400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құқықтық тәрбие беру-заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Құқықтық тәрбие беру-заман талабы" мақала. Мектеп оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру барысы туралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батырбаева Жамиля Касымовна

тәрбие ісінің орынбасары

Алматы облысы, Жамбыл ауданы

«Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»мемлекеттік коммуналдық мекемесі


Құқықтық тәрбие беру-заман талабы


Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бас иген құл болмайды

Б.Момышұлы


Тәрбие- балада адамгершілік, әлеуметтік негіздерді қалыптастыратын өнер.Адамның өзіндік санасы оның тәртібін реттеп отырады. Сонда ғана тәрбиеде жетістікке жетеміз. Ал, құқықтық тәрбие – жас ұрпақтың бойындағы адами құндылықтарды және мәдениеттілікті жетілдіруге, тұлғаның азаматтық қалыптасуына жетелейді.

Мектепте құқықтық тәрбие беру жұмысын нәтижелі ұйымдастырып, табысты жүргізу басты міндеттің бірі ретінде алға қойылған. Осыған орай, құқықтық тәрбие берудің түрлі формалары: сабақтар,лекторийлер, дебаттар,дөңгелек үстелдер, пікірсайыстар, олимпиадалар және жоба жұмыстары өткізілуде. Соның ішінде жоба жұмыстарына тоқталғым келеді. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, құзыреттіктерді, адами құндылықтарды қалыптастыру және дамыту, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау мақсатында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, 1-4 сыныптарда «Менің отбасым –оқырман», 5-7 сыныптарда «Мектеп театры», 8-9 сыныптарда «Жаңа ғасыр», 10-11 сыныптарда «Қоғамға қызмет» әлеуметтік жобалар жұмысы іске қосылған. 1-4 сыныптарда «Менің отбасым –оқырман» жобасы аясында оқушының бос уақытын ата-анасымен бірге өткізу арқылы отбасылық оқу дәстүрінің өркендеуі, сауаттылығы, жауапкершілігі, ал, 6-7 сыныптарда «Мектеп театры» жоба жұмысында оқушылардың өзіне-өзі сенімділігі, этикалық көрінісі мен шеберлігі, мәселе бойынша өзіндік пікір, түсінік, көзқарас қалыптастыра білу қабілеттері байқалды. 8-9 сыныптарда «Жаңа ғасыр» жоба жұмысы білім алушылардың позитивті, сыни ойлауы, жүйелі талдау дағдылары, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табу қабілеттерін дамытуға, құқықтық сауатты болуға ықпал етті. Сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптарға мән бере отырып, шешен сөйлеуге машықтанды. 10-11 сыныптарда «Қоғамға қызмет» волонтерлік әлеуметтік жоба жұмысы жасөспірімдер бойына азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру мақсатында іске қосылған. Жоба жұмысы «Сабақтастық», «Саулық», «Қамқор», «Таза әлем», «Асыл мұра», «Білім», «Үміт» бағыттары бойынша жүргізілді. Волонтер қызметін қажет ететін мұқтаж жандарға көмек, үлгерімде олқылықтары бар, тәртібі қиын оқушылармен жұмыстар ұйымдастырылды. Оқушылар арасында өзгеге көмек қолын созуға, ақысыз көмек көрсетуге ұмтылып, волонтерлік қызметтің рөлі, волонтерлер саны арта бастады. Жобалар аясында еліміздің дамуына өз үлесін қосып, құқықтық сауатты, жүрегі мейірімге толы тұлға тәрбиеленетініне кәміл сенемін.

Сөзімді жазушы, педагог-ағартушы В.А.Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді: «Қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке адамның мұқтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмысқа оқушылар ұйымшылдықпен қатысса, алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік-құқықтық жетістіктерін,тәжірибелерін қабылдап, өз мінез-құлықтарына қалыптастырады».


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
606
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі