400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құрмалас сөйлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрмалас сөйлем туралы түсініктерін толықтыру. Сөйлемдердің жай немесе құрмалас екенін дәлелдеу арқылы ажырата алу және оның тыныс белгісін қоя білуге үйренеді.Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем

Сынып: 4 «Б»

Мұғалімнің аты-жөні: БолысбековаЗарина

Сабақта негізделген оқу мақсаттары

Құрмалас сөйлем туралы түсініктерін толықтыру. Сөйлемдердің жай немесе құрмалас екенін дәлелдеу арқылы ажырата алу және оның тыныс белгісін қоя білуге үйренеді.Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту.

Күтілетін нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

7 модульдіңқолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатынәдіс-тәсілдер

«Миға шабуыл» әдісі,«Сөйлейтін суреттер» ойыны, «Кунг-фу!» әдісі, «Ойлан тап» ойыны, «Тілші сұхбаты» әдісі, «Білім баспалдағы» ойыны .

Қолданылатынресурстар

Оқулық, маркерлер, тақта, стикерлер, ноутбук, суреттер, қалыптастырушы бағалау парақшалары.

Тілдік құзіреттілік

Ана тілі, қазақ тілі

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу.

Сабақтың жоспары:

Сабақ барысы :

Мұғалімніңіс-әрекеті

Оқушыныңіс-әрекеті

Басталуы

2 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Көтеріліп шаңырақ

Уықтары шаншылып

Керегелер керіліп

Өрім дей болып өрілер

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй болып көрінер.


Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік

Қазақ тілім – өз тілім, анам тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.

Шаттық шеңберін жасайды.







Барлығы бірге айтады

Білу және түсіну

«Миға шабуыл» әдісі.


Жаңа білім

7 минут


Қызығушылықты ояту кезеңі: ертегі тыңдау

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  1. Сөйлем туралы не білеміз?

  2. Сөйлемдердіңайтылумақсатынақарайқандайтүрлері бар?

  3. Сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді?

  4. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  5. Құрмалас сөйлемдерде қандай тыныс белгісі қойылады?

Оқушылар ертегіні тыңдап, мақсатымен танысады.


Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.





Қолдану

10 минут





Көркем жазу: болашағым, бақытым

Дәптермен жұмыс.


1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Құрмалас сөйлемдерді теріп жаз.



2-жаттығу. Мақалдарды түсініп оқы. Тұрлаулы мүшелерді тап.

Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.


Ат- адамның қанаты,

Ас –адамның қуаты.



"Жалғасын тап"ойыны. Топтық жұмыс.

Құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі берілген. Келесі бөлігін табу арқылы, құрмалас сөйлем туралы білімдерін жетілдіру

                                   

1-топ.     Ол бүгін ерте келіп, ...    .

2-топ.     Лезде аспанды бұлт торлап, ...    .

3-топ.     Жаз ыстық болса,  ...   .

4-топ.     Күн жылынып,  ...    .


Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

Түсіндіру.

Топтық, жеке жұмыс жүргізу.


1-жаттығу. Құрмалас сөйлемдерді теріп жазады.


2-жаттығу.Тұрлаулы мүшелерді теріп жазады.

Дос, айтады, дұшпан, айтады, ат, ас.



"Жалғасын тап"ойыны. Топтық жұмыс.


Әр топ өзіне берілген тпсырманы топпен орындайды. Құрмалас сөйлемнің келесі жай сөйлемін табады.

Сергіту сәті

«Кунг-фу!» әдісі

2 минут

Күн суытты.

Мен бес алдым!

Қар жауып, дала аппақ болды.

Сабақтан неше алдың?

Алақай жақында демалысқа шығамыз!

Мен сабағымды оқып болып, далаға ойнауға шықтым.

Сөйлемдегі тыныс белгілерді қимыл арқылы көрсетеді.

1.Бес саусағын көрсетеді.

2.Саусақтарымен партаны қағады.

3.Екі қолын жоғары көтереді.


Талдау

«Ойлан, тап!»


5 минут

1 топ:Құрмалас сөйлемдерден құралған мақал-мәтелдер жаз.


2 топ:Күзгі табиғатқа байланысты құрмалас сөйлемдер жаз.


3 топ:Жай сөйлемдерді бір бағанға, құрмалас сөйлемдерді бір бағанға бөліп жаз.

Айжан кітапты көп оқиды.Қанат шахтада жұмыс істейді,оны жұрт құрметтейді.Бір топ бала іске жұмыла кірісіп,коньки тебетін мұз айдынын жасап жатты.Дәу қара құс көрінді.Лезде аспанды бұлт торлап,жаңбыр құйып кетті.


4 топ:Сөйлемдерді түсініп оқы. Құрмалас сөйлемдерді теріп жаз.

Жерге төгілген сүтті, айранды басуға болмайды. Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды. Сүт сауатын шелекті су басына апармайды, құты кетеді.

Топпен жұмыс. Ойланып, ақылдасып, бірігіп жұмыс істейді.


1-топ құрмалас сөйлемдерден құралған мақал-мәтелдер жазады.

2-топ күзгі табиғатқа байланысты құрмалас сөйлемдер жазады.

3-топ жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді екі бағанға бөліп жазады.

Жинақтау


«Тілші сұхбаты» ойыны


Сабақты бекіту

7 минут

Деңгейлік тапсырмалар


Бір оқушы журналист болады.

Ал сендер журанлистің сұрақтарына жауап бересіңдер


Бүгінгі сабақ сендерге несімен ұнады ма?

Бүгінгі тақырыптан нені түсіндік?

Құрмалас сөйлем дегеніміз не екен?

Құрмалас сөйлем қалай құралады?

Жай сөйлеммен құрмалас сөйлемнің айырмашылығы неде екен?

Шығармашылық жұмыс барысында не қызықты болды?

Бүгінгі өткен ашық сабақтан сіз қандай әсер алдыңыз?

Оқушылар бүгінгі тақырыпты қаншалықты деңгейде талдай алды деп ойлайсыз?

Балалардың сабаққа деген ынтасы сіздердің көңілдеріңізден шықты ма?

Білімдерін толықтыру


Тақырып бойынша түйген білімдерін айтады.



Бағалау

5 минут



Кері байланыс

2 минут

Оқушының бағалауы «Ой бөлісейік» ойыны


Мұғалімнің бағалауы


«Екі жұлдыз , бір тілек»


Не білдім? Нені үйрендім? Оқушылар өз ойларын стикерге жазып жабыстырады.
(2 мин.)


Сабақтан алған білімдерін бағалап бір-біріне пікір айтады.



Оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады.

Үй тапсырмасы

4 жаттығу 62 бет

Күнделіктеріне жазады



Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Болысбекова Зарина Шаяхметқызы.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
817
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі