Құрсақ шашу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құрсақ шашу

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұмыт қалған салт - дәстүрлерін қайта жаңғыртып, жастар санасына сіңіру. Келін жүкті болғаннан кейінгі ауылдың жарыса сол келіннің жерік асын табу үшін жасалатын салтынан көрініс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құрсақ шашу


Жүргізуші автор: Құрсақ шашу немесе Құрсақ той — аяғы ауыр әйелге қатысты қазақы дәстүр. Құрсақ шашу кішігірім той-думан ретінде аталып өтеді. Мақсаты: қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне баса назар аудару. Думанда дастарқан жайылып үлкен әйелдер жағы жас келінге аман-есен босанып алуын тілеп, ақыл-кеңестерін береді, шашу шашылады. Құрсақ көтеру мен дастарқандағы шашудың себебінен бұл дәстүр «Құрсақ шашу» деп аталып кеткен. Кей жерлерде «Құрсақ той» деп те аталады.


Абысын: -Сүйінші апа, Апа, келініңіз елдің алғысын алыпты, айранға, көжеге тойыпты.

Ене: - Сүйіншің дайын. Келін, үлкен үйдегі ақ әжеңді шақырып кел. Керегеге ақ жаулық байласын.

Ақ әже: – Келін қуаныш құтты болсын.

Абысын: – Не үшін керегеге ақ жаулық байлайды?

Ақ әже: - Мұның мағынасы «осы үйдің төңірегінен ақырын өтіңдер, атпен өтетін жолаушылар қатты шауып өтпесін, ал ауылдың кішкентай балалары алысқа ойнасын» деген мағынаны білдіреді екен. Өйткені жүкті әйел кез келген дыбыстан, басқа бір тосын әрекеттерден тез шошынғыш болады ғой. Сондай жағдайлар болмас үшін алдын алу әрекеттері жасалады. Тағы бір себебі: баланы іште жатқанынан тәрбиелеудің мағынасы болса керек. Бала іште жатқаннан-ақ өзіне деген ілтипатты, құрметті сезінсе, ол жаман болмайды. Ең маңыздысы – ол анасының құрсағында тыныш жату керек. Іште жатқаннан-ақ анасының және отбасы мүшелерінің махаббатын сезінсе, сол жақсылықтан нәр алып өседі.

Абысын: - Есте сақтайтын нәрсе екен. Құрсақ шашу тойына дайындық жасайын.

Ене: -Дүниеге немере келе жатыр. Құрсақ шашу тойына қош келдіңдер.

Үлкен кісі: - Келінінің жерік асын табу да ененің басты міндеттеріне жатады. Қуанышқа ортақтасып келдік. Құр келмей әрқайсымыз түрлі тамақ ала келдік.

Екінші келіншек: - Бәріміз келін осы асты жейді – ау деген ниетпен келіп отырмыз. Келін ұялмай өзің жегің келген тамақты жей ғой. Осыншама тамақтың ішінен біреуіне тәбетің ашылатыны анық.

Үшінші әйел: - Бұл құрсақ шашу тойының тағы бір себебі – келіннің жерік асын табу.

Ене: - Бәрекелді, бәріңізге рахмет. Қуанышымды бөлісіп, келіннің жерік асын ала келгендеріңізге рахмет. Шайдан алыңыздар. Ақ әже бата берсін.

Ақ әже: - Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол,
Ата-енеңе жағымды бол,
Қайынаға, қайныңа қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.
Құдайым осынау үйге дуа берсін,
Тіл-аузын дұшпанның буа берсін.
Келіннің балағынан бала саулап,
Салпы ерін сары ұлдар туа берсін.

Әумин


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.12.2024
207
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі