жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Құрама есептер.Астанаға саяхат
Пәні: |
Математика |
Бөлім: |
Саяхат |
Педагогтің аты-жөні |
Мамбетқазиева Гүлжанар Айтқалиқызы |
Күні: |
|
Сынып: |
3 |
Сабақтың тақырыбы |
Құрама есептер. Астанаға саяхат |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
2.5.1.4 санды бірнеше есе арттыру / кемітуге; еселік салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және салыстыру |
Сабақтың мақсаты |
Еселік салыстыруға берілген есептерді шығарады Берілген есепке кері есептер құрастырады және салыстырады |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңі/ Уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
Сабақтың басы
|
Қызығушылықты ояту. (ҰЖ) Ширату тапсырмасы «Сана , құра»ойыны Оқушылар шеңберге тұрғызылады, әр оқушыға сан жазылған билеттер таратылады. Оқушылар берілген сандарға тез ойланып, сөйлем құрастырып айту керек. Осылай әр оқушы шеңбер бойымен айтып шығады. Топқа бөлу Таратылған билеттерде жазылған сандар бойынша 2-ге, 3-ке, 4-ке бөлінетін сандар топтарға бөлінеді. Үй тапсырмасын тексеру. «Қарлы кесек»әдісі Үй тапсырмасына берілген есепті қарлы кесегін қалаған оқушыға лақтырып, қағып алған оқушы бірінші өрнекті атайды, мәнін табады. Ары қарай осылай жалғаса береді. |
Қызығушылықты ояту тапсырмасын орындай отырып, пәнаралық байланыс туындайды,оқушылардың ойлау дағдысы артады.
Берілген билеттегі сандар бойынша топтарға бірігіп отырады.
Өткен тақырыпты қорытындылайды. |
Өздік бағалау «Бағдаршам» әдicі Жасыл –өте жақсы түсіндім, сары –жақсы , қызыл –орташа түсіндім. Оқушы-лар өздерін бағалай ды.
|
Билет тер
Қағаздар |
Сабақтың ортасы
|
ҰЖ. «Есте сақта» әдісі Оқушыларға құрама есептер туралы бейнежазба көрсетіледі. Дескриптор Құрама есептер туралы біледі
ТЖ. Оқулықпен жұмыс 1-топ.Сырым Астананың 36 фотосуретін басып шығарды.Ол 7 беттің әрқайсысына 4 фотосуреттен орналастырды.Неше фотосурет қалды? 2-топ.Астанадағы жаңа үйге 4 адамнан тұратын 6 отбасы және 3адамнан тұратын 7 отбасы қоныстанды. Барлығы неше адам қоныстанды? 3-топ.Жарқын 12 жаста,ал Кәусардың жасы одан 2есе кіші.Кәусар Жарқыннан неше жас кіші?
Дескриптор:
Жұппен жұмыс 2-есеп.Жұптар біріктіріледі.Сұлбалар бойынша есептер құрастыр. Дескриптор: 1. Сұлба бойынша есептер құрастырады |
Оқушылар топтық жұмысты орындайды
Оқушылар жұппен жұмыс орындайды.
|
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау
|
Оқулықпен жұмыс
Сұлба лар
|
Сабақтың аяғы |
Жеке жұмыс а) Есепті шығар. Мектепке 6 қорап тоғызқұмалақ ойынын және 18 қорап дойбы ойынын сатып алды. Мектепке дойбыға қарағанда неше есе кем тоғызқұмалақ ойыны сатып алынды? Шешуі:____________________________ Жауабы: __________________________ Дескриптор Берілген есептерді шығара біледі |
Бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытады
|
ҚБ: Мұғалімнің бағалауы. «Шапалақ»әдісі арқылы бағалау.
|
Слайд №7 |
Үйге тапсырма |
29-бет 5-есеп |
|||
Рефлексия.
|
«3 батыл қадам»әдісі арқылы бүгінгі сабақта не үйренгені жайлы өз ойымен бөліседі. 1 қадам – бұрыннан білемін 2 қадам –үйрендім 3 қадам- жүзеге асырамын |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген