Құқықбұзушылық, зорлық көрсету.
«Егемен елдің болашағы – бүгінгі
жастар»
Семинар тренинг.
Мақсаты: Азаматтың құқықтары мен
бостандықтары туралы білімді қалыптастырып, білім мен біліктілігі
жоғары, талап-талғамы терең, өз құқығын қорғай білетін, мемлекет
басқару құқығын дұрыс пайдалану мүмкіндіктерін үйрету студенттердің
бойында Ата Заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы
адамгершілігі мол, парасатты тұлға тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Адамның және адамзаттардың
құқықтары мен бостандықтары Ата Заңымызда толық, жан-жақты көрініс
тапқан. Өйткені қазір Қазақстан Республикасы Конституциясы
еліміздегі барлық заңдардың қайнар көзі болып
табылады.
Біздің
еліміздің адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасы
Конституциясының 12-бап 1 тармағында құқық пен билік байланысы
айтылған.
2-жүргізуші: Құқығымды
қорғаған
Ата Заңды қолға
алам
Оның әрбір бабымен
Әділеттік
орнаған.
№1Ситуациялық
көрініс.
Әкесі баласын үнемі ішіп
келіп ұрып, көк – ала қойын шығарады.
Сұрақ: Бұл жерде баланың
құқығы қандай?
Жауап:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабы қолданылып
(ұрып соғу), дискриминацияны, яғни зорлық-зомбылықты болдырмау.
Бала құқықтары туралы Конвенциясында жазылған. Барлық құқық барлық
балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық-зомбылықтың барлық
түрінен қорғауы және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды
қолдануға міндетті.
1-жүргізуші: Ата сөзі
сияқты,
Әже сөзі
сияқты
Ата Заңда
жазылған
Сөздің бәрі
шуақты.
2-жүргізуші: Өмір бойы,
күнбе-күн
Заңды
орындау-міндетің.
Жаза басып, опық
жер,
Білмесе оны кімде –
кім.
№2Ситуациялық
көрініс.
Студент
қыздың телефон ұстап келе жатқанын артынан байқап кележатқан жігіт,
қыздың телефонын тартып алмақшы болады, қыз қарсылық көрсетеді, ол
қолын бұрап қолындағы сумкамен басына ұрады да телефонды алып қаша
жөнелдеді. Жәбір жасаған бала ұсталады.
Сұрақ: Бұған қандай шара
қолданады?
Жауап:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 107-бабы және
112-баптары қолданылып (азаптау, қорқыту) Бұл зорлыққа жатады, күш
көрсетіп қолын бұрағаны басына зақым келтіруі зорлық. Заң
орындарына сүйенеді. Мемлекет зорлықтың-зомбылықтың барлық түрінен
қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шаралар
қолданады.
1-жүргізуші: Халықтың ақ
тілегі
Ізгіліктің бастауы
Ата Заң бұл киелі
Еліміздің бас
заңы
Түзілген өң
бойында
Нұр боп жалын
жолында,
Самға, біліп алда
оны.
№3Ситуациялық көрініс.
Әкесі баласын жұмысқа салып
оны құлы сияқты жұмсап, оған күш көрсетеді.
Сұрақ: бала құқығын
анағұрлым толық қалай қамтамасыз етуге болады?
Жауап:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 128-бабы қолданылып
(қорлау), балаға қатысты жасалатын барлық іс-әрекет оның мүддесін
толық көлемде ескеруі қажет. Егер ата-ана немесе басқа тұлғалар
балаға керекті қамқорлық көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті
мемлекет өз мойнына алуы тиіс, зорлық-зомбылықтың барлық түрінен
қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға
міндетті. Балаларға қатысты қолданылатын іс-әрекеттердің оларды
әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік
немесе мекемелердің, соттардың, әкімшілік немесе заң шығарушы
органдардың қабылдағанына қарамастан, бәріне де ең бірінші кезекте
баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз етуге көңіл
бөлінеді.
2-жүргізуші: Сұлуға ғұмыр бойы іңкәр
көңіл
Үкілі
домбырадан күй боп төгіл
Айдында аққу жүзген ару
сүйген
Недеген ыстық едің ай-хай
өмір.
Қазақ жұрты
киелі,
Өнерліні сүйеді. Күй
орындаушы: Шекербеков Шоқан.
№4Ситуациялық көрініс.
Азаптап ақшасын тартып алып,
ұрып тастау. (18 жасқа толмаған жәбірленуші).
Сұрақ: Бұл жағдайды
зұлымдық жасаған адам қандай жаза алуы тиіс?
Жауап: еш
бір баланың азапталмауын немесе оны қадір-қасиетін қорлайтындай
адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленбеуін немесе
жазаланбауын 18 жасқа толмаған қылмыс жасаған адамдарға өлім жазасы
да, түрмеге өмірлік қамауға алуда, босату мүмкіндігін
қарастырмайтын жазаларда тағайындалмауын қамтамасыз етеді. Еш бір
баланың бас бостандығынан заңсыз немесе еріксіз айырмауын
қамтамасыз етеді. Қамауға алу, ұстау немесе түрмеге жабу заңға
сәйкес жүргізіледі және соңғы шара ретінде ғана, неғұрлым тиісті
қысқа мерзім ішінде ғана, неғұрлым тиісті қысқа мерзім ішінде
қолданылуды қамтамасыз етеді.
1-жүргізуші: Бұлтты көріп
түнерген
Қанаттылар талмаңдар.
Қазақ деген ұлы
ер
Ардан туған орман бар – деп
сұрақтарымызда бастаймыз.
Сұрақтар:
-
Біреудің мүлкін ашықтан-ашық
алып кету? (Тонау).
-
Басқа бір адамның ұжданы мен
қадіріне тіл тигізу, масқаралау? (Қорлау).
-
Біреудің мүлкін алдап-арбап
иеленіп алу? (Алаяқтық).
-
Бір істі тергеу кезінде тінту
немесе бөлмелерді, адамды тінту кезінде шақырылатын
адам? (Куәгер).
-
Заң бұзушының келтірген
жағымсыз зардабы? (Зиян).
-
Әкімшілік жауапкершілікке
істеген тәртіпсіздігіне орай неше жастан тартылады?
(16
жастан).
-
Заңды кім
шығарады? (Парламент).
-
Адамдардың сол мемлекетпен
тұрақты саяси-құқықтық өзара қатынасы? (Азаматтық).
2-жүргізуші: Семинар-тренингті қорытындылай
келе.
Білімдіден шыққан
сөз
Таланттыға болсын
кез
Нұрын, сырын
көруге
Көкірегінде болсын
көз,
Деп абай
атамыз жырлағандай талантты, көкірегі ояу, білімді де еңбекқор
ұрпақ болыңдар! Тәуелсіз еліміздің үлесі мықты
болсын!