|
Сабақтың
мақсаты: Оқушылардың «құрмет»,
«сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері:
-
құрмет, сыйластық әдептерінің адами
қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;
-
ізетті қарым-қатынас жасау іскерліктерін
дамыту;
-
үлкендерді құрметтеуге, мәдениеттілікке
тәрбиелеу.
|
Көрнекі
құралдар:
суреттер, қима – қағаздар,
нақыл сөздер
|
|
Сабақтың
барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу,
түгелдеу
ә) оқушылар назарын сабаққа
аудару
б) Тыныштық сәті
«Орманға ойша серуен» тыныштық сәтін
орындату.
|
Оқушылар тыныштық сәтін баяу әуен арқылы
орындайды.
|
|
Үй тапсырмасын тексеру
Д.Қанатбаевтың «Күлімде, күн, күлімде!» өлеңін
сұрау.
|
Оқушылар жаттап келген жаттауларды
айтады.
|
|
Әңгімелесу
|
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын
талдайды.
|
|
Мәтінмен жұмыс
Төле би туралы аңыз
«Үш
пайғамбар» кітабынан
|
Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру
мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады.
|
|
Топпен жұмыс. Сахналау
Балалардың өзгелерге ізет көрсету іскерліктерін
дамыту мақсатында сахналау ұйымдастырылады.
Балалар 5 топқа бөлінеді. Берілген тапсырма
бойынша өздері жағдаяттар ойлап, сахналап
көрсетеді.
-
Туыстар арасындағы сыйластық
-
Қыз бен ұлдың сыйластығы
-
Өзінен үлкендерге деген құрмет
-
Келген қонаққа деген құрмет
-
Өзгенің еңбегі мен пікірін
құрметтеу
|
Оқушылар тапсырмаларды
орындайды
|
|
Дәйексөз
«Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала
қарызы»
М.Әуезов
Жасы кіші адам өзінен үлкендерге, ал бала
ата-анасына құрметпен қарап, әрқашан сыйлауы – қазақ халқының
ежелгі дәстүрлерінің бірі болып саналады. Сен үлкейгенде сені кіші
сыйлайды, саған ізет көрсетеді, ата-ана болғаныңда балаңның сені
күтіп-баптауы, оның алдындағы парызы саналады.
|
Халық мақалы
|
|
Дәптермен жұмыс:
Тапсырма
Балалар дәптерге салынған қоржын суретінен шығып
тұрған «құрметтеу» сөзіне (кімді, нені құрметтеуге тиіс) топтастыру
жасайды. Орындап болған соң жария етеді.
Күтілетін жауаптар: үлкенді, қонақты, батырларды,
даналарды, ұлдарды, сыныптастарын, өзгенің пікірін, өзгелердің
еңбегін, заңды, өз Отанын және т.б.
|
Дәптердегі тапсырмаларды өз беттерінше
орындайды.
|
|
Үй тапсырмасы:
М.Мақатаевтың «Анам маған ...» деген өлеңін
жаттап келу.
|
Күнделіктеріне жазады.
|
|
Соңғы тыныштық сәті:
Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды
жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі
сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық
сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар,
сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп
қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете
аласыңдар.
|
Оқушылар көздерін жұмып
демалады.
|