Парламент ---------------- Ж - Заң жүйесін бұзу.

8. Егемендік ------------------ З - құқығы бар ел тұрғыны.

«КІМ ЖҮЙРІК» ӘДІСІ
Кестеден бүгінгі тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді табыңыз

С

П

Н

Щ

Р

Ш

Д

Ж

В

Т

Ь

Г

Т

Ә

Р

Т

І

П

С

І

З

Д

І

К

И

Р

Г

Ь

Ю

Н

О

Т

Ы

Р

Ы

С

С

Ж

К

Е

К

Н

Л

У

Г

Ы

Ф

Ю

Н

Ы

Ф

Й

Б

Е

Й

К

Ү

Н

Ә

О



С

П

Н

Щ

Р

Ш

Д

Ж

В

Т

Ь

Г

Т

Ә

Р

Т

І

П

С

І

З

Д

І

К

И

Р

Г

Ь

Ю

Н

О

Т

Ы

Р

Ы

С

С

Ж

К

Е

К

Н

Л

У

Г

Ы

Ф

Ю

Н

Ы

Ф

Й

Б

Е

Й

К

Ү

Н

Ә

О

Дескриптор:

Жағдаяттық тапсырмаларды орындайды

Сәйкестендіреді

«Кім жүйрік» әдісі арқылы кестедегі берілген әріптердің ішінен тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді таба алады;естендіреді

ТАЛДАУ 80-84 (В)

«Полиглот» мақал-мәтел сайысы деп аталады. Бұл кезеңде балалар мақал – мәтелдің жалғасын табу беріледі және сол табылған жалғастың ішіндегі сөздің екі тілде аудармасын айту.

1. Бір қазаға екі ………….. жоқ (жаза-наказание-punishment)

2. Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі ……… табар (куә-свидетель-witness)

3. Әр елдің ………… басқа , иттер қара қасқа (заңы-закон-law)

4.……………. істің – арты игі (әділ-справедливый- justice)

5. Заңның құрығы бәрінен ..... (ұзын-длинный- a long)

6. Ұрлық түбі ... (қорлық-унижение-humiliation))

7. Жазасын тартпайтын ........ жоқ. (жамандық-зло-evil)

8. ............. (отбасынан басталады). (Тәрбие-воспитание-education

Дескриптор

сөздің екі тілде аудармасын айтады.

СИНТЕЗ 85-89 (В+)

«Көңілді қалпақ» ойыны

Сұрақтар:

1. Егемендік алғаннан кейін ҚР – да Конституция қанша рет қабылданды? (1993,1995ж)

2. Жаза дегеніміз не? (Соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы)

3. ҚР – сы әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет?(унитарлы)

4. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы? (Тәуке хан)

5. ҚР –сы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік)

6. Қылмыс құрамын атаңыз? (объект, объективтік жақ, субъективті, субъективті жағы)

7. Зеспубликадағы жоғарғы заң шығарушы орган? (Парламент)

8. ҚР – ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991ж, 16 желтоқсан)

9. ҚР – ның «Мемлекеттік нышандары туралы»заң қашан қабылданды? (1992ж, 4 маусым)

10. Азаматтардың құқық қабілеттілігі қай кезден басталады? (бала туылған кезден бастап)

Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді.

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!