Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
құрамды шарттарды программалау
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.3В Шешімдерді бағдарламалау |
Мектеп: «№45 бейімделген орта мектебі» КММ |
||
Күні: 16.03.2018 |
Мұғалімнің аты – жөні: Исина Айжан Камельхановна |
||
Сынып: 7 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар:0 |
|
№ Сабақтың тақырыбы |
Құрамды шарттарды программалау |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.3.2.1. алгоритмді программалау тілінде жазу 7.3.3.2. Сызықтық және тармақталу алгоритмдерін программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында жазу |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: Алгоритмді программалау тілінде жаза алады; Оқушылардың басым бөлігі: Визуалды ортада жоба жасауда құрамды шарттарды қолдана алады; Кейбір оқушылар: Практикалық тапсырмалар орындауда өз бетімен бағдарлама құрып, есептеуді орындайды. |
||
Бағалау критерийі |
Тармақталған алгоритмдердің құрылымын және шартты тексеру операторларын сипаттайды және оларды бағдарлама құрғанда қолданады. Өңдеудің кіріктірілген ортасында сызықтық және тармақталу алгоритмдерінің программалау кодын құрастырады. Өңдеудің кіріктірілген ортасында бағдарлама кодын орындайды, қателерді тексереді. |
||
Тілдік мақсаттар |
Пәндік лексика және терминология: Логикалық амал, логикалық көбейту, қосу, дизъюнкция, инверсия, конъюнкция, and, or, xor, not |
||
Диалог /жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау |
|||
«Логикалық амалдар» жобасына талдау жасау: |
|||
Жазу: integer; writeln; readln; end; if; then. Термин сөздерді үш тілде жазуға мән беру Құрама шарт-составные условия-compound conditions Және- и- and Немесе- или- or Емес-…- not |
|||
Құндылықтарға баулу |
Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, сын тұрғысынан ойлауы қабілеттері артады. |
||
Пәнаралық байланыс |
Математика – алгоритм, шарт; Ағылшын – код операторлары. |
||
Алдыңғы білім |
Алгоритм ұғымы, алгоритм түрлері |
||
Сабақ барысы |
|||
Жоспарланған уақыт |
Ұйымдастыру |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 3 минут Қолданылатын тәсіл: «Өрмекші торы» 3 мин |
І. Сынып оқушыларының зейінін сабаққа аудару және психологиялық ахуал қалыптастыру Топқа суреттер арқылы 4 топқа бөлінеді Оқушылар қолдарына гүл шоқтарын алып, шеңбер болып орналасады, бір-бірлеріне тілек айтады. Топқа бөліну. Гүл шоқтарының жапырақтарына жазылған сөздер арқылы 4 топқа бөлінеді.. 1-топ «дизъюнкция» тобы, 2-топ «конъюнкция», 3-топ «инверсия», 4 топ «логика» тобы. Топ басшылары мен спикерлері тағайындалады. Оқушылардың ойын жинақтауға бағыттау, өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында; «Өрмекші торы» арқылы оқушылар бірі-біріне өткен тақырыптар бойынша сұрақ қояды. Әр оқушы жіпті алып сұраққа жауап беріп, келесі оқушыға сұрақ қоюын жалғастырады. Кезек-кезек берілген сұрақтарға жауап береді.
ҚБ: Дұрыс жауап берген оқушы қолын жоғары көтереді, жауап бере алмаған оқушы төмен түсіреді Дескриптор:
|
Г үл жапырақтары
Жіп, сұрақтар тізбегі |
|
Сабақтың ортасы Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Миға шабуыл». 5 минут Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Фрайер моделі» 10 минут
Сергіту сәті Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Визуалды әдісі» арқылы практикалық жұмыс 15 минут |
ІІ. Төмендегі сұрақтарды қою арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу. а) Күрделі шарттардан тұратын алгоритмдерді қалай программалауға болады? б) Бір – біріне байланысты бірнеше шарттарды ортақ 1 шартқа қалай біріктіруге болады? |
|
|
ІІІ. Топтық жұмыс. Оқушылар жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында «фрайер әдісі» бойынша постер қорғайды. «Дизъюнкция» тобы – логикалық амалдар жайлы айтады; «Конъюнкция» тобы да логикалық амалдар жайлы айтады (ауқымы көбірек болғандықтан); «Инверсия» тобы – құрамды шарттарды бағдарламалауға мысалдарды қарастырады; «Логика» тобы - Lazarus бағдарламалау ортасында құрамды шарттар бойынша мысалды талқылайды Дескриптор: Оқушы:
Дескрипторларға сүйене отырып, топ арасында өзара бағалау жүреді. Интерактивті тақтада бейнематериалдан оқушылар қайталап жаттығу орындайды. 1 тапсырма. Lazarus бағдарламалау ортасында «Логикалық амалдар» практикалық жұмысын орындайды. Визуалды ортада and, or, xor,not логикалық амалдардың орындалу ретін көрсететін жоба дайындау. Жобаға қажетті Жобаның орындалу компоненттер кезеңі
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject); var a,b:boolean; l,s:string; begin l:=edit1.Text; s:=edit2.text; label2.Caption:='AND'; if l:='true' then a:=true else a:=false; if s:='true' then b:=true else b:=false; if a and b then edit3.text:='true' else edit3.Text:'false'; end; «AND» логикалық амалының коды берілген. Соған қарап оқушылар «OR» логикалық амалына бағдарлама құрады. 2 тапсырма. “XOR” және “NOT” логикалық амалына бағдарлама кодын жазады. 3 тапсырма. A,b,c сандарының ең үлкенін табатын программа құру. Егер a>b and a>c then max:=a; Егер b>a and b>c then max:=b; Егер c>a and c>b then max:=c; Жобаның формасы және кодын оқушылар өздері құрастырады. Дескриптор: Оқушы:
ҚБ: «Бұрыштау» әдісі. Төмендегі сұрақтар бойынша оқушылардың практикалық дағдыларын бағалауға болады.
|
https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/aqiqat-kestesi https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/logika-uhymy (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат алуға болады) Оқулық, А1 форматында постер, дескриптор жазылған слайд. h ttps://www.youtube.com/watch?v=ZlCuzq8BJqw Ноутбук, Lazarus бағдарламасы, таратпа қағаз.
|
||
Аяқталуы 4 минут Үйге тапсырма |
Рефлексия "Аяқталмаған сөйлемдер". Оқушылар шеңберде отырып, (тақтадан) сөйлемнің басын оқып, ойды жалғастырады. Ұсынылатын сөйлемдер: Бүгін мен білдім… …қызықты болды …қиын болды …тапсырмаларды орындадым …екенін түсіндім …қазір жасай аламын …екенін сездім …алдым …үйрендім … менің қолымнан келеді Сабақтан өмірде қолдануға болатын… үйрендім …қызығушылығымды арттырды Топ басшылары бағалау парағын ҚБ: «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісінің қорытындысы бойынша оқушыларға қызыл, жасыл және сары стикерді таңдап, өз жеке жетістігін бағалау ұсынылады. Берілген a,b сандарының ең болмағанда біреуі жұп бола ма, соны анықтау. Мысалы 7,4,3 сандарына «иә», 9,7,3 сандарына «жоқ» сөзі экранға шығуы керек. Алгоритмін және программасын құрып келу. (мүмкіншілігі болса, Lazarus программасына салып орындап келуіне болады) |
Слайд, түрлі түсті стикерлер
Жасыл стикер: қызықты болды, жасай алдым, қызығушылығым артты. Сары стикер: Тапсырмаларды орындадым, үйрендім, қолымнан келеді Қызыл стикер: білдім, түсіндім, қиын болды, жасап көремін |
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|
Диалог және қолдау көрсету , қарқын тәсілдері арқылы сараланып тапсырмалар берілді. Тапсырма тәсілі:
|
|
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану. Практикалық жұмыс кезінде кезде қауіпсіздік ережесін сақтау |
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? |
|
|
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |