жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Құрастыру» бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптық жоспары.
«Құрастыру» бойынша ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің тақырыптық жоспары.
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Күні, айы |
1. |
Тар және кең жолдар. |
1 |
|
2. |
Машина. |
1 |
|
3. |
Үй және қақпа. |
1 |
|
4. |
Шырша ойыншықтары (қағазды умаждап бүктеу) |
1 |
|
5. |
Үстел және орындық. |
1 |
|
6. |
Қар бүршіктері. |
1 |
|
7. |
Бауырсақ (қағазды умаждап бүктеу). |
1 |
|
8. |
Балапандар (қағазды умаждап бүктеу). |
1 |
|
9. |
Жасыл шөп. |
1 |
|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы:
Оқу іс-әрекеті: Құрастыру.
Тақырыбы: «Тар және кең жолдар».
Мақсаты: балаларды тар және кең ұғымдарымен таныстыру, құрылыс материалдарымен жұмыс жасай білуге, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға және педагогтің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдыландыру, ұқыпты жұмыс жасай алуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: құрылыс материалдары: кірпіштер, жіңішке және жалпақ жолақ қағаздар, үлкен және кіші екі түрлі құлыншақтың мүсіні.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Педагог балаларды бірінің артынан бірін қатарға тұрғызып, «Пойыз» ойынын ойнатады. Балалардың белсенді қимыл-қозғалыс жасауына назар аударады. |
Балалар бірінің белінен бірі ұстап қатармен жүру арқылы екі рет шеңбер жасап айналып келіп, орындарына отырады.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Орындарына отырған соң, педагог балалардың назарын өзінің алдындағы құрылыс материалдарына аударады. Олардың түстерін, көлемін, пішінін сұрайды. Жіңішке және жалпақ жолақ қағаздарды көрсетіп, түстерін сұрап, бұл – «жол болады» дейді. Ол үшін міне, мына ойыншық құлыншақ ол жолмен қалай жүреді екен, сендер қарап көріңдер деп, өзінің алдындағы жіңішке жолақ қағаздың үстімен жүргізіп көрсетеді. Бір баланы шақырып, екінші жолақ қағазға құлыншақты жүргізіп көрсетуін сұрайды. Енді бұл жолды құрылыс материалдарымен жасап көрейік деп, кірпіштерді бірінен кейін бірін тізіп қою арқылы тар жол жасап көрсетеді. (Жіңішке жолақтың үстіне қояды). Үлкен ойыншықты кең жолмен, кіші ойыншықты тар жолмен жүргізуге болатынын балалар өздері ойлануға бағыт береді. |
Текшелер, кірпіштер. Қызыл, жасыл.
Балалар педагогтің сұрақтарына жауап береді.
Бала жолақтың үстімен құлыншақты жүргізеді.
Әр бала өзінің қолындағы ойыншығына сәйкес «кең» немесе «тар» жол құрастырады.
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Енді екінші кең жол жасау үшін жалпақ кірпіштерді пайдаланамыз. Ол үшін бірнеше кірпіштерді бірінен кейін бірін тізіп қояды. (5 кірпішті). «Тар және кең жолдар» ойыны.
Балаларға өздері «тар» және «кең» жолдар құрастыру үшін құрылыс материалдары, құлыншақ ойыншықтарын педагог таратып береді.
Педагог әр баланың құрастыру іс-әрекетіне көңіл бөліп, өздері қандай жол жасағанын айтып беруді өтінеді. Түсі, пішіні, көлемін және кеңістікте қалай орналастырғанына мән береді. Жақсы жасаған балалардың құрылыстарын мадақтайды.
|
Балалар құлыншақты жолдың үстімен жүргізіп көреді.
Балалар өздерінің алдыларындағы құрылыс материалдарынан «тар» жол құрастырады.
Құрылыс материалдарынан «кең» жол құрастырады.
Олар өздері жасаған жолдарымен құлыншақты жүргізіп ойнайды, жолдың тар немесе кең екенін айтып береді.
«Кең», «тар» ұғымдарына сәйкес іс-әрекетті қайталап, өздерінің қандай жол жасағанын айтып береді. |
Күтілетін нәтиже:
нені біледі: құрылыс материалдарының түсін, көлемін, пішінін ажырата алуды;
қандай түсініктерді игереді: «кең», «тар» ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;
меңгерген дағдылары мен іскерліктерді: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдыланады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы:
Оқу іс-әрекеті: Құрастыру.
Тақырыбы: «Машина».
Мақсаты: балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға үйрету, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру, педагогтің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра отырып машина құрастыра білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: жеңіл машина және автобустың суреті, құрылыс материалдары: түрлі түсті кірпіштер, текшелер.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Педагог екі түрлі машинаны: жеңіл машина мен автобустың суреттерін көрсетіп, балалардан қандай машина екенін сұрайды. Суреттерді тақтаға іліп, айырмашылығын айтуларын өтінеді. |
Балалар жеңіл машина, автобус екенін айтады. «Жеңіл машина кіші, автобус үлкен», - деп жауап береді. Автобусқа көп адамдар отырады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Құрылыс материалдарын көрсетіп, түсін, көлемін сұрайды. Енді осыдан қандай машина құрастыруға болатынын көрсетеді. Ол үшін бір көк кірпішті және бір сары текшені аламыз. Көк кірпіштің үстіне сары түсті текшені орналастырамыз, суретке мұқият қарап алыңдар, сонда машина дайын болады. Кірпішті және текшені дұрыс орналастыра білуге басым көңіл бөлінеді.
«Менің машинам» ойыны. Текшені көк кірпіштің үстіне ауыстырып қою арқылы «алға» қарай, «артқа» қарай машинаның жүру бағытын өзгертуге тапсырма береді.
«Бағдаршам» ойыны: Педагог үш түсті дөңгелектерді: қызыл,жасыл, сары бағдаршам түстерін кезек-кезек көтеріп көрсетеді.
|
Кірпіштерді, текшелер. Түстері көк, жасыл, сары. Балалар өздері таңдаған кірпіштерден түстеріне сәйкес машинаны құрастырады. Балалар өздері құрастырған машиналарын үстел үстінде текшені кірпіштің «алдына» және «артына» қою арқылы бағытын өзгерте отырып, жүргізіп ойнайды.
Балалар орындарынан тұрып, қызыл жанғанда қимылдамай тұрады, жасыл жанғанда орындарында жүреді, сары жанғанда қолдарын қозғалтып, дайындық жасайтындарын қимыл-қозғалыспен көрсетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Педагог балалардан қандай машиналармен танысқанын сұрайды, машиналар қалай қарай жүрді, «алға», «артқа» қарай жүру үшін не істедік? Құрылыс материалдарымен жұмыс жасаудағы жетістіктері, түстерді ажырата алуына сәйкес іс-әрекет барысында балаларға мадақтаулар жасалады.
|
Балалар машиналар қалай бағытын өзгерткенін және ойындар ұнағанын айтып береді. |
Күтілетін нәтиже:
нені біледі: машинаны екі түрлі құрылыс материалдарынан: кірпіш және текшеден құрастыруды және түсі, көлемі, пішінін ажырата алуды;
қандай түсініктерді игереді: «алға» және «артқа» деген ұғымдарды меңгерді және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;
меңгерген дағдылары мен іскерліктерді: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдыланады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы:
Оқу іс-әрекеті: Құрастыру.
Тақырыбы: «Үй және қақпа».
Мақсаты: балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға үйрету, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру, педагогтің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра отырып үй және қақпаны құрастыра білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі сурет және құрылыс материалдары.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Педагог үлгі суреттен үй мен қақпаны көрсетіп, қанша текшеден және қандай құрылыс материалдары пайдаланылатынын айтады. Үй жасауға, қақпа жасауға арналған құрылыс материалдарын таңдайды. |
Үй жасау үшін текшені және үшбұрышты балалар таңдап алады. Қақпа жасауға арналған ұзын кірпіштерді бөлек алып қояды. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Педагог үйді қалай құрастыруға болатынын текшені алып, оның үстіне үшбұрышты орналастыруды ұсынады. Үй құрастырып болған соң оның жанына қақпа жасайды. Ол үшін екі ұзын кірпішті тігінен қатар қойып, оның үстіне бір кірпішті көлденең орналастырамыз деп, құрастырып, көрсете отырып түсіндіреді. Үстел үстіне қалай орналастыруға болатынын айтады, ұсақ ойыншықтарды таратып береді. Қақпадан машинаны жүргізеді, «Үйде кімдер бар?» деген сауал қояды. «Кімнің үйі?» ойыны. Педагог балалардың құрылыстарын мұқият қарап, дұрыс орналастыруына мән беріп, бақылау мен басшылық жасайды, қажет болғандарға көмек көрсетеді. |
Балалар алдарындағы құрылыс материалдарынан текше мен үшбұрышты тауып алып, үй құрастырады. Қақпаны кірпіштерді педагогтің көрсетуі бойынша орналастырып, құрастырады. Дайын болған құрылысқа ұсақ ойыншықтармен ойнау арқылы сабақ жалғасады. Өздері құрастырған үйге қандай ойыншықты кіргізетінің сұрайды. Балалар ұсақ ойыншықтарын көтеріп көрсетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Балалардың өздері не жасағандары жайында сұрайды, құрылыстарының аттарын атауды, қандай құрылыс материалдарын пайдаланғанын айтқызады. |
Балалар өздерінің жасаған құрылыстары жайында көңіл күйлерін білдіреді. Не жасағанын айтады. |
Күтілетін нәтиже:
нені біледі: екі түрлі құрылысты бір мезгілде жасауды меңгереді және оны іс-әрекет барысында көрсете алады;
қандай түсініктерді игереді: үй және қақпа жасауға қандай құрылыс материалдарын пайдаланатынын түсінеді;
меңгерген дағдылары мен іскерліктерді: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдыланады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы:
Оқу іс-әрекеті: Құрастыру.
Тақырыбы: «Шырша ойыншықтары».
Мақсаты: балаларда қағазбен жұмыс жасауда умаждау әдісін жетілдіру, қағаздарды умаждау арқылы домалақ пішінге келтіруді бекіту, шыршаның суретіне түрлі түсті ұсақ қағаздан ойыншықтар жасау, оны шыршаға ілуде ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: шырша ойыншықтарының суреті, шыршаның суреті, түрлі түсті қағаздар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Педагог балаларға үстел үстіндегі шыршаны көрсетіп әңгімелейді. Ойыншықтарға назарларын аудартады, түстерін сұрайды. Әр балаға шыршаның суреті салынған қағаздарды және қиылған түрлі түсті қағаздарды таратып береді. |
Балалар шырша ойыншықтарының түстерін, пішінін айтады. Шыршаның суреттерін бір-бірден алады.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Шырша ойыншықтарын жасау үшін әр балаға түрлі түсті қиылған қағаздарды таратып береді. Оны қалай умаждау, домалақтау керектігін көрсетіп, түсіндіреді. Қағазды 2-3 рет қайта-қайта жазып, бүктеп көреді, жұмсақ болғаннан кейін домалақ пішінге келтіріп одан ойыншықтар жасап, оны шыршаға орналастырады. Балалардың саусақтарының қимыл-қозғалысына мән береді, домалақ пішіндер жасай алуына басшылық жасайды. «Шырша шырақтары» ойыны. «Шыршаның шырақтары жанды», - деп педагог белгі бергенде балалар қолдарын жоғары көтеріп, саусақтарын қозғалтады. «Шырақтар өшті» деген белгі бергенде қолдарын төмен түсіріп, саусақтарын ақырын қозғалтады, еңкейеді. (1-2 рет) |
Қағазды саусақтарымен басып, алақандарына салып умаждап, домалақтайды. Қағазды қайта жазып тағы бірнеше рет умаждап, домалақтап көреді. Дайын болған ойыншықтарды шыршаға орналастырады.
Балалар көңілді қимыл-қозғалыс жасайды, қолдарын жоғары көтеріп, саусақтарын қозғалтып, тапсырманы мұқият тыңдап, орындауға тырысады.
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Әр баланың жұмысына бақылау жасап, ойыншықтардың қалай жасалғандығын қарап шығады, жақсы жұмыстар мадақталады. |
Балалар өздері жасаған ойыншықтарын көрсетіп, тістерін айтып, шыршаны әсем безендіргендерін көңіл күймен көрсетеді.
|
Күтілетін нәтиже:
нені біледі: шырша ойыншықтарының түсін, көлемін, пішінін ажырата алуды;
қандай түсініктерді игереді: ойыншықтарды дұрыс орналастыруды және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;
меңгерген дағдылары мен іскерліктерді: қағаздан умаждап бүктеу арқылы ойыншықтар жасауға дағдыланады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы:
Оқу іс-әрекеті: Құрастыру.
Тақырыбы: «Үстел және орындық».
Мақсаты: балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға үйрету, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру, педагогтің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра отырып үстел мен орындықты құрастыра білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі суреттер және құрылыс материалдары, қуыршақ, тостаған немесе басқа ойыншықтар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Педагог үлгі суретті көрсетіп үстелді және орындықты құрылыс материалдарынан қалай жасауға болатынын түсіндіреді.
|
Балалар суретке қарай отырып құрылыс материалдарын таңдап алады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
«Бірінші: үстел жасау үшін қызыл түсті текшені аламыз, оның үстіне көк түсті кірпішті жалпағынан орналастырамыз. Орындық жасау үшін қызыл түсті текшенің артқы жағына көк түсті кірпішті тігінен қоямыз деп түсіндіреді. Үстел мен орындық дайын болған соң оған ойыншық ыдыстарды қойып, «Қуыршақты қонаққа шақырамыз» ойынын ойнауға болады. Ойын барысында балалардың барлығы қатысуын қадағалайды және құрылыс материалдарын қалай орналастырғанын қадағалап, бақылау жасайды.
|
Балалар текшелерді өздері педагогтің көрсетуімен бірге жасап көреді. Үстел дайын болған соң, орындықты жасайды. Балалардың іс-әрекет барысында белсенді болуын секереді. Үстел мен орындықты бір-біріне жақындатып, қуыршақты отырғызып, ойын ойнайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Үстел мен орындықтың дұрыс құрастырылуындағы әр баланың жұмысын қарап көреді, жетістіктері мадақталады. |
Балалар өздері не жасағандары жайында айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
нені біледі: үстел мен орындықты құрылыс материалдарынан құрастыруды және түсін, көлемін, пішінін ажырата алуды;
қандай түсініктерді игереді: «артына қою, текшенің «үстіне қою» деген ұғымдарды және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;
меңгерген дағдылары мен іскерліктерді: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдыланады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы:
Оқу іс-әрекеті: Құрастыру.
Тақырыбы: «Қар бүршіктері».
Мақсаты: балалардың саусақ қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, қағазды умаждау арқылы қар бүршіктерін жасауға болатынын түсіндіру, табиғат құбылыстары жайында қарапайым түсініктер беру, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі суреттер, үлкен және кіші көлемдегі сулық қағаздар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балаларға үлгі суреттерді көрсетіп, қардың ақ, жеңіл, үлпілдек, жұмсақ, суық болатыны жайлы әңгімелеу. Қар бүршіктерін қағаздан қалай жасауға болатынын түсіндіру.
|
Балалар қар бүршіктері туралы әңгімені мұқият тыңдайды.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Педагог үлгіні көрсетіп, балаларға бүгін қар бүршіктерін қағаздан қалай жасауға болатынын көрсетіп түсіндіреді. Сулық жұмсақ қағазды үзіп алып, алақан арасына салып умаждап, жұмсартып, оны домалақтайды, қағаз бетіне әр жерге қар жауған тәрізді етіп орналастырады. Балалардың іс-әрекетіне көмек көрсетіліп, оны қағаз бетіне қалай орналастыруға болатынын қадағалайды. Балалардың қағазды умаждауда қол, саусақ қимыл-қозғалыстарын қадағалау, іс-әрекетіне басшылық жасау қажет.
|
Балалар бірнеше қағазды кезекпен алып, алақан арасына салып, умаждап,домалақтайды. Балалар жасаған қар бүршіктерін суреттегідей етіп қағаз бетіне орналастырады. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Балалардың жасаған жұмыстарын қарап шығады, сапасына назар аударады, кейбір жұмыстарды қайталап жасауға бағыт береді, мадақтайды.
|
Өздерінің жасаған жұмыстары жайында айтып беруге талаптанады. |
Күтілетін нәтиже:
нені біледі: қар бүршіктерін қағаздан жасауға болатыны туралы;
қандай түсініктерді игереді: қағаздың көлемі «үлкен, кіші» және оны умаждау әдістерін;
меңгерген дағдылары мен іскерліктерді: қағазды умаждап белгілі бір пішінге келтіріп оны кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдыланады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы:
Оқу іс-әрекеті: Құрастыру.
Тақырыбы: «Бауырсақ».
Мақсаты: балалардың саусақ қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, қағазды умаждау арқылы белгілі бір затты жасауға болатынын түсіндіру, қағазбен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: «Бауырсақ» ертегісінің суреттері, сүттің босаған қораптары, 4/1 бөлікке бөлінген сары түсті жұмсақ қағаздар, үлестірмелі материалдар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, «Бауырсақ» ертегісін оқып беру, сұрақ-жауаптар.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
«Бауырсақ» ертегісін еске түсіру, суреттері немесе үстел үсті театры арқылы әңгімелеу. Ата мен әжені көрсете отырып, Бауырсақ қандай аңдарға кездескенін сұрайды. |
Балалар қоян, қасқыр, аю және түлкіге Бауырсақтың кездескені туралы айтып береді. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Есік қағылып, қонаққа Бауырсақ келеді. Педагог: «Бауырсақ бүгін көңілді, ол сендерге өзі сияқты бауырсақты қағаздан жасап беруді өтіне келіпті. Жасап берейік пе?» - деп балалардан сұрайды. Ол үшін: сары түсті қағазды алып оны 4/1 бөлігін саусақтармен басып, умаждап көрсетеді, әр балаға қағаз таратып беріп, енді өздері оны умаждауларын сұрайды, қағазды ашып, жазып көрсетеді де, қайтадан тағы да умаждау керектігін айтады. Осылай үш рет ашып, бүктеп умаждайды. Қағаз «домалақталады» бұл Бауырсақ болады. Педагог сүттің бос қорабынан екі шағын топқа арналған көренкілік дайындайды. Қораптың сырты бір түспен қапталған және оның бір бетінде қоян мен қасқыр, екінші бетінде аю мен түлкінің суретін жапсырып дайындап қойған. Педагог қораптарды бірінің үстіне бірін қойғанда ертегі кейіпкерлері құрастырылатындығын түсіндіреді. Екі топтан кезекпен балалар шақырылып, суреттерді құрастыру ұсынылады. |
Бауырсақпен амандасады. Өздеріне берілген қағаздары саусақтарымен басып, алақандарына салып умаждайды. Осы іс-әрекет түрін бірнеше рет қайталайды. Қағаз домалақтанып, Бауырсақ пішіні шығады.
Балалар қораптарды бірінің үстіне бірін қою арқылы қоянның, қасқырдың, аюдың және түлкінің бейнесін құрастырады. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Балалар бүгінгі сабақта не жасағандары жайында айтып береді, қалай жасады, неден жасады? |
Балалар бауырсақты бір кейіпкерден екінші кейіпкерге қарай домалатып ойнайды. «Бауырсақ» ертегісін естеріне түсіріп, әңгімелеп, қағаздан Бауырсақ бейнесін жасағандарына қуанады.
|
Күтілетін нәтиже:
нені біледі: бауырсақ ертегісінің мазмұнына сәйкес кейіпкерлерді ажырата алуды;
қандай түсініктерді игереді: «умаждау», «бүктеу» деген ұғымдарды түсінуді және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;
меңгерген дағдылары мен іскерліктерді: қағазбен жұмыс жасауда саусақ қимыл-қозғалыстары арқылы қағазды умаждауды, одан белгілі бір затты жасай білуге дағдыланады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы:
Оқу іс-әрекеті: Құрастыру.
Тақырыбы: «Балапандар».
Мақсаты: балалардың саусақ қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, қағазды умаждау арқылы балапанды жасауға болатынын түсіндіру, балапанға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: балапанның суреті, үлкен және кіші сары түсті қағаз, үй құстарының суреттері.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Педагог резеңкеден және жұмсақ матадан жасалған ойыншық балапандарды көрсетеді. Неден жасалғанына назар аудартады. |
Балалар сары үрпек балапандарға қызыға қарайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Педагог осындай балапандарды қағаздан жасауға болатынын айтып, оны қалай жасау керектігін көрсетеді. Алдымен жасал алаңқайдағы жалғыз балапанды көрсетіп, балаларға оның көңілсіз екендігін айтады. Педагог әр баланың алдына балапан жасау үшін үлкен және кіші төртбұрыш қағаз таратып береді. Оның үлкені қайсы, кішісі қайсы салыстырады, үлкені балапанның денесі, кішісі оның басы болады деп түсіндіреді. Қағазды саусақтарымен басып, алақанға салып умаждап үлкен денесін дайындап Балапанның басын да дәл осылай жасайды, бірақ кішкентай қағаздан көрсетеді. «Балапанға көңілді болу үшін оған дос-балапан жасап берейік», - дейді педагог. Дайын болған балапанның дене бөліктерін суреттің үстіне қойып, оның тұмсығын, құйрығын және аяқтарын дайын қиылған бөліктермен толықтырып, педагогтің тапсырмасын орындайды. Бой сергіту: балапандар жем жеді, су ішті, қанаттарын қақты, секірді т.б. қимылдар жасайды. |
Балалар бірінші үлкен төртбұрыш қағазды умаждайды, екі-үш рет ашып, қайта умаждап домалақ пішін жасайды. Екінші кіші төртбұрышты алып оны умаждап, кіші домалақ басын жасайды. Екеуін бір-біріне біріктіреді. Алдын ала қиып дайындаған қағаздардан аяғын, құйрығын, тұмсығын, көзін жапсырады. Балапанымыз дайын болды.
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Қағазды умаждау арқылы балапан жасауда балалардың іс-әрекеті мадақталады, балапан ойыншықтарына қайсысы ұқсас болды деп салыстырып көреді. |
Өздері дайындаған балапандарына жем береді, су береді, қалай жасағандарын айтады. |
Күтілетін нәтиже:
нені біледі: умаждау арқылы балапанды жасай алуды;
қандай түсініктерді игереді: «умаждау», «бүктеу» деген ұғымдарды игеріп, оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;
меңгерген дағдылары мен іскерліктерді: қағазбен жұмыс жасауда саусақ қимыл-қозғалыстарымен қағазды умаждау арқылы екі бөліктен тұратын балапанды жасай білуге қосымша бөліктерін дайындауға дағдыланады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы:
Оқу іс-әрекеті: Құрастыру.
Тақырыбы: «Жасыл шөп».
Мақсаты: балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйрету, саусақ қимыл қозғалыстарын дамыту, жолақ қағаздарды түзу қиюға дағдыландыру, шөпті жұлуға болмайтының түсіндіру.
Қажетті құрал-жабдықтар: жасыл түсті жолақ қағаздар, үлестірмелі материалдар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Педагог балаларға ақ түсті және жасыл түсті жолақ қағаз таратып береді. Үлгіні талдау жасайды, түсіндіреді. |
Балалар үлгі бойынша әңгімелейді, суретте не көріп отырғандарын айтады.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Жасыл жолақ қағазды қолымен үзіп көрсетеді, жолақтар көп болған кезде оны ақ қағаздың төменгі бөлігіне қатарластырып, ретімен орналастырады. Кейбір жерлеріне дайын гүлдердің суреттерін де қоюға болады. Әртүрлі ұсақ суреттер таратылады: балапан, көбелек, торғай, басқа да құстар. Оны балалар өздерінің таңдауы бойынша шөптің арасына немесе қағаздың жоғарғы бөлігіне орналастыруларына болады. «Көбелектер ұшты» қимылды ойыны. Балалар ойнап болған соң олардың жасаған жұмыстарын қайта қарап, шөпті қалай жасағанын атап өтеді. Шөпті қошақан, лақ немесе ботақанға береміз деп ойынмен жалғастырады. (Ұсақ ойыншықтар ұсынылады).
|
Жасыл жолақ қағаздарды балалар біртіндеп саусақтарымен жыртып, оны ақ қағаз бетіне орналастырады. Балалар іс-әрекеттерінде педагогтің тапсырмасын орындайды.
Ойын ойнайды және өздері қалаған төлдеріне шөп береді. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Балалар жұмыстары талдау жасалып, қорытындыланады. Қағаздың бетін толық пайдалануға бағыт береді. |
Балалар өздері жасаған жұмыстарын көрсетіп, оның сапасын педагог қадағалайды.
|
Күтілетін нәтиже:
нені біледі: жолақ қағаздан жасыл шөп жасауды үйренеді;
қандай түсініктерді игереді: өздері жасаған еңбек нәтижесін тәжірибеде пайдалануды, төлдерге шөп беруді;
меңгерген дағдылары мен іскерліктерді: жасыл шөпті қиюды және оны жазықтыққа дұрыс орналастыра білуге дағдылауды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген