400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құқықтық сауаттылық ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқықтық сауаттылық ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Құқықтық сауаттылық»

Мектеп: №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы КММ

Күні: 25.01.2024 ж

Тәрбиешінің аты-жөні: Өмірзақ О.Т.

Сынып: 8 «А»



Осы тәрбие сағатында жүзеге асатын мақсаттары:

  • Оқушының құқықтары мен міндеттерін толықтыру.

  • Оқушыларды адам құқықтарын оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін, жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алатын әрекеттерін дамыту.

  • Қазақстанның болашағына үлес қоса білетін білімді де саналы ұрпақ қалыптастыру.



Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Құқықтық сауаттылық туралы оқушылардың барлығы біледі.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Көрнекіліктер

ойын,презентация, суреттер,рефлексия.

Сабақ барысы:

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Жоспарланған тәрбие сағаты

Ресурстар

Тәрбие сағаттың басы








Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу,түгелдеу ,құрал-жабдықтарын реттеу, топтарға бөлу.
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Топқа бөлемін : «Құпия стикер» әдісі бойынша.

1.топ «Министрлер»

2.топ «Үкімет»

3.топ «Заңгерлер» тобы деп 3 топқа бөлініп отырады


«Құпия стикер» әдісі арқылы

топтарға бөлу.





Тәрбие сағатының

ортасы


Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі:

Бала өмір сүруге, есім және азаматтық алуға құқылы. Білім және медициналық көмек алуға құқылы.Өз ойын еркін жеткізуге және еркін жүріп тұруға құқылы. Ата-аналар тәрбиесіне және өзін қорғауға құқылы.Жан-жақты дамуға, адам беделін құрметтеуге құқылы.


Тақырыпқа байланысты суреттер, бейнебаян.


Міндеттері: Әрбір бала ҚР Конститутциясының заңдарын сақтауға, басқа адамдардық құқықтарын, бостандықтарын, ар-ождандары мен қадір-қасиетін,республиканың мемлекеттік

нышандарын құрметтеуге міндетті.

Қазақстан Республикасының Конститутциясы.
Ең алғашқы Конститутция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған.

Екінші рет ҚР Конститутциясы 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді.

Конститутция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Тақырыпқа байланысты Бейнебаян көрсетіледі.

1-тапсырма. «Кластер құру»

Үш топқа 3 тірек сөзі беріледі. Берілген тірек сөздерге Кластер құрайды.
«Министрлер» Өз құқығын білетін адам
«Үкімет» Заң не үшін қажет?
«Заңгерлер» Құқықтық сауаптылық-заман талабы

2-тапсырма. Интеллектуалды сұрақ-жауап ойыны.

Әр топқа 2 сұрақтан беріледі. Сұрақтар 2 варианттан тұрады. Топ мүшелері ақылдасып, берілген варианттардан біреуін таңдайды. Сұрақтар интерактивті тақтада көрсетіледі.
«Министрлер» тобы

1.ҚР Конститутциясы ең алғаш қай жылы қабылданды?

2.Кәмелет жасына толмаған бала қылмыс жасаса оның орнына кімдер заң алдында жауап береді?

«Үкімет» тобы
1.
Қай адамның міндеттері көп?

2.ҚР Конститутциясы қанша тараудан тұрады?

«Заңгерлер» тобы

1.Мемлекеттің ең басты байлығы…

2.ҚР Конститутциясы қанша баптан тұрады?


3-тапсырма. “Сәттілік Дөңгелегі”

Оқушылардың жаңа сабақты меңгеруін анықтау мақсатында интерактивті тақтада оқушылардың аты-жөні жазылған дөңгелекті айналдырып, аты-жөндері түскен 2 оқушыға бір-бірлеріне сұрақ қойдырамыз.
















«Джигсо»(өзінің алған білімін басқаларға түсіндіру)

Жаңа сабақты талқылау.

















Тақырып бойынша түйген білімдерін қолданады.

Тәрбие сағатының соңы






Рефлексия:

Балалар сабағымызда аяқталуға жақын қалды. Бүгінгі өткен сабағымыз пайдалы болды деген ойдамыз. Жалпы өз құқығын білген адам әрқашан да өз-өзін қорғай алады. Құқықтық сауаттылық – заман талабы екеніне көздерің жетті деген ойдамыз. Сабаққа белсене атсалысқандарың үшін үлкен рахмет!
«Алтын сандық» әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерін арнайы картаға жазып тақтадағы сандықтың ішіне салады.


Рисунок 6









Арнайы карталар


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.03.2025
336
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі