Құрғақ жүнмен жұмыс .(Күзгі көрініс)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құрғақ жүнмен жұмыс .(Күзгі көрініс)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүн туралы мәлімет беру , онымен жұмыс жасау әдістерімен таныстыру . Жұмыс жасау әдістерін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы

« №5 арнайы мектеп- интернат» КММ-сі

Күні: 15.10.2025ж

Пәні:

Жалпы еңбекке даярлау

Сынып:5 «а»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны :

Бөлім:


Сарамандық жұмыс

Педагогтің аты-жөні:

Абуова Р

Сабақтың тақырыбы:

Құрғақ жүнмен жұмыс жасау (күзгі көрініс)

Сабақтың мақсаты:

Жүн туралы және жүнмен жұмыс жасау туралы білімдерін кеңейту . Түлі түсті жүннен күзгі ағаш жапырақтарының жасалу жолдарын үйрету

Құндылықтарды дарыту

Ептілікке, уқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақ халқының қолөнеріне қызығушылығын арттыру

Сабақтың дамытушылық мақсаты:

Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Ұсақ моторикасын жетілдіру, сөздік қорын молайту.

Көрнекіліктер қолдану

Суреттер, үлгі , технологиялық нұсқау карта, дайын бұйым , интерактивті тақта , слайд. Түрлі түсті жүн, губка, ине, фетра, қалам, қайшы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



I.Ұйымдастыру.

- Сәлемдесу.

- Мезгіл , ай, күн апта атауларын сұрау.

- Оқушыларды талапқа сай отырғызу, зейінін сабаққа аудару


1.Мұғаліммен сәлемдеседі.

2.Мезгіл, ай ,апта күндерін атайды .

Талапқа сай отырып , сабаққа назарларын аударады



Жарайсыңдар!








  • Өткен сабақты «Сыйлық» әдісімен қайталау және жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Интербелсенді тақтада бірнеше сұрақтары бар шарлар болады . Сұрақтарға жауап берген шарлардың үстін басқанда ол ұшып кетеді . Соңында сыйлық салынған қораптың үстін басқанда жаңа сабақтың тақырыбы шығады.

« Күз бейнесін салу »

1. Фетр материалына қандай көрініс бейнеледік ?

2. Күзде жапырақтардың түстері қандай түсте болады ?

3.Күзде құстар қайда ұшады ?

4. Күз бейнесін фетр материалына қалай салдық ?

5.Суретті неден бастап салған дұрыс?

Алдымен көкжиек сызығын, үлкен объектілерді (ағаш, аспан) салған дұрыс.

Күз бейнесін салуды біледі .

Сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

1. Күз бейнесін фетраға түсіру (салу) жұмыстарын біледі

2.Сұрақтарға жауап береді.

Өз ойларын айтады.

ҚБ: Жарайсың! Өте жақсы! Дұрыс!




Интерактивті тақта

Суреттер

үлгілер



Сабақтың ортасы









































Жаңа сабақ тақырыбы :

« Құрғақ жүннен жұмыс жасау . (Күзгі көрініс) »

Құрғақ жүн дегеніміз не?

Құрғақ жүн – арнайы өңделген, боялған, иіру мен тоқуға арналмаған табиғи жүн. Бұл жүн түрі қолданбалы өнерде, әсіресе жүнді валяние әдісімен өңдеу (фильце-вание (felt craft) техникасында) кеңінен пайдаланылады. Құрғақ жүн тығыз әрі жұмсақ болады, түстерді оңай үйлестіруге мүмкіндік береді.

Жүнді валяние әдісімен өңдеу (Фильцевание (felt craft)) — бұл жүнді арнайы инемен немесе сумен тығыздап, әртүрлі пішіндер, бұйымдар (ойыншық, панно, кәдесый, әшекей т.б.) жасау техникасы.

Екі түрі бар:

1. Құрғақ фильцевание – ине арқылы жүнді тесіп, тығыздай отырып, пішін жасалады.

2. Сулы фильцевание – жүнге сабынды су сеуіп, уқалау арқылы біріктіру.

Бұл техника арқылы:

- Киіз бұйымдары

- Әшекейлер

- Күзгі табиғат көріністері

- Жануарлар, гүлдер, т.б. жасауға болады.

Қолданылатын құрал-жабдықтар:

1. Арнайы ине (фильц инесі):

Ұшында ілмектері бар, жүнді бір-біріне тығыздап жабыстыруға арналған.

2. Щетка немесе арнайы губка:

Жүнді инемен тескенде қолды қорғау және жүнді бекіту үшін қолданылады.

3. Құрғақ жүн (түсті):

Сары, қызыл, қоңыр, жасыл т.б. түстер табиғат көрінісіне сай таңдалады.

4. Негіз (мата немесе фетр):

Жұмыс беті ретінде пайдаланылады.

5. Саусақ қорғағыш (қаласа):

Қауіпсіздік үшін, инемен қолды жарақаттап алмауға арналған.

Жүнмен жұмыс істеу техникасы:

Алдымен жүнді қалаған түске бөліп, пішінін келтіріп аламыз.

Жүнді негізге қойып, инемен бірнеше рет шаншып, тығыздаймыз.

Біртіндеп жапырақ, ағаш, күн, бұлт сияқты бейнелерді жүн арқылы жасаймыз.

Түстер үйлесімін сақтай отырып, күз мезгілінің табиғи көрінісін бейнелеу керек.

Қауіпсіздік ережелері:

Инені жұмыс кезінде тек тік бағытта ғана қолдану керек.

Жүнді тығыздау барысында қолды иненің астына қоймау.

Инемен жұмыс жасағанда назарды басқа жаққа аудармау.

Саусақ қорғағыш құралдарды қолдану ұсынылады.

Жұмысты тек үстел үстінде, мұғалімнің бақылауымен жасау керек.

(Жұмыс барысын слайд арқылы таныстыру)

Жұмыс барысы :

1. Қажетті өлшемде фетр материалын өлшеп , қиып алу

2.Күз бейнесін фетр материалына түсіру

3. Фетр материалының астыңа жұмсақ губка қоямыз, Бейнелгенген суреттің түстерін үйлестіре отырып . Арнайы иненің көмегімен жүнді тығыздып бекіту .

Сөздік жұмыс:Губка, фетр, Фильцевание сөзі қазақ тіліне "жүнді жиыру", "жүнді шымырлату" немесе "жүнді валяние әдісімен өңдеу" деп аударылады.

Пысықтау. Сұрақ жауап алу .

1. Құрғақ жүн дегеніміз не?

2. Құрғақ жүнмен жұмыс істеу техникасы қалай аталады?

3. Қандай құрал-жабдықтар қажет?

4. Жүнмен жұмыс кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

Сарамандық жұмыс

1) Жұмыс орнын дайындау 2)Қауіпсіздік ережесін қайталау.

3) Өзіндік жұмыс : оқушылар өздерінің «Күзгі көрініс» тақырыбындағы композициясын құрғақ жүннен жасап бастайды

- Мұғалім жеке көмек көрсетеді

Сергіту сәті .(Қал қалай) .

Қал қалай ?

Жүріс қалай ?

Бергенде қалай ?

Алғанда қалай ?

Түнгі ұйқы қалай ?

Ойнағанда қалай ?

Ұрысқанда ше?

Қазір көңіл күйіміз қалай?

Сарамандық жұмыс жалғасы

4) Оқушылар өздерінің «Күзгі көрініс» тақырыбындағы композициясын жалғастырады .

5) Жасалған жұмыс сапасын тексеру, ауызша есеп беру .

6). Жұмыс орнын жинастыру


Тыңдалым дағдысымен жұмыс

құрғақ жүн туралы қысқашы мағлұмат алу және жүннен жұмыс жасау туралы танысады .

































Жүнмен жұмыс жасау техникасымен танысады







Технологиялық нұсқау картамен жұмыс жасайды



















































Сұрақтарға жауап береді





Арнайы киімдерін киіп, жұмыс орнын дайындайды .

Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, жейдені тігу жұмыстарын орындайды.


Сергіту сәтінде оқушылар қимыл –қозғалыс жаттығуларын орындайды .


Сарамандық жұмыстарын жалғастырады .








Дескриптор:

  1. Құрғақ жүн туралы біледі



























































































Дескриптор:

1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді


ҚБ:Жарайсың! Өте жақсы! Дұрыс! Талпын!







Дескриптор:

1. «Күзгі көрініс» тақырыбындағы композициясын құрғақ жүннен жұмыстарын орындай алады.

Қ.Б: Мақтап , мадақтау













Бейнебаян

Суреттер

Дайын бұйым .

Слайд



Тех. нұсқау карта . үлгі ,суреттер









Құрғақ жүн , арнайы ине , фетр , қайшы . Дайын бұйым
















































Сабақтың соңы











«Алтын сандық» әдісімен бекіту.

Интерактивті тақтада сандақ болады . Сандықтың үстін басқандай сұрақтар шығады , сол сұрақтарға оқушылар жауап береді .

1.Бүгінгі сабақта қандай техникамен жұмыс жасадың?

2. Қай кезең қиын болды және неге?

3. Күз бейнесіне қандай түстер тән?

4. Қандай құрал-жабдықтар жұмыс жасадық?

Оқушылардың білімін 10 баллдық жүйемен бағалау .

Рефлексия «Асық » арқылы оқушылар кері байланыс жасайды . Қорытынды .

Сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады,жазады .

Өздері кері байланыс жасайды.Осы тақырып бойынша қаншалықты түсінгенін немесе түсінбегенін «Асық » арқылы көрсетеді

Дескриптор:

1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді

Өз ой қорытындысымен бөліседі.


Оқушыларды 10 баллдық жүйемен бағалау






Интербелсенді тақта








ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

« №5 арнайы мектеп-интернат » КММ-сі











Ашық сабақ

Тақырыбы:

« Құрғақ жүнмен жұмыс жасау »

(Күзгі көрініс )

Жалпы еңбекке даярлау

5 «а» сынып




Пәні мұғалімі : Досаева Н.







2025- 2026 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2025
49
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі