"Құрақ құрау түрлері"

Тақырып бойынша 25 материал табылды

"Құрақ құрау түрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды құрақ құруға үйреті,тәрбиелік мәні бар құрақ түрлерімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы



«№1Р.Қошқарбай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»


«Бекітемін»

Мектеп директоры:

________Байжанова Г.Қ.







Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Абайтова Жанагул Тургынбаевнаның

дарынды оқушылармен

жүргізілетін жұмыс жоспары

















2025-2026 оқу жылы




Түсінік хат

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай . Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Ойлау, іздену-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей,біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез-келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек десе, ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән дейді.

Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарыққол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,  тарлан боз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.

Сонымен, дарынды дегеніміз – адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда /оқушыларда/ кездесетін қасиетті айтамыз.

Мақсаттары мен міндеттері:

  • Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;

  • Жан-жақты ақпараттандыру;

  • Коммуникативті бейімдеу;

  • Білімнің бағасын арттыру,

  • Пән бойынша білім-білік дағдыларын тереңдету, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу,

  • Дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру

  • Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың шығармашылық-даралық қасиеттерін тану;

  • Нәтижелі жеңістерге қол жеткізу.


Оқушылардың шығармашылық  қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1.     Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2.     Сабақты түрлендіріп өткізу;

3.     Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4.     Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5.     Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық  қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

          Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп  оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.






Мектепшілік дарынды оқушылармен жұмыс



Мақсаты:

Ерекше қабілетті оқушыларды ғылыми ізденіске жетелеу, шығармашыл, сындарлы ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді, әртүрлі әлеуметтік және өндірістік мәселелерді өз бетінше шешуге қабілетті, белсенді шығармашылыққа бейімделген тұлға қалыптастыру.





Міндеттері:

  1. Ерекше қабілеті бар, ерекше дарындылығы бар оқушыларды анықтау.

  2. Оқушылардың қабілеттерінің бағытын, дамыту деңгейін зерттеу.

  3. Дарынды, ерекше қабілетті оқушыларды өз бетінше білім алуға тәрбиелеу.

  4. Оқушыларды жетілдіру, бағыттау, құқығы мен мұқтаждығын қорғау.

  5. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған тереңдетіп оқытылатын сыныптар ұйымдастыру.

  6. « Дарын» КҒА, жоғары оқу орындарымен жұмыс жасау.

  7. Түрлі деңгейдегі олимпиада, ғылыми жарыстарға оқушыларды қатыстыру.






Күтілетін нәтиже:


Облыстық, республикалық олимпиада, ғылыми жарыстардың жеңімпаздарын тәрбиелеу.












Дарынды оқушылармен жүргізілетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің

жұмыс жоспары

2025-2026 оқу жылы

Мақсаты: пән бойынша білімін тереңдету, ізденіске баулу, оқушылардың ынтасымен, шығармашылық қабілетін дамыту.

Міндеті: Қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалар мен әдеби оқуларға конкурстарға дайындық жұмыстарын жүргізу және қатыстыру.


Атқарылатын іс -шаралар

Өткізілетін мерзімі

1

Дарынды балаларды анықтау. Оларды шығармашылыққа, ғылыми-зерттеу жұмысқа, жоба  қызметіне тарту.

Жыл бойы

2

Дарынды балаларды оқытуда НЗМ инновациялық оқыту әдістемелерін еңгізу

Жыл бойы

3

«Мәнерлеп оқу» әдеби оқулар байқауы клубының жұмыс жоспары бойынша іс-шаралар ұйымдастыру

Жыл бойы

4

Дарынды балаларды дамыту және дайындау мақсатында қазақ тілі пәнінен жеке және топтық сабақтарды іріктеп дайындау.

Жыл бойы

5

Еркін тақырыптарға өлең, шығарма, ой-толғау, мақала,эссе жазуға баулу

үнемі

6

Интернетпен, электронды оқулықпен жұмыс жасату

Қараша

7

Көркемсөз, шешендік сөздерді мәнерлеп оқуға үйрету, сайыстарға қатыстыру

жыл бойы

8

Мектепшілік олимпиадаға дайындау және қатыстыру

Қараша

9

Қалалық олимпиадаға дайындау және қатыстыру

Жыл бойы

10

«Дарын» КҒА, «Ақбота» республикалық олимпиадаларға ұйымдастырған ғылыми жұмыстар сайысына қатыстыру

Жыл бойы

11

Оқушыларды дебатқа дайындау

Қараша

12

Облыстық олимпиадаға дайындау, қатыстыру

Наурыз

13

Баспасөзге шығармаларын ұсыну

жыл бойы

14

Дарынды балалармен  жұмыс презентациясы» /дарынды оқушылармен істелген жұмыстың қорытындысы/

Мамыр






Мұғалім: Абайтова Ж.Т.















Дарынды оқушылар тізімі



Аты-жөні

Сыныбы

Жұмыс түрі

1

Шалгаскина Айару

6 «А»

Мәнерлеп оқу

2

Жумабек Айсулу

6 «А»

Монолог

3

Гарибли Марьям

10 «Б»

Олимпиада

4

Қуандық Жұлдыз

8 «Ә»

Ғылыми жоба


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.11.2025
18
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі