Құрақ туралы жалпы түсінік Құрақ түрлері
Сабақтың тақырыбы: Құрақ туралы жалпы түсінік. Құрақ түрлері.
Сабақтың мақсаты :
а) білімділік: қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет-ғұрпын, салт-
дәстүрін, мәдени мұрасын оқушылар бойына дарытып, іскерлікке
баулу.
ә) тәрбиелік: ұқыпты, таза, әдемі жұмыс жасауға үйрету. Теориялық білімдерін
ұштастыра отырып, имандылыққа, еңбекшілдік пен адамгершілікке
тәрбиелеу.
б)дамытушылық: оқушылардың талғамдық қабілетін арттыру, ой-өрісін, өзіндік іс-
әрекетін, шығармашылық қабілетін дамыту. Пәнге деген
қызығушылығын, таным белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс, өзара
іздене білу.
Пәнаралық байланыс: Тарих, Геометрия, Әдебиет, Бейнелеу, Сызу, Өзін-өзі тану.
Көрнекілігі және керекті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, қатты қағаз,
үлгілер, сызғыш, ине, жіптер, қайшы,бор немесе қарындаш
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Жүректен-жүрекке» біріне-бірі жылы лебіз білдіреді, тілек айтады.
ІІ. «Кім көп біледі?» Үй тапсырмасын сұрау.
1. Белдемше конструкциялық ерекшеліктеріне қарай қалай бөлінеді?
(қынамалы, кең етекті, бірнеше сыналы)
2. Белдемше қандай киім түріне жатады? (әмбебап)
3. Белдемше тігуге арналған құрал-жабдықтар? (тігін машинасы, үтік және үтік тақтайшасы, қайшы, сызғыш, бор немесе құрғақ сабын, жіптер)
4. Белдемшені аң терісінен беліне қыстырып қолданған кез қай ғасыр? (тас ғасыры)
5. Белдемшені тігуге алынатын өлшем бірліктер? (белдің жарты орамы, мықынның жарты орамы, арқаның белге дейінгі ұзындығы, бұйым ұзындығы)
6. Белдемшені тігуге қолданылатын матаның бір түрі? (драп)
Оқушыларға бейнематериал көрсету.
ІІІ.Жаңа сабақ
Құрақ туралы жалпы түсінік. Құрақ түрлері.
Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар: тіл өнері, қолөнері және саз өнері. Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер апаларымыз, әжелеріміз тігетін құрақ құраудың өзіндік тарихы бар. Екі түрлі матаны бір-бірімен қиылыстыра тігетін болсақ, қарапайым ғана құрақ шығады. Құрақ құрау өнері ХV-XVI ғасырда дамыған.
Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі – ысырап болса, өнердің бұл саласы сол ысырапшылыққа жол бермейді.
Құрақ құрау екі мақсатты көздейді:
-
Матаның қиындыларын іске ұқсату (кәдеге жарату)
-
Үлкен сәнділікке баулу, матадан әр түрлі фигуралар жасай отырып, қиылыстырып бір бұйым жасап шығару.
Құрақтың атаулары әр түрлі:
Қазақ тілінде құрақ құрау өнері – “құрақ”
Орыс тілінде құрақ құрау өнері – “лоскутное шитье” немесе “мозаика”
Жапон тілінде құрақ құрау өнері – “сашико”
Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері – “пэчворк” және “квилт” деп атайды.
Құрақ,оның түрлері туралы мағлұмат:
Құрақ құрау-халқымыздың үй-тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері.
Құрақ құрау үшін, қалған қиынды маталар қолданған. Құрақ құрау-мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру.
Бұрынғы әже-әпкелеріміз күнделікті үй-тіршілігінде өзіндік орны бар,пайдалануына қарай, шәй құюшыға арналған шағын көрпеше,мейманға салатын «төр көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз ұзатыларда беретін түрлі түсті сәнді «атасына, енесіне» арналып, құрақ көрпе-көрпешелер жасауын дайындаған.
Құрақ құрау өнерінің терең мән-мағынасы бар. Ертеде апа-әжелеріміз құрақ құрай отырып, қыз-немересіне арналған құрақты:«Отан болып құралып кетсін, өсіп-өнсін»деген тілекпен жасаған.
Құрақ көрпешелердің әрбір бөлшегі геометриялық фигуралардан тұрады. Шаршы, алтыбұрыш, трапеция, пирамида, үшбұрыш, ромб, тік төртбұрыш, параллелограмм.
Құрақ түрлерін бес топқа бөлеміз:
-
Геометриялық 2. Зооморфты 3. Өсімдік тектес 4. Тұрмыстық 5. Ғарыштық
Гүл құрағы Аққу Сегіз жапырақ Иықты Жұлдыз
Құрақтың мынадай түрлері бар?
-Аққу, сегізжапырақ, шахмат, гүлқұрақ, тырнақатар, оюлы, ши құрақ т.б
Аққу құрақ Гүл құрақ Тырнақатар Шахмат құрақ Сегізжапырақ
Құрақты қандай бұйымдарда қолданамыз?
1. Майлық. 3. Әмиян. 5. Көрпе. 7. Жастық тыс. 9. Сәндік сөмке.
2. Дастарқан. 4. Қолғап. 6. Қазан ұстағыш. 8.Аяққап.
Құрақты қалай,қай жерде қолданыуға болады?.
1. Жапырақ,сегіз жапырақ құрақтар-қонақ бөлмелерде қолданылады.
2. Гүл жапырақтар салынған құрақ-жас жұбайларға дайындалады.
3. Ши құрақтар көбіне төсекте қолданылады.Қыз жасауларында қолданады.
4. Аққу жас жұбайлардың шымылдырығында қыздың төсек жапқышында және шымылдырықтың тұсына ілінетін тұс киіз өңірінде қолданылады.
Құрақ құрауды жобалау:
-
Жасауға қажетті материалдар жеткілікті
-
Жасалуы көркем
-
Материалдар қымбат емес тез табылады
-
Еңбек шығыны да көп емес
-
Бұйым мөлшері жас ерекшеліктеріне сай
-
Экономикалық шығыны көп
-
Сапасы төзімді
-
Әдемі дизайн
Сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын шеберханадағы қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп аламыз.
Қауіпсіздік ережесі:
-
-
Инені киімге қыстыруға болмайды.
-
Иненің жібін тіспен үзуге болмайды.
-
Инені жіпсіз тастауға болмайды.
-
Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
-
Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.
-
Үтікті мұғалімнің рұқсатынсыз тоққа қосуға болмайды.
-
Үтікті мата түріне қарай қыздыру қажет.
-
Үтікті арнайы тұтқасынан ұста.
-
Инені ине қадағышқа шаншы.
-
Қайшыны ашық тастама.
-
Құрақ технологиясы:
-
Өрнек сызбасын қағаз бетіне түсіру.
-
Түс таңдап бояу.
-
Геометриялық пішінде үлгі қағаз дайындау.
-
Матаны үлгі қағаз мөлшерімен қию.
-
Төртбұрыш, үшбұрыштарды қиғанда тігіске кететін өлшемді дұрыс есептеу.
-
Өрнек бойынша бөлшектерді рет-ретімен тігу.
ІV. Сарамандық жұмыс.
«Талаппен бастап,
Талғаммен аяқта!»
Құрақ көздерін қалай біріктіру туралы нұсқау беріледі.
-
Әр оқушы өз қалауымызша құрақ үлгісін жасаймыз.
-
Үлгіні түрлі-түсті қағазға түсіріп қиямыз.
-
Түрлі – түсті қағаздан дайын болған құрағымызды картонға жапсырамыз.
V.Сергіту сәті.
1. Жас жұбайлардың шымылдырығында қолданылатын құрақ түрі қандай ?(Аққу)
2. Аспан денесіне байланысты аталатын құрақ түрін ата ? (Жұлдызша)
3. Еуропа халқында құрақ құрау қалай аталады ? (Пэчворк)
4. Жапон халқында құрақ құрау қалай аталады ? (Сашико)
5. Гүлдің атына байланысты құрақ атауы ? (Қызғалдақ)
VІ. Сабақты бекіту . Тест жұмысары.
-
Құрақ өнері неше түрге бөлінеді?
А) 4 б) 5 в) 2
2. Құрақ өнері қазақ халқында қай ғасырда пайда болды?
А) 19-20 б) 17-18 в) 15-16
3. Жұлдыз құрағы қай топқа жатады?
А) зооморфты б) геометриялық в) ғарыштық
4. Сегіз жапырақ құрағы қай топқа жатады?
А) өсімдік тектес б) тұрмыстық в) геометриялық
5. Жапон халқында құрақ өнері қалай аталады?
А) мозаика б) құрақ в) сашико
6. Құрақтың сәнді болуы несіне байланысты?
А) үлгісіне б) көлеміне в) орындалуына
7. Құрақ құрау қандай материалдан жасалады?
А) былғары б) мата в) тері
8. «Лоскутное шитье» деп қай тілде аталған?
А) жапон б) қазақ в) орыс
9. Ағылшын тілінде құрақ өнері қалай аталады?
А) пэчворк б) сашико в) құрақ
10. Гүлдің атына байланысты құрақ атауы?
А) ою құрағы б) қызғалдақ құрағы в) шахмат құрағы
Ой толғаныс кезеңі.
Ал, енді балалар, бүгінгі сабақты қорытындылай келе, мына кестені толытармыз. INSERT әдісі.
VІІ.Оқушыларды бағалау. Белсене араласып, сұрақтарға жауап берген,
тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды бағалау.
VІІІ.Үйге тапсырма. Қатырма қағаздан қиып жасаған құрақтарын матаға түсіріп, көктеу
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз