Құрмалас сөйлемнің түрлері. Тест сұрақтары .

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құрмалас сөйлемнің түрлері. Тест сұрақтары .

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтас пен салалас құрмалас сөйлемнің түрлеріне арналған тест тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы


1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы бағыныңқы сөйлем қай сөз табына байланысты жасалады?
а) Есім сөздерге ә) Етістікке б) Одағайға в) Еліктеу сөздерге

2. Қай сөйлем сабақтас құрмалас сөйлемге жатады?
а) Күн ыстық әрі құрғақ болды.
ә) Біз келгенде, сабақ басталып кетті.
б) Ол ерте тұрды, сондықтан үлгерді.
в) Мен ән айтамын да, сен тыңдайсың.

3. Сабақтас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
а)
6 ә) 5 б) 7 в) 4

4. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз
а) Кешкі тамақты анам немесе әпкем әзірлейді ә) Кішкентайлар үйде әжесімен немесе атасымен қалады б) Демалыс күні азық-түлік әкелуге не әкем барады, болмаса мен барамын.
в) Арман қызды не татрға, не киноға шақырарын шеше алмай жүр.

5. Келесі сөйлемнің түрін анықтаңыз: «Мен үйге кіргенде, сағат тоғыз болды.»
а) Салалас құрмалас
ә) Сабақтас құрмалас б) Жай сөйлем в) Тұрақты тіркес

6. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз: «Егер жаңбыр жауса, біз бармаймыз.»
а) Шартты бағыныңқы ә) Себеп бағыныңқы
б) Қарсылықты бағыныңқы в) Мезгіл бағыныңқы

7. Сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз:
а) Ол айтты, бірақ ешкім тыңдамады.
ә) Әкем келген соң, біз ауылға аттандық.
б) Бұл кітап қызықты әрі мазмұнды екен.
в) Құстар жылы жаққа ұшты.

8. Қай сөйлемде шартты бағыныңқы бар?
а) Ағаштар гүлдегенде, дала көрікті болады. ә) Еңбектенсең, бәріне қол жеткізесің.
б) Қар жауып тұр, бірақ дала жылы. в) Үйде болмасам да, хат жазып кеттім.

9. «және, да, де, та, те, әрі» шылаулары қолданылатынсалалас құрмалас сөйлем

а) талғаулы ә) ыңғайлас б) қарсылықты в) себеп-салдар

10. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз
а) Болыс пен тілмаш келмей, біз істі бастай алмады ә) Жұрт өсектеп жүрер деп, хатшыны үйінің маңына жолатпады б) Хат танымайтыны болмаса, жігіттің сарбазы болайын деп тұр.

в) Бірлік болмай, тірлік болмайды

11. Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер қандай қатынаста болады?
а) Бір-біріне бағынышты ә) Тең дәрежеде б) Бірі екіншісін толықтырады
в) Тек себеп-салдарлық қатынаста

12. Қай сөйлем салалас құрмаласқа жатады?
а) Ол келгенде, есік ашық тұрды.
ә) Дала желсіз әрі тынық болды.
б) Егер сен келіссең, біз бірге барамыз. в) Бала жүгіріп келді, өйткені асығып тұр.

13. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемде қолданылатын шылаулар
а) дейін, шейін, кейін, соң, бұрын ә) соң, кейін, үшін б) да, де в) үшін

14. Келесі сөйлемнің түрін анықтаңыз: «Күн суық болды, бірақ адамдар далада жүр.»
а) Ыңғайлас салалас ә) Қарсылықты салалас б) Себеп-салдар салалас в) Талғаулы салалас

15. Қай сөйлем қарсылықты салаласқа жатады?
а) Ол ерте келді және бізді күтті. ә) Күн суытты, алайда жаңбыр жаумады.
б) Қала үлкен, бірақ тыныш. в) Бәрі тынышталды да, жарыс басталды.

16. «Немесе», «яки» жалғаулықтары қай салалас түріне тән?
а) Ыңғайлас ә) Талғаулы б) Себеп-салдар в) Қарсылықты

17. Келесі сөйлемнің түрін анықтаңыз: «Кешікпе, әйтпесе мен кетемін.»
а) Ыңғайлас салалас ә) Себеп-салдар салалас б) Қарсылықты салалас в) Талғаулы салалас

18. Салалас құрмалас сөйлемде себеп-салдар қатынасын қандай жалғаулық білдіреді?
а) Және ә) Себебі б) Немесе в) Бірақ

19. Қай сөйлем себеп-салдар салаласқа жатады?
а) Ауа райы жақсы, сондықтан біз серуендеуге шықтық.
ә) Ол шаршады, бірақ жұмысты аяқтады.
б) Мен үйге кірдім де, демала бастадым.
в) Еңбек етсең, бәрі болады.

20. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді анықтаңыз:
а) Аспан бұлтты, ал дала тыныш.
ә) Сен оқисың ба, әлде жұмыс істейсің бе?
б) Бұл кітап қызықты әрі пайдалы.
в) Ол асыққан жоқ, себебі үлгеретінін білді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.11.2024
752
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі