400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрмалас сөйлемнің білдіретін мағынасы, түрлері, жасалу жолдары туралы алған білімдерін пысықтау, бекіту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы Мақат ауданы Доссор поселкесі

Бержан Қанатбаев атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Байтубетова Кундыз Каримжановна


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: Құрмалас сөйлемнің білдіретін мағынасы, түрлері, жасалу жолдары туралы алған білімдерін пысықтау, бекіту.

Міндеттері:

  1. Құрмалас сөйлемнің түрлерін бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

  2. Оқушылардың бір-бірін оқыту, критерий бойынша бағалау дағдыларын жетілдіру.

  3. Тақырып бойынша белгілі бір ой-тұжырым жасату.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар құрмалас сөйлем, оның түрлерін ажырата біледі.

  2. Бірін-бірі оқыту дағдысы жетіледі.

  3. Тақырып бойынша ой-тұжырым жасайды.

Оқу құралдары: оқулық, дидактикалық материалдар.

Сабақ түрі: Білімді бекіту сабағы.
Оқыту әдістері: Топтық, жұптық жұмыстар. Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар орындау.
Сабақтың жүру барысы:


Уа

қы

ты

Блум таксон.

Сабақты ұйымдастыру формасы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2 мин


Ұйымдас-

тыру кезеңі. Топқа бөлу.

Сыныппен амандасу. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

Оқушыларды түрлі түсті қолдың суретін көрсету арқылы үш топқа бөледі.

Бағалау парақшаларын таратады.


Оқушылар амандасады. Топқа бөлініп отырады. Бағалаушы оқушыны сайлайды.

5 мин

Білу

Ой шақыру.


Мұғалім сұрақтарды ауызша оқып тұрады. Сұрақтар:

- Белгілі бір сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақтар жалғану арқылы жасалатын сын есімнің түрі?

- Еріндік дауыстылардың бірі: о,ө,ү,у, ...

- Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің түрі?

- Сөз табын зерттейтін тіл білімінің саласы?

- Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауын білдіретін рай түрі?

- Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлем түрі?

- Қимыл, іс-әрекеттің қалай, қайтіп орындалғанын білдіретін пысықтауыштың түрі?

- Сөйлемде кем дегенде екі толық мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса байланысқан сөздер тізбегі не деп аталады?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Әр жауаптың бірінші әрпін жазып отырып, сабақтың тақырыбын шығарады. ҚҰРМАЛАС сөйлем.


10 мин

Түсіну

«Уақыт шеңбері» әдісі

        • Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже – талқылауға барлығы түгелдей қатысулары керек.

  • Кезекпен сөйлеуі керек, біреуі сөйлеген кезде қалғандары тыңдауы керек.

  • Егер сіз тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе сөзіңізді басқаға бере аласыз.

  • Ешқандай қатты ескерту болмауы керек.

Мұғалім оқушылардың айтқандарын тыңдап, қосымша түсінік беріп отырады.

Оқушылар шеңбер болып отырады, бүгінгі тақырып аясындағы талқылауға барлығы қатысады.

Оқушылар құрмалас сөйлем жайында өз білетіндерін ортаға салады, кезекпен айтады, түсіндіреді.

12

мин

Қолдану

«Ойлан, топтас, талқыла!» әдісі

Наурыз мерекесі туралы ой қозғайды.

Әр топқа тапсырмалар беріледі.

1-топ: Қазақтың ұлттық киімдері.

2-топ: Қазақтың ұлттық ойындары.

3-топ: Қазақтың ұлттық тағамдары.

Оқушылар тақырып бойынша постер қорғайды. Берілген тақырыпты құрмалас сөйлемдерді қатыстыра отырып ашады. Құрмалас сөйлемдердің жасалу жолын түсіндіреді.

7 мин

Талдау



Синтаксис

тік талдау жасау.

  1. Қорған топырақ араластыра тастан қаланған екен, бұл кезде қорғанның үстіне жыңғыл мен шеңгел араласа шығып, өзінше ол да сән беріп тұр.


  1. Адам туған тілін құрметтемесе, өзін де құрметтемейді.


  1. Жүсіп сөйлемекші еді, - оны ду көтеріле шапалақтаған жұрттың қолы сөйлетпеді.


Оқушылар сөйлемдерге синтаксистік талдау жасайды.

5 мин

Жинақтау

Графикалық диктант

Әр оқушыға графикалық диктант парағын береді.

Оқушылар жұптасып орындайды.

2 мин

Бағалау.


Оқушылар білімін бағалау.

Критерий бойынша жинаған ұпай саны арқылы оқушылардың білімін бағалайды.


Ұпай сандарын есептеп, қорытынды ұпай санын шығарады.


2 мин

Рефлексия.

«Білім шыңы»

«Білім шыңы».

Оқушыларға стикер таратады.


Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша ойларын, түйгендерін

жазып, тақтадағы «Білім шыңына» жабыстырады.



Үйге тапсырма беру.

«Ата-баба салтым – асыл қазынам» деген тақырыпта эссе жазу.





















Бағалау критерийлері:

Білу. 0-3

  1. бірде-бір сұраққа жауап бермесе;

  2. 1-2 сұраққа жауап берсе;

  3. 3-5 сұраққа жауап берсе;

  4. 6-8 сұраққа жауап берсе.


Түсіну. 0-3

  1. жұмысқа қатыспай, үнсіз отырса;

  2. 1-2 ереже айтса;

  3. 3-5 ереже айтса;

  4. 6-дан көп ереже айтса.


Қолдану. 0-3

  1. топтық жұмысқа мүлдем араласпай, үнсіз отырса;

  2. топтық жұмыста өте төмен белсенділік көрсетсе;

  3. топтық жұмыста орташа белсенділік көрсетсе;

  4. топтық жұмысқа жоғары белсенділікпен қатысса.


Талдау. 0-3 сөйлем мүшесін, сөз тіркесін талдап, құрмалас сөйлемнің түрін табу.

  1. ешқандай талдау жасамаса;

  2. тек құрмалас сөйлемнің түрін тапса;

  3. құрмалас сөйлемнің түрін тауып, сөйлем мүшесіне талдаса;

  4. құрмалас сөйлемнің түрін ажыратып, сөйлем мүшесін, сөз тіркесін талдаса.


Жинақтау. 0-3

  1. Бір ғана сөйлемі дұрыс болса;

  2. 2-4 сөйлемі дұрыс болса;

  3. 5-8 сөйлемі дұрыс болса;

  4. 9-10 сөйлемі дұрыс болса.


«2» - 0-3

«3» - 4-8

«4» - 9-12

«5» - 13-15



Оқушының аты-жөні

Білу

«Ой шақыру»

Түсіну

«Уақыт шеңбері»

Қолдану Постер қорғау

Талдау Синтаксистік талдау жасау

Жинақтау «Графикалық диктант»

Қорытынды ұпай саны

Баға










































Графикалық диктант



Shape1





























  1. Ол қапелімде қайда жатқанын есіне түсіре алмай, маңдайын сипай түсті.

  2. Бұл жауапты Қаратай тағы бір от шығып кетпесін деп, майдалап жеткізбек болды.

  3. Олардың бәрін үйіне апарды да, торға қамап қойды.

  4. Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, не құлағымен естіген айтар.

  5. Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі келген жоқ.

  6. Кеген ауданына келгенінше, мен де аңшы емес едім, мұнда келген соң, еріксіз үйрендім.

  7. Жүсіп сөйлемекші еді, - оны жұрттың ду көтеріле шапалақтаған қолы бөліп, бірсыпыра уақытқа шейін сөйлетпеді.

  8. Жамандық жалын секілді: өзін де, өзгені де жалмай береді.

  9. Оның өскен ортасын білмейінше, жұмбақ қасиетін де түсінуге болмайды

  10. Ой-ұғымы, сезім-түйсігі ұқсас, жаны жалғас адамдар ғана бір-бірімен тату дос бола алады, өйткені ондай адамдар бір-бірінің жай-күйін жақсы ұғысады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
597
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі