Құрақ құрау

Тақырып бойынша 24 материал табылды

Құрақ құрау

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиелік мәні бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Еңбек нарығы және сұраныс. Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» бөлімі



Оқу мақсаты

10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу

этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету

Бағалау критерийі




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтінге сүйеніп, диалог немесе монолог құрастырады

  • Сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданады


Қолдану

Тапсырма

Мәтін мазмұны бойынша жұпта диалог құрастырыңыздар. Диалог барысында төменде ұсынылған сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыздар.

Сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формалары: сіз қалай ойлайсыз; сіздің пікіріңізше,...; мен сіздің пікіріңізбен толықтай келісемін; кешіріңіз, бірақ мен басқаша ойлаймын; сіздің осы туралы ойыңызды білсем деп едім; өте құнды пікір айттыңыз.


Болашақта қандай мамандықтар пайда болады?

Билл Гейтстің айтуынша, алдағы 20 жылда қазіргі мамандықтардың көпшілігі автомат- ты бағдарламалармен жабдықталып, біліктілігі төмен қызметкерлер бәсекеге ілесе алмай қалуы мүмкін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та бір сөзінде: «Болашақта мүлдем жаңа мамандықтарға қажеттілік туады. Роботтар жұмыс істей бастайды. Қазір ғылым генді инженерия мен биология саласын дамыту үшін жұмыс істеуде. Әзірге барлық компьютерлер адам миын алмастыра алмайды. Бірақ жасанды интеллект бар. Барлық қиын жұмысты компьютерлер мен роботтар атқарады. Біздің мамандық туралы барлық түсініктеріміз өзге- реді. Сондықтан біз қаласақ та, қаламасақ та жұмыс орындары қысқара бастайды» деген еді. Расымен, Оксфорд сарапшыларының айтуынша, алдағы 20 жылда қазіргі мамандықтардың 47 пайызы жойылады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазір мектепте оқып жатқандардың 65 пайызы болашақта енді пайда болатын мамандық иелері атанады. Жақында Forbes, Popular Science басылымдары болашақта пайда болуы мүмкін 162 мамандық тізімін жасады. Онда біздің ойымызға кіріп те шықпаған робоэтика бойынша адвокат, қоршаған ортаны қалпына келтіру менеджері, криптовалюта банкирі, IT-генетик, интеллектуалды жеке меншікті бағалау, нейропсихолог, медициналық роботтехник, виртуалды өмір архитекторы секілді мамандықтар бар. Соның ішінде 2020 жылы эмбрионды емдеу, яғни іштегі ұрықтың ауруын анықтап, бала тумай жатып емдеу маманы, 2025 жылы галактикалық архитектор мамандықтары жоғары оқу орындарында ресми түрде ашыла бастайды деп жоспарланғаны айтылған. Әрине, әзірге бұл мамандықтардың Қазақстанда қашан пайда болуы мүмкін екенін

дөп басып айту қиын. Бір анығы, болашақта біз ескі мамандықтардың жоғалғанына да, жаңа жұмыс орындардың ашылғанына да куә боламыз.


Дескриптор

Білім алушы


  • мәтін бойынша жұбына 3 сұрақ қояды;

  • сұрақтарға толық сөйлеммен жауап береді;

  • жауап беруде мәтін ақпараттарын қолданады;

  • сұхбаттасуда ұсынылған клишелерді қолданады.

Оқу мақсаты

10.2.3.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне

сай қолдану

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады


Қолдану

Тапсырма

Біздің еліміз жаңа заман талабына сай мамандықтарды дайындауға әзір ме? Берілген сұраққа дәлелдер келтіре отырып, ПОПС формуласы бойынша өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Ауызша сөйлеуде кідірісті ескеріңіз.

ПОПС формуласы:

Менің ойымша,...

Себебі, оны былай түсіндіремін… .

Оны мына фактілермен/мысалдармен дәлелдей аламын… . Осыған байланысты ... қорытындыға келдім.


1. Менің ойымша, біздің еліміз жаңа 1. Менің ойымша, біздің еліміз жаңа заман заман талабына сай талабына сай мамандықтарды

мамандықтарды дайындауға дайын. дайындауға дайын емес.

2. 2.

3. 3.

4. 4.

Shape1

Дескриптор

Білім алушы


  • мәселеге қатысты өз ұстанымын білдіреді;

  • ұстанымын 2-3 аргументпен дәлелдейді;

  • мәселеге қатысты қорытынды жасайды;

  • сөйлеу кезінде кідірісті орынды қолданады.

Оқу мақсаты

10.3.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала) құрылымы мен рәсімделуін білу,

жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау

Бағалау критерийі





Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Түрлі стильдегі мәтіндердің құрылымы мен рәсімделуін анықтайды

  • Стильдердің жанрлық, тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды


Жоғары ойлау дағдылары

Тапсырма

Мәтін құрылымын, стилі мен жанрын анықтаңыз. Тілдік ерекшелігін талдап, түсіндіріңіз.


Астанадағы «Ел қанаты» қоғамдық қоры еңбек нарығына қандай мамандықтардың қажеттігі мен қазіргі түлектердің кәсіби сапасы жөнінде арнайы зерттеу жүргізіпті.

«Ел қанаты» қоғамдық қоры президенті Асланбек Жақыптың айтуынша, олар алдымен әртүрлі компания басшылары, жеке кәсіпкерлер – барлығы екі мыңнан аса жұмыс беруші арасында еліміздегі кадр тапшылығы жөнінде сауалнама жүргізген. Сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі астаналықтар болыпты. Респонденттердің 50,6 пайызы елімізде мамандар тапшылығы жоқ деп есептейді екен, бірақ 32,6 пайызының пікірі керісінше.

Жұмыс берушілердің пікірінше, елімізде ең қат болып отырған мамандар – инженерлер (13,8 пайыз) мен дәрігерлер (12,8 пайыз). Содан кейін құрылысшылар, бағдарламашылар, мұғалімдер мен оқытушылар екен.

Ал, «Оқу орындарында даярланып шығатын түлектердің кәсіби білімі қазіргі экономика талаптарына сай ма?» деген сауалға 44,5 пайызы «сәйкес келе бермейді» деп жауап берген. Журналистермен өткен баспасөз мәслихатында «Кәсіпқор холдингі» ҰАҚ студенттермен жұмыс жөніндегі департамент директоры Тоғжан Жұмағұлова: «Сондықтан оқу орындары мамандар даярлау сапасына айрықша көңіл бөлуі тиіс» дейді. Оның айтуынша, жұмыс берушілердің 63 пайызы түлектердің біліміне, кәсіби даярлығына көңілі толмайтын көрінеді.

Еңбек нарығындағы сұранысқа болашақ мамандардың таңдауы сәйкес келе ме? «Ел қанаты» қоғамдық қоры бұл сауалды еліміздің сегіз өңірінен 2 мыңдай респондентке көлденең тартып, арнайы сауалнама жүргізген. «Бұрынғыдай емес, бүгінде жастар еліміздің еңбек нарығына техникалық маман иелері қажет екенін түсінген секілді. Сауалнамаға қатысқан Астана мен Алматы және Қарағанды қаласындағы жоғары сынып оқушылары мен түлектердің көпшілігі техникалық саланы жөн көретінін айтыпты. Тек 6,1 пайызы ғана құқықтану мен мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқаруды қалайтынын жеткізген» дейді қор жетекшісі Асланбек Жақып.

Әлеуметтік сауалнама нәтижелері бекерден-бекер жүргізілген жоқ. Жиында сөз алған Білім және ғылым министрлігі жастар ісі жөніндегі комитеттің бас сарапшысы Дамир Меңдіғалиевтің айтуынша, сауалнама қорытындылары министрлік тарапынан ескерусіз қалмайды. Әсіресе, түлектердің еңбек нарығына сай сапалы маман болып шығуына министрлік ерекше көңіл бөлетін болады.


Мәтіннің стилі


Мәтіннің жанры


Стильге тән тілдік ерекшеліктер




Мәтіннің құрылымы



Дескриптор

Білім алушы


  • мәтіннің стилін анықтайды;

  • мәтіннің жанрын анықтайды;

  • мәтіннен стильге тән 3 дәлел келтіреді;

  • мәтіннің құрылымын анықтайды.

Оқу мақсаты

10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен

салыстырып бағалау

Бағалау критерийі





Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды

  • Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып, пікір білдіреді


Жоғары ойлау дағдылары

Тапсырма

Балғабек Қыдырбекұлы Теміржолшы

Құрылыс қызу жүріп жатыр. Мұндағы адамдардың көбі осы маңдағы Күрті болысынан келгендер көрінеді. Ауылдан келген жігіттер жұмысқа белсене араласып кетіпті. Кешегі

«мен көшемін» деген кісі сайдан топырақ тасып жүр.

Лашығын өзен бойына қалдырып, жол құрылысының бастығы тіккен шатырға жүгіріп келген жігіт көп кідірмей-ақ шатырдан қуана шықты. Әуелі ол шатырға кірерде осылар қазақша сөзімді түсінбес деп жүрексініп еді, олай болмады, кіріп барған жігітке:

  • Амансың ба?—деп қазақша сөйлеп, мұртты сары кісі Столяров орнынан тұра келіп қолын өзі берді.

  • Амансыз ба?—деді, не айтарын білмей қалған Әліш те.

  • Жұмыс сұрай келдің бе?

  • Иә.

  • Ендеше мен қағаз жазып берейін, ана Тарасов деген кісіге бар, ол саған жұмыс береді. Ендігі сенін бастығың сол болады.

  • Құп.

Осыдан кейін ол жұмысқа кірісті. Оның жұмыс істеуіне сары атан тиді. Осы сары атанды жетелеп, Әліш бірнеше күн басқалармен бірге топырақ тартты. Аз ғана күн ішінде жап-жазық далада топырақ жалданып, тау болып үйіліп қалды. «Көп түкірсе – көл» деген осы екен-ау деп ойлады Әліш.

Аз күнде Әліш құрылысшылармен үйренісіп кетті. Ауылдағы жолдастарының да көбісі осында келді. Жұмысшылардың бірсыпырасы тасылған топырақты тегістеп, нықтап, таптап, енді бірсыпырасы тақтай тілуге кірісті.

Күн асқан сайын Әліштің жұмысының түрі өзгеріп отырды. Әліш бүгін өзінің бастығы Тарасовқа бір іспен бара қалып еді, ол «сен бүгіннен бастап топырақ тасығаныңды қой да, Сергей Колесниковтың қарауына бар. Жұмысты солармен істе» деді. Бұл сөз Әлішке алдымен қиынырақ тиді. Өйткені Әліш орыс тілін білмейді. Ал Сергейдің жанында бір қазақ жоқ, бәрі де орыс жігіттері. Сондықтан ол осы топырақ тартқан жігіттермен бірге жүре беруді ұнататын. «Бірақ,—деп ойлады ол,— топта сөз сөйлеймін бе, олардың істейтінін істей беруді білемін ғой». Осы екі ойды салмақтап келді де, Әліш тәуекел деп, Сергейдің бригадасына кетті.

Әліш енді жолдың топырағын тегістеп, үстіне құм, тас қиыршықтарын тасуға тапсырма алды. Ол бұл жұмысты да бар ынтасымен істеді. Поезд осы арадан өткенше асықты ол.

(әңгімеден үзінді)


  1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Үзіндіде қандай мәселе көтерілген? Сөйлемді тауып жазыңыз.


Мәселе шешімін көрсететін сөйлемді тауып жазыңыз.



  1. Әлішті бүгінгі қоғамда кімдермен салыстырар едің? Кестені толтыр.


Әліш

Сенің кейіпкерің

Ұқсастықтары

Айырмашылықтары



Пікірің



Дескриптор

Білім алушы


  • мәселе көтерілген сөйлемді тауып жазады;

  • мәселенің шешімі берілген сөйлемді тауып жазады;

  • кейіпкерді өз кейіпкерімен салыстырады;

  • пікірін білдіреді.

Оқу мақсаты

10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды

қолданып, шағын мақала жазу

Бағалау критерийі




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Жанрлық және стильдік ерекшеліктерге сай мақала жазады

  • Тілдік құралдарды орынды қолданады


Жоғары ойлау дағдылары

Тапсырма

«Жаңа еңбек нарығы еліміздің экономикасын қалай өзгертеді?» деген тақырыпта жергілікті газет бетіне мақала жазыңыз (150-180 сөз).




Дескриптор

Білім алушы


  • кіріспе бөлімінде еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы жазады;

  • негізгі бөлімде сұранысқа ие мамандықтардың ел экономикасын көтерудегі маңызы туралы жазады;

  • мақала мазмұнында риторикалық сұраулы сөйлемдер мен көркемдегіш құралдарды, дәйексөздер мен қыстырма сөздерді қолданады.

  • қорытынды ойын жазады.

Отандық өнеркәсіп өнімі. Ғ. Мұстафин «Қарағанды» романынан үзінді» бөлімі


Оқу мақсаты 10.1.4.1 прозалық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген

жалпыадамзаттық мәселені айқындау

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

  • Прозалық шығарма үзіндісінен жалпыадамзаттық мәселені анықтайды;


Қолдану

  1. Ақпараттарды мазмұн бойынша сәйкестендіріңіз.


Мейрам ойлы үнсіз келе жатыр еді. Кештің жанынан өте бергенде Чайковтың сөзін бөлді:

    • Щербаков жаңағы болмашы көмегімен үлкен денесін ғана емес, үлкен жүрегін де көрсетіп кетті.

    • Дұрыс байқағансыз. Көпшілік-ұйымдастыру жұмыстарында да ол сіздерге үлкен жәрдемші. Қарағанды алдымен өзінің партия, совет, кәсіподақ ұйымдарын құрып алу керек.

    • Әрине, оларсыз ешбір жұмыс оңалмайды.

Kөш, бетімен жайылған мал, біресе ұйыса, біресе бытырай қонған киіз үйлер, көмір қордаларының ескі төмпешіктері... Солардың ара-арасымен бұлтақтай жүріп келе жатып:

    • Қайда түсесіз?— деді Чайков.

    • Сейтқалы деген ескі жұмысшы болатын...

    • Білем, білем, қазір десятник. Анау баракта тұрады. Ағылшындардан қалған бес-алты барактың біріне келіп тоқтады машина. Барак алдында махорка шылымын орап отырған жуан мұрынды, сарша жігіт күрілдей тұрды орнынан:

    • Жаным-ау, Мейрам ба, мынау? Келші, көрмегелі қашан? — деп құшақтай алды. Сүйіп те, жылап та жіберді. Екеуінің шұрқырасуы ұзаққа созылып барады. Чайков қайтуға асықты:

    • Рұқсат етсеңіз, Мейрам Омарович, дала мені күтіп тұр.

    • Рақмет, Анатолий Федорович. Бұл менің туған жерім болса да, сырын сізден аз біледі екем. Әрдайым кеңесіп тұралық.

    • Кеңесуге мен сізден әрі құмар.

Чайков қоштасып жүріп кетті. Сейтқалы Мейрамды ертіп үйіне енді.


Ақпараттар

Сәйкестендіру жауабы

1.Щербаков жаңағы

болмашы көмегімен үлкен денесін ғана емес,

А. ұзаққа созылып барады.


2. Екеуінің шұрқырасуы

В. сырын сізден аз біледі екем.


3. Бұл менің туған жерім болса да

С. үлкен жүрегін де көрсетіп кетті.


  1. Үзіндіні тыңдап, адамдарды не біріктіретінін, олардың арасында қандай қарым-қатынас бар екенін дара диаграммаға түсіріңіз.

Shape2



Дескриптор

Білім алушы


  • ақпараттарды өзара сәйкестендіреді;

  • адамдардың арасындағы қарым-қатынасты анықтайды;

  • диаграммаға түсіреді.

Оқу мақсаты


10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау,

ауызша мәтін құрауда орынды қолдану

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Күрделі сөздердің жасалу жолын анықтайды

  • Ауызша мәтін құрауда орынды қолданады


Қолдану

Тапсырма

  1. Мәтіннен күрделі сөздерді анықтап, жасалу жолдарына қарай жіктеңіз.


Бүгін «Самғау» сауда үйінің алаңында көрме-жәрмеңке ретінде жұмыс жасап отырған

«Қазақстанда жасалған Халық Маркасы» сауда-көрме павильонының тағы бір секторы

«Жеңіл өнеркәсіп» алаңқайы ресми түрде ашылды. Көрме-жәрмеңкенің жаңа ашылған алаңқайына 50-ден астам қазақстандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің өнімдері қойылды.

Іс-шараны «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ҚР Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарының қауымдастығы және ҚР Сауда кәсіпорындары қауымдастығы ұйымдастырды. Салтанатты шараның ашылу рәсіміне мемлекеттік органдардың,

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де қауымдастықтар мен кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Жоба бастамашыларының айтуынша, бұндай орындар отандық жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемін ұлғайтуға және қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Жеңіл өнеркәсіптің дамуына қолайлы жағдай туғызады.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, осындай формада тұрақты түрде жұмыс істейтін көрме-павильондары компаниялар мен брендтердің танымалдығын 45%-ға арттырады. Өз кезегінде, бұл үрдіс сатылым көлемін 57%-ға, ал экспорттық әлеуетін 28%-ға ұлғайтады.

Айта кетейік, ағымдағы жылғы 6 шілдеде өңірлік өндірушілерді және кәсіпкерлерді қолдау мақсатында елордамыздағы «Самғау» сауда үйі алаңында 5000 шаршы метр аумақты қамтыған «Қазақстанда жасалған Халық Маркасы» сауда-көрме павильоны ашылған болатын. Ол «Қазақстанда жасалған» акцияның шеңберінде құрылған еді.


Қос сөз Біріккен сөз Тіркес сөз Қысқарған сөз





  1. Күрделі сөздер мен мәтіндегі ақпараттардың көмегімен сауда-көрмені ұйымдастырушы ұйымның өкілі мен тілші арасында сұхбат әзірлеңіздер.

Дескриптор

Білім алушы


  • күрделі сөздерді жіктеп жазады;

  • жұпта сұхбат дайындайды;

  • ақпараттар мен күрделі сөздерді қолданады.

Shape3

Оқу мақсаты

10.2.6.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру,

негізгі идеясын түсіндіру

Бағалау критерийі




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстырады, негізгі идеясын түсіндіреді


Қолдану

Тапсырма

1. Графиктік мәтіндердегі ақпараттарды ауызша салыстырып, әңгімелеңіз. Екеуіне ортақ идеяны анықтаңыз.

Shape4



Дескриптор

Білім алушы


  • кестедегі ақпараттарды салыстырады;

  • ақпаратты салыстырмалы түрде ауызша түсіндіреді;

  • екі графиктік мәтінге ортақ идеяны табады.

Оқу мақсаты

10.3.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (интервью) құрылымы мен рәсімделуін білу,

жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтіндердің (интервью) құрылымы мен рәсімделуін, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін анықтайды


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, кестені толтырыңыз.


Сыр өңіріндегі белгілі азаматтар отандық өнімге қаншалықты қолдау көрсетіп келетінін бағамдау мақсатында «Сіз қандай отандық өнім пайдаланасыз?» деген сауалмен сауалнама жүргізген болатынбыз.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы С.ҚҰЛЫМБЕТОВА:

Мен тұтынатын азық-түліктің барлығы қазақстандық өнімдер. Дүкенге барған уақытта шетелдік өнімдер самсап тұрады, алайда олардың табиғи таза өнім екендігіне күмәнім бар. Себебі сырт елден келетін өнімдердің барлығының жарамдылық мерзімі тым ұзақ. Яғни олардың арасында химиялық қоспалар көп екені белгілі. Сондықтан біз отбасымызбен отандық өнімді тұтынамыз. Атап айтар болсам, «Дәмдінің» сүт өнімдерінің өзге өнімдерден айырмашылығы көп. Сонымен бірге «Айналайын» сүт өнімдерін де алып тұрамын. Сонымен қатар дастарқан үстінде әрдайым, «Рахаттың» кәмпиттері тұрады. Сондай-ақ «Маслодел» өсімдік майын, Қостанайдың ұнын және Арал, Қазалы аудандарынан әкелінген етті ғана аламын. Елімізде әзірге отандық киім өндіруші фабрикалар мен цехтар аз болғандықтан, өзімде отандық киім жоқ десем де болады. Есесіне балаларға тоқылған киімдер аламын. Жуырда ғана ұлыма Шымкенттік «Восход» тігін фабрикасынан шыққан костюм алып бердім.

Қалалық мәслихат хатшысы И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ:

Азық-түлік тауарларынан жергілікті өнімді пайдаланамыз деп толық айта аламын. Себебі майымыз да, сүтіміз де, нанымыз да, етіміз де, картобымыз да өзімізде жеткілікті. Қазіргі таңда тамақ өнеркәсібінде еліміз өз ішкі нарығымызды қамтамасыз ете алады деген ойдамын. Отандық өнімді қолдау керек. Егер сапасы жоғары болатын болса, сол өнімді мүмкіндігінше қолдануға тырысамын. Дегенмен дүкендердің сөрелерінде отандық киімдерді көре алмаймыз. Отандық өнімді сұрағанның өзінде сатушылар тауып бере алмайды. Дегенмен қазіргі таңда отандық өнімді қолдау нақты қолға алынғандықтан, алдағы уақытта «Қазақстанда жасалған» деген атауы бар тауарлардың көбейетініне сенім мол.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры А. ӘБИБУЛЛАЕВА:

Қазіргі таңда азық-түліктің дені өз өніміміз. Сондықтан күнделікті «Қазақстанда жасалған» деген атаудағы өнімдерді пайдаланамын. Нақтырақ айтар болсам, «Айналайын» мен «Дәмдінің» барлық сүт өнімдері, «Ақ маржан» күріші, жергілікті бақша өнімдері бар. Қай қыз-келіншек болмасын сапалы, өзіне жарасымды киінгенді қалайтыны сөзсіз. Бүгінде елімізде киім өнеркәсібі дамып келе жатқаны белгілі. Сұраныс болса, талғамға сай жұмыс жасайтын отандық өнеркәсіп орындары жетерлік. Тек соларды іздеп таба білу қажет. Мен отандық өнімді қолдаушы ретінде қазіргі таңда белгілі дизайнер Аида Кауменованың киім дүкенінен киінемін.

Сауалнама жүргізген Д.МАХАНОВА


Мәтіннің құрылымы


Мәтіннің жанры


Тілдік ерекшеліктері

1.

2.

3.

4.


Дескриптор

Білім алушы


  • мәтіннің құрылымын анықтайды;

  • мәтіннің жанрын анықтайды;

  • тілдік ерекшеліктеріне кем дегенде 3 мысал келтіреді.

Оқу мақсаты

10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін

идеясымен байланысын анықтау

Бағалау критерийі





Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, факті мен көзқарасты ажыратады

  • Ақпараттардың мәтін идеясымен байланысын көрсетеді Қолдану

Тапсырма

1. Мәтіннен 1 негізгі және 2 қосымша ақпаратты анықтаңыз.


«Astana Ютария Ltd» өндірістік инновациялық компаниясы» – жеңіл өнеркәсіптік өнім өндірісімен, техникалық реттеу саласындағы стандарттарды жетілдірумен айналысатын Қазақстандағы алдыңғы қатарлы компания.

Кәсіпорын жылына 2 млн-ға тарта бұйымды шығаруға қауқарлы. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында орналасқан серіктестік бүгінгі таңда 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

Компания жыл сайын өндіріс көлемін ұлғайтуда. Сол себепті мұнда еңбек ететін адамдардың саны да үнемі артып отырады. Кез келген жұмыс берушіге білікті әрі тиісті салада тәжірибесі бар мамандар қажет. Нарықта бәсекелестікке қабілетті болу үшін «Astana Ютария Ltd» ЖШС-нің жетекшілігі тігін фабрикасының базасында оқу орталығын ұйымдастырыпты. Мұнда «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының шеңберінде Астананың жұмыссыз жүрген азаматтарының тігінші мамандығының қыр-сырын меңгеруіне жағдай жасалады. Арнайы курстың мерзімі аяқталған соң, оның оқушыларына компанияда жұмыс істеу мүмкіндігі ұсынылады.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша фабриканың оқу орталығында қазір 18 адам білімін жетілдіріп жатыр. Солардың бірі Нәзира Қасымова. Ол 3 айлық курсты тәмамдағаннан кейін «Astana Ютария Ltd» ЖШС-де жұмыс істеп, кәсіпорынның қарқынды дамуына, өнімді көптеп шығаруға өзіндік үлесін қоспақшы.

«Арнайы курстан әлі 2 ай өтемін. Бізге «Astana Ютария Ltd» серіктестігінің қызметкерлері дизайн, модельдеу, пішу, тігу дағдыларын игеруге көмектеседі. Сондай-ақ біз кәсіпті жүргізу бойынша да сабақ аламыз. Тәжірибесі мол мамандардың білгенін үйреніп жатқанымыз, әрине, қуантады», дейді ол.

«Astana Ютария Ltd» компаниясы – бүгінгі таңда елімізде жеңіл өнеркәсіп саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізген ірі кәсіпорындардың бірі. Оның нарықтағы әлеуеті жоғары. Осыны ескеріп, мен алдағы уақытта осында жұмыс істеуді жоспарлап отырмын», – деп бөлісті Нәзира Қасымова.

Жеңіл өнеркәсіп саласын кадрлармен қамту үшін «Astana Ютария Ltd» өндірістік инновациялық компаниясы», сондай-ақ, «Білім берудің дуалды жүйесі» бағдарламасы бойынша оқыту жобасын іске асыруда.


Негізгі ақпарат



Қосымша ақпарат

Shape5

2. Мәтіндегі 2 фактілік деректі анықтап, оларға қатысты автор көзқарасы берілген сөйлемді анықтаңыз.

Фактілік дерек

Көзқарас






Дескриптор

Білім алушы


  • мәтіннен негізгі ақпаратты беретін бір сөйлемді жазады;

  • екі қосымша сөйлемді жазады;

  • екі фактілік деректі анықтайды;

  • оған қатысты екі көзқарасты тауып жазады.

Оқу мақсаты

10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды

орынды қолданып, интервью жазу

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Жанрлық және стильдік ерекшеліктерге сай тілдік құралдарды қолдана отырып, интервью жазады


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

«Сіз отандық өнімдерді пайдаланасыз ба?» тақырыбында өзіңіз тұратын қала тұрғындарымен жүргізілген сұхбат мәтінін жазыңыз.



Дескриптор

Білім алушы


  • жанрға сай жазады;

  • сұхбат алатын адамдарды анықтайды;

  • сұхбат алушыларға қатысты 3-4 сұрақ құрастырады;

  • интервьюдің толық мазмұнын жазады.

Оқу мақсаты

10.4.4.1 тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді

жинақтап ұсыну (тірек-схема, менталды карта, презентация)

Бағалау критерийі




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша мәліметтерді (тірек-схема, менталды карта, презентация) жинақтап ұсынады


Қолдану

Тапсырма

1. Мәтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап (тірек-схема, презентация, ментальды карта) ұсыныңыз.


Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.

Көптеген «тамақ өнеркәсіптері» көлемі үлкен, қымбат құрал-жабдықтар пайдаланады.

Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі

2-3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады.

Тамақ өнеркәсібі – тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор – шикізат және тұтыну. Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.

Шикізат факторының әсерін көрсететін нақты мысалға қант өнеркәсібі кәсібін (Алматы, Жамбыл) жатқызуға болады. Біздің елімізде «тәтті өнімді» дәстүрлі түрде қант қызылшасынан өндіреді.

Шикізат базаларына май айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу бағытталып орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта мен мақсары өсірілетін (Шымкент) аймақтарда орналасқан. Алматы мен Ақтөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды шақпақтайды. Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген.

Жеміс-көкөніс өнеркәсібі тез бұзылатын өнімдер - көкөніс, жеміс өңдеумен айналысады. Ол толығымен дерлік Қазақстанның оңтүстігінде, әсіресе, Алматы облысында орналасқан.

Шикізат көзіне бағытталатын салалардың ішінде балық өнеркәсібі ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие. Ол ірі көлдердің, су қоймалары мен өзендердің балық қорларын пайдаланады.

Саланың басты кәсіпорны – «Атыраубалык» АҚ (Балықшы а.). Осы кәсіпорын ғана бекіре балықтарының уылдырығын өңдейді.

Тұтыну орындарына өндірістік өңдеуден өткен шикізатты пайдаланатын салалар таяу орналасады. Олардың өнімдері нашар сақталатын (торт, пирожный, басқа да кондитерлік өнімдер, нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы қиын болып келеді.

Нан пісіру көптеген елді мекендерде бар. Кондитер, макарон өнімдері өндірісінің де кеңістікте таралу «бейнесі» осыған ұқсайды. Ең ірі кондитер өндірісі Алматы мен Қостанайда, шай – Алматыда, макарон өнімдері – Петропавл қаласында орналасқан.

Тамақ индустриясының бірқатар салалары шикізатқа да, тұтынушыға да бағытталып жұмыс істейді. Ұн тартатын өнеркәсіптер астық өңдеумен айналысады.

Сүт өнеркәсібінің бастапқы сатылары (пастерленген сүт, қаймақ, кілегей, айран шығару) тұтынушыға таяу орналасады. Оның соңғы сатылары, мысалы, май шайқау (мал


майы және сары май дайындау) мен ірімшік жасау көп сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған. Еліміздің ең «сүтті» аудандары – Солтүстік пен Оңтүстік. Олар 1, 2-орындарды бөліседі. Ет өнеркәсібінің орналасуы екі жақты болып келеді. Ет өнімдерін даярлау (шұжық, жіңішке шұжық (сосиска), орама, т.б.) өнімді пайдаланатын орталықтарға

«бекітілсе», ал ет консервілерін (бұқтырылған ет) өндірісі – шикізат көзіне таяу орналасады. Бірақ көбінесе бұл өндірістер бір кәсіпорындарға – комбинаттарға біріктіріледі.


Дескриптор

Білім алушы


  • мәтін бойынша шағын жоспар құрады;

  • негізгі және қосымша мәліметтерді анықтайды;

  • анықталған ақпараттарды тірек-схема, менталды карта, презентация түрінде ұсынады.

«Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті. Дулат Исабеков «Әпке» драмасы» бөлімі


Оқу мақсаты

10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып,

тыңдаушыға әсер ету

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады


Қолдану

Тапсырма

1. Мәтіндегі ақпараттарға сүйене отырып, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз. Диалог мазмұнында сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.


Театр сүйер қауым Алматы қаласында өтіп жатқан жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығы лауреаты Дулат Исабековтің 70 жылдық мерейтойына арналған

«Исабеков әлемі» атты халықаралық театр фестивалінен хабардар болар. 10 қазанда фестиваль шымылдығын қара шаңырақ М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры «Жаужүрек» драмасымен ашты. Д.Исабековтің бұл драмасын театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі, ҚР халық әртісі, профессор Е.Обаев сахналаған.

«Исабеков әлемі» фестиваліне алыс-жақын шетелдерден (ТМД елдері) алты театр, Қазақстаннан алты театр қатысады. Бір автордың пьесалары сахналанатын бұл фестиваль мәдени, рухани өмірімізде алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз.


Дескриптор

Білім алушы


  • мәтін бойынша диалог құрайды;

  • сөйлеу этикеті формаларын қолданады.

Оқу мақсаты

10.2.3.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу

мәнеріне сай қолдану

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Интонация: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады


Қолдану

Тапсырма

1. Суретті қолдана отырып, театрға келген көрермендерге театр әдебін хабарлап айтыңыз. Интонацияға назар аударыңыз.

2.



Дескриптор

Білім алушы


  • театр көрермендеріне театр мәдениеті туралы ауызша хабарлама жасайды;

  • әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады.

Оқу мақсаты

10.3.4.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндер (эссе) бойынша салыстырмалы (жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясы)

талдау жасау

Бағалау критерийі





Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Түрлі стильдердегі мәтіндерге (эссе) жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясы бойынша салыстырмалы талдау жасайды


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

  1. Мәтіндерді оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз.

    1. мәтін

Қазақ кино өнерінің алтын тірегі «Гауһартас» фильмі 1975 жылы жарыққа шықты. Бүкілодақтық тұсаукесері 1977 жылдың маусым айында Мәскеу қаласында өтті.

«Гауһартас» киносы танымалдылығы жағынан күллі Кеңес Одағы бойынша «Қыз Жібек» фильмінен кейінгі екінші орында болды. Жазушы-драматург Дулат Исабеков сценарийі бойынша түсірілген фильм бірден көрермендердің жүрегін жаулап алды. Тамаша туынды қазақ жерінде ғана емес, өзге мемлекеттердің экрандарынан көрсетілді. Қарапайым шаруа шаңырағына бойжеткен Салтанат келін болып түседі. Шаруаның үлкен ұлы, белді шопан Тастанның жары атанған Салтанат жүрегі мейірімге толы жан. «Келіні жақсы үйдің керегесі – алтын» дегендей, Салтанат келін болғалы бері, бұл шаңыраққа мейірім мен жылулық сәулесі төгілді. Салтанаттың жібек мінезіне ата-енесі де дән риза. Қайыркен де жеңгесіне еркелеп, онымен жақсы дос болады. Тек мінезі ауыр Тастан ғана Салтанатқа қатаң қарайды. Ер-азаматының мейіріміне бөлене алмаған Салтанат ауыр дертке шалдығады.

Режиссер Шәріп Бейсембаевтың «Гауһартас» киносында Кәукен Кенжетаев, Әмина Өмірзақова, Әнуар Боранбаев, Кененбай Қожабеков т.с.с. қазақ өнерінің хас шеберлері бой көрсетеді. Сондай-ақ, Досхан Жолжақсынов, Жанна Қуанышева, Сапарғали Жәкішев сияқты сол кездегі жас актерлер түсті.

Басты кейіпкер Салтанат келіннің бейнесін сомдаған Жанна Қуанышева нағыз қазақ келінінің бейнесін көрсете білді. Жаны сұлулық пен нәзіктік атаулысына құштар көнбіс мінезділігінің арқасында ол талай көрерменнің жүрегіне жол тартты. Ал оның жары Тастан рөлін сомдаған Әнуар Боранбаев салқын мінезді нағыз ер-азаматтың бейнесін көрсете алды.

«Гауһартас» киносы қазіргі таңда қайта жаңғырды. Киносүйер қауым тамаша туындыны телеарналардан ғана емес, енді ғаламтор арқылы да көре алады.


    1. мәтін

Ахан Сатаевтың «Анаға апарар жол» кинофильмі көпшіліктің көңілінен шығып жатқаны сөзсіз. Фильм көрермендерге қалай әсер берді, фильм қай жағынан ұнады, назарларыңызға фильмді көрген көрермендердің пікірлерін ұсынамыз.

Әсем (Instagramm желісінен: sema_0101): Бұл фильм маған өте қатты ұнады. Әр қазақ көруге міндетті фильм деп ойлаймын. Киноны көріп отырып жыладым… Күйініштен жыладым… Өз перзентін бір көруге зар болған ана жүрегінің тілімделгенін көріп жыладым… Қазағымның көрген қасіретін көріп жыладым… Балалар анасынан, аналар балаларынан айырылмаса екен! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай. Кейіпкер

рөлдерін тамаша аша білген актерлерге алғыс айтамын.


Айдана Мұханбетова (Facebook желісінен): Соңғы 2-3 айда көрген ең әсерлі кином осы шығар. Сіздерге де көруге кеңес берем. Ананың балаға деген шексіз маxаббатынан бөлек, қазақ жігіттерінің намысшыл, досқа адалдығы, батылдығын көріп бір мақтанып алуға болады. Жалпы отандық кинолардың жылдан жылға бір-бірінен озатын туынды шығарып жатқандығына қуанам. Залда біз ғана отырдық, өкінішке орай қаптаған көрермен жоқ, жылап-жылап көзіміз істі, актерлік шеберлікте өте жоғары, әрбір кейіпкер үшін уайымдап отырдық.

Елғонды Ахметов (Facebook желісінен): Жақында Ахан Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты киносын тамашалаудың сәті түсіп еді. Керемет. Ахан Сатаевтың жүрегінде әбден піскен дүние екені сезілді. Ахан «бұл фильм – өмірде болған оқиғалар желісіне түсірілген фильм және барша аналарға арнаймыз» деп, кино басталмай айтып өтті. Рас. Қазақтың ХХ ғасырдағы көрген өмірі суреттеледі.

Мариям ана (Алтынай Нөгербек) – ғұмыры баласын ойлаумен, күтумен өтеді.

«Шіркін, ананың жүрегіне төтеп беретін күш жоқ шығар, сірә» деп бір ғұлама айтқан екен, расында, солай. Осы кинода ғұламаның сөзі тағы да бір дәлелденеді. Фильмде анасы мен ұлының кездескен сәтін көргенде көзіне жас алмайтын адам кем болмайтын шығар.

Ильяс (Әділ Ахметов) – қайсарлы, қайратты, жігерлі, мейірімді жүректің иесі. Соғыстағы ерліктері – аталарымыздан естігенімізді, кітаптардан оқығанымызды көз алдымызға келтіргендей болды. Соғыста қазақ жауынгерлері тек батырлығымен танылған деп ақсақалдарымыз көп айтушы еді. Қандай қиыншылық көрсе де, шыдап, анасы мен сүйіктісін ойлаумен, іздеумен болады.

Үміт (Аружан Джазильбекова) – пәк, таза, адал, төзімді жүректің иесі. Үміт үмітін үзбей, ғашығын аңсаумен, күтумен ғұмыр кешеді. Бұндай жүректі мөлдір сумен жусаң, кірленіп қалатын сияқты көрінеді.

Қазіргі таңда небір кинолар түсіріліп жатыр, атыс-шабыс, боевик, комедия т.б. Ал

«Анаға апарар жол» секілді жүректі тербейтін, толғандыратын, ой салатын кино некен- саяқ. Түсірілім тобына, барша атсалысқан жандарға алғыс шексіз.


Жанры Құрылымы

Тілдік құралдар Мақсатты аудиториясы



Дескриптор

Білім алушы


  • мәтіндердің жанрын салыстырады;

  • жанрларға тән 2 тілдік қолданысты анықтайды;

  • мәтіндердің құрылымын талдайды;

  • мәтіндердің аудиториясын анықтайды;

  • екі мәтінге ортақ ұқсастықты анықтайды.

Оқу мақсаты

10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп

эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

Бағалау критерийі




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Көтерілген мәселе бойынша қажетті тілдік құрылымдарды қолданып, эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі)


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

«Театр өмірге деген көзқарасты өзгертеді» деген пікірмен келісесіз бе? Өз ойыңызды дәлелдеп, эссе түрінде жазыңыз. Клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданыңыз.


А)

Біріншіден, (екіншіден), оған қоса, бір айта кетерлігі, нәтижесінде, қорытындылай келе, атап айтсақ, бір жағынан, басқа жағынан қарастырсақ

В)

Сонымен қатар, сондай-ақ, сондықтан, алайда, дегенмен, түйіндесек, қазірде

Shape6 Shape7

Дескриптор

Білім алушы


  • көтерілген мәселеге қатысты қарама-қайшылықты анықтайды;

  • келісу-келіспеу себептерін дәлелдеп жазады;

  • қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады.

Оқу мақсаты

10.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш

құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Көркемдегіш құралдар мен айшықтауды қолданып, шығармашылық жазба жұмысын орындайды


Қолдану

Тапсырма

Сіз тілші ретінде театрға жаңа қойылымды тамашалауға бардыңыз. Жергілікті газетке осы спектакль туралы пікіріңізді жазыңыз. Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын

қолданыңыз.



Дескриптор

Білім алушы


  • тақырып бойынша өз пікірін жазады;

  • көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қолданады;

  • стильдік ерекшелігін сақтайды.

  1. ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Ұлттық экологиялық мәдениет. Қадыр Мырзалиев «Аралым» өлеңі» бөлімі



Оқу мақсаты

10.1.2.1 мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға

сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Негізгі идеяларды түртіп жазады (конспектілеу), мәтіннің мазмұнын түсіндіреді


Қолдану

Тапсырма

1. Берілген мәтінді тыңдап, өлеңде кездесетін мәселелерді түртіп жазып алыңыз.


Аралым

Сөзі: Қ. Мырзалиев

Әні: М. Омаров Шалқыған теңіз, Толқыған теңіз,

Көгілдір көк айдыным, көк айдыным. Биікте жүрген,

Бұлттарды сүзген,

Бұрынғы жоқ айбының, жоқ айбының. Аққу арман,

Күтемін алдан,

Сағынып қанат қаға ма? Толқыны тулап,

Шағала шулап,

Толар ма ауыл жағаға? Арал, сен туралы айтам ән, Арал, ақ айдыным аңсаған. Арал, оралсаңшы қайтадан! Арал!

Қарайған жерге, Қуанған шөлге

Телміріп күн қарайды, күн қарайды. Көк дауыл жеккен,

Кемелер шөккен

Жағада құм борайды, құм борайды. Аққу арман,

Күтемін алдан,

Сағынып қанат қаға ма? Толқыны тулап,

Шағала шулап,

Толар ма ауыл жағаға? Арал, сен туралы айтам ән, Арал, ақ айдыным аңсаған. Арал, оралсаңшы қайтадан!

Арал!

Өлең шумақтарындағы негізгі

тірек сөздер

Мәселе

1.


2.


3.



Жауабы

1. Толар ма ауыл жағаға?

Арал мағындағы ауылдарда туындаған мәселе

(судың жетіспеушілігі, егіншілік, балық шаруашылығы)

2. Қарайған жерге, Қуанған шөлге

Телміріп күн қарайды, күн қарайды.

Аралдың тартылу мәселесі

3. Аққу арман, Күтемін алдан,

Сағынып қанат қаға ма?

Биоалуандылықтың бұзылуы


2. Толтырылған кестеге сүйеніп, мәтінді ауызша мазмұндаңыз.



Дескриптор

Білім алушы


  • мәтіндегі маңызды тірек сөздерді табады;

  • туындаған мәселерді анықтайды;

  • мәтіннің мазмұнын айтады.

Оқу мақсаты 10.2.5.1 пікірталастың «пікірталас -монолог», «пікірталас-

диалог», «пікірталас-полилог» түрлерінде сенімді және еркін сөйлеу

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

  • Өз пікірін білдіруде сенімді, еркін сөйлейді («пікірталас - монолог», «пікірталас-диалог», «пікірталас-полилог»)


Қолдану

1. «Арал теңізі қайта қалпына келеді ме?» сұрағы бойынша өз позицияңызды анықтаңыз, мәтіндегі ақпаратты қолданыңыз.


Мамандардың айтуынша, Арал теңізі өз тарихында төрт рет тартылған екен. Бір кездері Әмудария Каспийге құйып, Сырдың суы теңізге жетпей, Қызылқұмның құмына сіңіп кетіп отырған. Алайда табиғаттың тосын мінезінен бірнеше рет теперіш көргенімен Арал ернеуіне жетіп, қойны балыққа толып отырған еді. Жер бетіндегі ішкі сулардың ішінде ірілігі жағынан 4-орын алған Арал 4 рет адам қолымен тартылып кетті. Аралдың күретамыры – Әмудария мен Сырдарияның суын толығымен мақта, күріш алқаптарына пайдалануды ұсынған кеңес «академигі» Григорий Воропаев жобаларының Аралды қасіретке ұшырата бастағанын көріп тұрып, биік мінберден: «Олай болса, Аралға «әдемі» өлім тілейік!» – дегені бар.


Кейс

1. Позиция


2. Дефиниция (кілтті сөздер және

оның анықтамасы)


3. Өзектілігі (мәселе несімен өзекті?)


4. Статистикалық мәлімет (бүгінгі

таңда туындап отырған жағдай)


5. Мәселенің шығу себептері


6. Шешу жолдары



Екі түрлі позиция бойынша, оқушылар екі топқа бөлінеді.


3. Берілген кейстеріңізді біріктіріп, өз позицияларыңызды қорғаңыздар. Қарсыластарыңызға контраргумент айтуға дайын болыңыздар.

  1. спикер кейсін ұсынады, қарсылас топтың 1-спикері контраргументтер ұсынады.

  2. спикер кейсті қалпына келтіреді, аргументтеріне қосымша мысалдар айтады. Қарсылас топтың екінші спикері қайта контраргументтер ұсынады. Өз ойын сенімді әрі дәлелді жеткізген топ жеңіске жетеді.


Дескриптор

Білім алушы


  • өз позициясын анықтайды;

  • мәселенің өзектілігін көрсетеді;

  • мәселенің шығу себептерін атайды;

  • шешу жолдарын ұсынады;

  • өз ойын сенімді жеткізеді.

Оқу мақсаты

10.3.5.1 мәтін тақырыбына байланысты қосымша материалдарды энциклопедиялардан тауып, ортақ

қорытындылар жасау

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Қосымша материалдар бойынша ортақ қорытынды жасайды


Қолдану

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, тақырыбын анықтаңыз.


Ата-бабаларымыз тіпті аң-құстар арқылы да айналадағы құбылыстардың сырын аңғарып, құпиясын ұға білген. Бізге жеткен ата ұрпақтың пайымдауы бойынша, мысалы, шағалалар көл үстінде ұшып жүріп тоқтаса, артынша ауа райы бұзылады. Ал егер шабақ балықтар су бетіне шығып қайта сүңгіп жүрсе, онда ізін суытпай жаңбыр болады. Ашық күнде қарлығаштар ұшып, жүруін тоқтатса, онда көп ұзамай дауыл тұрады. Жазда шегірткелер шырылын тоқтатып, жым-жылас болып айналада тыныштық орнаса, онда жедел-ғабыл жаңбыр жауады. Қыста ақбөкендер жайылымын тастап, басқа жаққа жосылып кете бастаса, немесе сексеуіл тоғайы мен құм төбелерді паналаса, онда ол жерде көп ұзамай боран соғады, көктемнің бірінші жаңбырында күн күркіресе, шөп шүйгін шығады, күн батарда аспанның солтүстігі қоңырқай тартса, жел тұрады; күн бұлтқа батса, келесі күні жауын-шашын болады, ашық батса, күн ашық болады.

Осылайша қазақ атам өз жерінің табиғатын, онда болатын құбылыстарды жақсы біліп, осыған орай өз әрекеттерін алдын ала болжап отырған.

Атадан балаға ғасырлар бойы іс арқылы ұдайы қайталанып жеткен бұл асыл қасиеттерді бір-бірімізге, ұрпақтарымызға үйрету халық дәстүрі, экологиялық мәдениетіміздің ажырамас бөліктері. Айта берсек, атам қазақ тек табиғаттың өзі берген игіліктерімен ғана күн көріп жүрген шағында жыл мезгілдеріне орай уақыттың маусымдық, айлық межелерін: көктем шыға, жаздың басында, күз түсе, қар бір жауғанда, қыс ортасында, құралайдың салқыны кезінде, өліарада, жазғытұрымда, көк шыға, ел жайлауға көшерде, күзекке көтерілгенде, қыстауға қайтар кезде, т.б., ал қысқа уақыт өлшемдерін: таң алдында, таңсәріде, елең-алаңда, таң құланиектене, күн шыға, күн көтеріле, күн құрық бойы көтерілгенде, күн арқан бойы көтерілгенде, түсте, сәске түс, тал түс, талма түс, түс ауа, түс қайта, кешке қарай, кешқұрым, ақшам кезінде, қас қарая, апақ-сапақта, қызыл іңірде, түнде, түн ортасы, түн ортасы ауа деп белгілеген.

Тіпті кейбір шаруашылық әрекеттерінің өзін экологиялық уақытпен орайластырған: жылқы күзерде, бие байларда, күзем жүн қырқымында, қозы күземде, соғым басында, ел орынға отырарда, құс қайта, қансонарға шығарда; ал кейбір мезеттік сәттерді: ат ерттегенше, сүт пісірім, шай қайнатым, бие сауым, көз шырымын алғанша, ет асым сияқты межелермен мөлшерленген. Немесе үркер көтеріле, сүмбіле туа, жұлдыз сөне, т.б. деп келетін межелерді тек қана экологиялық уақыт өлшемі емес, экожүймен байланысты ситуациялық уақыт өлшемдері деп те қарастыруға болады...


2. Төменде берілген уақыт өлшемдерін қазіргі уақыт өлшемдерімен теңестіріп, қазақ халқының ұлттық экологиялық мәдениеті жайлы 4 сөйлеммен қорытынды жасаңыз. Кестеде берілген сөздердің мағынасын дереккөздерден қарап, түсіндірме беріңіз.

Сүт пісірім


Шай қайнатым


Жұлдыз сөне


Сәске түс


Түс қайта


Ел жайлауға көшерде



Дескриптор

Білім алушы


  • мәтіннің тақырыбын анықтайды;

  • сөздердің мағынасын анықтайды;

  • мәтін бойынша қорытынды шығарады.

Оқу мақсаты

10.4.6.1 сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Сөйлемдерде тыныс белгілерін қолданады


Қолдану

Тапсырма

1. Берілген мәтінді оқып, тыныс белгілердің қойылу себептерін түсіндіріңіз.


Американдық The Forbes басылымы әлемдегі экологиялық таза мемлекеттердің рейтингін шығарды. Швейцария – ең таза ел. Бұл мемлекет судың сапасы, ормандардың саны және тазалығы, пестицидті аз қолдануы бойынша ең жоғарғы балды жинаған. Екінші орында – Швеция, ауаның ластану деңгейі төмен, ауыз суы таза. Үшінші орында – Норвегия, өзінің суының сапасымен, ауасымен, санитариясымен мақтана алады. Норвегтер тыныс алу жолдары ауруларына сирек шалдығады. Азиaттық Тынық мұхиттық аймақтағы ең таза мемлекет Жаңа Зеландия екен, мұнда ел басшылығы қоршаған ортаны қорғауға көп көңіл бөледі. Жапония ормандық ресурстарды сақтау бойынша ең жоғарғы балды алған, ауаның ластану деңгейі төмен, онда химиялық пестицидтерді пайдалануға шектеу қойылады.

Жапондардың ұлттық дәстүрлерінің бірі – қоршаған ортаны, ағаштар мен гүлдерді, жануарларды аялап, қорғау дәстүрі адамдардың бойына бала жастан сіңіп, қалыптасады. Сондықтан Жапонияда әрбір маусым бойынша табиғатта серуендеу кең өріс алған, мысалы: көктемде жабайы шиенің (сакура) гүлдеуін, күзде үйеңкі орманын тамашалау ұлттық мекерелердің біріне айналған. Қазір осылардың бәрін батыстан да көруге болады.

Германия табиғатты қорғаумен байыпты түрде айналыса бастаған алғашқы батыс елдерінің бірі. Қазір «жасылдар» партиясының өкілдері герман парламентінде де отыр.

«Жасылдар» партиясы мен табиғат қорғау ұйымдарының жұмысы арқасында Германия қоршаған ортаның жағдайына бақылауды қатал қолға алып, атом электр станцияларын жаба бастады.

Экологиялық саясат алдын алу шараларына, «ластаған ақшасын төлейді» принципіне көшу керек. Табиғатты қорғауға бағытталған заңдардың заман талаптарына сай жүйесін қалыптастыру және күшейту қажет.



Дескриптор

Білім алушы


- Мәтіндегі 4 тыныс белгінің қойылу себебін түсіндіреді;

«Мұхит тіршілік мекені. Әбдіжәміл Нұрпейсов «Қан мен тер» бөлімі


Оқу мақсаты

10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану;

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Күрделі сөздердің жасалу жолдарын анықтап, ауызша мәтін құрауда қолданады;


Қолдану

Тапсырма

  1. Берілген мәтінді оқып, күрделі сөздердің астын сызыңыз.


Әлемдік мұхиттың экологиялық проблемалары және тұщы су қорының

таусылуы

Біздің жер шарының үстіңгі қабатының 70%-дан астам көлемін мұхиттар мен теңіздер алып жатыр, олар атмосфераға әсер етеді және пайдалы қазбалар мен тағам көздері болып табылады. Олар Жер жүйесінің ең өнімді экологиялық жүйесі болып табылады да бүкіләлемдік балық аулау кәсібінің 80%-ын қамтамасыз етеді. Мұхит планетадағы өмірдің бесігі және оның экологиялық негізі. Планетаның бір тұрғынына орта есеппен алғанда 311 млн. тонна шамасында су мөлшерінен келеді.

Атмосфераның газдық балансындағы әлемдік мұхит фитопланктондарының рөлі жоғары. Ол оттегінің негізгі көзі. Заманымыздың аса ірі проблемаларының бірі антропогендік әсердің салдарынан көміртегі циклінің қалыптан тыс ғаламдық бұзылуының орын алуы. Биосфераға антропогендік іс-әрекеттер барысында түсетін С02-ні мұхиттағы тірі ағзалар сіңіреді. Әлемдік мұхиттың адамзат өміріндегі рөлі сан алуан. Ол орта түзуші, кәсіпштік, шикізаттық, рекреациялық, көлік және т.б. қызметтерді атқарады.

Әлемдік мұхиттың маңызын қарастыра отырып, балық аулау және теңіз кәсіптерінің маңызды рөл атқаратынын көреміз, олардан түсетін жылдық табыстың көлемі 55 млрд. доллардан асады.

Кеме көліктері атқаратын халықаралық сауда қызметтерінің жылдық мөлшері жылына 150 млрд. доллардан асады. Ол теңіз көлік қызметі динамикасының жоғары деңгейімен және салыстырмалы түрде төмен құнымен ерекшеленеді.

Теңіздер мен мұхиттар — бүкіл адамзаттың игілігі, бұл игілікті сақтау көбіне табысты халықаралық ынтымақтастыққа тәуелді. Бір өкініштісі, бірнеше елдерден ағып өтетін ірі өзендер мен теңіздерді қорғау жөніндегі халықаралық келісімдерді ратификациялау және бақылау жұмыстарында кездесетін қиындықтар аз емес. Тұщы су қорларының азаюы да маңызды мәселе.

Бұл мәселелер ЮНЕСКО-да қарастырылады.


  1. Асты сызылған күрделі сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын 5-6 сөйлеммен қысқаша баяндаңыз.


Дескриптор

Білім алушы


  • күрделі сөздердің астын сызады;

  • мәтінді қысқаша мазмұндайды;

  • баяндауда күрделі сөздерді қолданады.

Оқу мақсаты

10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдап, кейіпкерді шынайы өмірмен байланыстыра салыстырады;


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


...Еламан әбден қас қарайғанша тұрды. Ай туған жоқ. «Ертең күн шағырмақ, ашық болар», - деді Еламан. Ертеңіне бұл тіпті ерте оянды. Түнімен тырп етпей шыққан Ақбаланың ұйқысын бұзғысы келмеді де, төсектен ақырын түсті. Үй ішінде де сыбдырсыз ақырын қозғалып, кеше жатар алдында пешке жайған киімдерін киді. Күндегі әдетпен бүгін де түннен қалған бірдеңені талғажау етті де, Ақбала екеуі «жылауық неме» деп ат қойған жаман есікті сықырлатпай ақырын ашып, сыртқа шықты.

Еламан теңізге тартты. Бұл ақ қар, көк мұз үстінде күні бойы жалғыз. Мұз ояды. Ау қарайды. Теңізге шыққанда, сірә да, маңындағы кісі-қараның бар-жоғын байқамайтын. Төбеде көк аспан. Табан асты көк теңіз. Екі дүние арасында жабырқау ойды жанына серік қып, күні бойы күйбеңдеп жүріп өмір жөнінде ойлайды. Өзі жөнінде ойлайды. Өзінің теңіз үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. Әке-шешеден ерте айрылды.

Еламан күрсінді. Аяғы астында жатқан бір-екі балықты етігінің тұмсығымен теуіп, өзінен әрегірек ысырып тастады да, аудың арқалығын ұстады. Қас қараймай тұрғанда, үйге тезірек жеткісі кеп еді; бірақ жалғыз кісіге ой үйір келе ме, күтпеген жерден қайын атасы есіне түсті. Еламанды «балықшы» деп атап, бұған айтқан қай сөзді де әзілге шаптырып осқырынып отырады. Оған бұл үйренген. Кеше де қатынаған біреуден «балықшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам» деп хабар жіберіпті.

Бұған Ақбала қатты қуанды. Қыз дәурені қырда өткен Ақбала теңіз өңірінің тірлігіне үйрене алмады. Жаз аптап, ыстық. Маса. Сона. Балық сасыған ауа да бұған жат. Балықшы жігіттің босағасын аттаған күннен бастап сыртқа шықпай, үйге тығылып алды. Ауыл-үйдің арасында ала көз, күңкіл көбейді: «Жабайы»,- деді. «Тәкаппар», «менмен» деді.

Ақбала бәрін естіп, бәрін білсе де, иманы селт еткен жоқ. Ауылдас әйелдер айтса айтқандай менмен, тәкаппарлық па, әйтеуір қасақана әлгілерге «Ал, көр! Көріп ал!» дегендей, тәкаппар басын шалқақтата тік ұстап, аяғындағы қылмиған қазық өкше етікті аналар іші күйсін дегендей сықыр-сықыр басып алдарынан өтер еді.


1. Үзіндіде көтерілген мәселені анықтаңыз. Сол мәселе бүгінгі күні өзекті ме? Ойыңызды ПТМС формуласы арқылы жеткізіңіз.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,...»

Екінші сөйлем «Себебі, оны былай түсіндіремін…»

Үшінші сөйлем «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын… » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім...».


  1. Еламан мен Ақбалаға мінездеме жасаңыз. «Бүгінгі таңда осындай мінезді адамдар кездесе ме?» деген сұраққа жауап беріңіз.


Кейіпкер

Мінездеме

Бүгінгі таңда осындай мінезді адамдар кездесе ме?

Еламан



Ақбала




Дескриптор

Білім алушы


  • өз ойын білдіреді;

  • себебін түсіндіреді;

  • мысалдар келтіреді;

  • қорытынды жасайды;

  • кейіпкерлерге мінездеме береді;

  • кейіпкерлерді бүгінгі таңдағы адамдармен салыстырады.

Оқу мақсаты

10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе)

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Клишелер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолданып, эссе жазады (дискуссивті эссе)


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Берілген клише мен лексикалық құрылымдарды қолдана отырып, «Мұхитты сақтап қалу үшін не істей аламыз?» деген тақырыпта дискуссивті эссе жазыңыз. Берілген клишелерді қолданыңыз.

Пайдалы лексика: ең елеулі, тіршілік, алатын орын, құнарлы, пайдалы, орын алады, ауқымды, жедел даму, күннен-күнге, орасан зор.

Клише: біріншіден, (екіншіден), оған қоса, бір айта кетерлігі, нәтижесінде, қорытындылай келе, атап айтсақ, бір жағынан, басқа жағынан қарастырсақ.



Дескриптор

Білім алушы


  • клише мен лексикалық құрылымдарды қолданады;

  • берілген тақырыпта дискуссивті эссе жазады.

«Ұлттық таным және мерекелер. Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі» бөлімі


Оқу мақсаты

10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету

Бағалау критерийі




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтінге сүйеніп, диалог немесе монолог құрастырады

  • Сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданады


Қолдану

Тапсырма

1. Мақалаға сүйене отырып, «Ұлттық танымды қалыптастыру жолдары» тақырыбында, диалог құрастырыңыз. Сөйлеу барысында сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданыңыз.


Тарихи сананың қоғамдағы маңызы жайлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы мамыр айында Астана қаласында ұйымдастырылған Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайында сөйлеген сөзінде: «Тарихи сананы дұрыс қалыптастыру арқылы біз болашаққа нық қадам жасайтын боламыз. Оны іске асыратын құрал – әркімнің өзінің төл тарихы пен мәдениетін білуі» деген еді.

Расында, қоғамда тарихи сана дұрыс қалыптаспай, ұлттық сананың жаңғыруы мүмкін емес. Өйткені, ұлттық танымның өзегі – тарихи сана. Ал тарихи сананың қалыптасуында ақиқатты арқау еткен шынайы тарих пен халықтың байырғы қайнарынан сусындап, салт- дәстүрдің алтын арқауына байланған руханияттың рөлі зор.

Қазақ қоғамын сауықтырудың жолы кемелденген тарихи сананы қалыптастыру арқылы барлық халық бір ғана мақсат пен ортақ мүддеге жұмыла қызмет істеу екені түсінікті. Осы орайда, үнді жұртының көсемі Рабиндранат Тагордың «әрбір халық әлемдік қоғамдастық алдында өзінің басқаға ұқсамайтын ерекше ұлттық болмысымен дараланып тұрмай, басқаның қаңсығын қадір тұтса, ол халық жойылуға бет бұрған, қасірет жолындағы ұлт» дегенін де ұмытуға болмайды.



Дескриптор

Білім алушы


  • тақырыпқа сай диалог құрастырады;

  • ақпараттарды қолданады;

  • сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады.

Оқу мақсаты 10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды

анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау


Бағалау критерийі





Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

  • Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, факті мен көзқарасты ажыратады

  • Ақпараттардың мәтін идеясымен байланысын көрсетеді


Қолдану

    1. Берілген мақаланы оқып, негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

1992 жылғы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі.

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран – мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.

Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз мемлекет бейнесін паш етті. 1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді. Егемен Қазақстанның бүгінгі елтаңбасы танымал сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі болып табылады. 1992 жылы республикамызда әнұранның әні мен мәтініне байқау жарияланды. Қазақстанның тұңғыш әнұранының әнін жазған авторлар – Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди. 2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.

Халық арасында кең танымал патриоттық ән «Менің Қазақстаным» жаңа Әнұран негізіне айналды. Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік әнұранының авторлары

– Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекеттік рәміздер күні – Қазақстандағы жаңа мейрам. Қазақстандықтар оны асқан патриоттық сезіммен тойлайды.


Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат







    1. Мәтіннен факті мен көзқарасты анықтап, оны идеясымен байланыстырыңыз.


Факті

Көзқарас



Мәтіннің идеясы

Дескриптор

Білім алушы


  • мәтіннен 3 негізгі және 3 қосымша ақпаратты анықтайды;

  • мәтіннен 1 факті мен көзқарасты анықтайды;

  • мәтіннің идеясын 1 сөйлеммен түсіндіреді.


Оқу мақсаты

10.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Көркемдегіш құралдар мен айшықтауды қолданып, шығармашылық жазба жұмысын орындайды


Қолдану

Тапсырма

  1. Берілген мақалдар мен көркемдегіш құралдары ажыратып, мағынасын түсіндіріңіз.


Өнерлі өрге жүзер; күміс көмей; Өнерлі қол бақытқа жол; паш ету; Қол өнері кілемде, сөз өнері – өлеңде; жез таңдай.


Мақал-мәтелдер Көркемдегіш құралдар




  1. Көркемдегіш құралдар мен мақал-мәтелдерді қолданып, ой толғау жазыңыз.

Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі ұлттық құндылықтар. Мәтіннің сюжетін аргумент ретінде қолданып дәлелдеңіз.

Shape8

Дескриптор

Білім алушы


  • көркемдегіш құралдарды ажыратады;

  • көркемдегіш құралдардың мағынасын ашады;

  • жазба жұмысында көркемдегіш құралдарды қолданады.

  1. ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ


«Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда», Ы. Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» бөлімі


Оқу мақсаты 10.2.4.1 мәтіндегі бөлімдердің, абзацтардың орналасу

тәртібін, ақпараттың тақырыппен байланысын анықтау, оған түсініктеме беру

Бағалау критерийі




Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Білім алушы

  • Мәтіндегі бөлімдердің, абзацтардың орналасу тәртібін, ақпараттың тақырыппен байланысын анықтап, түсініктеме береді


Қолдану

  1. Мәтіндегі абзацтардың ретін анықтап, әр абзацтағы негізгі ойға қатысты ат қойыңыз.

Азық-түлік қауіпсіздігі – ғаламдық мәселе


Мәтіннің бөліктері

Орналасу

реті

Абзац тақырыбы

Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жаһандық жайы адамзат өміріне күрделі қауіп төндіруде. Жер шары тұрғындарының саны өскен сайын халықты азықпен қамтамасыз ету мәселесі де ушығып отыр. 2050 жылы адам саны 9,5 млрд.-қа дейін жетеді деген болжам бар. Сондықтан да азық-түлік дағдарысы және оның алдын алу әлем

жұртшылығын алаңдатып отырған басты мәселе.



Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған 2010 жылғы Жолдауында «Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды мәселе. 2014 жылға қарай азық-түлік өнімдерінің ішкі нарығының 80 пайызын отандық азық-түлік өнімдері құрауы тиіс. Бізде бұған толық мүмкіндік бар», – деп бүгінгі таңда ғаламдық мәселенің біріне айналып отырған азық-түлік қауіпсіздігі төңірегінде отандық өнімдердің орнын ерекше атап көрсетіп, бұл саланы ойдағыдай дамытуға қол

жеткізуіміз керектігін қатаң тапсырды.



Азық-түлік тапшылығы белең ала бастаған бүгінгі таңда әлемнің барлық елі бұл салаға мемлекет тарапынан жасалатын қолдауды күшейтіп, саяси маңызы зор өзгерістерді қолға алып, өндіріс көлемін арттыру, ішкі азық-түлік нарығын тұрақтандыру сияқты мәселелерге ерекше мән беріп отыр. Осы орайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз десек, отандық

өнімдердің саны мен сапасын арттырудың орны ерекше.



Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі өте өткір болып



отырған елдердің бірсыпырасы Орталық Азия өңіріндегі импорттаушы елдер екені баршаға аян. Бұл тұста Орта Азия елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі алуан түрлі сипатта екенін айта кеткен жөн. Бірақ бес мемлекетке ортақ факторлар да баршылық. Мәселен, аймақ елдері теңізге шығатын жолдың жоқтығынан, қоғамдық институттардың әлсіздігінен, қатаң климаттық жағдайдан, сондай-ақ ортақ сауда айналымының дамымай қалуынан, су көздеріне қатысты түйткілдер мен кедейліктің аса жоғары деңгейде болуынан (25 пайыздан 60 пайызға дейін) зардап

шегіп отыр.




Дескриптор

Білім алушы


  • мәтіндегі бөлімдердің, абзацтардың орналасу тәртібін анықтайды;

  • абзацтарға ат қояды.

Оқу мақсаты

10.2.6.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру,

негізгі идеясын түсіндіру

Бағалау критерийі




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстырады, негізгі идеясын түсіндіреді


Қолдану

Тапсырма

1. Төмендегі графиктік мәтіндердегі ақпараттарды салыстырып, негізгі идеясын түсіндіріңіз.





Дескриптор

Білім алушы


  • графиктік мәтіндердегі ақпараттарды салыстырады;

  • идеясын түсіндіреді.

Оқу мақсаты

10.3.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, баспасөз парағы) құрылымы мен

рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау;

Бағалау критерийі





Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Түрлі стильдегі мәтіндердің құрылымы мен рәсімделуін анықтайды

  • Стильдердің жанрлық, тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, құрылымы, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін анықтаңыз.


Қазақстанның Ұлыбританиямен инвестициялық ынтымақтастығы ұзақ мерзімді басымдықтарға кіреді. Ұлыбританияның инвестициялары Қазақстанға Нидерланды мен АҚШ-тан кейін үшінші болып келеді. Ұлыбритания ҚР экономикасына – 10,7 млрд. доллар жұмсаған, оның 894,5 млн. доллары тура инвестициялар түрінде келген. Қазақстанның Ұлыбританияға барлық инвестициялары 5,4 млрд. долларға жетті. Ұлыбритания ҚР экономикасының келесі секторларына инвестиция құяды: кен қазу өнеркәсібі, өндіріс, сауда, автомобиль жөндеу және үй пайдалану өнімдері, транспорт, байланыс, қаржы секторы және т.б. 2013 жылғы статистикалық көрсеткіш бойынша Ұлыбритания Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция тартуда АҚШ пен Нидерландыдан кейін үшінші орын алатынын және оның көлемі 12 млрд. долларға дейін жеткенін атап көрсетуге болады.

Қазақстандағы Британ инвестициялары ең алдымен мұнай және газ саласына тиесілі. Мұнда бүкіл әлемге әйгілі «Shell», «British Petroleum» және «British Gas» компаниялары табысты жұмыс істеп келеді әрі соңғысы бүгінде ҚР-ғы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаттық кен орнын өңдеу ірі жобаларына қатысады және «ҚазақстанКаспийқайраңы» мен Каспий құбыр жүргізу (КТК) консорциумдарындағы қатысу үлесі – 32,5%. Сонымен бірге бір топ британдық және 40-қа жуық қазақ кәсіпорын қатысушыларымен бірлескен компаниялардың өкілдіктері жұмыс істейді.


Мәтіннің құрылымы Мәтіннің жанры

Тілдік ерекшеліктері

Shape9

Дескриптор

Білім алушы


  • мәтіннің құрылымын көрсетеді;

  • жанрын анық анықтайды ;

  • тілдік ерекшеліктеріне мысалдар жазады.

Оқу мақсаты

10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық

анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтіндегі деректі ақпараттарды анықтап, өз пікірін білдіреді


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

  1. Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.


Әлемдік тәжірибе бойынша, соңғы жылдарда интернет-сауда қарқынды дамуда. Мысалы, Ресейде жұмысқа қабілетті тұрғындардың 30%-ы интернет-дүкендер арқылы тапсырыс береді. Онлайн сатып алушылардың саны соңғы жылдары 2,5 есеге өскен.

Электронды сауда түсінігі Қазақстанға 2005 жылдардан бастап ене бастады. Осы уақыттан бастап 10 жыл ішінде кәсіпкерлер ғаламторда өз парақшасын ашып, кәсібін виртуалды әлемде ұсынуды үйренді. Дегенмен қаржылай кеңесші Расул Рысмамбетовтің сөзінше, елімізде интернет-бизнестің 90 пайызға жуығы міндетті түрде жабылып қалады екен. Оған себеп — тұтынушылардың көпшілігі ғаламтор дүкендерінің саудасына сенбеуі. Сондықтан да Қазақстан ғаламтор қауымдастығының атқарушы директоры Әсет Нұрпейісов оффлайнды виртуалды дүкенге алмастырмас бұрын, алдымен сақтық шараларын қарау керек дейді. «Бұл – үлкен мәселе. Себебі, компьютердің арғы бетіндегі адамның алаяқ екендігін бірден ажырату қиын. Егер сенім болмаса, онлайн дүкеннің парақшасына назар аударып, қай күні пайда болғанын, қанша адам сауда жасағанын қарау керек. Тұтынушылардың қалдырған пікірлерін оқыған жөн», — деді ол.

Қаржылай кеңесші Расул Рысмамбетовтің сөзінше, болашаққа деген оптимизм бар. Алдағы он жылда барлығы онлайн-бизнеске өтіп, бәсекеге қабілетті болу үшін жұмыс істейді. «Қазіргі уақытта барлығы онлайн-саудаға ауысып жатыр. Бұл мегаполисте уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тұтынушылар ғаламтор дүкендеріне біртіндеп өтуде. Онлайн сауда жасау өте жеңіл және шығындардың аз болуына көмектеседі», деді ол.


Сұрақтар:

    1. Онлайн-сауда деген сөзге қандай анықтама беруге болады?

    2. Онлайн-сауда қалай дамып келеді? 2 мысал келтіріңіз.

    3. Сарапшының пікірінше, елімізде онлайн-сауда не себепті ұзақ уақыт жұмыс істей алмайды?

    4. Онлайн-саудамен айналыспас бұрын нені ескеру керек?

    5. Онлайн-сауда жасауда тұтынушы неден сақтанғаны жөн?

    6. Қаржылай кеңесшінің не себепті онлайн-сауданың келешегіне көңілі толады?


  1. «Гамбургер» әдісі бойынша негізгі ойға өз пікіріңізді білдіріңіз.


    1. Позиция

    2. Дәлелдер (біріншіден, екіншіден, үшіншіден)

    3. Қорытынды


Дескриптор

Білім алушы


  • сұрақтарға жауап береді;

  • өз пікірін дәлелдеп айтады;

  • қорытынды жасайды.


Оқу мақсаты

10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе)

Бағалау критерийі




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Көтерілген мәселе бойынша қажетті тілдік құрылымдарды қолданып, эссе жазады (аргументативті эссе)


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

1. Интернет-дүкен ХХІ ғасырдың базары. Қазіргі кездің өзінде супермаркеттер, үлкен сауда орталықтары желідегі саудаға қызығушылық таныта бастады. Әлеуметтік желінің қай түрін алсаңыз да, түрлі дүкеннің жарнамасы толып жүреді. Ал сол интернет-дүкеннің пайдасы бар ма? «Қазақстанда жасалған» деген марканы әлемдік деңгейге қалай шығаруға болады?» тақырыбында эссе жазыңыз.


Пайдалы лексика: біріншіден, (екіншіден), оған қоса, бір айта кетерлігі, нәтижесінде, қорытындылай келе, атап айтсақ, бір жағынан, басқа жағынан қарастырсақ, сонымен қатар, сондай-ақ, сондықтан, алайда, дегенмен, түйіндесек, қазірде.




Дескриптор

Білім алушы


  • тақырыпқа сай жазады;

  • аргументтер келтіреді;

  • қажетті лексиканы қолданады.

Оқу мақсаты

10.4.5.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден негізгі ұғымдарды анықтай отырып, жинақы

мәтін (компрессия) құрастыру

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Түрлі стильдегі мәтіндерден негізгі ұғымдарды анықтап, жинақы мәтін (компрессия) құрастырады


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

  1. Мәтінді оқып, жинақы мәтін (компрессия) құрастырыңыз.

Компрессия жазу үшін нұсқаулық:

    • Мәтінді оқыңыз. Негізгі идеясы мен тақырыбын анықтаңыз.

    • Мәтіннің барлық бөліктерін белгілеңіз.

    • Қай бөліктерін алып тастауға, біріктіруге болатынын анықтаңыз.

    • Жинақы мәтіннің жоспарын құрыңыз.

    • Мәтіннің әр бөлігінде негізгісін белгілеңіз.

    • Жинақтау, жалпылау сөздерін таңдаңыз.

    • Әр бөлікті қысқа жазыңыз.

    • Жинақы мәтінді қайта оқыңыз, оқыған адамға түсінікті бола ма? Түзетулер енгізіңіз.


Француз жұртының бір білімді адамы жазады:

  • 1791 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде әр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып тұрушы едім. Сонда әрдайым жолымда бір Антон деген тіленші қайыр сұрап жүруші еді. Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жөніміз бір болған соң, бірге келе жатқанымызда, әдеттегідей Антон алдымыздан шығып қайыр сұрады. Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты:

  • Сен бір қарағанда есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бар сияқты. Сөйте тұрып мұндай іспен өзіңді кемшілікке салып жүрсің. Бай болғың келсе, мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ; елден, қала-қаладан қыдырып жүріп, әуелі боқтық, салам арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап, жиып жүрдім. Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабрикаларға сатып, соныменен азды-көпті ақша болған соң, бір есек, бір арба алдым. Мұнан соң әуелі аздап, бара-бара көбірек, әр үйден ескі-құсқы, тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім. Жасым жас, ісіме нық, жинақы және еріншектікті білмегеннен соң, осы күнде екі әйдік тас жұртым бар, фабрикамды балама бердім, үмітім бар, балам да аштық көре қалмас деген. Себебі: баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім. Осы айтқанымдай, машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың, Антон, — деді де, жөніне жүріп кетті. Антон бұл сөздерді есіткен соң терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып тұрып қалды.

1815 жылда Брюссель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім. Дүкеннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай етіңіз деп, бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс, реуішті көрінді. Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды-тұрды да, қасыма келіп айтты:

  • Айып етпесеңіз сұрайын, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын Версальдегі үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді?

Сонда ойыма түсіп, таң қалып:

  • Сен Антонбысың? — дедім.


— Рас, — деді Антон, — мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол жүргеніңіздегі бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп кетіп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім, ісіме нық, малыма күтімді болдым; ақырында, сол кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор дүкеннің иесі болдым, — деді.


Дескриптор

Білім алушы


  • мәтіннен маңызды емес деректерді сызады;

  • қалған негізгі ақпараттарды өзара байланыстырады;

  • түзету енгізеді.

Оқу мақсаты

10.5.1.6 үстеудің жасалу жолы мен сөйлемдегі қызметін білу,

мәтін құрауда орынды қолдану

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • үстеу түрлерін мәтін құрауда қолданады


Қолдану

Тапсырма

Тұтынушы ретінде электронды сауда-саттық туралы пікір жазыңыз. Берілген үстеу түрлерін қолданыңыз.

Қазір, енді, былтыр, амалсыздан, босқа, қолма-қол, жылдам, әдейі, қыруар, ілгері, көзімше, соншама.



Дескриптор

Білім алушы


  • тақырыпқа сай пікір жазады;

  • жазбада үстеулерді қолданады.

«Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне. Ж.Ауыпбаев «Ашылмаған аралдар» кітабынан «Диктор» деректі әңгімесі» бөлімі



Оқу мақсаты

10.2.3.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу

мәнеріне сай қолдану

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады


Қолдану

Тапсырма

«БАҚ және гендерлік бейне» тақырыбында пікірталасқа қатысыңыз. БАҚ әйелдер бейнесі, қазақстандық әйелдердің бейнесі, олардың қоғамда алатын орны туралы әңгімелеңіз.








Дескриптор

Білім алушы


  • тақырыпқа сай сөйлейді;

  • әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті қолданады.

Оқу мақсаты

10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін

идеясымен байланысын анықтау

Бағалау критерийі




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, факті мен көзқарасты ажыратады

  • Ақпараттардың мәтін идеясымен байланысын көрсетеді


Қолдану

Тапсырма

  1. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.


Әлемде гендерлік теңсіздікті жеңген ел бар ма?

«Кез келген мемлекеттің немесе мекеменің жарқын болашағының кілті – дарынды адамдар. Болашақта дарындылық капитал немесе басқа да құндылықтардан маңызды болады. Ал әйелдер жер тұрғындарының жартысын құрайды. Сондықтан қыздар мен әйелдердің құқықтары мен білімін кеңейту, олардың дарындылығын және көшбасшылық қасиеттерін жаһандық дәрежеде қолдану – бәсекелес әлемдегі дамудың негізгі бөлігі», – дейді әлемдік экономикалық форум президенті Клаус Шваб.

Гендерлік теңсіздік негізгі төрт сала бойынша бағаланады:

    • экономикалық саладағы мүмкіндіктер (ерлер мен әйелдердің жалақысындағы айырмашылық, шешім қабылдаудағы үлесі, жоғары лауазым алуда қолжетімдігі);

    • білімі (білімнің барлық сатыларында оқу мүмкіндіктері);

    • денсаулығы мен өмір ұзақтылығы (жыныстардың туу көрсеткіші, өмір сүру ұзақтығының айырмашылықтары туралы мәліметтер);

    • саяси үдерістерге қатысуы (биліктегі гендерлік теңдік). Әлемдік экономикалық форумның 2012 жылы берілген гендерлік теңсіздігі туралы есебі 135 мемлекетті, яғни әлемнің 90% тұрғындарын қамтыған.

Зерттеу нәтижелері бойынша ешбір ел толық гендерлік теңдікке жетпеген. Дегенмен Швеция, Норвегия, Финляндия және Исландия сияқты елде гендерлік теңсіздік көрсеткіші ең аз елдер қатарында тұр. Бұл елдерде ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылық шамамен 20%-ды құрайды. Оның басты себебі бұл елдерде билік пен басқару саласында теңсіздік сақталуда.

Экономикалық салаға келетін болсақ, әйелдердің жұмыспен қамтылуы ең жоғары орында болғанымен, жалақыларында айырмашылық аз. Солтүстік елдер жұмыс істеу мен бала тәрбиелеу мәселесін үйлесімді шеше білген, бұл өз кезегінде бала туу көрсеткішінің жоғарылауына әсер еткен.

Ең алғашқы ондыққа Ирландия, Жаңа Зеландия, Дания, Швейцария және екі дамушы ел – Филиппин мен Никарагуа кірген. Тізімнің ең төменгі орындарында Йемен, Пакистан, Чад, Сирия, Сауд Аравиясы, Кот-д’Ивуар, Марокко, Мали, Иран және Египет тұр.

Зерттеу нәтижелері бойынша ТМД елдерінің ішінде Қазақстан тендерлік теңдік бойынша бірінші орында тұр, бұл әлемдік көрсеткіштер бойынша 31-орын. Қазақстан бұл жетістікке Парламент пен Үкіметтегі әйелдердің үлесін көбейту және жалақылардың айырмашылығын азайту арқылы қол жеткізді. Қазіргі кезде Қазақстанда гендерлік саясат саласында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан болашақта бұл көрсеткішті одан ары жақсарту үшін барлық шараларды іске асыруда.


Негізгі ақпарат


Қосымша ақпарат




  1. Мәтіннен факті мен көзқарасты ажыратып, кестені толтырыңыз.

Факті

Көзқарас




Дескриптор

Білім алушы


  • мәтіннен 1 негізгі және 2 қосымша ақпаратты анықтайды;

  • факті мен көзқарасты ажыратады.

Оқу мақсаты

10.3.5.1 мәтін тақырыбына байланысты қосымша материалдарды энциклопедиялардан тауып, ортақ

қорытындылар жасау

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Қосымша материалдар бойынша ортақ қорытынды жасайды


Қолдану

Тапсырма

Интеллект деңгейінің адам жынысына қатысы бар ма? Сіздің пікіріңіз қандай? Ойыңызды мәтіндегі ақпараттарды қолдана отырып, дәледеңіз.


Бозбалалардың бойжеткендерге қарағанда ақылды болатыны рас па? Әйел мен еркектің қайсысы ақылдырақ екені туралы пікірталастар осы күнге дейін толастамай келеді. Бұған дейін парасат деңгейінің жынысқа ешқандай қатысы жоқ екендігі туралы ғалымдар айтқан болатын. Алайда канадалық психологтер бұл пікірге қарсы шықты.

Канададағы Батыс Онтарионың Филипп Раштон басқарған бір топ психологі ЖОО-ға қабылданып жатқан 17-18 жас аралығындағы талапкерлер арасында парасат деңгейін анықтауға арналған сауалнама ұйымдастырған. Зерттеу нәтижесіне сәйкес бойжеткендерге қарағанда бозбалалардың парасат дейгейі 3,6 балға жоғары екені анықталған. Мұны барлық IQ тестінде кездесетін жалпы фактор көрсетіп отыр. «Сауалнама барысында телефон нөмірінің соңғы 4 санын айтып, оны кері бағытта айтып шығуды ұсындық. Тапсырманы жылдам әрі дұрыс орындау үшін көп еңбек қажет, - дейді Раштон.

Психологтер ерлердің парасат деңгейі ақпаратты жылдам өңдейтін ми қыртысының үлкендігімен байланысты екенін айтады. Ер адамның миы әйелдікіне қарағанда 100 грамм ауыр болады екен.

Уильямбургтегі Уильям мен Мэри колледжінің психологі американдық Брюс Бракен осы жағдайда ғалымдардың зерттеуі дұрыс екенін айтып отыр. Алайда зерттеудің әділетті түрде жүргізілгендігіне күмән келтіреді. Ғалымдар әділетсіз әрекеттерін өздері де байқамай қалуы мүмкін екендігін де жасырмады. «Ақылды бозбалалар қоянжүректілік танытса, керісінше ең ақымақ деген бойжеткендер бағын сынап көруді жөн көрген болар. Егер зерттеу ақыл-парасаты бірдей адамдар арасында жүргізілсе, көрсеткіш те түзелер еді», - дейді Брюс Бракен. Cондай-ақ тәжірибе барысында бозбалалар мен бойжеткендердің саны бірдей болмағандығын да айтты.

Раштон өз зерттеуінің білім саясатына айтарлықтай өзгеріс енгізу үшін жасалып отырғандығын, әйел адамдардың академиялық үлгерімінің ер адамдарға қарағанда жоғары екендігін айтты. Яғни IQ көрсеткішінің төмен болуы адамның қоғамдағы беделіне әсер ете

алмайды. Оған мысал ретінде Американың бұрынғы президенті Джордж Бушты алуымызға болады. Оның интеллектісі орта деңгейге де жетпейді екен.



Дескриптор

Білім алушы


  • тақырыпқа байланысты қосымша ақпараттар табады;

  • ортақ қорытындылар жасайды.

Оқу мақсаты

10.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш

құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Көркемдегіш құралдар мен айшықтауды қолданып, шығармашылық жазба жұмысын орындайды


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Колумбия университетінің докторы, психолог Джойс Бразерстің «Мәселе жыныстардың біреуінің мықтылығында емес, олардың әртүрлігінде. Егер біздер осы айырмашылықтарды көріп және оларды шығармашылықпен қолдана алсақ, барлығымыз – әйелдер де, еркектер де бірдей дәрежеде бақыттырақ болар едік» деген пікірін қалай түсінесіз? Көркемдегіш

құралдар мен айшықтау амалдарын қолданып, өз ойыңызды жазыңыз.



Дескриптор

Білім алушы


  • пікірге қатысты өз ойын білдіреді;

  • көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қолданады.

Оқу мақсаты

10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп

эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Көтерілген мәселе бойынша қажетті тілдік құрылымдарды қолданып, эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі)


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

1. «Әйелдерге саясатта орын жоқ». Бұл пікірге көзқарасыңыз қандай?

Қажетті клишелер: біріншіден, (екіншіден) , оған қоса, бір айта кетерлігі, нәтижесінде,

қорытындылай келе, атап айтсақ, бір жағынан, басқа жағынан қарастырсақ, сонымен қатар, сондай-ақ, сондықтан, алайда, дегенмен, дәлелдейтін болсақ.



Дескриптор

Білім алушы


  • келісу-келіспеу себептерін дәлелдеп жазады;

  • қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады.

«Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар. Думан Рамазан «Соңғы дем» әңгімесі, Қайнар Олжай «Жер мен аспан арасындағы дастан» бөлімі


Оқу мақсаты

10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау,

ауызша мәтін құрауда орынды қолдану;

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Күрделі сөздердің жасалу жолдарын анықтап, ауызша мәтін құрауда қолданады;

  • Қолдану .

Тапсырма

1. «Өкіл» стратегиясы бойынша мәтіндерді талқылаңыз. Мәтіндегі күрделі сөздердің жасалу жолын анықтаңыз.


Қоқысты сұрыптау мәселесі

Франция

Қоқысты қайта кәдеге жаратудан, сұрыптаудан жетекші орында – франциялықтар. Францияда қоқыспен күресуде қоқыс өртейтін кешенді зауыттар салынған. Мәселен, Париж түбіндегі Иври-сюр-Сен зауыты жылына шамамен 600 мың тонна қоқыс өртейді. Қоқыстарды парализ әдісімен өте жоғары температурада күйдіреді, сонда улы заттар жану кезінде толық ыдырап, күл болады, есесіне атмосфераға зиянды газдар бөлінбейді. Франция қоқысты селекциялық жинау әдісімен қоқысты қайта өңдеу арқылы 30% алюминий, 50% әйнек, сонша газет қағазын өндіреді.

Қытай

Көршілес Қытайда қоқыс сұрыптау, қайта өңдеу үлкен бизнес саласына айналған. Аспан асты елінің Бейжің іспетті ірі қалаларында қоқысты түрлі әдіспен сұрыптайды, заманауи технологиялар мен адам күші қатар қолданылады. Қоқыс жинаушыларға төлемақы күнбе-күн төленгендіктен, қолма-қол ақшаға мұқтаж жұмысшылар бұл іске үйір. Бір Шанхайдың өзінде мыңдаған қоқыс қабылдау орындарында 2,5 миллионнан астам жұмысшы еңбек етеді.

Жапония

Өмір сүрудің өзіне жер таппай отырған жапондықтар қоқысты іріктеу, реттеу жұмыстарына аса үлкен жауапкершілікпен қарайды. Токио мен ірі қалаларда қоқыс контейнерлері қағаз, пластик, әйнек, темір, жанғыш, жанбайтын, қайта өндірілетін деп іріктеледі. Әр қалдықтың өзіне тиесілі түсті пакеттері болады. Мәселен көк пакетте қағаз қалдықтары болса, жасыл түсті пакетте пластик болады, егер қоқыстарды шатастырып немесе аралас тастаса, сол үшін «шатасқан» тұрғын қомақты айыппұл төлейді. Супермаркеттерде пакеттердің шамадан тыс қолданылуын шектеу мақсатында пакеттер берілмейді. Қоқысты жинау қызметі бір күнді тек бір қоқыс түріне арнайды.

Әлемнің көп жерлерінде қоқысты өртеуге тыйым салынған, өйткені тұрмыс қалдықтарынан түрлі улы газдар бөлініп ауаны ластайды. Қалдықтарды өртеу АҚШ пен Жапонияда рұқсат етілген, бұл елдерде плазмалық газдау әдісі қолданылады. Жапондықтар өртелген қоқыс күлін арнайы құрылғылармен тығыздап, құрылыс заттарын өңдіреді, ғимараттар тұрғызып, тіпті бүтін жасанды аралдар салып жатыр.

Түркия

Түркия астанасы, жалпы қалалары тазалығамен тамсантады. Түрік қоқыс тазалаушысы беделді әрі жалақысы жоғары мамандық. Қоқыс тазалаушы орта буынды

банк менеджеріне қарағанда жақсы табыс табады. Тазалыққа жауапты қызметкерлер үшін әлеуметтік қолдау жолға қойылған: медициналық сақтандыру, жоғары зейнетақы,

қолжетімді баспана алуға мүмкіндіктері зор.


2. Жұбыңызбен талқылаңыз.

«Күнделікті өмірде қоқыс қалдықтарын қалай падаға асыруға болады?» деген сұрақты жұпта талқылап, кем дегенде 3 шешу жолын ұсыныңыз. Пікір білдіруде күрделі сөздерді қолданыңыз.

1)

2)

3)



Дескриптор

Білім алушы


  • мәтіннен күрделі сөздерді табады;

  • күрделі сөздердің жасалуын анықтайды;

  • сұраққа қатысты пікір білдіреді;

  • үш шешу жолын ұсынады;

  • пікір білдіруде күрделі сөздерді қолданады.

Оқу мақсаты

10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны

бағалау

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтіндегі деректі ақпараттарды анықтап, өз пікірін білдіреді


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, деректі ақпараттарды анықтаңыз.


Қалдықтар қоршаған ортаны ластайтын көздердің бірі. Жыл сайын әлемдегі өндірістерден шамамен 1 миллиард, тұрмыстан 14 миллион тонна қалдық шығарылады. Бұл көлемі мен зияндылығы жөнінен өте күрделі. Ал әрбір отбасынан бір адам тәулігіне 1,5 килограмм қоқыс шығарады. Олар желмен, сумен ауаға топыраққа тарап, қоршаған ортаға зиян келтіреді. Тіпті тұрмыстық қалдықтардың көл мен өзендерге шығарылатыны белгілі. Мәселен, пластикалық заттар мен пластмасса бұйымдарын өртеген жағдайда ауаға зиянды көміртек оксидтері бөлінеді. Мұндай заттардың жойылуы да ұзақ.

Зиянды қалдықтардың шектен тыс мөлшері бүкіл адамзатқа, қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Жер бетіндегі зиянды заттардың жинақталған массасы топырақ жамылғысына, өсімдіктерге, жерүсті және жерасты суларына жағымсыз әсерін тигізеді. Қоқыстар жанған кезде атмосфераға өте көп улы заттар бөлініп, тыныс жүйесі аурулары мен репродуктивті және иммундық жүйелердің ауытқуларына әкеліп соғуы мүмкін. Аса қауіп төндіретін органикалық заттар —диоксиндер. Олардың әсері цианисті калийден, стрихниннен және курареден күшті абсолютті у болып есептеледі. Тағы бір үлкен қауіп тудыратын қатерлі зат

фильтрат, ол қоқыс алаңдары аумағынан жерасты суларына түседі. Қалдықтарда дизентерия, холера, туберкулез және т.б. ауруларды тудыратын бактериялар ұзақ уақыт бойы сақталады. Фильтраттардың жерасты суларына өтуі, осы микроорганизмдердің кең таралуына әкеліп соғуы мүмкін.

Сол себепті тұрмыстық қалдықтардың тиісті орындарға жеткізіліп, ашықтан-ашық шашылып жатпауына өз үлесімізді қосайық. Адамзатқа қажетті табиғи-тарихи қалыптасқан тіршілік ортасын таза сақтайық.


Деректі ақпараттар

Shape10

2. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріп, баға беріңіз.

Shape11


Дескриптор

Білім алушы


  • мәтіннен 5 деректі ақпаратты анықтайды;

  • мәтіннің негізгі ойына өз көзқарасын білдіреді.

Оқу мақсаты

10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазу

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Жанрлық және стильдік ерекшеліктерге сай тілдік құралдарды қолдана отырып, мақала жазады


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Германия мемлекеті ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін халқын қоқыс өнімін сұрыптауға 30 жыл үйретті. 30 жылдан кейін орасан зор нәтижеге жетті. Ал біздің еліміздегі халықтың

экологиялық сауаттылығы қандай деңгейде? Мәселеге қатысты өз пікіріңізді білдіріп, шағын мақала жазыңыз.



Дескриптор

Білім алушы


  • мақала құрылымын сақтайды;

  • тілдік құралдарды қолданады;

  • дәлелдер келтіреді.

«Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек. Ұлықбек Есдәулет «Қара пима» поэмасы» бөлімі


Оқу мақсаты

10.2.5.1 пікірталастың «пікірталас-монолог», «пікірталас- диалог», «пікірталас-полилог» түрлерінде сенімді және еркін

сөйлеу

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Өз пікірін білдіруде сенімді, еркін сөйлейді («пікірталас - монолог», «пікірталас-диалог», «пікірталас-полилог»)


Қолдану

Тапсырма

Әр елдің өкілі ретінде (мысалы, Қазақстан, Ұлыбритания, Зимбабве, Жапония т.б.) сол мемлекеттің білім беру, медицина салалары, өмір сүру ұзақтығы, еңбекпен қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғалуы туралы әңгімелеңіз. Сыныптастарыңызбен пікір алмасыңыз.


Дескриптор

Білім алушы


  • монолог түрінде сөйлейді;

  • пікірге қатысты сұрақтар қояды;

  • өз ойын еркін жеткізеді.

  1. ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Жастардың денсаулығы – қоғам байлығы. Б.Соқпақбаев «Он алты жасар чемпион» әңгімесі» бөлімі


Оқу мақсаты

10.1.4.1 прозалық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Прозалық шығарма үзіндісінен жалпыадамзаттық мәселені анықтайды


Қолдану

Тапсырма

  1. Үзіндіні тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.

Аурушаң бала

Мұрат үш күннен бері ауру. Еті күйіп-жанып, екі беті қып-қызыл болып балбырап, төсек тартып жатып қалды. Бұрын да тамаққа нашар еді, енді мүлде ішуді қойды.

Ұлжан сусынын аузына тосып, күндіз-түні оның жанынан шықпайды.

Жолаушы кеткен Батырбай қария (колхоздың белгілі бақшашысы) бүгін келді. Есіктен кірген бойда төсекте жатқан баласын, қасында отырған өңі сынық Ұлжанды көріп шошып кетті.

    • Мұрат жайша жатыр ма? Кеудесің кере бір күрсініп алып:

    • Қайдан жайша болсын! деп бастады да, Ұлжан Мұраттың ауруға шалдығу себебін баяндап берді.

Батырбай қария алақанын баласының маңдайына басып біраз отырды да, басын шайқады:

    • Дәрігерге көрсетпесе болмас.

Мұрат Батырбай қария мен Ұлжанның сүт кенжесі. Кәрі әке-шешеге ол өте аяулы.

Көздерінен таса еткілері келмейді.

Мектепке түскенге шейін Мұрат семья өмірінен ұзақ шыға алмай келді. Қарт ата-ана

«үйде ойна» деп оны қақпайлай беретін. Есік алдына шықса болды, іле-шала үйге алып келетін. Суық тиеді, сыз өтеді, шаншу қадалады деген сияқты толып жатқан қауіптерді төндіріп, қатты сақтанушы еді

Алдыңғы жылы күзде әке-шешесі Мұратты оқуға берді.

Мұрат жақсы үлгеріп оқып кетті. Қазір ол 2-сыныпта оқып жүр. Сабақтан қалмауға тырысады. Ерте оянып, тез киініп, қамданады.

Батырбай қария мен Ұлжан кейбір қатты жауында немесе қарлы боранды күндері Мұраттың сабаққа баруына да тежеу салып: «Бүгін бармай-ақ қой», — деп, оны мұндай күндері қия бастырғылары келмейді.

Қыс бойы Мұрат өзге балалардай сырғанақты да еркін тебе алған жоқ. Әсіресе, жаз шыққалы ойнап жүрген балаларды көріп, жаңа иістеніп, құлпырып келе жатқан табиғатқа еліктеп, үй төңірегінде жүруден мезі болады.

Батырбай қария жолаушы кеткен күні Мұраттың көшеге қарай қашуы да еркін ойнап қайтатын балалардың шулағанын аса сағынғандығынан еді.

Дәрігер Мұратты қарап көріп, былай деді:

    • Балаларыңыздың аурушаң, арық болып өскеніне өздеріңіз айыптысыздар. Баланы жас күнінен шынықтырып, ыстықтан да, суықтан да қорықпайтын, төзімді ету керек. Таза ауада ойнауына бөгет жасамаңыздар. Күнге күйіп, суға шомылып, жалаңаяқ жүрсін. Одан

қорқуға болмайды.

Бұрын да қыңқыл-сыңқылы көп болатын Мұраттың науқасы бұл жолы ұзаққа созылып, тым азып кетті. Ол бүкіл төртінші тоқсан бойына сабаққа бара алмағандықтан, келесі жылы екінші сыныпты қайта оқыды.


Сұрақтар:

    1. Үзіндідегі кейіпкерлер баланың денсаулығына қаншалықты көңіл бөледі?

    2. Үзіндіде қандай мәселелер көтеріледі?


2. «Денсаулық – зор байлық» деген тұжырымды растайтын аргументтер келтіріп, қорытынды жасаңыз.


Дескриптор

Білім алушы


  • сұрақтарға жауап береді;

  • дәлелдер келтіреді;

  • қорытынды жасайды.

Оқу мақсаты

10.3.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, эссе, баспасөз парағы) құрылымы мен

рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау

Бағалау критерийі





Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Түрлі стильдегі мәтіндердің құрылымы мен рәсімделуін анықтайды

  • Стильдердің жанрлық, тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

1. Мәтінді оқыңыз. Мәтіннің құрылымы, жанрлық және тілдік ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жүзеге асқан еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында

«Балалар мен жасөспірімдердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың психологиялық денсаулықтарын қалыптастыру мақсатында жастар үшiн анонимдiк консультациялар орталықтарын жетілдіру және психоәлеуметтік қолдау жүйесін дамыту қажет» делінген болатын. Осы орайда жастармен жұмыс істеудің негізгі бағыттарының бірі

денсаулық сақтау орталықтарын ашу болып табылады. Сәтбаев қаласының емханасында осындай орталық 2011 жылдан бастап жұмыс атқаруда. «Сенім» деп аталатын бұл медициналық жастар орталығының қызметі жайлы бізге оны басқарып отырған орта буынды медбике Мөлдір Имамбаева айтып берген еді:

Күйзеліске түскен жасөспірімдерге біздің орталықта медициналық көмекпен қоса, әлеуметтік, психологиялық және заңдық консультациялар көрсетіледі. Мұндағы заңгердің, әлеуметтік қызметкердің міндеті – жастардың бойындағы сенімсіздікті, қорқынышты жою, олардың санасына өз денсаулықтарына өздері жауапты екендіктерін жете сіңіру. Орталыққа келгендер бастарына түскен ауыртпашылықтан шығу жолдарын үйренеді, мамандардан ақыл-кеңес алады. Өткен жылы барлығы 2637 жасөспірімге жан-жақты медициналық көмек көрсетілді, 191 семинар-тренинг өткізіліп, 301 лекция оқылды. Жоспарға сәйкес салауатты өмір салтын ұстануға насихаттайтын бейнефильмдер, дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастырылды. Әртүрлі аурулардың алдын алу тақырыбында 494 сауалнама жүргізіліп, 2997 дана буклеттер мен плакаттар таратылды. Сонымен қатар қалалық жастар одағымен бірлесіп бірнеше рет «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында флешмоб, акциялар өткізілді. Бұл іс-шаралардың барлығын біз қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімімен келісе отырып жүргіземіз, – дейді Мөлдір Имамбаева. Бүгінгі күні жастардың денсаулық сақтау орталықтарының қызметі өзінің тиімділігін және жасөспірімдермен жұмыс жасауда қажеттілігін дәлелдеп отыр. Сондықтан мұндай орталықтар болашақта да көптеген сырқаттардың алдын алуға әрі жастардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор үлес қосары сөзсіз.


Мәтіннің құрылымы Мәтіннің жанры

Тілдік ерекшеліктері

Shape12

Дескриптор

Білім алушы


  • мәтіннің құрылымы мен жанрын анықтайды ;

  • тілдік ерекшеліктеріне дәлелдер келтіреді.


Оқу мақсаты

10.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш

құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Көркемдегіш құралдар мен айшықтауды қолданып, шығармашылық жазба жұмысын орындайды


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Қазіргі жастардың өз денсаулығына деген көзқарасы қандай? Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қолданып, эссе жазыңыз.


Дескриптор

Білім алушы


  • тақырыпқа сай жазады;

  • көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданады;

  • стильдік ерекшелігін сақтайды.

«Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік. М.Шаханов «Өркениеттің адасуы» романынан үзінді «Компьютер басты жарты адамдар» бөлімі


Оқу мақсаты

10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне

сүйеніп тақырыпты жалғастыру;

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, тақырыпты жалғастырады


Қолдану

Тапсырма

1. Үзіндінің бөліктерін тыңдап, болжам жасаңыз.


М.Шаханов

«Өркениеттің адасуы» романынан үзінді «Компьютер басты жарты адамдар»

1-бөлігі

«Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты, Қонақтары сұрапты:

  • Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған?

  • Бір жарым! – деп тіл қатыпты әлгі адам.

Қарт не себепті «бір жарым балам бар» дейді?


2-бөлігі

Ал, дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді, Үшеуі де ғылым қуып, назарға ерте ілінді.

Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын, Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын Өз ұлтының рухани байлығына жалғады,

Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады. Екі ұлымның тағдырында ол өзгеріс болмады, Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады.

Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқында,

Сондықтан қос перзентімді санаймын мен жарты ұлға. Мейлі, мейлі, екі ұлымды қақса да уақыт арқадан Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуі жарты адам!

Иә, бізді қайда апармақ мына заман ақпалы? Ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады.

Не себепті ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады дейді? Өз ойыңызды түсіндіріңіз.


3-бөлігі

Қайда барсаң көз алдыңда өнеге боп жарқылдар,

Жарты бастық, жарты ұстаздар, жарты қыздар, жарты ұлдар. Президент пе, депутат па, тракторшы ма, бәрі бір,

Бойын рухтан аулақ салса бәрінің де мәні бір. Өз халқының тілі, ділі зор адами парқына,

Тамыр жалғай алмағандар не сыйламақ халқына?

Автордың көзқарасына пікір айтыңыз.

Дескриптор

Білім алушы


  • сұрақтарға өз болжамын айтады;

  • автор көзқарасына өз пікірін білдіреді.


Оқу мақсаты

10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін

идеясымен байланысын анықтау;

Бағалау критерийі





Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, факті мен көзқарасты ажыратады

  • Ақпараттардың мәтін идеясымен байланысын көрсетеді Қолдану

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, идеясын анықтаңыз. Фактілер мен көзқарастарды ажыратып, оның мәтін идеясымен байланысын айтыңыз.


Елбасы Астананы әлемнің 50 «ақылды қаласының» қатарына енгізу жөнінде тапсырма берді. Осыған байланысты «ақылды қала» бірінші кезекте қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасауда. Бүгінгі таңда халықтың заманауи өмір сүру үрдісі кез келген жерде жоғары жылдамдықтағы мобильді интернетті қажет етеді. Осыны ескере отырып, қала әкімдігі жүйелі түрде қаланың қоғамдық орындарында интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету шараларын қолға алып отыр.

Астана күні қарсаңында елордамызда WI-FI Bus Astana жобасы ресми түрде іске қосылды. Астана үшін бірегей жобаның мақсаты халық арасында қоғамдық көліктің беделін көтеру, адамдарға оларды қызықтыратын ақпаратқа шұғыл түрде қол жеткізуін қамтамасыз ету, заманауи коммуникациялық қызметтерді дәріптеу жолы мен қала тұрғындары арасында IT сауаттылығы деңгейін көтеру болып табылады.

Қазіргі уақытта интернет өмір сүрудің жаңа деңгейі болып отыр. Тегін интернетті автобустың кез келген жолаушысы қолдана алады. Тек WI-FI қосылу мүмкіндігі бар смартфон болса болғаны. Бір сессия 15 минуттан 30 минутқа дейін, өйткені жолаушы бір жерден екінші жерге жетуі үшін шамамен осынша уақытты қажет етеді.

Автобуста орнатылған WI-FI желісінің жылдамдығы секундына екі жарым және 10 мегабайтты құрайды. Ал Билайн компаниясының беріп отырған мәліметіне сенер болсақ, 1 сағаттың ішінде 300 адам WI-FI желісіне қосылып үлгерген екен және 2,5 гигабайт трафикті жүктеген. Бұл тек бір автобустың бір сағаттағы көрсеткіші.

Еліміздің бас қаласы ретінде Астанада желісіз интернетке қосылу ауқымы кеңейе түспек. Айта кетейік, WI-FI Bus жобасы 2013 жылы басталған болатын. Сол уақыттан бері Қостанай, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда, Петропавл, Түркістан, Орал, Алматы қалаларында желісіз интернетпен қамтамасыз етілген 200-ге жуық автобустар жүруде.

Дүниежүзілік статистикалық мәліметке сүйенсек, мегаполистердегі жеке көлігі жоқ тұрғындар жылына жиырма тәулікке жуық уақыттарын қоғамдық автобустарда өткізеді екен. Ал WI-FI Bus автобусы Астана тұрғындарын тегін интернетпен қамтамасыз ету арқылы уақытты тиімді әрі пайдалы өткізуге жағдай жасап отыр.



Дескриптор

Білім алушы


  • мәтіннің негізгі идеясын анықтайды;

  • мәтіннен фактілер мен көзқарасты ажыратады;

  • қорытынды жасайды.

Оқу мақсаты

10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе

жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

Бағалау критерийі




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

Көтерілген мәселе бойынша қажетті тілдік құрылымдарды қолданып, эссе жазады (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

«Қазақстан азаматтарының сандық сауаттылығы қандай деңгейде?» тақырыбында дискуссивті эссе жазыңыз.


Дескриптор

Білім алушы


  • дискуссивті эссе жазады;

  • дәлелдер келтіреді;

  • қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады.

«Қоғам және заң. Е.Өтетілеуұлы «Ата Заң», «Шешендік сөздер» бөлімі


Оқу мақсаты

10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық

анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау

Бағалау критерийі



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтіндегі деректі ақпараттарды анықтап, өз пікірін білдіреді


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

1. Мәтіннен негізгі ойды беретін деректі ақпараттарды табыңыз.


Дала заңдары

Көшпелі қазақ елінде қазақ қауымының материалдық және рухани даулы мәселелерін, қылмысты істерінің бәрін шешетін ежелгі заңы болған. Дауларды мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал және ар дауы деп беске бөлуге болады.

XIV ғасырдың аяғында Шыңғыс хан ұрпақтары Жәнібек пен Керей Қазақ хандығын құрды. Ал 1511 жылы билік басына Жәнібектің ұлы Қасым келді. Әскери қабілеті мен халықты соңынан ерте білу талантымен танылған Қасым хан мемлекеттің нығайып, кеңеюіне бар күшін жұмсады.

Ыдыраушылықты жою үшін қатаң тәртіп пен бағынушылық қажет еді. Қасым хан жаңа мемлекетті басқару үшін заңдар жинағын жасады. Бұл заң бес бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде жер және жесір дауына орай құн төлеу, салық төлеу мәселелері қарастырылған. Екіншіде қылмыс пен жаза өлшемдері белгіленген. Үшіншісінде әскери тәртіп пен оны бұзушыларға қолданылатын жаза түрі, ал төртінші бөлімде елшілік қарым-қатынастар айқындалған. Бесінші бөлім халықтың ата-дәстүріне арналған.

Ата-дәстүр мен салт-санадан алынған бұл заңның негізі қазақтарды тура жолмен жүруге шақырды. Әділдігіне орай «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған осы заң қазақ тарихындағы алғашқы заң еді.

Мемлекетті нығайтып, заң үстемдігін күшейткен келесі адам – Есім хан. Оның билігі тұсында XVI ғасырдың аяғында Қазақ хандығының жағдайы күрделенді. Сырдария маңындағы қалаларға иелік ету үшін Бұхара хандығымен болған соғыс ұзаққа созылды. Мемлекеттің ыдырауының алдын алу жолы – халықты ортақ мүддеге жұмылдыру, біріктіру еді. Есім хан халық жадында «Есім ханның ескі жолы» деген атпен танымал өзінің құқықтық ережесін жасады.


2. Негізгі ойға қатысты көзқарасыңызды 3-4 сөйлеммен беріңіз.

Shape13
Shape14




Дескриптор

Білім алушы


  • негізгі ойды сөз тіркесімен жазады;

  • негізгі ойды ашатын 4 деректі ақпаратты анықтайды;

  • өз пікірін білдіреді.


1


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2025
6
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі