жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік 10- сынып
Тәрбие сағаты |
Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік |
|
Күні |
24-28.02.25ж. |
|
Сынып жетекші: |
Аты-жөні |
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларға құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершіліктің маңызын түсіндіру; Құқықтық тәртіптің қоғамдағы рөлін түсіндіру; Әлеуметтік жауапкершілік ұғымын және оның қоғам үшін қажеттілігін ұғындыру; Оқушылардың жеке жауапкершілігін дамыту және құқықтары мен міндеттерін білуге ынталандыру. |
|
Құндылықтарды дарыту |
Жасампаздық және жаңашылдық |
|
Апта дәйексөзі |
Жаңашылдық – заман талабы
|
|
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі (17 мин)
|
Оқушылармен амандасып, сабақты бастау. Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымызда біз құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілік туралы сөйлесеміз. Бұл ұғымдар біздің өмірімізде қандай маңызды рөл атқаратынын білетін боламыз. «Құқық» деген сөзді естігенде қандай ойлар келеді? (оқушылар пікірін тыңдау) «Әлеуметтік жауапкершілік» дегенде не түсінесіздер? (оқушылар пікірін тыңдау) Құқықтық тәртіп туралы түсінік: Құқықтық тәртіп – қоғамдағы заңдардың сақталуы мен орындалуын қадағалау. Құқықтық тәртіптің маңыздылығы: заңдарды сақтау арқылы біз қоғамда тыныштық пен әділдікті сақтай аламыз. Құқық бұзушылықтар мен қылмысқа қарсы күресіміз үшін әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі қажет. Сұрақтар:
Құқықтық тәртіптің қоғамдағы рөлі қандай? Құқықтық тәртіп бұзылса не болуы мүмкін?
|
Мұғаліммен амандасады. Сабақтың мақсатымен танысады.
Құқық ұғымы. Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы. Жауапкершілік— адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі. Өсіп келе жатқан адамда жауапкершілікті тәрбиелеу - қазіргі заман өзекті мақсаты. Мұғалімнің өзінде де жауапкершілік болғаны жөн. Жауапсыз мұғалім - білім саласындағы енбейтін кұбылыс; ата-аналардың өз балалары тәрбиесі үшін жауапкершілігін белгілейтін заңды және өнегелі нормалар
|
Құрал-жабдықтар:
Ақпараттық слайдтар Интерактивті тақта Флипчарт (топтық жұмыс үшін)
|
Сабақ ортасы (10 мин)
|
Қауіпсіздік сабағы «ТАБЫСТЫҢ КҮМӘНДІ ТҮРЛЕРІ. ҚАЛАЙ АЛАЯҚТАРДЫҢ ТҰЗАҒЫНА ТҮСПЕУГЕ БОЛАДЫ?» Сабақтың мақсаты: жас жеткіншектерге күмәнді табыс көздері туралы түсінік беру. Негізгі міндеттері: 1. Оқушыларды күмәнді оңай табыс жайында ақпараттандыру. 2. Алаяқтардың басты белгілері туралы түсінік қалыптастыру. 3. Жауапкершілік арқалау. Материалдар мен ресурстар: Тақырыпқа байланысты бейнематериалдар мен ақпарат, ватмандар, «Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады?» жадынамасын жасауға арналған маркерлер. Сабақтың барысы 1. Кіріспе Күмәнді табыстардың түрлері туралы қысқаша баяндайды. Қосымша қаражат табуға шақыратын алаяқтардың басты белгілері мен таныстырады (1-қосымша). 2. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін) 1. Әңгіме: жақында қандай жаңа алаяқтық тәсілдері пайда болды? Айтыңызшы, сіз бұл туралы не білесіз? 2. Топтарда жұмыс істеу. «Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады?» Жыл сайын алаяқтар ақшаны алып тастаудың барған сайын күрделі схемаларын ойлап табады. Телефондар, компьютерлер және электрондық мұрағаттар сіз туралы көп нәрсені білуге мүмкіндік береді. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз. Қорытынды. Сабақты қорытындылау. Жадынамалар мен нұсқаулар беру.
Пайдалы сілтемелер: https://youtu.be/t68mPSKGb2A?si=9GUGpTyP3xA_TLnk https://youtu.be/jV2wZHGjA18
Алаяқтардың басты белгілері
• Әдетте қаскүнемдер банктерден бір не бірнеше шот ашуды өтінеді, оларға алаяқтар белсенді түрде ақша аударады. Әрі қарай осындай әрекеттің құрбаны болған адамға шоттардан барлық қаражатты шығарып алып, оны бір ортақ шотқа аудару, ал өзіне сол ақшадан біраз пайыз, мысалы 100-150 мың теңге алып қалу туралы нұсқау беріледі. • Есірткі жасырып, оңай олжаға кенелесің, яғни нұсқаулық бойынша есірткіні жасырып, суретке түсіріп жіберу қажет. Интернет жүйесі арқылы келген сілтеме бойынша өткен кезде мекенжай жолына, яғни, доменнің дұрыстығына, акция жүргізетін ұйымның не компанияның ресми атауындағы артық символдарға назар аудару керек. • Әлеуметтік желілердегі өз профиліңіздің дербестігін баптауларда байланыс деректерін (қызметтік және жеке телефон нөмірі) көпшілікке қолжетімді етпеген дұрыс. Мобильдік нөмірді (бизнес-аккаунт) көрсету қажет болған жағдайда, жеке және жұмыс нөмірлерін бөлу қажет, яғни, жеке нөмірді туыстармен және жақындармен байланысу үшін ғана пайдаланған дұрыс. • Есептік деректеріңізді үнемі тексеріп, көп факторлы аутентификация пайдаланылатын сенімді парольдердіқолданыңыз. Браузерде, операциялық жүйеде және мобильдік құрылғыларда пайда болатын түрлітерезелер мен хабарламалардан абай болыңыздар. • Банк картаңыздың деректерін сақтап, картаның сыртқы жағындағы 3санды CVV/CVC-кодын ешкімге айтпаңыз. Сондай-ақ банктен келіп түсетін SMS-кодты ешбір жағдайда бейтаныс жандарға хабарламаңыз. • Интернетке қол жеткізудің ашық қоғамдық Wi-Fi нүктелеріне сенбеңіз, сонымен қатар өз аутентификациялық деректеріңізді қорғалмаған сымсыз желілер арқылы енгізбеуге тырысыңыз. |
Егер сізге қоңырау шалса немесе сіз туралы бірдеңе білетін бейтаныс адамдар келсе, БҰЛ АЛАЯҚТАР БОЛУЫ МҮМКІН. СІЗ ЕСКЕРУ КЕРЕК ЖАҒДАЙЛАР: 1. Егер сіз күтпеген жеңіс туралы SMS хабарлама алсаңыз, ойланыңыз! Нағыз ұтыс ойыны сіздің тарапыңыздан ақшалай төлемдерді білдірмеуі керек! Ақшаңызбен бөлісуге асықпаңыз! 2. Сізге бейтаныс нөмірден қоңырау келіп, жақындарыңыз қиыншылыққа тап болды деп мазасыз дауыспен хабарлайды. Мәселені шешу үшін сізге үлкен ақша қажет. Алаяқтар осы схема бойынша жұмыс істейді! Ақпаратты тексеру үшін туыстарыңызға қоңырау шалыңыз. 3. Емханадан хабарласып, сіз немесе сіздің туыстарыңыздың қауіпті ауруға шалдыққаны туралы хабарлайды. Алаяқтардың «қойылымының» күрделілігіне қарамастан (сіздің медициналық тарихыңыз, туысыңыздың аты-жөні, учаскелік дәрігердің тегі туралы айтуы мүмкін) бұл алаяқтық! Нағыз дәрігер телефон арқылы мұндай «жаңалықтарды» ешқашан жарияламайды! Ерте ме, кеш пе, алаяқтар тек қымбат дәрі немесе хирургия көмектесе алады дейді. СЕНБЕҢІЗ! БҰЛ АЛДАУ! 4. Сіздің телефоныңызға белгісіз нөмірлерден қоңыраулар немесе хабарламалар келіп түседі, олар балаларға көмектесу немесе ұтып алған жүлдені алу үшін шотқа ақша салуды сұрайды. БҰЛ ӨТІРІК! 5. Сізге әлеуметтік қызмет қызметкерлері келді. Алдыңғы есікті ашпас бұрын оларды жіберген ұйымға қоңырау шалыңыз. Алаяқтар қобалжыса, ал нағыз жұмысшылар түсіністікпен қарайды. Ешқашан ақша, құндылықтар мен құжаттарды бермеңіз. Сізге бейтаныс адамдар келіп, дәрі-дәрмектерді, қоспаларды немесе басқа заттарды сатып алуды ұсынады. Біліңіз! Нағыз дәрі-дәрмектер мен тағамдық қоспалар (диеталық қоспалар) сатылмайды. Оларды тек мамандандырылған дәріханалардан сатып алуға болады. Оларды қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек. Мұндай қоңыраулар, СМС-хабарламалар және бейтаныс адамдардың ұсыныстары түскен кезде: - Сабырлы болыңыз. - Құқық қорғау органдарына дереу хабарлаңыз. - Ақпаратты тексеру үшін туыстарыңызға хабарласыңыз. Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз алаяқтардың құрбаны болса немесе сізге қарсы әрекет жоспарланған деп күдіктенсеңіз, дереу полицияға хабарласыңыз! |
|
Ортасы (15 мин)
|
Әлеуметтік жауапкершілік туралы түсінік:
Әлеуметтік жауапкершілік – әр адам мен ұйымның қоғам алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі. Әлеуметтік жауапкершілік адам құқықтарын қорғау, табиғатты сақтау, қоғамның дамуына үлес қосу, жаман әдеттерден аулақ болу сияқты әрекеттерді қамтиды. Сұрақтар:
Әлеуметтік жауапкершілік дегеніміз не? Әлеуметтік жауапкершілікті қалай көрсете аламыз? Құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершіліктің байланысы:
Әлеуметтік жауапкершілікті сезінген адамдар құқықтарды бұзбайды, қоғамға зиян келтірмейді, өз құқықтары мен міндеттерін түсінеді. Құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілік бірін-бірі толықтырады. Құқықтық тәртіпті сақтай отырып, әр азамат қоғамға өз жауапкершілігін сезінеді.
|
Практикалық бөлім:
Топтық жұмыс: Оқушыларды 3 топқа бөліп, әр топқа келесі тапсырмаларды береміз:
1-топ: Құқықтық тәртіптің қоғамдағы маңызды рөлін талқылау және мысалдар келтіру. 2-топ: Әлеуметтік жауапкершіліктің өмірде қалай көрініс табатынын сипаттау. 3-топ: Құқық бұзушылық пен әлеуметтік жауапкершілік арасындағы байланысты түсіндіру. Әр топ өз пікірлерін ортаға салып, баяндайды.
Рөлдік ойын: Оқушылар арасында рөлдік ойын ұйымдастырылады. Мысалы:
Бір оқушы құқық бұзушы болады, екіншісі – полиция қызметкері, тағы біреуі – жәбірленуші. Қалған оқушылар бақылаушылар болып қатысады. Ойында құқық бұзу, оны түзету, және әр адамның әлеуметтік жауапкершілігі жайлы диалог жүргізіледі. |
Құрал-жабдықтар: Ақпараттық слайдтар Интерактивті тақта Флипчарт (топтық жұмыс үшін) |
Соңы 3 мин
|
Қорытынды жасау: «Құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілік – қоғамның тұрақты әрі дамыған болуы үшін өте маңызды. Егер әр адам өзінің құқығын, міндетін және әлеуметтік жауапкершілігін түсініп, дұрыс орындаса, онда қоғамда тәртіп пен бейбітшілік орнайды.»
|
Үй тапсырмасы:
Оқушыларға «Құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілік» тақырыбы бойынша шағын эссе жазуды тапсыру. |
Құрал-жабдықтар: Ақпараттық слайдтар Интерактивті тақта Флипчарт (топтық жұмыс үшін) |

