400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Білімділігі: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей білу, жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жаза білу, берілген құрама санның жіктелуіндегі жай көбейткіштер құрамы бір ғана түрде болып, тек қана олардың орналасуы әр түрлі болуы мүмкін екендігін үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту. Оқушының ауызша сұрақтарға тез жауап беру қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Оқып-үйренуден күтілетін нәтиже

  • Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей біледі;

  • Құрама сандарды жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жаза біледі.

Оқытуда қолданылатын әдіс -тәсілдер

Көрнекі-түсіндіру, салыстыру-талдау, өз бетінше жұмыс істеу, диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау.

Сабақтың типі Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі деңгейлік, ауызша сұрақ-жауап

Сабақтың кезеңдері

І. Сабақтың басталуын ұйымдастыру

1) Сыныпты түгендеу, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;

2) Сынып оқушыларының назарын сабаққа аудару;

3) Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Психологиялық сәт. (Сабағымызды бір-бірімізге сәттілік тілеумен бастайық)

Қайырлы таң достым, Қайырлы күн болсын!

Бейсенбінің сәті, Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз, Кілең бестік болсын!

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.№ 665, №668

Пысықтау сұрақтары.

Shape1

1,3,5,7,9.

Shape2

225, 132,435,

393, 738,567.



Shape3

95, 240, 685,

100, 705,560.

Shape4

0,2,4,6,8.




00000 00000000000



1. Суреттегі цифрлардан нені байқаймыз, қандай ереже құрастыруға болады?

2. Қандай цифрларды жұп цифрлар деп атаймыз?

3. Қандай цифрларды тақ цифрлар деп атаймыз?

4. Жұп сандар мен тақ сандарға мысалдар келтіріңдер.

5. Қандай сандар 5-ке бөлінеді?

6. Қандай сандар 10-ға бөлінеді?

7. Қандай натурал сандар 3-ке бөлінеді?

8. Жай сандар деп қандай сандарды айтады?

9. Құрама сандар деп қандай сандарды айтады?

10.1 саны қандай санға жатпайды?

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу.

Әрбiр құрама санды жай сандардың көбейтiндiсi түрiнде жазуға болады.

Мысалы, 15 = 3 ∙ 5; 28 = 2 ∙ 2 ∙ 7; 99 = 3 ∙ 3 ∙ 11.

Құрама санды жай көбейткiштерге жiктеу - оны тек қана жай сандардың көбейтiндісі түрiнде жазу.

Мысалы, 90 саны - құрама сан: 90=2 3 3∙5

Құрама санды жай көбейткiштерге жiктеудiң екі тәсiлi бар.

1 - тәсіл. Берiлген құрама сан екi көбейткiштiң көбейтiндiсi түрiнде жазылады. Егер көбейткiштердiң iшiнде құрама сан болса, ол жай сандарға жiктеледi. Нәтижесiнде берiлген құрама сан жай сандардың көбейтiндісі түрiнде жазылады.

Көбейтiндiдегi жай сан көбейткiштер қысқаша «жай көбейткiштер» деп аталады.

2 - тәсiл. Натурал сандардың бөлiнгiштiгiн пайдаланып, құрама сандарды жай көбейткіштерге (өсу ретiмен) баған түрiнде жiктеу.

Құрама санды жай көбейткiштерге баған түрiнде жiктегенде:

1. Берiлген құрама сан жазылып, оның оң жағынан вертикаль сызық сызылады;

2. Берілген құрама санның ең кiшi жай бөлгiшi таңдалып алынып, ол вертикаль сызықтың оң жағына жазылады. Жай сан бөлгiштердi өсу ретiмен таңдап жазу келiсiлген;

3. Вертикаль сызықтың сол жағына, берiлген құрама санның астына, әрбiр реттегi бөлуден шыққан бөлiндiлер жазылады.

Құрама санды жай көбейткiштерге жiктеу сол жақ бағандағы бөлiндiде 1 шыққанда аяқталады.

Жай көбейткiштердi тауып, баған түрiнде жазғаннан кейiн, оларды көбейтiнді түрiнде жазу керек.

Мысалы, 420 құрама санын жай көбейткiштерге баған түрiнде жiктейiк.

Вертикаль сызықтың оң жағындағы бағанда берілген құрама санның жай көбейткіштері өсу ретімен жазылады. Бұл тәсiл көбiнесе үлкен құрама сандарды жай көбейткiштерге жiктеуде пайдаланылады.

Құрама сан өзі жіктелген жай көбейткіштердің көбейтіндісіне тең.

Берiлген құрама санның жай көбейткiштерге жіктелуінде жай көбейткiштер құрамы бiр ғана түрде болады. Олардың тек қана жазылу реттiлiгi әр түрлі болуы мүмкін.

Құрама санды жай көбейткiштерге жiктегенде, ондағы қайталанатын көбейткiштi дәрежемен алмастыруға болады.

IV. Игерген материалды дамыту (практикалық кезең)

Берілгені: 10,100,1000,10000 разряд бірліктерін жай көбейткіштерге жіктеу керек.

Разряд бірліктері қандай жай көбейткіштерге жіктеледі?

Мына тұжырымдама дұрыс па:10,100,1000,10000, ... разряд бірліктерінде неше нөл болса,олардың жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 және 5 сандары сонша рет қайталанады

А тобы - №670, №671; В тобы – №676, №677, №678; С тобы – №685, №686.

Сыныпта орындайтын тапсырмаларды беріп, жұмыстарын тексереді.

Оқушылар тақтаға және дәптерлеріне тапсырмаларды орындайды.

V. Сергіту сәті: Оқушылар орындарынан түрады. Мұғалім жүп сандарды айтқанда оң қолдарын көтереді, тақ сандарды айтқанда сол қолдарын көтереді. Тез-тез бірнеше сандар айтылады. 2 мин уақыт.

VI. Сабақты бекіту

- Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу деген не?

- Құрама санды жай көбейткіштерге жіктегенде қандай реттілікті сақтау керек?

- Егер құрама санның жіктелген жай көбейткіштері белгілі болса, құрама сан қалай

табылады?

- Егер берілген құрама сан әр түрлі тәсілдермен жай көбейткіштерге жіктелсе, олардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?

VІІ .Үйге тапсырма: А тобы - №672; В тобы – №679; С тобы - №687.

Үйге тапсырма беріп түсіндіреді.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
789
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі