|
Ұйымдастыру-
ізденістік
|
-Балалар біз
Қазақстан республикасында тұрамыз, қазақ халқының өзіне тән қол
өнері, қолдан жасалған ұлттық бұйымдары
бар.
Әжелеріміз ерте
кезден ою ойып, өрнек салып құрақ-көрпелер тіккен. Оюды құстарға,
жануарлардың мүйізіне, өсімдіктердің гүліне, жапырақтарына ұқсатып
әртүрлі матаға ойып әдемі көрпешелер жасаған . Құрақ көрпені қалдық
маталардан пішіндерді үйлестіріп жасаған екен. Құрақ көрпені
берекеліктің, үнемділіктің белгісі деп
білген.

Жұмбақ:
Өрнектеп,
сәндеп
Тігістерін
бүгетін.
Қиығын
жөндеп,
Кім көрпе
тішгетін?(тігінші)
Балалар үйімізде
осындай құрақ көрпелер бар
ма?

-Балалар біздің осы
ауылда жақын маңда бір өнерлі, тігінші әже тұрады екен, сол әжейдің
үйіне қонаққа барғыларың келеме? Біз құрақ көрпенің қандай
болатынын, оны не үшін пайдаланатынын білетін
боламыз.
Ғажайып
сәт: «Әженің үйінде
қонақта»
-Сәлеметсіз бе,
әже!
Біз сізді өнерлі, он
қолыңыздар өнер тамған тігінші, әдемі көрпелер тігеді деп
естідік.
Әжей балаларға құрақ
көрпенің неден жасалатынын, не үшін қажет екенін
айтады.
-Сау болыңыз, сізге
көп рахмет! біз құрақ көрпенің қандай болатынын, оны неден
жасаланатынын, көрпенің бізге не үшін қажет екенін білдік иә
балалар.
-Балалалар, енді
сабағыымызға оралайық.
-Ал балалар , жаңағы
әжейдің көрсеткеніндей бізде оюлы көрпеше құрастырып
көрейікші.
Ойын: «Оюлы көрпе
құрау»
Үлкен ақ плакат
үстіне балалар бір-бір оюдан қойып көрпе
құрайды.
Мақсаты: көзбен қабылдау және ойлау
қабілетін дамыту.

Слайд: геометриялық пішіндерді
көрсету.
Балалар енді осы
пішіндерден біз құрақ көрпе
жасайық.
Тәрбиеші «Фребель
сыйы» ойын жиынтығының №8 модулінің құрақ көрпе жасау үшін қызыл,
сары, жасыл түсті үшбұрыш, дөнгелектерді әр балаға таратады. Қағаз
бетіне геометриялық пішіндерді орналастырады. Балалардың пішіндерді
дұрыс пайдалана білуіне назар аударады, балаларға жеке нұсқа беріп,
көмек көрсетеді, іс-әрекет барысында бақылау
жасайды.
Сергіту
сәті:
Атам менің
күйші,
Апам менің
биші.
Асқар шебер
жанұямда
Анам бар
тігінші,
Әкем болса
ұста
Үй салады
қыста,
Үйде өзім жалғыз
қалам
Бәріде
жұмыста.
|
-Тігінші
Балалалар шешуін
табады
Қонаққа
барады
Геом.пішіндерді және
оның түстерін атайды
Балалар
жұмысы.
Балалар үшбұрыш,
дөңгелектерді үйлестіріп,сәнді өрнек құрап,
көрпешенің
құрағын
жасайды.
Үшбұрыштарды қалай
дұрыс орналастыру қажет екеніне мән
береді.
Сергіту сәтін музыка
әуенімен бірге,қимылмен бірге
қайталайды.
|
|
Рефлексиялық
түзетушілік
|
Балалар біз кімнің
үйіне қонаққа бардық?
Әже бізге не туралы
айтты?
Біз пішіндерден нені
құрастырдық?
Көрпе не үшін керек
екен?
Құрастырған көрпені
не деп айтамыз?
Балалар сендер
бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.Сендердің жасаған құрақ
көрпелерің маған өте ұнады. Сондықтан мен сендерге мына жарқыраған
күндей өте жақсы деген баға беремін. Осы күндей
жарқырап,бір-біріңе деген шуақтарың молынан
болсын!
|
Әженің үйіне
барғандарын айтады. Пішіндерден құрақ көрпе құрастығандарын
айтады.
Құрастырған
көрпені
«құрақ
көрпе»деп атаймыз.
Тәрбиеші жұмыстарын
бағалап,мадақтайды.
|