Материалдар / Құрамалы ҚМЖ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құрамалы ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ҚМЖ-да қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен таңдамалы жоспарлар қамтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
391
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қош, келдің Жаңа жыл»

Залдың іші Жаңа жыл ертеңгілігіне орай арнайы безендірілген. Балалар көңілді музыкамен қол ұстасып, шыршаны айналып екі жаққа бөлініп отырады.

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы! деп баршаларыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.

Балалардың орындауында «Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар , мен сендерге жұмбақ жасырайын. Сендер оның жауабын тауып алу керексіңдер:

Ақсақалды шал жылына

Бір-ақ рет келіп кетеді

Қызы мен ұлына

Сыйлық алып келеді. (Аяз Ата)

Балалар: Аяз Ата.

Жүргізуші: Балалар ендеше біздің жаңа жылдық мерекемізге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар: Аяз Ата! Ақшақар! (3-рет айтады)

Залға музыка әуенімен Аяз атаның орнына Түлкі мен Мыстан кемпір ұшып кіреді де шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.

Мыстан: Пай-пай! Біз қайда келдік өзі. Мына шыршаның кереметін-ай!

Түлкі: Ойбай түрлерін қара! Неге айғайлап жатырсыңдар? Мына балалар неге әдемі киініп алған.

Жүргізуші: Сендер қайдан шықтыңдар, бізде жаңа жыл мерекесі болып жатыр. Біз мерекеге Аяз мен Ақшақарды шақырып едік кой?!

Түлкі: Ал, бізді мерекеге неге шақырмайсыңдар? Аяз ата мен Ақшақар сендерге бәрібір келмейді, өйткені біз ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадық, енді олар жол табалмайды ха-ха-ха деп секіреді.

Тәрбиеші: Неге олай еттіңдер? Аяз ата мен Ақшақарсыз қандай жаңа жыл болмақ?

Мыстан: Ә, бәлем солайма екен! Түлкі мына шыршаны үйге алып кетсек бе екен? (Осы кезде мыстан еңкейіп, шыршаны түбімен жұлып алғысы келеді)

Жүргізуші:Мыстан кемпір! Біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!

Мыстан:Сөзге мән бермей. «Ту-у-у!» Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып, мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой.

Осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі.Түлкі мен Мыстан тоңа бастайды да, ата-аналарға тығылып,соңында шыршаның астына тығыла бастайды.

Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.

Жүргізуші: Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!

Балалар: Аяз ата! Ақшақар! (3-рет айтады)

Аяз ата: Армысыңдар, қарақтарым,

Армысыңдар құлындарым!

Жаңа жылды алып келдім,

Ақ шырақты жағып келдім!

Сендерге мына балаларым,

Тәтті сыйлық алып келдім.

Ақшақар: Сүйсіндірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер!Аяз ата мен Ақшақар, алыс жолдан келдіңіздер ғой, дем алып отырыңыздар, ал біздің балалар сіздерге өнерлерін көрсетеді.

Балалардың тақпақтары:

1.Сәлем бізден баршаға

Құттықтаймыз жар сала

Бүгін бізде жаңа жыл

Қош келіпсіз шыршаға

Жаңа жылда көңілді

Шырқалады әніміз

Ата-аналар сіздерді

Құттықтаймыз бәріміз. Әселім

2.Жаңа жылым жол болсын,

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын. Нұржан

3.Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса Айзере

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.Аяз ата, ақшақар біздің шыршамыз көңілсіз болып тұр.

Ақшақар: Ендеше балалар Аяз атамен сиқырлы сөздерді айтып, шаршаның шамдарын жағайық: Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат!

Жүргізуші: Міне қандай тамаша. Рахмет саған, Ақшақар.Саған біздің балалар ризашылығын білдіріп, «Ақшақар» әнін тарту еткісі келіп тұр.

Ән: «Ақшақар»

Залға Қар ханшайымы мен Күлшеқыз кіреді.

Қар ханшайымы:Жаңа жыл, жаңа жыл... мен оны жақсы көрмеймін.Күлкі, ойын, тақпақтар, музыка әуен осы барлығы маған ұнамайды. Мен оларды жек көремін.

Күлшеқыз: Бірақ, ханшайым. Жаңа жыл бұл үлкен мереке ғой. Оны балалар жақсы көреді.

Қар ханшайымы: Жоқ, айтпа олай. Әттең барлығы менің қолымда болса ғой.Бәрін мұзға айналдырып қоюшы едім. Шыршаға назары түседі. Мынау не? Мынау ағаш неге жарқырап тұр? Сөндір, сөндір шамдарды. Мына жерде адамдар қаптап кетіпті ғой? Балалар, неге жиналдыңдар?

Күлшеқыз: Иә. Сендер неге бұл жерде жиналып тұрсыңдар?

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қонақтар. Бізде мұнда жаңа жыл мерекесін қарсы алып жатырмыз.

Қар ханшайымы: Қайдағы мереке? (қолын созып) Бұл менің жерім, ал мынау не ағаш? Сөндір,сөндір шамдарын.Сим-салабим! (сиқырлы шамдарын сөндіреді)

Ақшақар: Қар ханшайымы, сен не істеп қойдың? Шамдарды неге өшірдің?

Қар ханшайымы: А, Ақшақар. Көрісетін күн де болды. Көптен сені көрген жокпын. Соңғы кездесуімізде мен сенің досыңды тартып алдым, есіңде бар ма?

Ақшақар: Менің сүйікті досым. Күлшеқыз бұл сенсің бе?

Күлшеқыз: Мен сізді танымаймын, бірақ сіз сондай әдемісіз.

Қар ханшайымы:Тоқтатыңдар!Қолындағы сиқырланған құмды Ақшақарға үрлейді. Ха-ха-ха, мен Ақшақарды мұздап қойдым. Енді сендерге жаңа жыл мерекесі болмайды.қандай қуанышты сәт.

Жүргізуші: Бірақ, қар ханшайымы. Балаларда бүгін мереке ғой.Ақшақарсыз мереке болмас. Босатыңыз оны.

Күлшеқыз: қар ханшайымы ақшақарды босатшы мен сенің бар тілектеріңді орындаймын.Балалар сендер маған көмектесесіңдер ме?

Балалар: Иә.

Қар хан-мы: Жарайды. Орындайсыңдар ма? Ендеше менің көңілімнен шығу керексідер. Сонда ғана мен сендердің Ақшақарларыңды босатамын. Және Күлшеқыз сені де босатамын.

Жүргізуші:Балалар қар хан-ның көңілін көтеру үшін тақпақтарымызды айтайық:

4.Тамаша, тамаша

Қандай қызық тамаша

Аяз ата ортада,

Би билеп жүр балаша Диана

5.Аяз ата келді

Тамашаны көрді

Риза болып қуанып

Бізге сыйлық берді. Нұрдәулет

6.Ақ қырауға малынған,

Сақалы да, мұрты да

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына Даир

Жүргізуші: Балалар қар хан-ның көңілін көтеру үшін, қанеки бәріміз бірге ойын ойнайық. Аяз ата сіз бізге бір ойын ойнатасызба?

Ойын: «Қатып қалу» аяз ата ойнатады.

Жүргізуші: Қар хан-мы, сізге біздің балалардың өнерлері ұнады ма?

Қар хан-мы: Ия ұнады. Бірақ менің жүрегім ештеңе сезген жоқ.Өйткені сендер ұмытып кеттіңдер, менің жүрегім мұздан жасалған.Сондықтан мен ештеңе сезбеймін.Және мен Ақшақарды босатпаймын, ха-ха-ха орындыққа отырады.

Күлшеқыз:Қар хан-мы, өтінемін Ақшақарды босатшы! (құшақтап алып жылайды,сол кезде қар хан-ның жүрегі елжіреп, көзінен жас тамады)

Қар хан-мы: Жақсы, Күлшеқыз. Мен Ақшақарды босатамын. Бірақ сен менің тілектерімді түгел орындаған жоқсын.Сондықтан мен сені босатпаймын. Сим-салабим.(Ақшақар оянады, шыршаның шамдары жанады)

Жүргізуші:Рахмет саған Күлшеқыз, рахмет қар хан-мы.Сендер бізге Ақшақарды қайтарып бердіңдер.Сондықтан біздің балалардың сіздерге арналған тамаша әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Жаңа жыл» шыршаны айналып ,хоровод жүргізеді

Жүргізуші:Аяз ата Ақшақар біздің балалардың өнерлері әлі көп. Келесі кезекте балалардың сіздерге арналған тақпақтарына берсек.

7.Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып Әділет

8.Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата-әже, ата-әже

Құтты болсын жаңа жыл! Ерәлі

9.Сақалы аппақ күмістей

Тістері апаақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны Арман

Түлкі: Бәрекелді балалар қандай өнерлісіңдер.Енді мен осы балалардың ата-аналарымен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Ырғағына байланысты айту»

Ойын шарты: Қолдарңыздағы қағаздағы өлең жолдарын реп, опера, әндетіп айтып беру.

Жүргізуші: Ендеше Аяз ата Ақшақар сіздерге арналған біздің балалардың биін тамашалайық.

Би: «Көңілді би»

Аяз ата:Ақшақар менің әкелген қапшықтағы сандығым қайда?Оның ішінде сыйлықтар болды ғой. Кім көрді? (іздейді)

Күлшеқыз:Аяз ата оны мыстан апа мен түлкі алған шығар, мен іздеп көрейін және сіздің сыйлықтарыңызды алып келейін. (кетеді)

Жүргізуші:Балалар Күлшеқыз Аяз атаның қапшығын әкелгенше, біз өнерлерімізді жалғастыра берейік,Аяз атаның көңіл-күін көтерейік.

10.Үйренеміз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Аяз ата өзіңізге

Ән де салып береміз. Ильяс

11.Күміс қырау жамылып

Асыл моншақ тағынып

Ортада тұр Ақшақар

Көптен күткен сағынып Даниял

Ойын: «Қар жинау» ақшақар ойнатады.

Залға музыка әуенімен Мыстан мен түлкі Күлшеқыз кіреді.

Аяз ата: Мына ұрлықшылар мында жүр екен ғой. Біз сендерді іздедік.Сендер менің сыйлықтарымды алған жоқсыңдар ма?

Түлкі: Жоқ, біз алған жоқпыз.Аяз ата, сен сыйлықтарыңды жоғалтып алдыңба? Қандай өкінішті.

Мыстан:Ойбай-тағы , не дейді. Сыйлық! Сыйлық өзімізге де керек.

Аяз ата: АҺ, бәлем! Олай болса өздеріңнен көріңдер мен сендерді қатырып тастаймын. «Кәне таяғым мыналарды қатырып таста» (Мыстан мен түлкі тұрған бойында қатып қалады)

Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпымызға келтір!Ой, не істесем екен.

Аяз ат: Бересің бе сыйлықты?

Мыстан: Иә, беремін. Бізді қалпымызға келтірші. (Осы кезде мыстан мен түлкі қалпына келеді)

Балалар менің сендерге бір сыйлығым бар. Оны көрсеңдер сендер қатты қуанасыңдар.

Сим –салабим

Музык әуенімен «Ит жылы» кіреді.

Ит жылы:Сәлеметсідер ме,балалар! Сәлеметсіздер ме құрметті қонақар! Мен жаңа жылмын, сендерге бақыт,денсаулық тілеймін.

Жүргізуші:Сәлеметсің бе жаңа жыл.Біздің мерекемізге қош келіпсіз. Жаңа жыл сіздің қолыңыздағы не нәрсе?

Ит жылы:Білмеймін.Оны жаңа орманда келе жатып тауып алдым.

Аяз ата:Мынау менің сандығым ғой. Рахмет саған,Жаңа жыл.Сен бізді қуантып жібердің. Балалар, міне менің сендерге әкелген сыйлықтарым.

Аяз ата:Ал балалар мерекелерің құтты болсын.Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарыңда ақылды,білімді, өнерлі екенсіңдер. Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық.Балалар қош болыңдар.

Ақшақар: Сау болыңдар балалар,келесі жаңа жылда кездескенше.

Күлшкқыз:Аяз ата, Ақшақар бізде сіздермен бірге үйімізге қайтайық. Сау болыңыздар! (шыршаны бір айналып шығып кетеді)

Жүргізуші: Осымен біздің «Қош, келдің Жаңа жыл» атты ертеңгілгіміз аяқталды.Сіздерді жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз.Келер жаң ажыл сіздердің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге тола берсін. Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасылырыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!