жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Құрал- саймандар,олармен жұмыс істеу қауіпсіздігі.
Бекітемін
Мектеп директоры:
_____________________________________А.С.Бершимбаева
Оқу ісінің меңгерушісі:
___________Н. И. Ефанова
«КӨРКЕМ ЕҢБЕК» ПӘНІ БОЙЫНША ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
1-СЫНЫП
Көркем еңбек Бастауыш мектеп 1-сынып |
1 А-бөлім: Өзім туралы |
Ұсынылатын алдыңғы білімдер |
Осы бөлімнің мазмұны оқушылардың көркем еңбек бойынша балабақшада, үйде, үйірмелерде алдын ала меңгерген сурет салу мен қолданбалы өнер іс-әрекеті дағдыларына және білімдеріне негізделеді. |
Тілдік мақсаттары |
||
Оқушыларға түсінікті тиісті ғылыми тілде жазылған мақсат үлгісі төменде берілген |
||
Оқытудың тілдік мақсаты |
Пәндік лексика және терминология |
Диалогқа/жазылымға қажетті сөздер топтамасы |
Оқушылар орындай алуы тиіс: • сызықтар, пішіндер, таңбаларды жасау тәсілін сипаттау
|
Қарастырылады: • күңгірт, ашық;
• қатты, жұмсақ, жуан, жіңішке; • қарындаш, қалам, көмір қарындаш, ұшы, жақ, дақ (сия тамшысы), қайшы, кескіш; • таңба салу, сызық, пішіндер, көлем, масштаб. |
Талқылауға арналған сұрақтар: • Сіз қандай таңбаларды/сызықтарды/пішіндерді жасай аласыз? • Сіз қанша таңбаларды/сызықтарды/пішіндерді жасай аласыз? • Сіз қайсысын қалар едіңіз? • Сіз өз таңбаңызды/ сызықтарыңызды /пішіндеріңізді сипаттай аласыз ба? • Сізге олар кандай бейнелерді еске түсіреді? • Осы жұмыс, сурет немесе сызық қандай сезім тудырады? • Өз сызықтарыңыз бен пішіндеріңізді қағаз бетінде қалай орналастырдыңыз? |
Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша академиялық тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз |
||
Қысқаша шолу |
||
Осы бөлімде оқушылар әр түрлі материалдар және құралдармен танысып (бұл - таңбалар мен коллаж, сызық, түс және пішіндер жасау үшін қарындаш, көмір қарындаш, бор, бояу), сонымен қатар олармен жұмыс жасау тәсілдерін үйренеді және олар туралы білімдерін кеңейтеді. Олар материалдармен жұмыс жасаудың әр түрлі тәсілдерін қолдана отырып, қарапайым және болжамды пішінде визуалды әрі тактильді элементтермен тәжірибе жасайды, мысалы, қарындаштың ұшын немесе тұқыл ұшын пайдаланып, жеңіл немесе қатты басу. Оқушылар мұны визуалды және вербалды тіл арқылы жеке және топ болып өз идеялары мен сезімдерін білдіруде қолданады. |
||
Оқу бағдарламасына сілтеме |
Оқу мақсаттары |
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері |
Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша) |
Оқыту ресурстары |
2. Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
2.1 Қоршаған ортаның бейнелері
|
1.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін айқындау үшін қарапайым тәсілдерді анықтап, қоршаған ортадағы кейбір визуалды элементтерді қолдану
|
Cызықтар мен пішіндер (К, С) Оқушыларға түрлі сурет салу материалдарымен таңба және сызықтарды салуды, әр түрлі сызықтар мен таңбаларды анықтай білуді және олар туралы ойлауды үйретіңіз. «Қандай таңбаларды, сызықтарды, пішіндерді сала аласыз?», «Қанша таңба, сызықтар, пішіндер сала аласыз?» деген сұрақтар қойыңыз.
(Ө, Т) Оқушылар қанша сызық пен таңба жасай алатыны туралы ойланып, түрлі құралдармен тәжірибе жасайды.
(Т, С) Оқушылар түрлі сезімдерді сызықтар арқылы қалай жеткізуге болатыны туралы ойланады, бір-бірімен пікір алмасады.
(С, Қ) Оқушыларға дене мүшелерінің суретін, мысалы, алақанға бояу жағу арқылы (саусақтар таңбасы) немесе қол ұшымен айналдыра сызу арқылы қол, саусақпен сурет салуды үйретіңіз. Сызықтардың қалай пішін құрайтынын талқылаңыз.
Өз бақылауларына сүйене отырып, жұмыстарында бұрын орындаған әр түрлі сызықтар мен пішіндерді/таңбаларды қосуына болады. «Көмір қарындаштардың көмегімен саусақ, қол таңбасын қалай жасай аламын»?, «Қол пішінін мен қалай көрсете аламын»? деген сұрақтар қойыңыз.
(Ө, Т) Оқушылар дене мүшелерінің суреті мен пішінін жасауда жаңа білімдерін қолдана отырып, сурет салуды жалғастырады. |
Пайдаланылатын көркемдік тәсілдер түрлі іс-әрекетті орындауға ынталандыруы керек. Мысалы, қарындаштың ұшымен, түбімен, қатты немесе ақырын басу, қарындашпен жұмыс істеудің әр түрлі тәсілдерін қолдану.
Сабақтың мазмұны сызық, пішіндерді және таңбалау тәсілдерін меңгеруге негізделген. Түстер келесі сабақта пайдаланылатын болады.
Мұғалім оқушылардың осы материалды қалай пайдалануға болатыны туралы ойлануларын сұрай алады.
Жұмыс істеу үшін материалдарды мұқият іріктелуі керек, мысалы, көмір қарындашы және/немесе бор.
Қағаздың өлшемі орындалатын жұмысқа байланысты. |
Монохромды жұмыстарға арналған көркем материалдар, (қарындаш және көмір қарындашы).
Үлкен қағаз парағы
|
1. Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту
1.3. Шығармашылық идеялар мен сезімдерді көрсету және дамыту
2.2. Материалдар және шығармашылық жұмысты орындау техникалары |
1.1.3.1 Нақты материалдар мен техникалардың негізінде, өз идеялары мен сезімдерін шығармашылық деңгейде ұсыну
1.2.2.1 Қарапайым тәсілдер мен техникаларды пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, тәжірибе жүргізу
|
Менің бояуларым
(С, К, Қ) Сабақ басында түс туралы, оның не үшін қолданылатынын, негізгі және қосымша түстер туралы әңгіме жүргізу қажет. Оқушыларға өздеріне ұнаған бояу түсін таңдауды сұраңыз. Мұғалім түрлі құралдарды және саусақтар, саусақ ұшы, алақан қыры, алақан сияқты қол бөліктерін қолдана отырып, бояумен таңбаны қалай жасауды көрсетеді. Оқушыларға өзіне ұнаған түстермен қағаз бетіне әр түрлі пішінде таңбалар салуын сұраңыз.
(Ө, Т) Оқушылар әр түрлі таңбалар мен пішіндер туралы ойлана отырып, түрлі тәсілдермен тәжірибе жасап көреді.
(С, К, Қ) Дене мүшелерін салу бойынша, соңғы жасалған жұмыстарға шолу жасау. Мұғалім балалардың бір-бірінің сұлбасын қалай салатынын көрсетеді (ең жеңіл тәсіл – басқа оқушының көлеңкесін айналдыра салу), содан кейін сұлбасын түрлі түспен бояп, өрнек және суретпен толықтырады. Оқушылардан қандай түстер мен өрнектер оларға көбірек ұнайтынын сұрааңыз.
(Т, Т) Жұмыс жалғасады, балалар сурет салу үшін кім өз бейнесінің сұлбасын салғызуға келіседі және қандай түстер мен суреттер таңдалатынын шешеді,.
|
Бояу қол жетуге ыңғайлы шағын жайдақ табақта орналасқан.
Топтағы оқушыларға үлкен қағаз барлық үстелді жабатындай етіп қойылады, ортасына бояу палитрасы қойылады.
Оқушылардың топтық жұмысы саралау және өзара қолдау үшін көмектеседі. Мұғалім қиындықтар туындаған жағдайда көмектесу үшін топтардың жұмысын бақылап отырады.
Мұғалімге балалардың жұптасып немесе шағын топта жұмыс жасауын ұйымдастыруына болады.
Оқушылардың пішін/ сызық/таңба жасау жұмысы оқушылардың киімін ластауы мүмкін, сондықтан мұғалім тарапынан мұқият қадағалауды қажет етеді. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау, жұмыс соңында жұмыс орнын тазалау қажет.
Оқушыларға өз фотосуреттерін немесе ұнайтын бұйымдарын, ойыншықтарын әкелу тапсырылады. Мұның барлығы сынып бөлмесінің бұрышын жабдықтауға арналған жиынтық бола алады.
|
Палитрада түрлі түсті бояулар
Үлкен қағаз парақтары, Қол сүртуге арналған сүлгілер, майлықтар
|
2 Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
2.1 Қоршаған ортаның бейнелері
3. Таныстыру, талдау және бағалау
3.2 Таныстыру, талдау және бағалау
|
1.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін айқындау үшін қарапайым тәсілдерді анықтап, қоршаған ортадағы кейбір визуалды элементтерді қолдану
1.3.2.1 Орындалатын шығармалардың және материалдардың тақырыбын талқылау |
Сызықтар, пішіндер мен түстердегі дыбысар (С) Жұмыс түрлері мен алдыңғы сабаққа шолу. Оқушылар жұмыстарының үлгілерін көрсетіңіз және әр түрлі сызықтардың қалай түрлі сезімдерге бөлейтінін талқылаңыз. Сұрақ қойыңыз: «Бұл сызықтар немесе таңбалар қандай сезімтуғызады»?
(С, К, Қ) Оқушылардан белгілі бір дыбыстар немесе музыка үзіндісін тыңдауларын (музыка сабағында дайындаған өзіндік шығармасын) ұсыныңыз және салынған таңбалар/суреттер мен сызықтарды оқушыларға көрсетіңіз. Олардан қай сызықтардың музыканың әр үзіндісіне сәйкес келетінін көрсетуді сұраңыз. Олардың таңдау себептерін талқылаңыз.
(С, К) Оқушыларға көркем жұмыстардың үлгілерін, мысалы, абстрактілі өнер Сембіғали Смағұлов "Қазақ киіз үйі", Әбдірашит Сыдыханова "Таңба Алаш хан", Бурдесбекова Бақытнұр суретшілердің сызық, түс және пішіндер арқылы сурет пен музыканың бір-бірімен байланысын қалай беретінін көрсетіңіз. (Ө, Т) Оқушылар музыканы тыңдай отырып, сурет құралдарының көмегімен өзіндік сызықтарын құрайды, сол сызық пен таңбалардан әр түрлі дыбыстар шығатынын елестетеді.
(С, Т) Түс пен пішін туралы алдыңғы сабаққа шолу. Оқушылар жұмыстарынан үлгілер көрсетіңіз және қолданылған түс пен пішінді талдаңыз. Сұрақтар қойыңыз: «Сіздер қандай пішін мен түстерді пайдаландыңыздар»?, «Сізге қандай түс ұнайды»?
(С, К) Оқушылардан кейбір дыбыстарды және/немесе қысқа музыка үзіндісін тыңдауларын сұраңыз (мүмкіндігінше өз жазбасы) және оқушылар салған түсті коллаждарды қарап шығыңыз. Қандай коллаждың музыка үзіндісіне сәйкес келетінін сұраңыз. Таңдау себептерін талқылаңыз.
(Ө, Т) Содан соң оқушылар музыканы таңдай отырып, түрлі музыкаға сай келетін, әр түрлі пішінде кесілген және боялған қағаздардан өз коллаждарын жасайды. Оқушылар кейбір түстер мен пішіндердің белгілі бір сезімдерге қалай сәйкес келетінін ортаға салады. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын сақтап қою үшін фотоға түсіреді.
(С, Қ) Оқушыларды өз жұмыстарының нәтижелерімен және идеяларымен бір-бірімен бөлісуге ынталандырыңыз. |
Осы әрекет түрлері оқушыларға музыкадағы белгілер мен дыбыстардың байланысын түсінуге көмектеседі.
Мұғалім оқушылардың қайсысының жұмысты жеңіл орындайтынын, ал кімге көмек қажеттігін бақылайды және белгілеп жүреді.
Суретшілер А.Сыдыхановтың, Б. Бурдесбековтің жұмыс үлгілері оқушыларға сызық пен таңбаларды суретте қалай қолдануға болатыны туралы ұсыныстар мен идеяларды ұсынып, соның негізінде өз идеяларын біртіндеп дамытуға ынталандырады.
Оқушыларға жұмысты орындау барысында шабыттану үшін алдыңғы сабақта үйренген әндерін фондық музыка ретінде қою ұсынылады. Олар коллаж жасауға арналған бірқатар көркем материалдарды пайдаланатын болады.
Мұғалім оқушыларға жұмыс істеу барысында өздеріне деген сенімділіген арттыру үшін, қолдау көрсетеді. Жұмыстар сынып бөлмесінде көрме ретінде ілініп, келешекте оқыту ресурсы ретінде пайдаланылады.
|
Алдыңғы сабақтарда орындалған жұмыстар Көркем материалдар
Коллажға арналып алдын ала қиылған түрлі түсті мүсіндер жинақтары
Мұғалім таңдаған музыкалы жазбалар
А.Сыдыхановтың, Б. Бурдесбековтің, В.Кандинскийдің көркем туындыларының үлгілері
http://www.wassilykandinsky.ru
|
1 Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту
1.1 Қоршаған ортаны білу және түсіну
|
1.1.1.1 Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін, таныс бейнелер мен пішіндерін білу (түс, фактура, пішін және т.б.)
1.1.3.1 Нақты материалдар мен техникалардың негізінде, өз идеялары мен сезімдерін шығармашылық деңгейде ұсыну |
Мен музыканы бейнелеймін (С) Тақырыпқа сай жағдай туғызу үшін сабақ басында теңіз шуы жазылған жазбаны қосып қойыңыз. Оқушыларға көздерін жұмып, мұқият тыңдауларын сұраңыз. Оқушылардан теңіз шуын естіген кезде не сезінгендерін, көңіл-күйлерінде қандай өзгеріс болғанын сұраңыз. Оқушылармен бірге түрлі түсті тұздан жасалған теңіздің суретін қарап шығыңыз. Оқушыларға «Тұздың қандай түрлерін білесіңдер? Оларды қайда қолданады? Түрлі түсті тұзды қалай жасауға болады? Тұздың көмегі арқылы қызықты көркем туындысын жасауға болады ма?» деген сұрақтар қойыңыз.
(Ж, Т, Қ) Оқушыларға толқынның түсін түсті тұзбен қалай көрсетуге болатынын анықтауын тапсырыңыз. Олардың идеяларын тыңдаңыз. Содан соң жұмыс кезеңдерін көрсетесіз. Оқушылардың өздеріне бір қабатын жасап көруіне мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың міндеттері: - тұздың аздау бөлігін қағаз бетіне себу; - борды алып қажетті түс шыққанға дейін, тұзбен ұқыпты үйкеу; - түрлі түсті тұзды кезектестіріп ыдыстың қабырғасына бағыттап себу; - бір түстің қабатын алған соң, басқа түсті борды алу. Жұмыстың түстері ашық болу үшін, жылы түстер мен суық түстерді алмастырып отыру керек. |
Берілген тапсырма адамның ішкі жан-дүниесіне әуеннің тигізетін әсерін анықтауға бағытталған. Басында баяу және байсалды әуен қойыңыз. Содан соң қаттылау және ырғақты әуенді қосып, дауыл кезіндегі толқынды көрсетулерін ұсыныңыз.
Мұғалім қолайлы атмосфера тудыру үшін, теңіз әуенін қоса алады. Шығармашылық жұмыс барысында мұғалім сыныптың ішін аралап, қолдау көрсетіп жүрсе, өте пайдалы болады. Бір түстің негізінде оқушыларға тәжірибе жасауды ұсыныңыз. Мысалы: қызыл түс. Уақытты үнемдеу мақсатында мұғалім түрлі түсті тұзды алдын ала дайындап әкеліп, тапсырманы орындау үшін таратып шығуы қажет. |
Көркем материалдар мен құралдар А4 пішініндегі қағаз, тұз, түрлі түсті борлар, таза мөлдір ыдыс, мысалы: мөлдір стақан, қол сүртуге арналған майлықтар, алжапқыш, желім, алдын ала дайындалған түрлі түсті тұз.
Боялған түрлі түсті тұздан жасалған жұмыстар http://teamcreative.ru/blog/solkashtan
http://www.podelkidetkam.ru/10-effektnyx-dekorirovannyx-solyu-butylok-sozdayushhix-uyut-doma
Түрлі түсті тұзды сәндік бөтелке https://www.youtube.com/watch?v=3_xFlQqN1g0
|
Көркем еңбек Бастауыш мектеп 1-сынып |
2 А-бөлім: Менің мектебім |
Ұсынылатын алдыңғы білімдер |
Алдыңғы бөлімдердің тапсырмаларында оқушылар абстрактілі өнерде пайдаланатын пішін мен белгілерді, музыка әсерімен таңба басу, сурет салу, пішін және бояу техникасын үйренді. |
Тілдік мақсаттары Оқушыларға түсінікті тиісті ғылыми тілде жазылған тілдік мақсат үлгісі төменде берілген. |
||
Оқытудың тілдік мақсаттары |
Пәндік лексика және терминология |
Диалогқа/жазылымға қажетті сөздер топтамасы |
Оқушылар орындай білуі тиіс: • қоршаған ортадағы нысандарды сипаттау үшін сын есімдерді пайдалану.
|
Мыналарды қамтиды: • өрнекті, текстуралы, тегіс, тегіс емес • үлкен, кіші, күңгірт, ашық, түрлі түсті • қатты, жұмсақ, қаттылау, жұмсақтау • сурет, фотосурет, балауыз борлар, үйкелеу |
Талқылауға арналған сұрақтар: • Сіздер қандай пішіндер /сызықтарды көрдіңіздер? • Тапсырманы орындау үшін бір-біріңе қалай көмектестіңдер? • Үйкелеуді, ысқылауды бұрын кім орындап көрді? • Жақсы үйкелеу алу үшін, барлық нысандар мен беттер сай келе ме? • Сендердің ойларыңша, үйкелеу оңай ма, әлде қиын ба? Қандай бедер түрлерін атай аласыңдар? Неліктен екенін айта аласыңдар ма…? • …осы нысан/бөлме бұрышының суретін салып көрдіңдер ме? • …кедір-бұдырлы бедерден алған үйкелеу дұрыс деп ойлайсың ба? |
Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз |
||
Қысқаша шолу |
||
Бұл бөлімде оқушылар мектеп айналасындағы ерекшеліктерді, қоршаған әлемдегі заттарды қарапайым сурет арқылы қамтып көрсетуді үйренеді. 1-бөлімдегі жұмысқа сүйене отырып, оқушылар құралдар мен басуға арналған үдерістерді пайдалануда үлкен тәжірибе жинақтап, практикалық және бақылау дағдыларын дамытады. Олар бет пен бедері сияқты, визиуалды элементтерге назар аударып, осы үдерістер арасындағы байланысты зерттеуді бастайды. |
||
Оқу бағдарламасына сілтеме |
Оқу мақсаттары |
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері |
Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша) |
Оқыту ресурстары |
|
1.1 Қоршаған ортаны білу және түсіну
|
1.1.1.1 Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін, таныс бейнелер мен пішіндерін білу (түс, фактура, пішін және т.б.)
|
Мен және менің мектебім Өз мектебімде, сыныбымда нені көре аламын? Бұны мен қалай есіме сақтаймын?
(С, К) Сынып немесе мектеп ғимараты интерьерінің кейбір фотосуреттерін көрсетіңіз. Мектеп нысандары бейнеленген әр түрлі материалдар және суреттермен жұптасып жұмыс істейтіндерін түсіндіріңіз. Олар сынып бөлмесінің немесе мектептің бөлігін таңдайды. Оқушылармен мектеп нысандары туралы әңгімелесіңіз. Берілген нысандар мен оқушыларды не байланыстыратынын анықтаңыздар. Олардың көріп отырған әр түрлі сызықтар мен пішіндер туралы өз пікірлерін айтуын сұраңыз.
(Ж, Т) Оқушылар жұптасып жұмыс жасай отырып, кезекпен сызық, пішін, нысан туралы пікірлерін білдіреді.
(С, Қ) Фотосуретшінің түсірген сандық суреттерінен үлгілер көрсетіңіз. Сұрақтар қойыңыз, мысалы, «Бұл нысанды/бөлме бұрышын неге түсірген»?, «Қандай пішінді көріп тұрсыңдар»?, «Қандай сызықтарды көресіңдер»?. |
Мектепте және мектептен тыс топсеруен жүргізу барысында мұғалім оқушылардың барлық қауіпсіздік ережелерін ескере отырып алдын ала серуен жолын ойластырады, Фотосуретте көрсетілген әр түрлі нысандар мен орындар оқушыларды ойын дамытып, қызығушылыққа жетелейді. Бұл тапсырманы деңгейлеп орындау мақсатына жетуге мүмкіндік береді.
Оқушылар жұмысты жақсы істеуі және бір-біріне қолдау көрсетуі үшін, алдын ала оларды жұпқа қалай бөлу қажеттілігін ойластырыңыз. Әсіресе, оқушылар сыныптан тыс жұмыс істейтін болса, бақылап отырған жөн. Бүкіл сынып мектеп айналасында бірге немесе жұппен/шағын топпен және мектепте ересектердің қолдауымен жұмыс істеу ұсынылады.
Сыныппен кері байланыс бірлесіп, жұппен жұмыс жасауға, практикалық дағды мен білімдерін бақылауға және қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік береді. Оқушылар өздерінің көрген нысандарын сипаттау үшін қолданатын сөздері туралы ойланады, осылайша сөздік қорын және сұхбаттасу дағдысын дамытады. |
Сандық фотоаппараттар
Компьютер, проектор, тақта
Мектеп, сынып бөлмесі фотосуреттерінің үлгілері
Жеке суреттерді кішірейту және ұлғайту мүмкіндігін қарастыру
|
|
2.1 Қоршаған ортаның бейнелері |
1.2.1.1 Өздерінің шығармашылықидеяларын берудің қарапайым тәсілдерін анықтап, қоршаған ортадағы кейбір визуалды элементтерді қолдану
|
Мен мектеппен танысамын
(С, К) Сынып бөлмесінің эскиздерін, фотосуреттерін көрсетіңіз. «Сурет салуға арналған альбомды бұрын кім пайдаланды?», «Альбом не үшін қолданылады деп ойлайсыңдар»? деген сияқты сұрақтар қойыңыз. Оларды қызықтыратын нысандар мен сынып бөлмесі бөліктерінің суретін салу үшін, жұптасып өздерінің альбомдарында жұмыс жасайтындарын түсіндіріңіз. (С) Оқушыларға жан-жақтарына мұқият қарап, сыныпты бақылап, оларды не қоршап тұрғанын айтуларын сұраңыз. Қандай сызықтар мен пішіндерді көріп тұрсыңдар? Сонымен бірге қабырға, төбе, терезе, есік және т.б. заттарды қоса алғанда, оқушылармен бірлесе отырып, оларды не қоршап тұрғанын атап шығыңыз. Түзу, ирек, сынық, үзік сызықтардың қай жерде өтетінін анықтаңыз. Айналамыздағы жиhаздардың пішіндері қандай: дөңгелек, сопақ, шаршы, тікбұрышты?
(Ө, Қ) Оқушылар әр түрлі пішіндердің суретін салады (шаршы, шеңбер, тіктөртбұрыш). Сурет салуды қалай бастайтынын көрсетіңіз. Бұл пішіндер неге ұқсайтынын сұраңыз. Оқушылар сынып бөлмесіндегі пішіндер мен айналадағы заттардың арасындағы байланысты қарастыра отырып, суреттерін толықтырып салады (мысалы, тіктөртбұрыш-есік, терезе; шеңбер-сағат, доп және т.б.).
|
Оқушыларға альбомды көрсетіп, оны сурет салу және идеяларын жинақтау үшін қалай пайдалануға болатынын талқылаңыз.
Альбомды көрсету оқушылардың ойлары мен сурет салу бойынша жұмыс үдерістерін дамыту үшін пайдалы. |
Мұғалім альбомы
Оқушылардың альбомдары
Қарындаштар, өшіргіш, түрлі түсті қарындаштар
Фотоаппарат/бейнекамера |
|
2.2 Материалдар және өнердегі жұмыс техникалары
|
1.2.2.1 Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, тәжірибе жүргізу
|
Мен текстураны меңгеремін
(Ө, Т) Сабаққа дайындық кезінде сынып бөлмесіне текстураны анықтауға мүмкіндік беретін әр түрлі заттарды дайындап қойыңыз. Олар мыналар болуы мүмкін: қатты бедерлі қағаз, бедерлі шыны, айна немесе картинаның жақтауы, тиындар және тағы да басқа көптеген заттар. Ең бастысы, оқушыларда таңдап алуға және алынған бейнелерді салыстыруға мүмкіндіктері болуы керек. Сабақ басында оқушылардан партаның бетін, сөмкелерінің сыртын, киімдерін алақандарымен сипап көрулерін сұраңыз. Олардан не сезінгендерін, нені байқағандарын сұраңыз. Бейне алу үшін, нысанның үстіне парақты қою керек. Парақты қарындашпен бояу арқылы қағаздың бетіне текстураның бейнесін шығарып аласыз. Бейнені бұлай алу, үйкелеу, ысқылау әдісі деп аталады.
(С, Қ, К) «Нысанды тап» ойыны арқылы алынған суретті зерттеу. Сынып бөлмесіндегі заттардың негізінде жасалған жұмыстарды көрсетіңіз. Оқушылар сурет бойынша затты болжап табуы тиіс. Олар тапқаннан кейін, заттың суретін көрсетіңіз.
Жұмысты орындау тәсілін көрсетіңіз. Көрсетілім жасауға оқушылардан көмектесуін сұраңыз. Олардан: «Барлық заттар мен үстіңгі беттерден текстура мен әдемі суреттер салуға бола ма»?, «Текстура» дегеніміз не»? деп сұраңыз.
(Ө, Ж) Нысан таңдауда оқушыларға еркіндік беріңіз. Егер оқушы жеке жұмыс жасау барысында қиыншылықтармен кездесіп жатса, оларды жұптастырыңыз. Оқушылардың біреуі қағазды ұстап тұрса, екіншісі қарындашпен жұмыс жасайды. |
Мұғалім оқушылардың жұмыс барысын бақылай отырып, жұмысты кімнің жеңіл орындай алатынын, ал кімге көмек қажеттігін анықтайды, қажеттілігіне қарай бағыт беріп, кеңестер айтады. Оқушылар жаңа терминдерді қолдана отырып заттарды сипаттайды. Бұл тілді дамытуға әсер етеді. Жұмыстың қалай жасалғанын және оларды жасау кезінде қандай әдістер қолданылғанын талдаңыз. Жұмыс жасауда қандай қиындықтар кездесті?
Тапсырма бірқатар текстура мен өрнек/суретті талдауға мүмкіндік береді.
Тапсырманы орындау барысында оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. Қосымша тапсырма: мұғалім үйкелеу үшін барынша күрделі бедерді ұсына алады. |
Үйкелеу, ысқылау үшін, қиылған қағаз (газет қағазы)
Ақ түсті әр түрлі форматтағы қағаз
Балауыз борлар, түрлі түсті қарындаштарӘр түрлі текстуралы заттар |
|
2.3 Дайындау технологиялары
|
1.2.3.1 Қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, пішінін келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру
|
Мен мектепті безендіремін (С, Қ, К) Оқушыларға суреттен өз аты-жөндерінің бірінші әріптерін тауып алуды тапсырыңыз. Оларды қалай безендіруге болатынын ойлануды ұсыныңыз. Оқушыларға аты-жөндерінің бас әріптерін ысқылау тәсілімен безендіруге болатынын айтыңыз. Ал, өткен сабақта олар бұл тәсілді қолданып көргендіктен, бұдан да тәуір тәсілмен басқаша безендірген дұрыс болады. Бедерлеме – бастыру арқылы алынатын кескін, із. Басқаша айтқанда, таңба. (К) Оқушыларға із салудың тағы бір әдісін, заттың боялған бетінен басылған немесе тырналанған бедерлемені алуды көрсетіңіз. Осылайша, оқушыларға із алудың бірізділігін көрсетіңіз. (Ө, Ж) Оқушы келесі жұмыс кезеңдеріне көшеді: -сәйкес келетін (жұмсақ) негізді таңдау; -суретін салу; -суреттің жиегін бастыру; -бояу жағу; -парақ бетіне таңбалау. (Ө, Қ) Жұмыс аяқталған соң, оқушыларға қағаздан қиылған аты-жөнінің бас әріптерін бедерлемемен безендіруді ұсыныңыз. Олар бір немесе бірнеше суреттермен әр түрлі әріптерді безендіре алады. (С, Ө) Жұмыс аяқталған кезде, оқушыларға өз аты-жөндерінің бас әрпінен сынып тақтасына немесе бос орындарға коллаж жасауды ұсыныңыз. |
Бұл жұмыс мұғалімнің тарапынан мұқият қадағалануы қажет, себебі материалдардан оқушылардың киімі былғануы мүмкін. Оқушылардың жұмыстары аяқтаған соң, көрме үшін сыныптың бір бұрышын дайындау керек. Өз жұмыс орындарында тазалықты сақтау үшін, жұмыс тәртібін және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Үстелдердің бетіне арнайы қорғаныс материал төселіп, тазалықты сақтау керек.
Мұғалім бүкіл сыныпқа немесе шағын топтарға арнап әр түрлі жұмыс түрін ұйымдастырады, сондай ақ, көркемдік ресурстарды орналастыруға және көрмеге арналған бос орынды анықтайды. Жұмысты ұйымдастыру кезінде оқушылардың бір-біріне барынша қолдау көрсетуіне мүмкіндік жасау үшін топтастыруды ескеру керек.
|
Із, таңба жасау үшін жұмсақ негіздер. Мысалы: бір рет қолданылатын тәрелкелер немесе ламинадталған төбе плиткалары, қарындаш, бояу, қылқалам, А4 ақ қағазы, оқушылардың аты-жөнінің бас әріптері, скотч
Мектептің мерекеге безендірілген суреті
http://www.homecrafts.co.uk/content/PDF/AD516_printmaking.pdf
|
|
Көркем еңбек Бастауыш мектеп 1-сынып |
3В-бөлім: Менің отбасым және достарым |
Ұсынылатын алдыңғы білімдер |
Алдыңғы бөлімдердің тапсырмаларында оқушылар таңба салу, сурет, бояу техникаларымен танысып, сызықтар мен пішіндер жасау барысында дыбысқа немесе музыкалық үзіндіге сәйкес түстерді таңдауды үйренді. Олар мектептегі заттарды зерделеу барысында бақылау дағдыларын қалыптастыра отырып, қайталанушы өрнектерді, бедерлерде қарапайым таңба салу арқылы өз идеяларын жеткізуге үйренді. |
Тілдік мақсаттар Оқушыларға түсініктітиісті ғылыми тілде жазылған тілдік мақсат үлгісі төменде берілген. |
||
Оқытудың тілдік мақсаттары |
Пәндік лексика және терминология |
Диалогқа/жазылымға қажетті сөздер топтамасы |
Оқушылар орындай білуі тиіс: • негізгі түстерді араластыру барысында алынған түстерге сипаттама беру. |
Мыналарды қамтиды: ақшыл, ақшылдау, күңгүрт, аса күңгірт; • солғын, өте солғын, ашық, өте ашық; • контраст (қарама-қарсы), ұқсас; • бояу, қылқалам; • езу, араластыру, біріктіру; • негізгі және қосымша түстердің атаулары, реңк/көлеңке, пропорция |
Талқылауға арналған сұрақтар : • Түс ашық бола бастайды ма, әлде күңгірттенеді ме ? • Түстер арасындағы айырмашылық қандай? • Бұл түс қалай пайда болды? • Қандай түстерді араластырдыңдар? • Бұл түс неге ұқсайды? • Сендер алған түсті сипаттап бере аласыңдар ма? • Бұл түс сендерге несімен ұнайды? |
Басқа да тілдік мақсаттарды жасау және академиялық тілдерді оқыту мақсаттары бойынша қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз. |
||
Қысқаша шолу |
||
Бұл бөлімді оқу барысында оқушылар түрлі бейнелерді сипаттауға, портреттер туралы пікір алмасуға үйренеді. Алдыңғы бөлімдегі тапсырмаларға негізделе отырып, оқушылар идеялар мен сезімдерді жеткізуге, практикалық жұмыстар жүргізу және бақылау дағдыларын әрі қарай дамыта отырып, айналасындағы заттардың пішіндерін жасаудағы жетістіктерін көрсетеді. Тәжірибе және практикалық жұмыстар жүргізу дағдылары есте сақтау, көру үдерістеріне қолдау көрсетеді, сонымен бірге ол көркем құралдарды жұмыс барысында пайдалана білуін көрсетеді. Олар айналадағы заттардан түстерді, сонымен қатар кескіндемеде реңкті қалай қолдану керек екенін зерттей бастайды. |
||
Оқу бағдарламасына сілтеме |
Оқыту мақсаттары |
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері |
Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша) |
Оқу ресурстары |
1.2 Тарих, мәдениет және салт-дәстүрді білу және түсіну
|
1.1.2.1 Ұлттық және әлем мәдениетінің әр түрлі өнер туындыларына көңіл бөлу
|
Менің отбасым (С, Қ) Оқушыларға әр түрлі асылық портреттерді көрсетіңіз, мысалы, фотосуреттер мен картиналар (оқушылардың өздерінің отбасылық портреттерін, қазақстандық суретшілер мен фотосуретшілер жұмыстарын қоса алғанда). Портретте бейнеленген адамдар туралы сұрақтар қойыңыз. Мысалы, «Отбасы мүшелерінің қайсысы бейнеленген: анасы ма, әкесі ме? Кім ең үлкені? Кім ең кішісі?» және т.б. Олар туралы не білетінін сұраңыз. Оқушыларға ойлау қабілеттеріне байланысты қолдау көрсетіңіз.
(С, К) Оқушыларға ойын арқылы отбасы мүшелерінің рөлдерін, түр-сипаттарын, тұрыстарын қалай білдіруге болатынын көрсетіңіз. Оқушылар шағын топпен бір-біріне тұрыстарын қайталап көрсетеді. «Мен бақытты екенімді қалай көрсетемін?», «Көңілсіз екенімді қалай көрсетемін?», «Кәрі адамды көрсету үшін, маған не істеу керек?» деген сұрақтар қоюға болады.
(С) Альбомға қарындаш немесе көмір қарындаш материалдарын қолданып сурет салғанда, түр-сипатын қалай келтіруге болатынын көрсетіңіз. Жұмысты жұппен жасауға болады. Адам мінезін, сезімін және эмоциясын көрсетуде материалдарды қалай қолдануға болатынын көрсетіңіз (мысалы, смайликтер).
(Ж, Т) Оқушылар жұптаса отырып, альбомдарына бір-бірінің нобайын салады. |
Оқушының назарын адамның түрі жасына қарай өзгеріп отыратынына, әр жастың өзіндік ерекшелігі болатынына аударыңыз.
Алдымен, оқушылардың өздеріне көз, мұрын, еріннің қалай салынатынын көрсетулерін ұсыну. Не дұрыс, не бұрыс шыққанын бірлесе отырып талқылаңыз. Содан соң өзіңіз тақтаға бет бейнесінің қалай салынатыны көрсетіңіз. Сіздің түсіндірмеңіз оқушылар үшін қарапайым әрі түсінікті болу керек. Көздің, еріннің, мұрынның үлкен әрі анық суреттері тақтада, «сөйлейтін» қабырғада ілініп тұруы қажет. Оқушыларға портретті салу үшін, ең алдымен, бастың пішінін салу керектігін түсіндіріңіз. Адамның бет әлпетін салып, кейін өшіріп жөндеу үшін жіңішке сызықтар қолданылады.
|
Отбасылық портреттер: фотосурет, өздерінің салған суреттері, мұғалімге қазақстандық фотосуретшілер мен суретшілердің жұмыстары Цифрлік фотоаппараттар.
Альбомдар, қарындаш, көмір қарындаш, түсті қарындаш, бояулар материалдар. http://www.nationalgeographicstock.com/ngsimages/explore/explorecomp.jsf?xsys=SF&id=737059
http://www.kazakhstanlive.com/7.aspx?sr=5
|
1.3 Шығармашылық идеялар мен сезімдерді көрсету және дамыту
|
1.1.3.1 Нақты материалдар мен техникалардың негізінде, өз идеялары мен сеземдерін шығармашылық деңгейде ұсыну |
Менің досымның портреті
(С, К, Қ) Оқушыларға әр түрлі адамның портреттерін көрсетіңіз. Келесі сұрақтарды қойыңыз: «Бұл не - кескіндеме, сурет әлде фотосурет пе»?, «Неліктен олай ойлайсың»? Бет-әлпеттің ерекшеліктері жайында және олар бір-біріне қатысты қалай орналасқанын сұраңыз. Оқушылардан бір-бірлеріне қарауларын сұраңыз. Сұрақ қойыңыз: Сендердің қандай айырмашылықтарың бар?
Оқушылардан қасындағы сыныптасының бет-әлпетінің ерекшеліктерін сипаттауды сұраңыз. Көрсетілімде мыналарды ескеріңіз: • бастың пішіні
• көлеңке/реңктер және олардың бетте орналасуы; • шашты қалай бейнелеу және олардың текстурасы туралы ойлану.
(Ж, Т) Оқушылар жұптасып бір-бірінің суретін салу арқылы, жақын жерден бақылау дағдыларын дамытады. |
Бет-әлпетті және оның ерекшеліктерін бейнелеу үшін оқушылар альбомдарда қарындашпен жұмыс істей алады. Кейін олар қара және ақ бормен тығыз қағазда жұмыс істей алады. Бұл жұмыс шаш текстурасының ерекшеліктерін, көлеңке мен реңктерді көрсету дағдыларын дамытады.
Мұнда бет-әлпеті бөліктерінің орналасуын анықтап, «пропорция» түсінігіне кіріспе жасауға болады, алайда бұл аталмыш кезеңде оқушының шығармашылық әлеуетін шектемеген маңызды.
Бұл тапсырмада бет-әлпеттің қандай бөліктерінде көлеңкенің пайда болатынын, реңкті салу және түсіну керектігі қарастырылған. Мұндажұмыс кезінде оқушыларды әрқашан қолдап отыру қажет.
Бормен жұмыс жасауға қиналған оқушыларға басқа материалдарға ауыстыруына, мысалы, балауыз, майлы бор, және түсті қарындаштармен, түрлі түсті жіптермен жұмыс жасауды ұсынуға болады. Оқушылардың жұмыс аяғында орындарын тазалап, қолдарын жууға уақыт қалдыру керек.
|
Бет пропорциясын көрсетеін материалдар мысалдары http://www.wikihow.com/Draw-a-Face
Беттің суретін салуға арналған мұғалімнің көрсету материалдары.
Қарындаштар және альбомдар, түрлі түсті қағаздарда ақ және қара түсті пастель борлар |
2.1 Қоршаған ортаның бейнелері
|
1.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін айқындау үшін қарапайым тәсілдерді анықтап, қоршаған ортадағы кейбір визуалды элементтерді қолдану
|
Менің сүйікті жануарым (С, К, Қ) Оқушыларға «Жануарды тап» ойынын ойнауды ұсыныңыз. Жүн/шаш/ көз түсі қандай? Түстің қалай құрылғандығынойлап көр». Сабақты оқушыларға жануарлардың үлкен үлгідегі көзі, жүні және дене бөліктерінің фотосуреттері мен суреттерін көрсетуден бастаңыз. Оқушылар оларды сәйкестендіріп табады. Бұл оқушыларды бояуларды табуға және оларды қалай араластыру кезінде жасалғандарын анықтауға көмектесіп, ойынға дайындайды. Қосымша түстерді араластыруды және анықтауды көрсетіңіз. «Кім негізгі түстерді атай алады?», «Кім қосымша түстерді атай алады?», «Олар қалай жасалған?», Оларды біз бояулар арқылы қалай жасаймыз? » деген тәрізді сұрақтар қойыңыз.
(Ө, Т) Оқушылар негізгі және қосымша түстерді араластырып, түстермен тәжірибе жүргізеді. Жұмысты сурет салатын альбомдарында орындауларына болады.
|
Барлық сыныпқа негізгі және қосымша түстерді анық ажырату үшін үлкен түстік шеңбер болуы пайдалы.
Қосымша түстерді жасау үшін негізгі түстерді қалай араластыру керектігін зерттеу бойынша жұмыс. Бұған әр түрлі тәсілдермен жетуге болады. Оқушылар суды әрдайым ауыстырып тұрудың және өз қылқаламдарын таза ұстаудың маңыздылығын түсінулері керек.
Реңк пен реңді құру үшін қара, ақ және басқа түстерді монотипия тәсілінде қолдануға болады.
Мұғалім оқушылардың жұмыс соңында орындарын тазалауға, қолдарын жууға уақыт қалдыруын қадағалайды.
Парталардағы түсті шеңбердің көшірмелері басқа түс алу үшін оқушылардың түс және оларды араластыру тәсілдері туралы білімдерінің дамуына жәрдемдеседі. Бұл жұмыстарда жарық пен түсті зерттеуде «Жаратылыстану» пәнімен байланысы қарастырылған. Сонымен қатар түс саусақпен - қосымша түстер құру үшін қарапайым түрде негізгі түстерді жағу арқылы араластырылуы мүмкін. Алдыңғы сабақтар мен бөлімдерден алынған идеялар дамытылады. |
Жануарлардың суреттері бейнеленген сайт
http://www.priroda.su/item/1992
Жануарлар көздерінің бейнелері http://drunkguest.com/glaza-zhivotnyx-krupnym-planom/
Парталардағы түсті шеңберлер көшірмелері
Альбомдар немесе қағаздар Бояулар - негізгі түстер (акварель немесе гуашь) Қылқаламдар Суға арналған ыдыстар Палитралар |
2.2 Материалдар және шығармашылық жұмысты орындау техникалары
|
1.2.2.1 Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, тәжірибе жүргізу |
Отбасылық мереке (С, К) Оқушылардың назарын түстер шеңберіне аударыңыз. Түстер шеңберінде негізгі және олардың арасында қосымша түстер мен олардың реңктері көрсетілген.
(Т, Ж, Қ) Оқушыларға түстер мен реңктерді өз бетімен тануға мүмкіндік беріңіз. Мысалы, оқушыларға үш сары түстегі шеңберді салып, әр шеңберге қызыл түс қосуды тапсырыңыз. Бірінші шеңберге бір тамшы, екінші шеңберге екі тамшы, үшінші шеңберге үш тамшы. Сұрақ: Түстер қалай өзгерді? Оқушылар түс реңктерінің қалай өзгергендігін айтулары тиіс.
(Т) Оқушыларға суретшілердің туындыларында жыл мезгілдерінің қалай бейнеленгендігін қарастыру ұсынылады. Сұрақ: Суретші қыс, көктем, күз және жаз мезгілдерін бейнелегенде қандай түстерді пайдаланды? (суреттер басқа тақырыпта болуы мүмкін) Ең күңгірт түстер қайсысы? Ең ашық түстер қайсысы? Жасыл түстердің реңктері бір-бірінен қалай ерекшеленеді? Қызыл түстердің реңктері бір-бірінен қалай ерекшеленеді?
(С, Ө) Сұрақ қойыңыз: Сенің отбасыңда қандай мерекелер тойланады? Бөлмені немен және қалай безендіресіңдер? Қандай киімдер киесіңдер?
(Ө, Қ) Оқушыларға «Отбасылық мереке» тақырыбында шығармашылық жұмыс жасауды ұсыныңыз. Оқушылар кез келген мереке соңында болатын отшашудың суретін салады. Суреттерінде оқушылар әр түрлі түстерді көрсетулері қажет. |
Тапсырманы бір сабақта орындау үшін, суреттер жеткілікті кішкентай көлемде болуы керек.
Оқушыларға ең маңызды тапсырма - отбасы мүшелерін әр түрлі реңктермен бояу керектігін түсіндіріңіз.
Оқушыларға сүйікті түстерін мысалмен дәлелдей отырып айтуды ұсыныңыз.
Оқушылардан қосымша түстердің қасиеттерін сипаттауды сұраңыз. |
Түстер шеңберінің көшірмелері
Сурет салуға арналған альбом Бояулар - негізгі түстер (акварель немесе гуашь ) Қылқаламдар Суға арналған ыдыстар Палитралар |
Көркем еңбек Бастауыш мектеп 1-сынып |
4 В-бөлім: Бізді қоршаған әлем |
Ұсынылатын алдыңғы білімдер |
Алдыңғы бөлімдерді меңгере отырып, оқушылар пішіндер туралы білімдерін және оларды бейнелеу тәсілдерін жақсартты, түрлі материалдар мен визуалды элементтер арқылы тәжірибе жүргізе отырып, көркем құралдармен және материалдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді. Оқушылар тәжірибе арқылы идеяларын білдіруді, бақылау кезінде өз дағдыларын қолдануды және танытуды үйренді. |
Тілдік мақсаттар Оқушыларға түсінікті тиісті ғылыми тілде жазылған тілдік мақсат үлгісі төменде берілген. |
||
Оқытудың тілдік мақсаттары |
Пәндік лексика және терминология |
Диалогқа/жазылымға қажетті сөздер топтамасы |
Оқушылар орындай білуі тиіс:
• фотосурет, бейне ролик, мультфильмдегі, суретшілердің туындыларындағы табиғат құбылысы мен ауа райын сипаттау |
Мыналарды қамтиды:
|
Талқылауға арналған сұрақтар • Суретте не бейнеленген? • Суретке қарағанда қандай сезім пайда болады? • Бұл жұмыста қандай материалдар қолданылған? • Суретші бұл әсерді қалай жасады? Неліктен…екенін айта аласыңдар ма? •…сендерге сурет қалай әсер етті? •… осы материалдарды өз қиял аралдарыңа таңдап алар ма едіңдер? |
Басқада тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша академиялық тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз. |
||
Қысқаша шолу |
||
Бұл бөлімнің мазмұнында табиғаттың түрлі элементтерін зерделеу барысында оқушылар сызықтар, пішіндер, таңба салу, түстер, реңктер мен көлеңкелерді қоладана отырып, өз білімдері мен тәжірибелерін бекітеді. Олар жұмыстарын үш өлшемді кеңістікте жасау арқылы, табиғатты тану тәжірибелерін кеңейтіп, табиғат элементтерін жасап үйренеді. Оқушылар сурет салу тәсілдері туралы білімдерін кеңейтуін жалғастырады, материалдармен және құралдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре және визуалды пішіндерді жасай отырып, бақылау, дайындау бойынша тәжірибелік дағдыларын дамытады. |
||
Оқу бағдарламасына сілтеме |
Оқу мақсаттары |
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттер |
Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша) |
Оқыту ресурстары |
1.1 Қоршаған ортаны білу және түсіну
|
1.1.1.1 Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін, таныс бейнелер мен пішіндерін білу (түс, фактура, пішін және т.б.)
|
Ауа райы (С) Мұғалім оқушыларға тақырыпқа байланысты пейзаж суреттерді көрсетіп таныстырады. Бұл ауа райына қатысты фотосуреттер, фильмдер және көркем жұмыстар, кескіндеме болуы мүмкін. Мынадай сұрақтар қойыңыз: «Бұл суретте қандай ауа райы бейнеленген?», «Суретші әсерлерді көрсету үшін материалдарды қалай пайдаланған?».
Бояу, қылқалам, қылшақ, тушь, балауыз бор, саусақ, сорғыш сияқты әр түрлі материалдар мен әрекеттерді қолдана отырып, басу (таңбадақ) тәсілімен жұмыс жасап көрсетіңіз.
Жұмыс барысына:
(Ө, Т) Оқушылар өз практикалық жұмыстарында жоғарыда көрсетілген үдерістермен тәжірибе жасайды.
(С, Қ) Оқушылар сыныпты аралай жүріп, балалардың ауа райы тақырыбына байланысты салынған көркемдік тәжірибелерін бақылайды. Олардан жұмыстардың орындалу техникасын сипаттауын, суретте ауа райы қалай бейнеленгенін сұраңыз. |
Оқушылар ауа райының түрлерін ажырата біледі (жаңбыр, қар, жел, қар аралас жаңбыр, ашық, бұлтты).
Оларға қоршаған әлемді түсіну үшін, ауа райының басқа суреттерін көрсету керек (мысалы, найзағай, дауыл және т.б.). Ауа райының суретін салу кезінде суретшілердің көркем туындыларда қолданған әр түрлі тәсілдері мен тәжірибелеріне көңіл аудару керектігін айтыңыз.
Жұмыс барысында оқушылармен әңгімелесу осы тақырыпта ұсынылады.
|
Аспанды, тауларды және даланы суреттейтін Қазақстанның табиғат көрінісі (пейзаж) бейнеленген суреттер (картиналар) http://www.youtube.com/watch?v=x3RRHkgmln4
Ауа райының әр түрлі типтері Ә. Қастеевтің, Ф.Васильевтің, И.Э. Грабарьдың туындылары
Қағаз Сия Су құюға арналған ыдыстар Қаламдар, қылшақ және ысқыштар Сабандар Балауыз борлар |
2.1 Қоршаған ортаның бейнелері |
1.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін айқындау үшін қарапайым тәсілдерді анықтап, қоршаған ортадағы кейбір визуалды элементтерді қолдану |
Менің Отаным (С, К) Оқушылармен Отан туралы әңгімелесіңіз. Оқушылардан «Отан» деген сөзді қалай түсінетіндіктерін және олардан Туған елдің не екендігін сұраңыз. Оқушыларға әр адамның туып-өскен жері, оның балалық шағы өткен, ата-анасы тұратын жері болатынын түсіндіріңіз. Ол жер адамға өте ыстық болады. Сол жерді туған ел деп атайды. (С, К) Табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін зерттеуді пейзаж жанрдағы көркем жұмыстарды көрсетуден бастаңыз. Бұл этюдтер, суреттемелер болуы мүмкін. Бұл жұмысты мұғалім жыл мезгілдері және табиғаттың ерекшеліктері туралы әңгімемен бастауы мүмкін. Сұрақтар қойыңыз: «Бұл қалай жасалған?», «Қандай материалдар қолданылған?», «Қандай пішіндер, түстер, мысалдар көріп тұрсыңдар?».
(Ө, Қ) Оқушылар өз қаласын, ауылын және туған өлкесінің суретін гуашь бояуымен салады. |
Қазақстанның табиғатының әсемдігі мен көптүрлілігі жайында бейнеролик көрсетіңіз. Оқушылардың назарын Отан үйгіштікке және өз Отанына құрмет көрсетуге шоғырландырыңыз. Алғашқы білімді перспективаның заңдылықтары, көкжиек сызығының бейнесі, заттардың жақын және алыс орналасуы туралы бастапқы білімде қалыптастыру өте маңызды Оқушыларға жақын орналасқан заттарды алыс орналасқан заттардан үлкен қылып салу керектігін және көкжиек сызығын парақтың дәл ортасынан сызу міндетті еместігін түсіндіріңіз. Түсіндіру барысында гуашьпен жұмыс істеудің ерекшеліктері туралы еске салыңыз. |
Қазақстан суретшілерінің жұмыс үлгілері
Қазақстан суретшілері жұмыстарының сайты
Сабаққа қажетті материалдар. Акварель бояулар, гуашь, қылқаламдар, банкалар түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер, түрлі түсті борлар |
2.2 Материалдар және шығармашылық жұмысты орындау техникалары
2.4 Қауіпсіздік техникасын сақтау
|
1.2.2.1 Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, тәжірибе жүргізу
1.2.4.1 Материалдарды және құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап қолдану
|
Табиғаттағы өнер (С, К) Сабақты суретшілердің табиғат аясында орындаған шығармаларын көрсетуден бастаңыз. Мысалы, құмда салынған сурет, мүсіндер, тастардан құралған, мұздан жасалған мүсіндер, құм және т.б. Сұрақ қойыңыз: Бұл пішіндер неден жасалған? Сен оларды қай жерлерде кездестіруің мүмкін? Жерде жасалған бейнелер мен пішіндер лэнд-арт деп аталатынын түсіндіріңіз. (Т, Т, Ж) Оқушылар топтарда немесе жұптарда табиғи материалдардан қандай өрнектер жасауға болатындығын талқылайды. Оқушыларға өрнек жасау үшін материалдарды өлшеміне, пішініне, түсіне қарай таңдау керектігін түсіндіріңіз. Бұл шығармашылық жұмыс болғандықтан, табиғи материалдарды таңдау және өрнек құрастыру барысында еркіндік беріңіз.
(Т, Т) Топтарда оқушылар материалдарды өздерінің композицияларын жасау үшін іріктей бастайды және бұл материалдар ойындағыға қалай сәйкес келетіні жайлы ойланады. |
Оқушыларға суретшілердің шығармаларының әр түрлі болатындығын түсіндіріңіз. Қағаз бетіне салынған суреттерді тегіс суреттер деп атаймыз. Кеңістікте жасалған пішіндер көлемді болады. Ол үшін әр түрлі материалдар, мысалы: қар, құм, саз және т.б. материалдар қолданылады. Оқушылар мұғалім ұсынған материалдарды (тас, кептірілген жапырақтар, бұтақтар, гүлдер, жаңғақтар, емен жаңғақтары және т.б.) қарастырады.
Оқушылар жұмыстағы қауіпсіздік шаралары мен жауапкершілік туралы толық түсінік алулары тиіс.
|
Джим Деневэн http://www.jimdenevan.com/sand.htm#sand_images/02_Untitled-1.jpg
Ричард Лонг
Сыныпта немесе табиғатта шығармашылық жұмыс жасауға арналған табиғи материалдар, мысалы: құм, майда тас, кішкентай тастар, жапырақтар, талдың бұтасы, жаңғақ, гүлдер, ағаш қабығы, емен жаңғағы, т.б.
Құралдар: желім, қайшы.
|
2.3 Дайындау технологиялары
3.3 Жұмысты қорғау және талқылау |
1.2.3.2. Айқындалған материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдар және т.б.) қарапайым көлемді пішіндер жасау
1.3.3.1 Шығармашылық жұмысын түсіндіру |
Таңғажайып арал (С, К, Қ) Оқушылар әлемдегі аралдар мен теңіздердің суреттерін қарастырады, теңіз туралы әуен тыңдап, ондағы судың әр түрлі қалпы туралы (бұрқанған, тыныш, шулы) және суретшілер мен фотосуретшілердің жұмыстарында оның қалай көрсетілгендігі жайында ойланады (Ж, Т) Оқушылар таңғажайып аралдың көлемді пішінін жасау үшін қосалқы материалдарды пайдаланады.
(К) Әр түрлі материалдардан арал мен теңізді қалай жасауға болатындығын көрсетіңіз. Сұрақ қойыңыз: «Теңізді қалай жасауға болады?», «Жарларды қалай жасауға болады?», «Мен қандай аралды жасаймын?», «Мен оны қалай таңғажайып мекен ете аламын?», «Бұл жердің климаты қандай болады?», «Бұл жер ыстық болады ма, әлде суық болады ма?», «Бұл жерлерде таулар немесе шөлдер болады ма?». (Т, Т) Топтағы оқушылар өз таңғажайып аралына материалдар таңдай бастайды. (Т, Қ) Оқушылар өз жұмыстарын аяқтап болған соң, сыныпта немесе сыныптан тыс жерде көрме ұйымдастырады. Оқушылар өз жұмыстары туралы айтып береді, оларға не ұнағанын және нені жақсартуға болатынын айтып өтеді. |
Оқушылар аралды жасау мен үлгілеу барысы туралы ойланады. Оқушылардың барлық ұсыныстары мен пікір алмасуын мадақтаңыз.
Оқушыларға жұмыстың аяқталу уақытын ескертіңіз.
Алдыңғы тапсырмадағы сияқты, бұл тапсырмада да оқушылар жұмыстағы қауіпсіздік ережесі туралы толық нұсқаулық алулары тиіс.
|
Теңіз бейнеленген суреттер
Аралдар мен теңіздер http://travel.nationalgeographic.co.uk/travel/beaches-islands/ Теңіз дыбыстарының жазбалары
Бояулар, қаламдар, басуға арналған материалдар және құралдар.
Үлгілеуге арналған қосалқы материалдар: картон, фольга, азық-түлік қораптары, қайшы, желім, бояулар, ермексаз
|
Көркем еңбек Бастауыш мектеп 1-сынып |
5 С-бөлім: Саяхат |
Ұсынылатын алдыңғы білімдер |
Алдыңғы бөлімде оқушылар әр түрлі көркем жұмыстарды зерделеді және олардың жасалу идеяларын талқылады. Олар негізгі құралдарды және 2D мен 3D кеңістіктегі пішіндер жасау үдерістерістерін зерттеді. |
Тілдік мақсаттар Оқушыларға түсінікті тиісті ғылыми тілде жазылған тілдік мақсат үлгісі төменде берілген. |
||
Оқытудың тілдік мақсаттары |
Пәндік лексика және терминология |
Диалогқа/жазылымға қажетті сөздер топтамасы |
Оқушылар орындай біуі тиіс: • өз қолымен жасаған жұмыстарын қайсысы жақсы жасалғанын, қайсысын жақсартуға болатынын сипаттай отырып, ауызша баға беру |
Қарастырылады: • коллаж, пішін, бүктеу, қабат, бөлшек; • сурет салу, қию, желімдеу, тесу; • ерекшелік, сәйкестік, өлшем, мөлшер; • карта, қарындаш, қайшы, сызғыш; • түс, бедер, қарама-қайшылық;
|
Талқылауға арналған сұрақтар: • Суретші сезімдер мен идеяларды қалай көрсеткен? • Сіз ... бейнесін қалай жасай аласыз? • Сіз қандай құрал-саймандарды қолданатын боласыз? • Сіз бұл әсерлерді қалай жасадыңыз? • Сіз қандай материал қолданар едіңіз? • Жұмысты жақсарту үшін келесі жолы сіз не істер едіңіз? |
Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша академиялық тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз. |
||
Қысқаша шолу |
||
Бұл бөлімде оқушылар «Саяхат» тақырыбында сапарлар мен көлік түрлерін суреттейтін көркем жұмыстарды зерделейді, жасайды. Оқушылар осы тапсырманы орындау негізінде бақылау, визуалды пішіндерді жасау, құрал-саймандарды қолдану дағдыларын және олармен жұмыс жасау әдістерін дамытуды жалғастырады. Олар осы немесе таңдалған тақырыптар бойынша өздерінің көркем жұмыстарын жасауда шағын топпен және жұптасып жұмыс істейді, сондай-ақ жұмысты орындау сапасы мен бөлшектерге назар аударады. |
||
Оқу бағдарламасына сілтеме |
Оқу мақсаттары |
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері |
Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша) |
Оқыту ресурстары |
1.3 Шығармашылық идеялар мен сезімдерді көрсету және дамыту |
1.3.3.1 Идеяларын шығармашылық түрде ұсыну және нақты тәсілдермен сезімдерін білдіру |
Кең далада саяхаттау (С, Қ) Қазақ даласының бейнежазбасын қолдану арқылы оқушылармен кең даланы елестетіп саяхатқа шығыңыз. Қазақстан аумағының көп бөлігін кең дала алып жатқандығын түсіндіріңіз. Кең далада жиі кездесетін жануарлардың бірі - жылқы. (С) Әңгімені жылқылар және олардың ерекшеліктері жайында бастаңыз. Көшпелі қазақ өмірінде жылқының ерекше орын алатындығын түсіндіріңіз. (Т, Ө, Қ) Оқушыларға алақандарының көмегімен жылқының басын салуды ұсыныңыз. Тапсырма қиындық туғызған оқушыларға нұсқаулық бойынша салуды ұсыныңыз: 1. Тігінен жатқан парақ бетіне оқушылар алақандарын қояды. 2. Бас бармақты және шынашақты кереді. Қолдың сұлбасын балауыз бормен айналдырып сызып шығады. 3. Алынған суретке жылқының жалын, көзін және тістерін салу керек. 4. Көкжиек сызығын өткізу керек. Балауыз бормен қызғалдақ, бұлт, күн салу керек. (Т, Ж) Келесі критерийлер бойынша бағалау жүргізіңіз: 1. Салынған суреттің жылқымен ұқсастығы. 2. Екі материалды пайдалану. 3. Жұмыстың таза орындалуы. |
Практикалық тапсырманы орындау барысында, барлығының саусақтары дұрыс орналасқандығын қадағалаңыз.
Оқушыларға бұл тек бір нұсқа екендігін түсіндіріңіз. Олар өз суреттерімен тәжірибе жасай алады.
Оқушыларға түрлі түсті балауыз борлармен салынған суреттің бетіне бір тамшы акварель бояуын тамызса, не болатындығын көрсетіңіз. Олар араласпайды. Оқушыларға бұл екі материалдың бір-бірімен араласпайтындығын түсіндіріңіз. Жұмыс барысында оқушыларды бақылап отырыңыз. Қажет болғанда, қиыншылыққа кездескен оқушыларға көмек беріп, қолдаңыз. |
Қазақстандық және шетел суретшілерінің еңбектері
Альбомдар Қағаз Акварель бояулар
Суға арналған ыдыстар Қаламдар мен қылқаламдар Балауыз борлар |
2.3 Дайындау технологиялары
|
1.2.3.2. Белгілі бір материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдар және т.б.) қарапайым көлемді пішіндерді жасау |
Хайуанаттар бағына саяхат (С, Қ) Оқушыларға сабақта жануарлардың бетпердесін жасайтынын түсіндіріңіз. Оқушылардың бетпердені қалай жасайтындықтарын талқылаңыз. Сұрақтар қойыңыз: «Қай жануардың бетпердесін жасай аласың? Бетперде қандай пішінде және қандай өлшемде болады?», т.с.с. (С, К) Оқушылар қарапайым материалдарды пайдалана отырып сызықтарды, түсті және пішінді ойластырады. Бір-біріне көмектесу арқылы өз бастарының өлшемін алып, бетперденің бетті толықтай, жартылай жабатындығын анықтайды. (Ж, Т) Оқушылар, бір-біріне өз бетперделерін жасауға көмектесе алады. Оқушылар орындайтын әрекеттер: • бастың пішінін өлшеу;
Жануарлардың көлемді бейнесін «оригами» әдісі арқылы жасауға болады. |
Оқушылар кейіпкерлердің бет пішіні ерекшеліктерін қалай салу керектігі жөнінде ойластырады, мысалы: сызық, түс және пішінді қалай пайдалануға болатынын қарастырады.
Дайын бетпердені пайдаланбаңыз, көмек керек болғандарға қолдау жасаңыз. Алдын ала дайындалған бас шаблоны оларға бас өлшемін дұрыс табуына көмектеседі. Тапсырманы бөліп және асықпай орындауға болады.
Оқушылар қайшымен, басқа құралдармен жұмыс жасаған кезде техника қауіпсіздігі ережесін сақтаулары керек. Оқушылар өздігімен жұмыс жасау үшін, материалдар дұрыс бөлінуі керек. |
Жануарлардың бетпердесін жасау туралы веб-сайт http://www.infoniac.ru/news/Kak-sdelat-masku-svoimi-rukami.html
http://www.instructables.com/id/Make-Fun-Masks-Out-of-Cardboard/
Ертегілер кейіпкерлерінің бейнелері
Материалдар: түрлі түсті қағаз, түрлі түсті қатырма қағаз, желім, қайшы, сызғыш, бояу, қылқалам, су құюға арналған ыдыс, қарындаштар, қаламсаптар
|
2.2 Материалдар және шығармашылық жұмысты орындау техникалары
|
1.2.2.1 Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, тәжірибе жүргізу
|
Таңғажайып көліктер (С) Әр түрлі көлік түрлерінің, мысалы, зымыран ұшыру, ұшып келе жатқан ұшақ, қозғалып келе жатқан пойыз, жолдағы көліктер туралы бейнефильм көрсетіңіз. Сұрақтар қойыңыз: Көліктер туралы не білесіңдер? Көліктің қандай түрлері болады? Олар бір-бірінен қалай ерекшеленеді? Саған қандай көлік түрімен жүрген ұнайды? Содан кейін өз картиналарын салуда жаңа идеяларды көрсету үшін таңғажайып көліктердің суреттерін, Леонардо да Винчидің ұшу аппаратын көрсетіңіз. (Ө, Қ) Бейне фильмді көргеннен кейін, оқушылар өздерінің таңғажайып көліктерінің нобайын жасайды, сонымен қатар олардың пішіндері және әр бөліктің түстері туралы ойланады. Жұмысты әр түрлі түстер мен реңктерді қолдана отыры, аралас техникада орындайды. |
Оқушылардан ұшақ, автобус, теплоход, метродағы электр пойызы көліктің қай түріне жататынын сұраңыз.
Оқушылармен таңғажайып көліктің бұрандалары, дөңгелегі, антеннасы, шамдары жайлы талқылаңыз.
Шығармашылық жұмысты орындау барысында тақтада әр түрлі корпустарды көрсету маңызды. Мысалы: доғал, шаршы, тікбұрышты, үшбұрышты пішінді және т.б. Оқушыларға материал таңдауда мүмкіндік беріңіз. Мысалы: балауыз қарындаштар, акварель бояулар, фломастерлер. |
Көліктер туралы кітаптар
Көлік туралы Леонардо да Винчидің әзірлемелері http://leonardodavinchi.ru/mehanizmi/
Ерекше көліктердің суреті көрсетілен сайт http://vilingstore.net/Interesnye-fakty-c15/neobychnye-mashiny-i48720
Альбомдар Сурет салуға арналған материалдар
Дөңгелекпен қозғалатын ойыншықтардың фотосуреттері
|
2.2 Материалдар және шығармашылық жұмысты орындау техникалары
|
1.2.2.1 Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, тәжірибе жүргізу
1.2.3.3 Қарапайым тәсілдерді қолданып, шығармашылық жұмысты аяқтау
|
Ғарышқа саяхат (С, К) Сабақтың басында оқушыларға ғарыш туралы суреттерді қарап шығуларын ұсыныңыз. Осы сабақта олардың қайда сапар шегетіндіктері жайлы сұраңыз. Оқушыларға Күннің, Жердің өлшемі жайлы айтыңыз. Жер - Күн жүйесіндегі үшінші планета. Егер Күнді қарбыз деп елестетсек, онда Жер бұршақ тәрізді. (Ө) Оқушыларға өздігінен бесжұлдыз салуды ұсыныңыз. Жұлдызды салудың кезеңдерін көрсетіңіз. Оқушылардан басқа әдіспен жұлдызды қалай салуға болатындығын сұраңыз. (Ө, Қ) Оқушыларға болашақ аппликация үшін шашырату арқылы фон жасау керектігін түсіндіріңіз. 1. Оқушылар ақ қағаз бетіне екі жұлдызды, екі дөңгелекті салып, қиып алады. 2. Қиып алынған пішіндерді қара парақтың бетіне орналастырады. 3. Әрі қарай тіс щеткасын бояуға батырып, саусақпен қылшықтарын өзіне қарай үйкейді. 4. Бояу кепкен соң, уақытша орналастырылған пішінді алып тастау керек. 5. Осы пішіндерді әр түрлі түстермен безендіреді. 6. Өткен сабақтағы таңғажайып көлікті жабыстырады.
|
Жұмыс барысында қиындыққа тап болған оқушыларға көмек беріңіз.
Оқушылар гуаш пен акварель бояуларын пайдаланып, шашырату техникасымен тәжірибе жасай алады. Ең жақсы шашырату қандай материалмен сәтті орындалатынын көреді.
Оқушыларға барлық саяхатты естеріне түсірулерін ұсыныңыз. Оқушылар бөлімді оқу барысында не жасап үйренгендерін және ненің ұнағандығын айтып береді. Сабақтың соңында жұмыстардан көрме ұйымдастырыңыз. |
Ғарыштың фотосы
Альбомдар, қағаз
Коллажға арналған құралдар мен материалдар: қара түсті қатырма қағаз, газет, түрлі түсті қағаз, борлар, фломастерлер, желім, гуашь, тіс тазалайтын щетка, қайшы, су құятын ыдыс.
|
Көркем еңбек Бастауыш мектеп 1-сынып |
6 С-бөлім: Салт-дәстүр және фольклор |
Ұсынылатын алдыңғы білімдер |
Алдыңғы бөлімдердегі тапсырмалардан және бейнелеу өнеріне байланысты түрлі көркемдік әрекеттер арқылы оқушылар көптеген көркем туындыларға баға бере алады, сонымен қатар жасаған жұмыстарына шолу және пікірлерін айтуға үйренді. |
Тілдік
мақсаттары |
||
Оқытудың тілдік мақсаттары |
Пәндік лексика және терминология |
Диалогқа/жазылымға қажетті сөздер топтамасы |
Оқушылар орындай білуі тиіс: • қолда бар материалдан жасалған музыкалық аспаптарды және олар шығаратын дыбыстарды сипаттау. |
Мыналарды қамтиды: •қатырма қағаз, қолда бар материалдар, корпус, ішек, жіп, скотч/таспа; • ұзын, қысқа, жіңішке, кең, күшті, әлсіз, күштірек, әлсіздеу; •дыбыс шығару үшін саусақпен соққылау, шертіп ойнау, ызың, ішектерде саусақпен теріп ойнау, ысқышпен ойнау, үрлеу; • ақырын, қатты, барынша ақырын, барынша қатты, қаттырақ, ақырын; • табылған материалдардан жасалған аспаптардың атаулары, мысалы, түрлі қораптар мен ыдыстар және т.б. |
Талқылауға арналған сұрақтар: • Сіздің аспабыңыз неден жасалған? • Ол қалай жасалған? • Ол туралы сіз не айта аласыз? • Ол қандай дыбыстар шығарады? • Аспабыңызда сізге не ұнайды? • Сіздің аспабыңыздың неге ұқсағанын қалайсыз? Неліктен … екенін айта аласыз ба …? • … сіз бұл материалдарды неліктен таңдап алдыңыз? • … сіз аспабыңыздың осыған ұқсас болуын қалайсыз? |
Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша академиялық тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз. |
||
Қысқаша шолу |
||
Оқушылар осы бөлімде дәстүрлі өнерді, қазақ музыкалық аспаптарын зерделейді. Олар музыкалық аспаптарды қалай жасауға болатынын біледі. Визуалды пішіндерді жасау үшін құруда, бақылау және практикалық дағдыларын дамыту және көріп, сезіп тұрған жұмысқа арналған материалдар ерекшеліктерін түсінуін жалғастырады. Бұл бөлімнің мазмұныны бейнелеу өнері мен сәндік қолданбалы өнердің ерекшеліктерін біріктіреді. |
||
Оқу бағдарламасына сілтеме |
Оқу мақсаттары |
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері |
Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша) |
Оқыту ресурстары |
1.2 Тарих, мәдениет, дәстүрлерді білу
|
1.1.2.1 Ұлттық және әлем мәдениетінің әр түрлі өнер туындыларына көңіл бөлу
|
Қазақ халқының дәстүрлері (С, Қ) Қазақтың ұлттық музыкасын тыңдаңыздар. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын талқылаңыз. Музыкалық аспаптар келесі топтарға бөлінетіндігін айтыңыз: ішекті, үрлемелі, ұрмалы аспаптар. Оқушыларды топқа бөліп, алдарына әр түрлі аспаптар (аспаптардың иллюстрациялары да болуы мүмкін) қойыңыз. «Мына аспап қандай материалдан жасалған»?, «Сендер неге олай ойлаңдар»?, «Ол дыбысты қалай және қандай ретпен шығарады»? деген сұрақтар қоюға болады.
(Т) Мұғалім сұрақ қойып жатқанда, топтардың аспаптарды зерттеу мүмкіншіліктері болады.
(Ө) Оқушылар бақылай отырып, өз аспаптарын қалай салу керек екенін ойластырып, альбомдарына нобайын салады.
|
Сабақты қазақтың ұлттық музыкасын тыңдатудан бастаңыз. Құрманғазы атындағы оркестр туындыларынан үзінді көрсетуге болады.
Оқушылар аспаптарды қолына алып, олардың құрылысын зерделейді. Бұл оларға сурет салуда пішінін түсінуіне көмек көрсетеді. Аспаптарды олардың суреттері бейнеленген фотосуреттермен алмастыруға болады.
Оқушылардан аспап атауларын және олардың қандай материалдардан жасалғанын сұраңыз. Егер де оларға өлшем, масштаб және болашақ суреттің қағазда орналастырылуы туралы айта кетсе тиімді болар еді. Музыкалық аспаптың сұлбасын жасау үшін, қарындашты пайдаланған дұрыс. Себебі қарындашпен салынған суреттерді түзетуге болады. Оқушылар аспатың нобайын салу барысында пішін мен сызықтарды ескерулері қажет. |
Дәстүрлі қазақ музыкалық аспаптары http://www.bilu.kz/instrumenty_3.php
Дәстүрлі
қазақ музыкалық аспаптарының
фотосуреттері/
«Women Art дизайн» қазақстандық суретшілер галереясы https://www.lada.kz/company_news/22340-women-art-dizayn-galereya-nacionalnogo-iskusstva.html Қазақстанды таныту - Домбыра жасау үрдісі https://www.youtube.com/watch?v=JLj7hT1XJvQ
|
2.3 Дайындау технологиялары
2.4 Қауіпсіздік техникасын сақтау
|
1.2.3.1 Қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, пішінін келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру
1.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану
|
Музыкалық аспаптар жасау (С, К) Оқушылар қолда бар материалдармен дыбыс шығаратындай етіп, аспаптар жасауда тәжірибе жүргізеді. Қолда бар қарапайым материалдарды көрсетіңіз. Көрсету және түсіндіру үшін мұғалімге: • қарапайым ұрмалы аспаптар; • қарапайым ішекті аспаптар; • маракастар/шулы аспаптар қажет. Олармен қалай ойнау және оның қалай дыбыс шығаратынын көрсету үшін, еріктілердің көмектесуін сұраңыз.
(Ж, Т) Оқушылар жұптасып, қолда бар материалдармен тәжірибе жасайды және зерттейді. Мұғалімнің айтуымен дыбыс шығаратын қарапайым құрылыммен шабыттана отырып, дәстүрлі музыкалық аспаптар жасайды.
(Ө, Ж, Қ) Оқушылардан өз аспаптарын қалай құрастыратынын ойлануларын ұсыныңыз. Ол үшін оқушылар өткен сабақта жасаған нобайларын байланыстыра отырып, қандай материалдардан аспап жасауға болатындығын ойланулары қажет. |
Аспап жасау үшін, үлгі ретінде аз мөлшерде жарма салынған йогурттың пластмасса ыдысын қолдануға болады.
Қолданылатын материалдардың қайда орналасқанын, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, жұмыс соңында орындарының таза болуын қадағалау керек.
|
Қайта өңделген материалдардан жасалған музыкалық аспаптардың мұғалім дайындаған үлгілері
Қолда бар материалдар: қатырма қағаз қораптар, қатырма қағаз түтіктер, кішкентай тастар, резеңкелер пластмасса контейнерлер, консерві банкілері, эластикалық мата, таяқшалар, жұқалтыр қағаз. http://www.7ya.ru/article/Muzykalnye-instrumenty-svoimi-rukami/
|
2.3 Дайындау технологиялары
2.4 Қауіпсіздік техникасын сақтау
|
1.2.3.1 Қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, пішінін келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру
1.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану |
Дыбыс жасау (С) Өткен іс-әрекеттерге шолу жасаңыз. Келесі сұрақтарды қойыңыз: «Сендер қандай аспаптар жасадыңдар?», «Өз аспаптарыңды жасау үшін, қандай материалдар қолдандыңдар?», «Өз аспаптарыңнан сендерге не ұнайды?», «Олар қандай дыбыстар шығарады?», «Материалдар бір-бірімен қаншалықты жақсы біріктірілген?». Өз жұмысын қалай жақсартуға немесе онда дыбыс шығарып ойнау үшін басқа аспапты қалай жасауға болатынын түсіндіріңіз.
(Ө, Т) Оқушылар өз бұйымдарынан шыққан дыбыстарды зерттейді және практикада тәжірибе жасайды. Алдында орындаған жұмыстарын және идеяларын дамытуға көмектесе отырып, басқа материалдармен жасауды ұсыныңыз. Оларға пайдаланатын материалдардың кейбір бөлшектерін өлшеуге, белгілеуге, біріктіруге көмектесіңіз.
(Т, Ж) Шағын топпен немесе жұппен жұмыс істей отырып, оқушылар сабақта жасаған аспаптарының дыбыстарын, музыкалық шығармаларда қалай қолдану керектігін талқылайды (ән, би). Аспаптардың дыбыстарын кейінгі жұмыстар үшін аудиоға жазып алу ұсынылады |
Оқушылардан аспаптардан шыққан дыбысты қалай қолдануға болатынын ойлануын сұраңыз. Олар осы дыбыстарды жазып алып, музыка сабақтарында қолдана алады.
Пайдалануға арналған материалдар қайда және қалай жатқанын тұрғанын қадағалап отырып, жұмысты аяқтап болған соң өз жұмыс орнын ретке келтіре отырып, қауіпсіздік ережесін сақтауды бақылап отыру қажет. Ұсынылып отырылған іс-әрекеттер қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. |
Қолдағы бар материалдардан мұғалім жасаған музыкалық аспаптардың үлгілері.
Төмендегідей қолда бар материалдар: қатырма қағаз қораптар, қатырма қағаз түтіктер, кішкентай тастар, резеңкелер, пластмасса контейнерлер, консерві банкілер, эластикалық мата, таяқшалар, жұқалтыр қағаз http://www.7ya.ru/article/Muzykalnye-instrumenty-svoimi-rukami//
|
2.3 Дайындау технологиялары
|
1.2.3.4 Шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану
|
Аспаптарды безендіру (С, К) Оқушыларға музыкалық аспаптардың заманауи безендірумен жасалған иллюстрацияларды көруді ұсыныңыз. Домбыраның қай бөлігі ерекше безендірілгеніні сұраңыз. Оқушылар бірінші домбыра ұлттық, ал екіншісі заманауи безендірілгенін айтуы қажет.
Сұрақ қойыңыз; «Музыкалық аспаптарды не үшін безендірген?», «Өрнектер неге ұқсайды?». (С) Оқушыларға өздерінің аспаптарын қандай өрнектермен безендіргілері келетіндігін ойлауды ұсыныңыз. «Аспаптың қай бөлігінде өз суреттерің мен өрнектеріңді орналастырар едіңдер?», «Қай өрнек ұлттық және заманауи бейнелеуді айқындайды?».
(К) Жасалған аспаптарды дәстүрлі және қазіргі дизайнмен қалай безендіруге болатынын көрсетіңіз.
(Ө, Ж) Оқушылар өз аспаптарын безендіру алдында, альбомдарына әр түрлі нобайлар салып көреді. Олар фломастерлерді, түрлі түсті қаламсаптарды, коллаж жасауға арналған материалдарды пайдалана алады.
|
Ежелгі уақытта музыкалық аспаптардың ұлттық ою-өрнектермен безендірілгеніне назар аударыңыз. Оған жануарлар мен өсімдіктер әлемі негіз болған. Сондықтан өрнектер өсімдіктер, жануарлар мен қарапайым геометриялық пішіндерді елестетеді. Оқушылардың назарын аспаптың безендірілген бөлігіне аударыңыз.
Оқушылар көркем безендіруге таңдалып алынған материалдардың дыбыс сапасына кері әсер етпейтініне көз жеткізуі керек. |
Қазақ өрнегінің түрлері мен тарихы туралы сайт http://www.oyular.kz/ru/istoriya-ornamenta.html http://www.bilu.kz/ornament.php
Дәстүрлі қазақ аспаптары және/немесе олардың суреттері
Оқушылар жасаған аспаптар
Кітаптар, дереккөздер
Альбомдар
Әшекейге арналған материалдар, мысалы, қалам, бояу, қылқалам және т.б.
|
3.1. Таныстыру
|
1.3.1.1 Өзінің жұмысын (сұлба, бұйым және т.б.) қарапайым тәсілдермен таныстыру
|
Музыкалық аспаптардың көрмесі (С) Оқушылар өткен сабақтарда ойнаған аспаптардың аудио жазбасын тыңдап көріңіз. (Ө, Қ) Оқушылар өздері жасаған бұйымдарының сұлбасын таныстырады және музыкалық аспаптарда ойнайды. Олар жұмыстың орындалу кезеңдерін түсіндіреді: аспапты безендіру, қолданған материалдары, сұлбаға сәйкес келуі.
(Ө, Қ) Сабақ соңында, соңғы бес сабақта не білгені туралы әңгімелеуді сұраңыз.
|
Оқушылар қолдарынан не келгені туралы, сұлбаны сақтанғаны жайлы бөлісе алады. Егер олай болмаса, неліктен өз аспабының дизайнын өзгерткен? Олар музыкалық апапты жасау барысында қандай қиындықтармен кездесті?
|
Ұлттық қазақ музыкасының үлгілері
Шығармашылық материалдар және сурет салуға арналған құралдар |
Көркем еңбек Бастауыш мектеп 1-сынып |
7D-бөлім: Жемістер мен көкөністер |
Ұсынылатын алдыңғы білімдер |
Алдыңғы бөлімдердің мазмұнынан оқушылар жасалған дүниені (адамның қолымен жасалған) зерттеу барысында білім мен тәжірибелерін жинақтады, сонымен қатар көркем шығармашылық саласы бойынша дағдыларын әрі қарай дамытты. |
Тілдік мақсаттар Оқушыларға түсінікті тиісті ғылыми тілде жазылған тілдік мақсат үлгісі төменде берілген. |
||
Оқытудың тілдік мақсаттары |
Пәндік лексика және терминология |
Диалогқа/жазылымға қажетті сөздер топтамасы |
Оқушылар орындай білуі тиіс: • тоқыма заттардың ерекшеліктері мен сапасын және олар жемістер мен көкөністердің текстурасын қалай бейнелейтіндігін сипаттау. |
Мыналарды қамтиды: • текстура, фактура, тегіс, қатты, қатаң, жұмсақ, кедір-бұдыр, тікенді, жылтыр; • баспа, қайталау, дайындау, көлденең, тік, диагональ, тура, толқынды, көп қабатты, үстінен жабу, біріктіру; • пішін, дөңгелек, шеңбер, сопақ; • түс, жарқын, көмескі, жеңіл, қара, ақ, қара-қоңыр; • кеңістік, өлшем, үлкен, кішкентай, таңдап алу; • сыру, тігу, кестелеу, аппликация, бисермен әшекейлеу, жіппен жұмыстар. |
Талқылауға арналған сұрақтар: • Қандай материалдарды білесіңдер? • Бұл неге ұқсайды? • Өздерің жасаған үлгіні сипаттап бере аласыңдар ба? • Сендерге ол несімен ұнайды? Неліктен екенін айта аласыңдар ба? • … Сендер бұл үлгіні таңдадыңдар? |
Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз |
||
Қысқаша шолу |
||
Оқушылар жеміс пен көкөністер тақырыбын негізге алып, өз тоқыма бұйымдарын жасау үшін тоқыма дизайнын зерттеу арқылы жасанды дүние туралы білімін кеңейтеді. Оқушылар осы тақырыптан шабыт алып, көкөністер мен жемістердің текстурасын зерттеу барысында көркем жұмыстарды жасау арқылы өз идеяларын дамытады. Оқушылар басқа бөлімдердегідей, көркем жұмыстарды жасау барысында құралдар, материалдар, техника мен әдістерді пайдалану сапасын жақсартуын көрсететіндей визуалды пішіндер жасауда сәттіліктерге жетуін жалғастырады. |
||
Оқу бағдарламасына сілтеме |
Оқу мақсаттары |
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері |
Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша) |
Оқыту ресурстары |
1.3 Шығармашылық идеялар мен сезімдерді көрсету және дамыту
|
1.1.3.1 Нақты материалдар мен техникалардың негізінде, өз идеялары мен сезеімдерін шығармашылық деңгейде ұсыну |
Өрнектегі ырғақ және тоқыма дегеніміз не? (С) Сабақты жеміс/көкөніс-гүл-жапырақ тақырыбындағы құрақ, жастықтар мен киім, алжапқыш, асүй сүлгісі, дастарқан сияқты түрлі тоқыма бұйымдарды көрсете отырып бастаңыз.
Оқушыларға матадан жасалған бұйымдарды ұсыныңыз: асүй ормалы, алжапқыштар, перделер, сулықтар. Олардың назарларын бұл бұйымдардың қалай безендірілгеніне аударыңыз. Қандай өрнектерді қолданған? Өрнектер мен оюларды не үшін қолданған? Оқушылар матаға салынған ою белгілі бір тәртіппен қайталанып отыратынын өздері түсініп, оюдың осы екенін айтып бере алатындай болу керек. (Ж, Ө, Қ) Оқушыларға анасының алжапқышының және асүй орамалының суретін салып, оны ою-өрнектермен безендіруін сұраңыз. Жұмыстың кезеңдерін түсіндіріңіз. Суретті орналастырудан бастаңыз. Оқушыларға егер олар алжапқышты таңдаған болса, онда қағаз парағын тігінен, егер орамал таңдаса, онда көлденеңнен орналастыру керектігін түсіндіріңіз. Ою-өрнектерді орналастыру үшін, бұйым бөліктерінінің орнын анықтау керек.Оқушыларға оюдың жемістерден, көкеністерден, жидектерден, гүлдерден, жапырақтардан құралу керектігін ескертіңіз.Өрнектегі ырғақты көрсету керек.
|
Егер сіз қажетті бұйымдарды таба алмасаңыз, оларға жеміс-жидектер, көкөністер, гүлдер, жапырақтар бейнелегнен тоқымалардың фотосуреттерін көрсете аласыз.
Сабаққа арналған материалдар (ойын, мата, сурет, жеміс, көкөніс) тақырыптарға сәйкес мұқият таңдап алынуы керек.
Оюлардағы «ырғақ» түсінігімен таныстыру. Ол үшін үстел үстіне кезекпен жемістер мен көкөністерді жайып, көрсетіңіз.
Ас бөлмесінде, тұрмыс бұйымдарында жемістерді бейнелеу арқылы орыс халқының ою-өрнек сарынын көрсетуге болады.
Өздігінен ырғақы оюдың суретін салуға қиналатын оқушыларға ырғақы оюдың кейбір элементтерінің дайын үлгілерін ұсынуға болады. Сонымен қатар жұмыстың басында оқушыларға қандай түстік гамманы таңдайтындарын анықтау керек. |
Жемістерден және табиғи пішіндерден шабыт алған тоқыма бұйымдар – қазақстандық дизайншылардың және басқа мәдениеттер мен кезеңдердің дизайншыларыныңеңбектері
Альбомдар мен түрлі түсті қарындаштар, қаламсаптар, өшіргіш
Ырғақ ою құру үшін жемістер мен көкөністердің шаблондары |
2.1 Қоршаған ортаның бейнелері
3.3 Жұмысты талқылау және қорғау |
1.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін айқындау үшін қарапайым тәсілдерді анықтап, қоршаған ортадағы кейбір визуалды элементтерді қолдану
1.3.3.1 Шығармашылық жұмысын түсіндіру
|
Ою-өрнектердің баспалары (С, К ) Оқушыларға олардың жемістер мен көкөністерді басу арқылы тоқыма үлгілерін жасайтындықтарын түсіндіріңіз. Олардың текстурасын зерттеңіз. Текстуралардың маңызын және түрлі жемістер мен көкөністердің әр түрлі және/немесе ұқсас текстуралары (көкөністер мен цитрустік жемістер) болатындығын талқылаңыздар. Оларды ортасынан кесіңіз де, ішкі текстурасын сыртқы қабығымен салыстыра отырып зерттеңіз.
Оқушыларға қалай басуға болатындығын көрсету үшін, оларды сия толтырылған подносқа бетін төмен қаратып орналастырыңыз. Оқушылардан түрліше басып шығаруға болатын әдістері мен алуан үлгілерін, сонымен қатар текстураларды бір өрнекке қалай біріктіруге болатыны туралы ойлауын сұраңыз:
(Т, Т) Оқушылар алдарындағы жемістер мен көкөністер жиынтығы бар үстелдердің айналасында жұмыс істейді. Олар жемістер мен көкөністерді қағазға басу тәжірибесін өткізеді. Олар өздерінің жұмыс кезеңдері туралы айта алады.
(Ө, Қ) Оқушылар жұмыстарын қалай орындағанына байланысты, өз жұмысына пікір айтады. Сонымен қатар олар өз жұмыстарын және сыныптастрының жұмыстарын бағалайды. |
Оқушыларға олардың алдыңғы бөлімде орындаған баспа жұмыстарын естеріне салуға болады. Бұл жемістерді/көкөністерді оқушылар көрмей тұрып, сипап сезу арқылы табады. Олардың текстураға сипаттама ойлап табуларын сұраңыз (мысалы, қатты, жұмсақ және қатаң).
Оқушыларға мұғалім жемісті/көкөністі бояумен қалай басып шығуға болатындығын көрсету керек. Егер сияны көп қолданып, немесе жемістерді беттің үстімен ауыстырса, онда баспа жан-жағына жағылып қалуы мүмкін. Мүмкіндігінше оқушыларға тәжірибелік жұмыста көмектесіп, кішігірім топтарда жұмыс жасау керек. Визуалды мысалдар мен көрсетулердің болуы оқушылардың идеяларын дамытады және дербестігін ұлғайтады. Бөлме осы қызмет үшін дайын болу керек. Бұйымдарды кептіру үшін орын керек, мысалы, баған немесе көлденең сырық.
Кейбір оқушыларға матаның кішігірім шаршысында қайталанған өрнектерді орналастырып басып шығаруда, таңдауда көмектесе аласыз.
Осындай тапсырмаларды орындай отырып, жұмыс барысында оқушылар тазалықты және қауіпсіздік ережесін сақтау керек. |
http://www.auntannie.com/SurfaceDesign/VegetableStamps/
Мұғалімнің мысалдары
Басуға арналған материалдар мен құралдар
Бояулар, гуашь, тушь, батик
Баспа валиктері Газеттер Түрлі түсті қағаз Мата шаршылары (мақта мата)
|
2.3 Дайындау технологиялары
2.4 Қауіпсіздік техникасын сақтау |
1.2.3.1 Қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, пішінін келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру
1.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану |
Жемістер концерті (К) Оқушыларға олар жасаған жемісті және көкөністі мотивтерін жақсарту үшін өздерінің тоқыма бұйымдарын қалай әшекейлеуге болатындығын көрсетіңіз. Оларға жемісті және көкөністі композицияны жасауда шабыт алуға көмектесу үшін Арчимбольдо (Arcimboldo) суретшінің еңбектерін көрсетуге болады.
(К) Матаға шаблонды қалай түсіруге болатынын оқушыларға түсіндіріңіз. Матаның теріс жағына шаблонды койып, оны қатты басып тұрып, қалам/қарындашпен айналдыра сызып шығамыз. Жемістер мен көкөністерден қалай композиция жасауға болатынын көретіңіз.
(Ж, Ө, Қ) Оқушылар кезең-кезеңмен жемістер мен көкөністерден аппликация жасайды: 1.Үлгіні матаның теріс жағынан орналастыру; 2. Жиегінен айналдыра сызып, қиып алу; 3.Қиылған жемістер мен көкөністерден композиция жасау; 4.Аппликацияның негізіне жемістер мен көкөністерді кезектестіре желімдеу. (Ө) Сабақтың соңында оқушылар сыныптастарының жұмыстарын мына критерийлер бойынша бағалай алады: - жұмыстың ұқыптылығы; - аяқталуы; - аппликацияның негізіне жемістер мен көкөністердің біркелкі орналасуы (композицияға сай) |
Жемістер мен көкөністер тақырыбына сай келетін музыка таңдаңыз. Мұғалім жемістер мен көкөністерден жасалған аппликацияны қағаздан жасай алады. Ол композицияны жемістер мен көкөністердің үлгілерін қолдану арқылы мата мен фетрден жасай алады. Тапсырманы орындау барысында қиыншылықтармен кездескен оқушыларға көмек көрсетіңіз. Мұғалім ұн мен крахмалдан желімді алдын ала пісіріп дайындап қойғаны жөн.
Оқушылардың жұмыстарын бақылап, сыныпты аралап жүру өте маңызды. Оқушылар шағын топтарда немесе жеке қосымша нұсқаулықтар ала алады.
Қайшы және желіммен жұмыс жасау барысында Техника қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуы керек.
|
Арчимбольдо (Arcimboldo) еңбектері http://www.giuseppe-arcimboldo.org/
Құрақ көрпелердің фотосуреттер.
Аппликацияға арналған материалдар мен құралдар: түрлі түсті маталар, желім, қайшы, түйме.
Жемістер мен көкөністердің үлгілері.
|
2.3 Дайындау технологиялары
|
1.2.3.1 Қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, пішінін келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру
1.2.3.3 Қарапайым тәсілдерді қолданып, шығармашылық жұмысты аяқтау
|
Жемістер ассортиі (К) Өткен сабақтағы композицияларға шолу жасаңыз. Сұрақ қойыңыз: Сіз жемістер мен көкөністерден композиция үлгісін қалай жасадыңыз?
(К) Құрақтың мысалдарын көрсетіңіз. Сұрақ қойыңыз: Бұл жұмыстар қандай материалдардан жасалған? Жұл жұмыстардың ерекшелігі қандай? Сендердің ойларыңша, құрақтар қайда қолданылады? Матаның қиындыларынан жасалған қазақтың ұлттық көрпесін көрсетіңіз. (К) Оқушыларға қағаздан бірнеше бірдей элементтерді қиып көрсетіңіз.
(Ө, Ж, Қ) Жұмысты бірнеше кезеңдермен ұйымдастыруға болады: 1. Оқушылар жемістер мен көкөністердің үлгісін таңдайды. 2. Жемістер мен көкөністерге сай келетін түстерді таңдайды. 3. Оқушылар қағазды 2 рет бүктейді (осылайша 4 элемент пайда болады). 4. Үлгіні жиегінен айналдыра сызып, қайшымен қиып алады. Оқушыларда бірдей 4 жеміс немесе көкөніс шығады. 5. Оқушылар басқа түсті қағаз таңдап, екі рет бүктеп, бүктелген жерінен қияды. 4 тіктөртбұрыш пайда болады. 6. Әр оқушыда әр түрлі тіктөртбұрыш болатындай етіп, тіктөртбұрыштармен алмасуды ұсыныңыз. 7. Оқушылар 4 тіктөртбұрышты альбом парағына жабыстырады. Содан кейін өздерінің жемістері мен көкөністерін кезектестіре орналастырып желімдейді.
(Ө, Ж) Оқушылармен бірге шыққан жұмыстың қалай қарапайым әдіспен безендіруге болатындығын ойланыңыз. Оқушылар өзінің жұмысына жапырақ пен бұтақ, жиектеме жасай алады. |
Оқушыларға құрақтың не екендігін түсіндіріңіз. Құрақ құрау, құрақтан мозайка жасау - қолөнер түрі. Онда мозайка қағидатымен кішкентай мата бөлшектерінен үлкен құрақтар құралады
Мұғалім өткен сабақтағы жемістер мен көкөністердің үлгілерін қолдана алады.
(Ұ, Қ) Оқушыларға өз жұмыстарын көрсетулерін ұсыныңыз (тақтаға ілу немесе партаның бетіне жайып қою). Суретерді бірге қарап шығыңыз. Жұмыстарды келесі критерийлер бойынша бағалаңыз:
Техникалық қауіпсіздік ережесінің нұсқаулығын (үшкір-өткір заттар) өткізіңіз.
|
Арчимбольдо еңбектері http://www.terra-z.ru/archives/1698 Материалдар мен құралдар: түрлі түсті қағаз, әр түрлі пішіндегі парақтар, желім, қайшы
Жемістер мен көкөністердің үлгілері |
Көркем еңбек Бастауыш мектеп 1-сынып |
8D-бөлім: Дені саудың – жаны сау |
Ұсынылатын алдыңғы білімдер |
Алдыңғы бөлімдердің мазмұны негізінде оқушылар материалдар құрамын танып, көркем еңбек құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын тереңдетті. Оқушылар шығармашылық жұмыс арқылы байқау, өз ойын іс-тәжірибе арылы жеткізуге үйренді. |
Тілдік мақсаттар Оқушыларға түсінікті тиісті ғылыми тілде жазылған тілдік мақсат үлгісі төменде берілген. |
||
Оқытудың тілдік мақсаттары |
Пәндік лексика және терминология |
Диалогқа/жазызылмға қажетті сөздер топтамасы |
Оқушылар орындай білуі тиіс: • сұлба туралы идеяны елестету.Оқушылар сюжетті қойылымның идеясымен бөліседі.
|
Мыналарды қамтиды: • жарық, түс, жарқын, солғын, жеңіл, қараңғы, ашық, қаралау, көлеңкелер, қозғалыс; • пішіндер, сұлбалар, шеңберлер, кескін; • кеңістік, өлшем, үлкен, кішкентай, біріктіру, жоғары, төмен, биік, аласа;
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
• Бұны қалай жетілдіруге болады? • Қорытынды қойылымның алдында сендер нені жақсартуларың керек? •Өз оқиғаларыңа қандай әуен таңдайсыңдар? Сендер… неліктен екенін айта аласыңдар ма? • Берілген сюжетті сендер қойылым үшін таңдадыңдар ма? |
Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша академиялық тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз. |
||
Қысқаша шолу |
||
Басқа бөлімдердегі сияқты, оқушылар шығармашылық жұмыстарында визуалды пішіндерді жасап, аспаптардың сапасын жақсартып, материалдар мен әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды жалғастырады. Жыл бойы алған дағдылары көргендерінің барлығын есте сақтау үдерісінде, сонымен қатар жұмыста шығармашылық құралдарды дұрыс пайдалануына көмектеді. Олар жарық, көлеңке және көлеңкелі театр туралы негізгі түсініктерін шоғырландырып, зерттеуді бастайды. |
||
Оқу бағдарламасына сілтеме |
Оқу мақсаттары |
Ұсынылатын оқыту іс- әрекеттері |
Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша) |
Оқыту ресурстары |
1.2 Тарих, мәдениет, дәстүрлерді білу және түсіну |
1.1.2.1 Ұлттық және әлем мәдениетінің әр түрлі өнер туындыларына көңіл бөлу
|
Сұлбалар (силуэт) (С) Оқушыларға билеп жүрген немесе спортпен, мысалы, гимнастикамен, жүзумен немесе жаттығулар жасаумен айналысып жатқан адамдардың суреттерін көрсетіңіз. Бұл фильм, фотосуреттер немесе картиналар болуы мүмкін. Сондай-ақ сіз хореографиялық қимылдар көрсете аласыз.
(С) Шамға қарсы тұрыңыз. Жарыққа қарсы тұрғанда, біз өзіміздің жанымызда не көреміз? Бір түспен боялған кескіндеме сұлба (силуэт) деп аталатынын түсіндіріңіз. Сұлба анық және айқын болуы керек. Оның суретін салуға немесе қиюға болдады.
Оқушыларға сұлбаның көлеңкелі театрда пайдаланылатынын айтыңыз. Көлеңкелі театр алғашқы рет Азияда пайда болған. Сұрақ қойыңыз: Көлеңкелі театрда сұлба қалай қолданылатынын кім айтады?
(С, Т, Қ) Оқушыларға өздерінің қойылымдарына сюжет таңдауды сұраңыз. Оқушылар сұлба жасау үшін ертегілердің кейіпкерлерін бөледі.
(Т, Қ) Жұмыстың орындалу тәртібін түсіндіріңіз: 1. Кейіпкер таңдап ал, оның ерекше қасиеттерін атап бер; 2. Қара қатырма қағазға кейіпкердің сұлбасын сал. 3. Кейіпкердің бейнелерін қайшымен қиып ал; 4. Оны скотчпен таяқтарға жапсырып қой.
(Ұ, Ж, Ө, Т) Оқушылар осы идеялармен жұптасып немесе топпта тәжірибе жасайды. Көлеңкелерді жасау үшін пішін үлгілерін және басқа бұйымдарды пайдалануға болады. |
Оқушылар бишілердің түрлі сұлбалар жасайтын қойылымы туралы фильмді көріп, Pilobus тобының (көлеңке театр бишілерінің тобы) динамикалық қимылдарының орындалуын зерттей алады.
Оқушылар көлеңкелі театр туралы, көлеңкелі суретерді қалай жасауға болатындығы жайлы біледі.
Топтық және жұптық жұмыстарды бағалау ұсынылады. Бағалау критерийлері: - сұлбаның ертегі кейіпкеріне ұқсауы; -А5-А4 формат; -жиек бойынша ұқыпты қиылуы. |
Билеп жатқан немесе спортпен айналысып жатқан адамдардың суреттері, мысалы, фильм, фотосуреттер, картиналар
Pilobus тобының өнер көрсетуі- http://www.youtube.com/watch?v=FYftvseVzuI
Көлеңкелі театр - жарық проекторы, экран
Материалдар: қатырма қағаз, желім, қайшы, таяқша. |
2.3 Дайындау технологиялары
2.4 Қауіпсіздік техникасын сақтау |
1.2.3.2. Белгілі бір материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары және т.б.) қарапайым көлемді пішіндерді жасау 1.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану
|
Ойлан және құрастыр (С, Ж, Ө) Идеялары мен жұмысын дамыту үшін 1-сынып бөлімдерінен таңдап алынған бірнеше жұмыстарды көрсетіңіз.
(С, Ө) Оқушылар шығармашылық жұмыстарды өткен бөлімнен таңдап алып, топпен немесе жұппен жұмыс істей алады. Оқушыларға жұмыстарға қарап, салыстыруларын сұраңыз. Жұмыстың сапасы өзгергенін байқадыңдар ма? Бұл неден байқалып тұр? Сендер қай жұмыстарыңмен мақтанасыңдар? Неліктен?
(С) Оқушыларға өздерінің жұмыстарынан көрме ұйымдастыру керектігін айтыңыз. Оларға өз жұмыстарын орналастыратын мінбер дайындау керек. Мінбер көлемді аспаптарға арналған, ермексаздан жасалған мүсіндерге және тегіс коллаж жұмыстары орналасатындай болуы керек. Олар өз мінберлерін ескі қораптардан, мектептің орындықтары мен парталарынан құрастырып, маталармен безендіреді. Сонымен қатар көрменің атауын ойластыруға болады. Көрме үшін жұмыстарды безендіру керек. Жұмысты қалай безендіру керектігін көрсетіңіз (мысалы, паспарту).
(К) Суретті паспартумен безендірудің кезеңдерін қорсетіңіз. Ол үшін, ең алдымен, суреттің шеттеріне қарау керектігін айтыңыз. Олар тік болу керек. Егер түзету қажет болса, парақтың жиегінен сызғышты тік қойып, тік сызық жүргізу керек. Содан соң қайшымен шетін ұқыпты қиып шығу керек. (Ө, Қ) Оқушылар нұсқаулық бойынша суретерін безендіре бастайды. Оқушылар жұмысты орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды. |
Мұғалім оқушылардан алдыңғы сабақтан қалауы бойынша таңдауды сұрайды.
Осы бөлімде нәтижелерге, сонымен қатар зерделеуге және идеяларын дамытуға, жетілдіруге көңіл бөлінеді.
Оқушыларға оқу жылының соңғы сабағында жыл бойы жасаған жұмыстарының үшеуінен көрме ұйымдастыратындарын айтыңыз. Балалар жұмыстарының көрмелерінен суреттер көрсетіңіз. Көрмеде тек картиналар ғана емес, сонымен қатар әр түрлі заттар мен тауарларды да кездестіруге болатындығын түсіндіріңіз. Оларға бұл заттардың адам өміріндегі әр түрлі салаларына байланысты болатындығын түсіндіріңіз.
Жиектемені оқушылар әр түрлі бөлшектермен безендіре алады (аппликация, өрнек), бірақ олардың жиектеемелері көрерменнің назарын негізгі жұмысқа аударуға кедергі тигізбеуі керек.
|
Оқушылардың 1-сыныптағы көркем жұмыстары бар портфолиосы
Бірқатар көркемдік материалдар мен құралдар: түрлі түсті қатырма қағаз, желім, қайшы.
|
3.1.Таныстыру |
1.3.3.1 Өзінің жұмысын (эскиз, бұйым және т.б.) қарапайым тәсілдермен таныстыру |
Өнер фестивалі (С) Оқушыларға берілген сабақта талдау жасап, талқылап және өз ойларын айтатыны жайлы түсіндіріңіз. Сабақты көлеңкелі театр қойылымының бейнежазбасын көрсетуден бастаңыз. Сұрақтар қойыңыз:
(Ө, Қ) Оқушылар өз жұмыстарымен таныстырады. Жыл бойы көркем еңбекте алған білімдерінен не шыққандығы, не ұнағандығы жайлы барлық сыныппен бөліседі.
Сабақтың соңында оқушылар өз жұмыстарын егер мектепте сақтауға тиесілі болмаса, үйлеріне алып кете алады. |
Оқушылар өздеріне сырт көзбен қарауы үшін, мұғалім сабақтардың барысында жазылып алынған бейнежазбаларды қолдануына болады.
Бейнежазбаны көру сонымен қатар келесі көрсетілімдерде нені жақсарту керектігін көруге көмектеседі.
Соңғы сабағыңызды есте қаларлықтай өткізіңіз. Оқушыларға ашықхат түріндегі шағын сыйлықтармен ынталандырыңыз. Мысалы, "Ең жылдам", «Ең креативті», "Ең белсенді", "Ең ұқыпты". |
Оқушылардың 1-сыныптағы көркем жұмыстары бар портфолиосы
Оқушылардың қойылымына арналған әуен
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген