400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құрама есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарияланып отырған материал бастауыш сынып ұстаздарына өте қажет деп ойлаймын. Әсіресе жаңартылған білім мазмұны бойынша жұмыс істеп отырған ұстаздарға көмегі көп.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика


Сабақтың тақырыбы:

Құрама есептер

Мұғалімнің аты-жөні: Рахманова Н.Б

Күні:

СЫНЫП: 2


Қатысқан оқушылар саны: 15


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.5.1.4 санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген есептерді талдау жəне шығару; есептерді құрастыру жəне салыстыру

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы орындай алады: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың көбісі орындай алады: Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған сандар (1,2,3), топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

әдебиеттік оқу, дүниетану

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы


Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау.

«Астанаға саяхат» сабағымызды бастаймыз.


Ынтымақтастық ахуал қалыптастыру:

Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.


Тренинг



Алдыңғы оқу

Алдынғы сабақтарымызды еске түсіру мақсатында өрнектердің мәндерін табу.

«Сөз құрастыр» ойыны арқылы тапсырмаларын орындап,

14:2=7 5+9=14 2*3=6 7+8=15 6+5=11 56-40=16 5*4=20 16+14=30

мәндерін өсу ретімен орналастырғанда «АСТАНАҒА» сөзі шығады.


Сұрақ-жауап:

-Астанамызға биыл неше жыл болады? (20)

-Елордамыз – Астананың туған күні – ( 6- шілде)

- «Бәйтеректің» биіктігі неше метр-(97 м )

-«Астана-Бәйтерек» неше бөліктен тұрады?(үш)

-Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады?

Слайдтар





Қызығушы

лығын ояту

Логикалық есептер

1. Үш аю қыста үш ай ұйықтады. Әр аю қанша уақыт ұйықтады?(3)

2.Шөптің арасында қояндар тығылып отыр. Олардың тек он құлағы ғана көрініп тұр. Шөп арасында неше қоян отыр?(5)

3.Оңынан оқысаң да- сол сан

Солынан оқысаң да –сол сан

Ол қандай екі таңбалы сан?(40)

4.Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?(Жоғары)


Жаңа білім






Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Мақсат: Мен есептерге талдау жасап, оны шығаруды үйренемін

Ауызша есептеу.

1. Көлікте 8 адам келе жатты. Жолда 5 адам түсіп қалды. Көлікте неше адам қалды?

2. Араның 6 аяғы болады, ал шаянда 4 аяқ артық. Шаянның қанша аяғы бар?

3. Бұтақта 5 қарға отыр, тағы 2-і қарға ұшып келді. Бұтақта барлығы қанша қарға болды?

4. Қаз 6 кг, ал үйрек одан 2 кг жеңіл. Үйректің салмағы қанша?


Оқулықпен жұмыс:

№2 тапсырма. (Топтық жұмыс).Үш топқа бөліп беру(а,ә,б)

1-топ.(а) Қаланы аралауға бірінші күні 3 сағат уақыт кетті. Ал екініші күні бірінші күнге қарағанда 2 есе артық уақыт кетті. Қонақтар 2 күнде барлығы неше сағат қала аралады?

Шешуі:3*2+3=9 Ж:9 сағ

2-топ.(ә) Балалар туыстарына сыйлау үшін 18 кәдесый сатып алды және оларды әр қапшыққа 6-дан салды. Неше қапшық қажет болды?

Шешуі:18:6=3 Ж:3 қапшық

3-топ.(б) Кәдесыйлар дүкенінде 18 ашықхат және әрқайсысында 8-ден 5 магниттер жиынтығы сатылды. Барлығы неше сыйлық сатылды?

Шешуі:18+8*5=58 Ж: 58 сыйлық

(Бағалау: машина, мотоцикл,велосипед)

Оқулық,

мәтіндер.


Ауызша









Топтық талқыға салады,ойланады,есептейді

Сергіту сәті

«Көңілді күн» музыкамен билей отырып, музыка тоқтағанда өрнектердің мәнін табу


5*10+10 (60-15):5 20:5*10

видео



Ортасы







Қолдану

Дәптермен жұмыс. Өзіндік жұмыс: (Әр оқушы жекелей орындайды) №2 тапсырма ( үш топқа бөліп беру)


iMektep «Дұрыс-Дұрыс емес» ойыны


Ортаға «Мен математикпін!» дейтін оқушыны шығару.

(№4 Сандарды қалай жылдам қосуға болады?)

Зерттеу

1+2+3+4+5+6+7+8+9 =45

10+20+30+40+50+60+70+80+90 =450


Тапсырмалар орындау соңында кері байланыс орнату. Оқушылардың тапсырманы орындау деңгейіне сай бағалап отыру.

жекелей жұмыс





Сыныптағы белсенді оқушы

басқаларға бағыт беріп отырады.




«Кім тапқыр?» Жұмбақ

Үшеуі қызыл, үшеуі ақ

Оң қолымда неше алма?

Төртеуі қызыл, төртеуі ақ,

Сол қолымда неше алма? (6 және 8)


Алматта үш асық,

Санатта екі асық

Қанатта бір асық.

Ал менде төрт асық ,

Барлығы неше асық?


видео арқылы

Аяқталуы

Сабақты бекіту
















Үй тапсырмасы

Синтез

Қалыптастырушы бағалау

1. Амалдардың орындалу тәртібін нөмірлеу

43 – (20-7) +15 32 + 9 * 2 – 16 2*9 – 18:3

2.Есепті шығару

Мектепке 6 қорап тоғызқұмалақ ойынын және 18 қорап дойбы ойынын сатып алды. Мектепке дойбыға қарағанда неше есе кем тоғызқұмалақ ойыны сатып алынды?

Шешуі:18:6=3

Жауабы:3 есе кем тоғызқұмалақ ойыны

Мұғалім: «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы.Болашағымыздың ұрпағы сендерсіңдер балалар.


Саяхаттап жүрген жолдың арақашықтығын табу,есеп құрастыру

Шешуі: 400+28+12+24+400=864 Ж:864 км


24 бет №3 дәптер. (Тиімді тәсілмен есептеу)


Қалыптастырушы бағалау

тапсырмасы


Гүлдерді орналастыру


видео

Бағалау


Бағалау. Жетістік жолы

Әр топқа баға беру

От шашу


Қорытынды:

Мұғалім:  - Балалар осымен біздің «Астанаға саяхат» сабағымыз өз мәресіне жетті.Біз бүгінгі сабақта уақыттың аздығына байланысты Астана қаласының барлық жерін аралап болғанымыз жоқ. Біз барып тамашаламаған жерлер әлі де көптеп кездеседі. Алдағы сабақта тағы саяхаттап қалған көрікті жерлерін аралайтын боламыз. Енді оқушылар сендердің алдарыңда екі көңіл - күй белгілері жатыр. Егерде сендерге бүгінгі сабақ ұнаса, көңілді тұрған бейнені, ал егер ұнамаса мұңайып тұрған бейнені көтересіңдер.

Күнделікке бағалау жүргізу

Сабақ аяқталды.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: оқушылардың өрнектердің мәндерін таба отырып сөз құрауы

2: оқушылардың шығармашылық жұмыстары

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: музыкалық тапсырма орындау

2: тапсырмаларды ойын арқылы орындау

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Сыныппен және жекелей оқушылармен қима қағаздардың тиімділігі.

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
23 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
4975
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі