400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құрастыру сабақ тақырыбы: Суда жүзген балықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Суйдуова ЖадыраКүні: 14.02.2019 Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта». Бөлімі: Құрастыру Тақырыбы: Суда жүзген балық (кепкен жапрықтан)Мақсаты: Су асты патшалығы жайлы білімдерін кеңейту, су жәндіктерін жапырақтан жасалу жолдарымен таныстыра отырып балықтың бөліктерімен таныстыру. Балаларды табиғи материалдарды дұрыс пайдаланып балықты құрастыра білуге үйрету, ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру..
Іс-әрекет кезеңдеріТәрбиешінің әрекетіБалалардың әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылықБалықтардың түрлерін сурет бойынша көрсетіп әңгімелеу, және аквариумдағы балықтар туралы өз ойларын айтқызу. Балаларға үлгі сурет бойынша талдау жасалады.Балалар балықтардың аттарын атайды, аквариумдағы балықтар туралы әңгімелейді.
Ұйымдастыру - іздестіру Суда жүзген балықты кепкен жапырақтан жасау оңай әрі ыңғайлы. Бұл үшін бізге көк немесе көгілдір қатты қағаз керек болады. А4 форматты. Сонымен қатар бірнеше әртүрлі пішіндес кепкен жапырақтар болу керек, (Бұл жұмысқа лавр жапырақтарын да қолдануға болады) қарақұмық, бұршақ, скотч, түрлі – түсті қағаз және фломастер. Тандап алған көк түсті қатты қағаздың астыңғы жағын пва желіммен желімдеп үстіне қарақұмық пен бұршақты араластырып себеміз. Кепкен жапырақты кағаздың ортасына көлденен жапсырамыз, балықтың құйрығын жасау үшін бір ұзын, бір кішірек жапырақты тандап аламыз да оны бір – біріне жартылай беттестіріп жапсырамыз. (Балықтын денесіне теректін немесе қайынның жапырақтарын, ал құйрығына емен немесе үйіңкінің жапырқтарын алуға болады) ал балықтың қанаттарына кішірек жапырқатар тандалады. Балықтың көзін қара фломастермен жасаймыз. Су астының өсімдіктерін ағаштың ұсақ бұтақтарын желіммен жапсырады. Балалар кепкен жапырақтарды балықтың пішінен ұқсата отырып, тәрбиешінің көрсеткен үлгісі бойынша құрастырып қойып алады да оны ретімен желімдейді. Кепкен жапырақтармен ұқыпты жұмыс жасауға көңіл бөлуі керек. Балықтардың дене бөліктерін жапырақтарды таңдай отырып өздері үйлестіріп, құрастырады.

Рефлексивті - түзетушілікБалалар жұмыстарына тәрбиеші басшылық жасай отырып әр баланың табиғи материалды қалай пайдаланатынына көңіл бөледі, жақсы жасалған жұмыстарды мадақтап қорытындылайды.Балалар өздері жасаған балықтарын басқа балалардың жұмыстарымен салыстырады, қалай жасағанын айтып береді.


Күтілетін нәтиже:Жасайды: балықтардың түрлері және оны табиғи материалдардан жасауға болатыны жайында біледі.Түсінеді: балықты кепкен жапырақтардан жасай алады. Қолданады: табиғи материалдармен жұмыс жасауға дағдыланады.































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
2505
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі