400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құрметтеймін туған тілімді!

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Құрметтеймін туған тілімді»

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Музыка әуенімен безендірілген залға балалар кіреді.

Жүргізуші: Қуаныш бүгін мереке

Шуағын шашып тұр әлем

Өнердің түскен жолына

Жас досым саған мың сәлем!

Құрметті балалар, қонақтар! Бүгін сіздер тіл мерекесіне арналған ертеңгілікке қош келіпсіздер! Ертеңгілігімізді әнұраннан бастайық.

Әнұран: барлық балалардың орындауында.

Жүргізуші: Ана тілің біліп қой

Ұятың болып тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте, деп ақын ағаларымыз жырлағандай біздің тіліміз – қазақ тілінде сөйлейміз. 22 қыркүйек тілдер мерекесі. Соған орай біз тіл мерекесін атап өтіп жатырмыз. Осы тіл туралы слайдты тамашалайық. Интерактивті тақтаға назар аударайық.

Жүргізуші: Біздің балаларымыздың тіл туралы жаттаған тақпақтарын тамашалаңыздар.

Тақпақтар: Аруназ, Ш.Айару, Б. Айару, Ж.Кәусар, Қайсар, Айым, Ханшайым

Музыка әуенімен ғарыш әлемінен өзге ғаламшарлық адам кіреді.

Жүргізуші: Балалар мен мына ғаламшарлық адамның тілін мүлдем түсінбей тұрмын. Сендер түсініп тұрсыңдарма?

Балалар: Жооооқ

Жүргізуші: Онда балалар қазақша сөздер үйретіп жіберейік. Мүмкін біздің қазақ тіліміз ұнап қалар. Олай болса, «Дұрыс па, бұрыс па?» ойынын ойнап жіберейік. Мен сендерге сурет көрсетіп айтамын, дұрыстығын сендер тексересіңдер. Ғаламшарлық сол сөздерді қайталасын. Біздің мерекемізді тамашаласын.

Ойын: «Дұрыс па, бұрыс па?»

Жүргізуші: Әрқашан мерекелік көңіл болсын

Кеудеміз күмбірлеген жырға толсын

Қамшы ұстаған жігіттермен орта толсын

Би: «Қамшылар»

Тақпақтар: Жасмин, Ибрахим, Зере, Бегайым, Қ. Айару, Абылай, Ерасыл, Айару

Жүргізуші: Келесі кезекте балаларымыздың орындауында

Ән: «Ана - тілім»

Музыка әуенімен ортаға кітап шәкіртімен кіреді.

Кітап: Сәлеметсіңдерме, балалар! Білімнің бастауы, өнердің шыңы барлығы оқудан басталады. Ғұлама адамдар, жазушы ақындар, ұстаздар, дәрігерлер, ұшқыштар барлығы білімді оқулықтан, яғни кітаптан алады. Кітапты көп оқысаңдар балалар білімді боласыңдар. Биыл Абай Құнанбаевқа 175 жыл толып отыр. Соған орай мен өзіммен бірге шәкіртімді ала келдім. Шәкіртім сендерге Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» тақпағын мәнерлеп айтып береді.

Асылбек тақпақ айтады.

Ғаламшарлық пен кітап қоштасып кетеді.

Жүргізуші: Келесі кезекте мың бұралған қыздарымыздың орындауында

Би: «Көгершін»

Жүргізуші: Туған тілім тірегімнің айғағы

Тілім барда айтылар сөз ойдағы, демекші балалар тіл туралы тақпақ қана емес мақал – мәтелдер де біледі.

Мақал – мәтелдер:

  1. Өсірген ой білімді Нұрасыл

Сүйем туған тілімді



  1. Ана тілді құрметте Айсұлтан

Жұртын сүйген ұланым

  1. Тілім бойда тұмарым Бексұлтан

Жарық берер шырағым

  1. Анам берген туған тілім Нұрәлі

Атам берген құрал тілім

  1. Ана сүті бой өсіреді Көркем

Ана тілі ой өсіреді

  1. Сөз қадірін білмеген Мәди

Өз қадірін білмейді

  1. Ішімдегінің бәрі тілімде Кәусар

Тілімдегінің бәрі түрімде

  1. Ашынған тілді болар Алихан

Ашыққан ұры болар

  1. Жақсы байқап сөйлер Алтынай

Жаман шайқап сөйлер

  1. Өссе тілім менде бірге өсемін, өшсе тілім менде бірге өшемін Іңкәр

Жүргізуші: Келесі кезекте балаларымыздың орындауында

Ән: «Ана тілім ұраным!»

Жүргізуші: Балалар, осымен «Құрметтеймін туған тілімді» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Өздерінің қазақ тілдерінді ұмытпаңдар!

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
589
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі