«Құқықтық сана – қоғамға пана» 8-кадет класс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Құқықтық сана – қоғамға пана» 8-кадет класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні: 19.10.2023

Тәрбие сағаты: «Құқықтық сана – қоғамға пана»

Мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру.

Құндылық: Ұлттық мүдде

Тәрбие сағат түрі: Ашық тәрбие сағаты

Әдісі: сыныпішілік сайыс сабақ. 

Сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясының баптары, Бала құқығы конвенциясының баптары, қанатты сөздер. (Слайд түрлерінде.) 
Қанатты сөздер: 

«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»  Б. Момышұлы. 

Ұйымдастыру: Сыныпты 4 топқа бөлу. Әр топ – 6 оқушыдан тұрады.

1-топ: «ПАРЛАМЕНТ» - тобы

2-топ: «ӘДІЛЕТ» - тобы

3-топ: «ДЕМОКРАТИЯ» - тобы

4-топ: «КОНСТИТУЦИЯ» - тобы.


Сынып жетекші: Саламатсыздар ма ұстаздар мен оқушылар! «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша «Ұлттық мүдде» ұлттық құндылығы, «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы, «Әдеп нормаларын ұстану» индикаторы аясында өткелі тұрған «Құқықтық сана – қоғамға пана» атты сыныпішілік сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!!!

Сынып жетекші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргізген. Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс.

  • Сайыс сабағымызға 4 топ қатысады. Таныс болайық! Бір-бірімізге қошемет білдіре отырайық!

1-топ: «ПАРЛАМЕНТ» - тобы

2-топ: «ӘДІЛЕТ» - тобы

3-топ: «ДЕМОКРАТИЯ» - тобы

4-топ: «КОНСТИТУТЦИЯ» - тобы.


  • Сайысымыз мына кезеңдер бойынша өтеді:

1 кезең: «Заңды білу – заман талабы» Үй тапсырмасы.

2 кезең: «Бәйге» Сұрақ-жауап.

3 кезең: «Жеткіншектің жеті жарғысын» әр топ ұсыну.

4 кезең: «Жылдамдық» уақытқа «Автомат» жинау, жылдамдыққа «Газтұмылдырық» кию.


  • Сайысымызды әділ бағалайтын әділқазы алқасымен таныстыруды рұқсат етіңіздер!

  • М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Ф.Оңғарсынова атындағы № 41 мектеп-гимназия арасындағы ынтымақтастық мемарандум аясында жұмыс жасап жатырғанымыз барлығына мәлім. Әділқазылық ету мақсатында шақырған қонағымыз – Әкімшілік-құқық кафедрасының оқытушысы, полиция подполковнигі – Ерланұлы Қуат мырза.





  • Мектебіміздің алғашқы әскери дайындығы және технология пәнінің ұйымдастырушысы – Шахшаев Асқар Қабдрахимович.


Ендеше бірінші кезеңге кезек береміз: Бұл кезеңде үй тапсырмасы ретінде бейнеролик әзірлеп келуді ұсындық. Бейнероликті қарсы топтар көру арқылы жасалып жатырған іс-әрекетті анықтап, сол іс-әрекетте лайық заңды айту.

Екінші кезең: Әр топқа 5 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай.


1-топ: «ПАРЛАМЕНТ» - тобының сұрақтары.


1)Еліміздегі мемлекеттік тіл. (Қазақ тілі)

2)ҚР “Баланың құқықтары туралы заң” қай жылы күшіне енді? (2002 жылы 8-тамыз)

3)ҚР-ның Жоғарғы сотының төрағасы кім?( Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы )

4)Құқық қорғау органдарын ата . ( сот, прокуратура , ішкі істер органдары, ) 5)Конституцияның екінші бөлімі қалай аталады ? ( Адам және азамат)



2-топ: «ӘДІЛЕТ» - тобының сұрақтары.


1) ҚР-ның “Мемлекеттік нышандары” туралы заңы қай жылы қабылданды? (1992 жылы 4-маусым)

2) ҚР-дағы “Бала құқықтары” туралы заң қанша тараудан тұрады? (10 тарау,53 бап)

3) Баланың пікірі ескерілетін жас неше жас ? (10 жас )

4) Парламент палаталарын атаңдар ? ( Сенат, Мәжіліс) 5) ҚР-ның жаңа әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы 6-қаңтар).



3-топ: «ДЕМОКРАТИЯ» - тобының сұрақтары.


1)Балалар құқы туралы конвенция қашан,қайда қабылданған ? (1989 ж. 20 қараша Б.Ұ.Ұ. бас Ассамблиясының 47-сессиясында.)

2)ҚР мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы. (Халық)

3)Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)

4)Егемендік алғаннан кейін ҚР-да конституция қанша рет қабылданды? (2 рет 1993 жылы 28-қаңтар,1995 жылы 30-тамыз)

5) Республикадағы жоғарғы заң шығарушы органды ата. (Парламент)


4-топ: «КОНСТИТУТЦИЯ» - тобының сұрақтары.


1) Қылмысты санаттарына қарай қалай бөлеміз? (Онша ауыр емес,ауырлығы орташа,ауыр қылмыс және ерекше ауыр қылмыс.)

2) ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (Демократиялық,зайырлы,құқықтық,әлеуметтік)

3) Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын,жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)

4) ҚР конституциясы неше бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім,98 бап)

5) 17-желтоқсан қандай күн? (Демократиялық жаңару күні)



3 кезең: «Жеткіншектің жеті жарғысы» Оқушылар білесіздер Жеті жарғы Тәуке хан (1678 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы екенін тарихтан сіздер білесіздер. Ендігі кезекте оқушылар сіздер де Тәуке хан секілді әр топ «Жеткіншектің жеті жарғысын» құрастыруды ұсынамын. Ұнаған үздік жарғыға 10 ұпай. Белсенділік танытып жарғы жасаған топтарға 2 ұпайдан беріледі.




4 кезең: «Жылдамдық» . Біздің сынып – кадет сынып болғандықтан қолдарынан барлығы келу керек ол біз үшін заңдылық иә оқушылар, сондықтан осы кезеңді қостым. Уақытқа «Автомат» жинау, жылдамдыққа «Газтұмылдырық» кию.


Газтұмылдырық киіп жылдамдыққа жарысу үшін әр топтан 1 оқушыдан шығады. Жылдам киген оқушы 10 ұпайды иеленеді.


Автомат шашып жинау үшін әр топтан 1 оқушыдан шығады. Аз уақытта автоматты шашып жинаған оқушы 10 ұпай иеленеді.


  • Сынып жетекші: Жақсы оқушылар барлық кезеңіміз өз мәресіне жетті. Әділқазы алқалары ұпай сандарын есептеп нәтиже шығарғанша «Бақытты Қазақстан» әніне кезек береміз.


  • Ендігі сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.___________________________________________



  • Марапаттау.



Рефлексия: Стикерлерге сынып сағаты жайлы пікір білдіріп шарға жабыстырады.


Сынып жетекші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста!

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата-баба арына!-дей келе бүгінгі


«Құқықтық сана-қоғамға пана» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз!






























Ф.Оңғарсынова атындағы № 41 мектеп-гимназия








«ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА- ҚОҒАМҒА ПАНА»










Сынып: 8 «Ә» кадет сыныбы

Сынып жетекшісі: Жанаева Нұргүл Өтегенқызы



















Ақтөбе 2023 жыл




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2023
635
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі