Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік 8-сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкестендіріліп жасалған.ҚМЖ-да қауіпсіздік сабағы мен құндылықтар,апта дәйек сөздері кіріктірілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбие сағаты

Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік

Күні

24-28.02.25ж.

Сынып жетекші:

Аты-жөні

Сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершіліктің маңызын түсіндіру;

Құқықтық тәртіптің қоғамдағы рөлін түсіндіру;

Әлеуметтік жауапкершілік ұғымын және оның қоғам үшін қажеттілігін ұғындыру;

Оқушылардың жеке жауапкершілігін дамыту және құқықтары мен міндеттерін білуге ынталандыру.

Құндылықтарды дарыту

Жасампаздық және жаңашылдық

Апта дәйексөзі

Жаңашылдық – заман талабы


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті


Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (17 мин)


Оқушылармен амандасып, сабақты бастау.

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымызда біз құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілік туралы сөйлесеміз. Бұл ұғымдар біздің өмірімізде қандай маңызды рөл атқаратынын білетін боламыз.

«Құқық» деген сөзді естігенде қандай ойлар келеді? (оқушылар пікірін тыңдау)

«Әлеуметтік жауапкершілік» дегенде не түсінесіздер? (оқушылар пікірін тыңдау)

Құқықтық тәртіп туралы түсінік:

Құқықтық тәртіп – қоғамдағы заңдардың сақталуы мен орындалуын қадағалау.

Құқықтық тәртіптің маңыздылығы: заңдарды сақтау арқылы біз қоғамда тыныштық пен әділдікті сақтай аламыз. Құқық бұзушылықтар мен қылмысқа қарсы күресіміз үшін әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі қажет.

Сұрақтар:



Құқықтық тәртіптің қоғамдағы рөлі қандай?

Құқықтық тәртіп бұзылса не болуы мүмкін?


Мұғаліммен амандасады.

Сабақтың мақсатымен танысады.




Құқық ұғымы. Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.

Жауапкершілік— адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі. Өсіп келе жатқан адамда жауапкершілікті тәрбиелеу - қазіргі заман өзекті мақсаты. Мұғалімнің өзінде де жауапкершілік болғаны жөн. Жауапсыз мұғалім - білім саласындағы енбейтін кұбылыс; ата-аналардың өз балалары тәрбиесі үшін жауапкершілігін белгілейтін заңды және өнегелі нормалар







Құрал-жабдықтар:


Ақпараттық слайдтар

Интерактивті тақта

Флипчарт (топтық жұмыс үшін)










Сабақ ортасы (10 мин)







Желідегі жас шектеулері және олар не үшін қажет?

Сабақтың мақсаты: интернеттегі жас шектеулерінің маңыздылығын және оның балалардың қауіпсіздігіне әсерін түсіну.

Негізгі міндеттер:

1. Жас шектеулерінің не екенін және олардың не үшін бар екенін түсіндіру.

2. Балаларды интернеттегі жас шектеулерін тануға және сақтауға үйрету.

3. Жас шектеулерін бұзуға байланысты қауіптердің мысалдарын қарастыру.

Сабақтың барысы

1. Кіріспе (2 минутқа дейін): талқылау, жас шектеулері және олар қайда қолданылады. Танымал сайттар мен қосымшалардағы жас шектеулерінің мысалдары (презентацияда). Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы және интернет желісінің кең таралуы адамдарға қарым-қатынас пен даму үшін үлкен мүмкіндіктер береді.

Мектеп оқушыларына сынып сағатының ұсынылған тақырыбының өзектілігін көрсетуге бағытталған балалар сауалнамасы:

интернетті күнделікті қолданатындар қолдарыңызды көтеріңіздер;

әлеуметтік желілерде тіркелген балалар қолымызды көтереміз;

интернетте өздері туралы ақпарат қалдырған адамдар қолымызды көтереміз, мысалы: аты-жөні, туған күні, телефон нөмірі, фотосуреттер және т.б.


2.Негізгі бөлім (6 минутқа дейін)

- Жас шектеулерін енгізу себептерін талқылау (қажетсіз мазмұннан қорғау, жеке қауіпсіздікті сақтау).

- Жас шектеулерін бұзудың жағымсыз салдарының мысалдары (кибербуллинг, орынсыз контентті қарау).

Педагог балаларға сауалнама жүргізеді: сіздердің біреулеріңіз интернетте осындай жағдайларға тап болдыңыздар ма және қалай әрекет еттіңіздер?

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

1.Ең алдымен, интернеттегі өзіңіз туралы ақпарат көлемін шектеу керек.

2. Интернетте танысқан және оларды нақты өмірде білмейтін адамдарға бейнелер мен фотосуреттер жібермеңіз.

3. Әртүрлі есептік жазбалар мен қызметтер үшін әртүрлі құпия сөздерді ғана

қолданыңыз.

4. Құпия сөздердіжиі өзгертуге тырысыңыз.

5. Үйдегі компьютерлерде вирустар бар-жоғын жүйелі түрде тексеріңіз.

6. Маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасаңыз.

3. Қорытынды Сабақты қорытындылау Карточкалар

1. Жеке ақпаратты қалай дұрыс басқаруға болады?

2. Оны кімге және қандай көлемде беруге болады?

Жадынама. Жас шектеулерін сақтау және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық бойынша кеңестер.










Пайдалы сілтемелер: https://drive.google.com/file/d/1QhtZO8sQxyrDgM4Q6YhuhN9dHZ_5OPK1/view

https://youtu.be/9-2FDWjemLY?si=k3hCv2yT-jLKGDfR















Ортасы (15 мин)


Әлеуметтік жауапкершілік туралы түсінік:


Әлеуметтік жауапкершілік – әр адам мен ұйымның қоғам алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі. Әлеуметтік жауапкершілік адам құқықтарын қорғау, табиғатты сақтау, қоғамның дамуына үлес қосу, жаман әдеттерден аулақ болу сияқты әрекеттерді қамтиды.

Сұрақтар:


Әлеуметтік жауапкершілік дегеніміз не?

Әлеуметтік жауапкершілікті қалай көрсете аламыз?

Құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершіліктің байланысы:


Әлеуметтік жауапкершілікті сезінген адамдар құқықтарды бұзбайды, қоғамға зиян келтірмейді, өз құқықтары мен міндеттерін түсінеді.

Құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілік бірін-бірі толықтырады. Құқықтық тәртіпті сақтай отырып, әр азамат қоғамға өз жауапкершілігін сезінеді.


Практикалық бөлім:


Топтық жұмыс: Оқушыларды 3 топқа бөліп, әр топқа келесі тапсырмаларды береміз:


1-топ: Құқықтық тәртіптің қоғамдағы маңызды рөлін талқылау және мысалдар келтіру.

2-топ: Әлеуметтік жауапкершіліктің өмірде қалай көрініс табатынын сипаттау.

3-топ: Құқық бұзушылық пен әлеуметтік жауапкершілік арасындағы байланысты түсіндіру.

Әр топ өз пікірлерін ортаға салып, баяндайды.



Рөлдік ойын: Оқушылар арасында рөлдік ойын ұйымдастырылады. Мысалы:


Бір оқушы құқық бұзушы болады, екіншісі – полиция қызметкері, тағы біреуі – жәбірленуші. Қалған оқушылар бақылаушылар болып қатысады. Ойында құқық бұзу, оны түзету, және әр адамның әлеуметтік жауапкершілігі жайлы диалог жүргізіледі.


Құрал-жабдықтар:


Ақпараттық слайдтар

Интерактивті тақта

Флипчарт (топтық жұмыс үшін)

Соңы

3 мин


Қорытынды жасау:

«Құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілік – қоғамның тұрақты әрі дамыған болуы үшін өте маңызды. Егер әр адам өзінің құқығын, міндетін және әлеуметтік жауапкершілігін түсініп, дұрыс орындаса, онда қоғамда тәртіп пен бейбітшілік орнайды.»



Үй тапсырмасы:


Оқушыларға «Құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілік» тақырыбы бойынша шағын эссе жазуды тапсыру.

Құрал-жабдықтар:


Ақпараттық слайдтар

Интерактивті тақта

Флипчарт (топтық жұмыс үшін)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.02.2025
245
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі