|
Тәрбие сағаты |
Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік |
|
|
Күні |
24-28.02.25ж. |
|
|
Сынып жетекші: |
Аты-жөні |
|
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларға құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершіліктің маңызын түсіндіру; Құқықтық тәртіптің қоғамдағы рөлін түсіндіру; Әлеуметтік жауапкершілік ұғымын және оның қоғам үшін қажеттілігін ұғындыру; Оқушылардың жеке жауапкершілігін дамыту және құқықтары мен міндеттерін білуге ынталандыру. |
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Жасампаздық және жаңашылдық |
|
|
Апта дәйексөзі |
Жаңашылдық – заман талабы
|
|
|
Сабақтың барысы |
||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар
|
|
Ұйымдастыру кезеңі (17 мин)
|
Оқушылармен амандасып, сабақты бастау. Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымызда біз құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілік туралы сөйлесеміз. Бұл ұғымдар біздің өмірімізде қандай маңызды рөл атқаратынын білетін боламыз. «Құқық» деген сөзді естігенде қандай ойлар келеді? (оқушылар пікірін тыңдау) «Әлеуметтік жауапкершілік» дегенде не түсінесіздер? (оқушылар пікірін тыңдау) Құқықтық тәртіп туралы түсінік: Құқықтық тәртіп – қоғамдағы заңдардың сақталуы мен орындалуын қадағалау. Құқықтық тәртіптің маңыздылығы: заңдарды сақтау арқылы біз қоғамда тыныштық пен әділдікті сақтай аламыз. Құқық бұзушылықтар мен қылмысқа қарсы күресіміз үшін әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі қажет. Сұрақтар:
Құқықтық тәртіптің қоғамдағы рөлі қандай? Құқықтық тәртіп бұзылса не болуы мүмкін?
|
Мұғаліммен амандасады. Сабақтың мақсатымен танысады.
Құқық ұғымы. Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы. Жауапкершілік— адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі. Өсіп келе жатқан адамда жауапкершілікті тәрбиелеу - қазіргі заман өзекті мақсаты. Мұғалімнің өзінде де жауапкершілік болғаны жөн. Жауапсыз мұғалім - білім саласындағы енбейтін кұбылыс; ата-аналардың өз балалары тәрбиесі үшін жауапкершілігін белгілейтін заңды және өнегелі нормалар
|
Құрал-жабдықтар:
Ақпараттық слайдтар Интерактивті тақта Флипчарт (топтық жұмыс үшін)
|
|
Сабақ ортасы (10 мин)
|
«ҚАУІПСІЗ ҚАРЖЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ. ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАРДЫҢҚАУПІ»
Сабақтың мақсаты: қаржылық пирамида белгісін анықтай отыра, қаржылық пирамида қаупінің алдын алу. Қауіпсіз қаржылық операцияларды жүзеге асырудың қағидаларымен таныстыру. Негізгі міндеттері: 1) қаржылық пирамиданың анықтамасына тоқталу; 2) қаржылық пирамиданың белгілерімен таныстыру; 3) қаржылық пирамиданың түрлерін ажырата білу. Материалдар мен ресурстар: Қаржылық пирамидалар туралы үлестірмелі материалдар, ватмандар, менталды карта жасауға арналған маркерлер. Сабақтың барысы 1. Кіріспе Қаржы – бұл әртүрлі қаржылық экономикалық саладағы есептеу бірлігі. Экономикалық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар тауар айналымын ұлғайту, қызмет көрсету саласын кеңейту, жаңа өнімдерді игеру, өндіріске заманауи технологияларды енгізу үшін коммерциялық негізде қаражат тартумен айналысады. Қаржылық пирамида дегеніміз (кейде оны инвестициялық пирамида деп те атайды) – жаңа адамдарды тарту арқылы, солардың қаражаты есебінен өзге қатысушылардың табысын қамтамасыз ету әдісі. Яғни, пирамиданың бірінші қатысушыларына табыс, кейінгі қатысушылардың салымы есебінен төленеді. Көп жағдайда соңғы қатысушының қаражаты қайтарылмайды. 2. Негізгі бөлім (6 мин) Табыс деңгейін арттыруға деген ұмтылысты зиянкестер адамдарды алдау үшін жиі пайдаланады. Қаржы пирамидаларының қызметі туралы жаңалықтарда үнемі хабарланғанымен, қазақстандықтар әлі де алданып қалып жатыр. Сондықтан алаяқтық ұйымдарды ресми және тіркелген қаржы компанияларынан ажырата білу маңызды. Қаржы пирамидасы (сонымен қатар инвестициялық пирамида, схемасы – жаңа қатысушылардың қаражатын үнемі тарту арқылы құрылым мүшелеріне кірісті қамтамасыз ету жүйесі. Пирамиданың бірінші қатысушыларына кіріс кейінгі қаражаттың есебінен төленеді. Әдетте қаржы пирамидасының негізін қалаушылар инвесторларға ұзақ уақыт бойы сақталмайтын жоғары кірісті уәде етеді. Бұл ретте пирамиданың барлық қатысушылар алдындағы міндеттемелерін өтеу көрінеу мүмкін емес. Қаржы пирамидасының белгілері туралы әңгіме. Қаржы пирамидасы – бұл құрылтайшылар жаңа салымшылардың ақшасы арқылы салымшылар алдындағы міндеттемелерді жабатын алаяқтық схемалардың бір түрі. Қаржы пирамидалары ұйымдастыру принципімен немесе құрылымымен ерекшеленеді. Бір деңгейлі пирамида. Бұл дәл пирамида МММ. Алаяқтық схеманың қарапайым түрі. Ұйымдастырушы белгілі бір бағалы қағаздарды жеткілікті қамтамасыз етпей немесе мүлдем шығармай салымшыларға сатады. Бірінші салымшылардың табысы жаңаларының есебінен жабылады. Ерте ме, кеш пе, мұндай шынжыр үзіліп кетеді, өйткені барлық салымдар мен уәде етілген пайдаға кепілдік жоқ. Көпдеңгейлі пирамида. Бұл пирамида қазірдің өзінде күрделі құрылымға ие. Бұл дегеніміз, салымшылар тек ақша әкеліп қана қоймай, сонымен бірге жаңа салымшыларды жалдап, әрқайсысы үшін пайда табады. Осылайша, пирамида құрылады, онда деңгей неғұрлым төмен болса, салымшылар соғұрлым көп болады. Бұл схемаға қатысуы мүмкін адамдардың саны бір кездері аяқталатындықтан, ерте ме, кеш пе пирамида құлайды. Бірақ оның қадамдары неғұрлым көп болса, жоғарыдағылар соғұрлым бай болады, өйткені олар әр жаңа жалдаушыдан пайда табады. Сондықтан пирамидаға ерте кезеңдерде қосылу тиімді саналады. «Сегіз шар» моделі. Алаяқтар қаржы нарықтағы пирамидалар арқылы адамдарды алдау қиындай түскенін түсінді. Сондықтан олар өз кәсіпорнының пирамидалық мәнін камуфляждайды. Бұған мысал ретінде сегіз шардың құрылымын келтіруге болады. Онда әр қатысушы тек екі жаңа клиентті әкелуі керек, олар да өз кезегінде тек екі клиенттен әкеледі. Матрицалық схема. Мұнда принцип одан да күрделі. Клиенттер белгілі бір адамдардан тұратын ұяшықтарға орналасады, жаңа клиенттерді жалдайды. Ұяшық қатысушылардың қажетті санына жеткенде, олар белгілі бір бонустар ала отырып, бір сатыға көтеріледі. 1. Инвестициялау қажеттілігі көптеген схемаларда қарапайым нұсқа болуы мүмкін, қатысушылар ұйымға немесе олардың өнімдері мен қызметтеріне қаржылық инвестиция салуға шақырады. 2. Үлкен пайда туралы уәде, сондай-ақ алаяқтар құрбандарды келесіұсыныстар арқылы тартады: үлкен пайыздар – пирамида қатысушыларына салынған қаражатты банктік депозиттер бойынша сыйақыдан бірнеше есе артық қайтаруға, салынған ақшаны тез қайтаруға уәде беріледі. Әдетте үлкен сыйақы туралы уәде оны алудың жылдам мерзімдерімен (бірнеше апта немесе тіпті күндер) күшейтіледі. 3. Жаңа адамдарды тарту. Қаржы пирамидалары қатысушы төлем алу үшін адамдарды белсенді түрде тартуы керек дегенді білдіреді. 4. Жоба «Ноу-хау» ретінде беріледі. Яғни, алаяқтар нарықта теңдесі жоқ мүлдем жаңа өнімді немесе шешімді ұсына алады. 3. Қорытынды. Сабақты қорытындылау. Қаржы пирамидалары туралы менталды карта құру. Пайдалы сілтемелер: https://youtu.be/FKicYDjYTW4?si=ZA-S-auI5fEgrTM- |
|
|
|
Ортасы (15 мин)
|
Әлеуметтік жауапкершілік туралы түсінік:
Әлеуметтік жауапкершілік – әр адам мен ұйымның қоғам алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі. Әлеуметтік жауапкершілік адам құқықтарын қорғау, табиғатты сақтау, қоғамның дамуына үлес қосу, жаман әдеттерден аулақ болу сияқты әрекеттерді қамтиды. Сұрақтар:
Әлеуметтік жауапкершілік дегеніміз не? Әлеуметтік жауапкершілікті қалай көрсете аламыз? Құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершіліктің байланысы:
Әлеуметтік жауапкершілікті сезінген адамдар құқықтарды бұзбайды, қоғамға зиян келтірмейді, өз құқықтары мен міндеттерін түсінеді. Құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілік бірін-бірі толықтырады. Құқықтық тәртіпті сақтай отырып, әр азамат қоғамға өз жауапкершілігін сезінеді.
|
Практикалық бөлім:
Топтық жұмыс: Оқушыларды 3 топқа бөліп, әр топқа келесі тапсырмаларды береміз:
1-топ: Құқықтық тәртіптің қоғамдағы маңызды рөлін талқылау және мысалдар келтіру. 2-топ: Әлеуметтік жауапкершіліктің өмірде қалай көрініс табатынын сипаттау. 3-топ: Құқық бұзушылық пен әлеуметтік жауапкершілік арасындағы байланысты түсіндіру. Әр топ өз пікірлерін ортаға салып, баяндайды.
Рөлдік ойын: Оқушылар арасында рөлдік ойын ұйымдастырылады. Мысалы:
Бір оқушы құқық бұзушы болады, екіншісі – полиция қызметкері, тағы біреуі – жәбірленуші. Қалған оқушылар бақылаушылар болып қатысады. Ойында құқық бұзу, оны түзету, және әр адамның әлеуметтік жауапкершілігі жайлы диалог жүргізіледі. |
Құрал-жабдықтар: Ақпараттық слайдтар Интерактивті тақта Флипчарт (топтық жұмыс үшін) |
|
Соңы 3 мин
|
Қорытынды жасау: «Құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілік – қоғамның тұрақты әрі дамыған болуы үшін өте маңызды. Егер әр адам өзінің құқығын, міндетін және әлеуметтік жауапкершілігін түсініп, дұрыс орындаса, онда қоғамда тәртіп пен бейбітшілік орнайды.»
|
Үй тапсырмасы:
Оқушыларға «Құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілік» тақырыбы бойынша шағын эссе жазуды тапсыру. |

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік 11- сынып

шағым қалдыра аласыз