Материалдар / Құрақ құрау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құрақ құрау

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрақ құрау ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Құрақ құрау әдісі көшпенді халық арасында осыдан 2500 - 3000 жылдар бұрын дамып тарады. Құрақ «құрау» деген сөзден алынған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2023
298
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы: Құрақ құрау тәсілдері

Сабақ мақсаты: құрақ құрап үйрету, түрлерімен таныстыру

Құрақ құрау ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Құрақ құрау әдісі көшпенді халық арасында осыдан 2500 - 3000 жылдар бұрын дамып тарады. Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Құрақ өнері белгілі бір наным - сенім негізінде пайда болуы да мүмкін. Әжелеріміз садақаларда жыртыстан түскен мата қалдықтарын қалдырмай, іске жаратып отырған. Жаман рухтан қорғау үшін – жаңа туған сәбиге көйлекті қырық құрақтан тігетін, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапандар мен тақиялар дайындайтын. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье» деп аталады. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады. Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады. Қазіргі кезде құрақ көрпе қолданыстан шыққан жоқ. Оны диванға, орындыққа, төсеніш ретінде пайдаланып жүр.

Құраққа қойылатын талап біреу - ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы. Шеберлер геометрияны оқымаса да бір бөлігін 5 - 6 рет қайталау арқылы үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш, ромб формаларының әдемі үйлесімін тауып құрастырған. Құрақ сұлулығы түсіне қарай және әрбір түс белгілі бір тәртіппен кездесіп отырса өрнек сұлулана түседі, ал ретсіз орналасса солғынданады.

Shape2

Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады. Яғни, маталардың барқыт, жібек, сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөліп алынады. Содан кейін ісмер әйел не бірыңғай барқыттан, немесе бірыңғай жібектен құрақ құрауға кіріседі. Бұл істі бастамас бұрын әрбір түстің бір-біріне сәйкес келуіне, бірін-бірі ашып тұруына айрықша көңіл бөлінеді. Құрақ құрау - қалдық қалдырмау. Ертеде қазақ даласында қымбат маталар тапшы болғандықтан, киім-кешек тігушілер қалған маталардың қиықтарын бір кәдеге жаратуға тырысып, олардан әртүрлі бұйымдар жасаған. Сөйтіп, құрақ құрау өнері дүниеге келген.

Қазір ұлттық салт-дәстүріміз қайтадан жаңғырып, өмірімізге тереңдеп енгендіктен, қазақтың құрақ құрау өнері де қайтадан дамып отыр. Ауылда да, қалада да көптеген қазақ отбасыларының төрінен қайтадан құрақ көрпелер, құрақ тұскиіздер орын ала бастады. Қыз ұзату, келін түсіру тойларында құдағилар бір-біріне құрақтан әдемі ою-өрнек салынған әсем қоржындармен сый-сияпат апаратын болды. Бір ғажабы, қазіргі құрақтардың өздерінен-ақ ондағы тікше, шаршы құрақтарда небір бояу алмасуларының үйлесімді жасалғанын, осы құрақ бояуларының алмасуының, қиюластырылуының келесі құрақтарда қайталанбайтынын аңғарасың. Құрақтардың мың құбылған сәні мен сұлулығына қарап тұрғаныңда, «Шіркін-ай, қазақтың бұл құрақтары мен ою-өрнегіне тіл бітсе, олар мәңгілік ғұмыр, асыл махаббат, өшпес сұлулық туралы бізге таусылмас сыр мен жыр толғар еді-ау!», - деп те ойға қалатыныңды қайтерсің.

Құрақ маталары

  • Қамқа– алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата.

  • Қатипа – жол-жолы бар, жұқа жібек мата. Барқыт, шыт.

  • Торқа – ең қымбат жібек мата.

  • Батсайы – қалың жібек кездеме.

  • Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.

  • Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі.

  • Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш.

  • Пай – жібек мата.

  • Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқылған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.

  • Қазине – жібектен қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата.

  • Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата.

  • Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі.

  • Насар – жібек кездеме.

  • Ұштап – ақ түсті тығыз мата.

  • Шыт – арзанқол жұқа мата.

  • Сәрпөңке – астарлық жібек мата.

  • Бояқ – кездеменің боялған түрі.

  • Борлат – қызыл түсті жұқа мата.

  • Тібен – түрлі-түсті қалың мата.

Құрақ құрау, оны тамашалау қыз-келіншектерді сұлулықпен сырласуға, оны өн-бойына сіңіруге, бояулар әлемін танып, түсінуге үйретеді. Ал жаны сұлу адамның ісі де, мінез-қылығы да, сөзі де, отбасы да сұлу.

Яғни, құрақ құрау қыз-келіншектеріміздің жанында ұлтжандылық қасиеттерді орнықтырып, оларды ұлттық қолөнерімізді сүюге, оны дамытуға үлес қосуға тәрбиелейді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!