Материалдар / Құрт – дәруменнің таптырмас көзі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құрт – дәруменнің таптырмас көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
- балаларға арналған құрамында әр түрлі химиялық қоспалар бар шетелдік тағамдар орнына таза, табиғи, түрлі ауруларға қарсы иммунитет нығайтатын дәрумендерге бай құрт тағамын балалардың күнделікті ас мәзіріне қосу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
401
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мен, Есен Ерхан Жалтыр негізгі мектебінің 3-сынып оқушысы. 


Ғылыми жоба тақырыбы: Құрт – дәруменнің таптырмас көзі

 

Өзектілігі- балаларға арналған құрамында әр түрлі химиялық қоспалар бар шетелдік тағамдар орнына таза, табиғи, түрлі ауруларға қарсы иммунитет нығайтатын дәрумендерге бай құрт тағамын балалардың күнделікті ас мәзіріне қосу.

Гипотеза-егер құрт  жайлы көбірек зерттеп білсек, онда құрттың көптеген сырларын ашар едік.

Жобаның негізгі мақсаты:

Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын, дәруменнің таптырмас көзі,жасалу түрлерін, ерекшеліктерін,адам ағзасына қажеттілігін насихаттау, ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығаруға үлес қосу.

Мазмұны:

Кіріспе Қазақ халқы ұлттық тағамға өте бай. Ата-бабамыз бай дастарқан мен табиғи құнарлы ұлттық тағамдарды ішіп-жеу арқылы анау-мынау ауруға дес бермеген, «Зеңгі баба»  деп пір тұтқан сиыр  сүтінен жасалатын осы заманға дейін жеткен көпшілікке таныс құрт жайлы айтқым келді. 


. Құрт – қазақ халқының  сүттен жасалған ұлттық тағам   ретінде кеңінен қолданатын өте көне  түрінің бірі.

Өз мақсатыма жету үшін, алдыма мынадай міндеттер қойдым:
-Сиыр сүтінен жасалған құрт жайында материалдар жинау;
-Құрттың  жасалу әдісін анықтау;

Құрттың адам денсаулығына пайдасын көрсету,насихаттау.

2.1. Құрт – дәруменнің таптырмас көзі.

Ата-бабамыз табиғи құнарлы ұлттық тағамдарды ішіп-жеу арқылы анау-мынау ауруға дес бермеген.

Құрттың адам денсаулығына өте пайдалы екенін бұрынғы ата-бабаларымыз біліп, құртты үнемі пайдаланған екен. Мал бағуға кеткенде қалталарына құрт салып алған және күнделікті тағамдарға қосып ішкен немесе құртты езіп ішкен, сондықтан ол кісілер көп ауырмаған, дәрі-дәрмек пайдаланбаған. Ертеректе тіс дәрігері де болмаған, ата-бабаларымыздың тістері ауырмаған.  Атап айтқанда, адамның тісінің қалыптасуына құрттың пайдасы зор екен. Егер бала жастайынан құрт жеп өссе оның тісі өткір, қатты,  ауырмайтынына көз жеткіздім.  Құрт, ірімшік жеп, қымыз, айран, сүт ішкен баланың денсаулығы  мықты болады екен. Құртты адам алыс сапарға шыққанда пайдаланса,    қарны  ашпайды, шөлдемейді, ал ұшақпен ұшқанда жүрек айнымайды екен. Ал қыста құртты езіп ішсең ол тамаша қорек болады , әрі адам суыққа тоңбайды екен..  «Құрт – қыстың қымызы» – дейтіні сондықтан болса керек.

2.2.Жасалу технологиясы

Құрттың өзіне тән жасалу тәсілі бар. Яғни құрт іркіттен жасалады.  Алдымен іркіт деген не? Соған тоқталайын.

Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл,

Ойнақ салып, құлын-тай қырында жүр.

Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл,

Іркіт иісі келеді мұрынға бір, – деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлаған іркіт дегеніміз не?

Энциклопедия, әжемнің айтуынан,түрлі ақпарат ағымынан болсын іркіт туралы мәлімет іздегенімізде мынадай деректер алдым.       

Іркіт– құрт қайнату үшін сабаға, күбіге ашыған айран,ұйыған сүтті жинайды. Шуағы мол түсетін күнгей бетке қойылады.Сосын қазанға құйып қайнатады


2.3. Құрттың түрлері

  Құрттың жасалу жолына қарай сан түрге бөлінеді. Мен өзіміздің ауылда апа-әжелеріміздің пісіретін құрттарын атап өткім келеді.

1) К ө б і к. Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Ағаш қасықпен бетінен  жайлап қалқып, ыстық күйінде жалап жейді. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.

2) М а л т а құрт . Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.

 3) Езген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге

2.4. Құрттың адам денсаулығына пайдасы

Құрттың адам ағзасына қандай пайдасы бар деген сұраққа келер болсам құрт  нағыз дәруменге бай, таптырмас дәрі екен.

Адам денсаулығына пайдалы­ құрт – кальцийдің көзі, ақуызға өте бай.ол құ­нар­лы, тоқ тағам болып есепте­леді. Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, маг­ний, кальций, алюминий микроэлемент­тері жетерлік.

Көздің көргіштігін жақсартатын – А дәрумені, жалпы иммунитетті жақсартатын – С дәрумені, қанның құрамын жақсартатын,сүйектің қатаюына көмектесетін – Д дәрумені,микроэлементтер және құрт қуаттылығы жағынан жоғары тағам.

2.5. Қазақстанның ұлттық бренді – құрт.

.Мен қазақтың тағамы құртты әлемдік деңгейге шығару керек деп санаймын. Мыңжылдық тарихы бар, бүгінгі күнге дейін құрттың дайындалу рәсімі ұмытылған жоқ.Бір кездері құрт көшпенділерді ұзақ жорықтарда және соғыстарда аштықтан құтқарған. Бұл азық өте ұзақ сақталады

Мен өзім де құртты жеп өсіп келемін.Сондықтан келешекте құртты әлем деңгейіне мына үлгілерде ұсынар едім.

Бірінші «Базарлық». Бұл құрт шоколадпен қапталған және жаңғақ қосылған.

Екінші «Балаларға сый»әр түрлі геометриялық фигуралар үлгілерде.

Үшінші «Ертегілер еліне саяхат» ертегі кейіпкерлері бейнесінде.

Ойымды қортар болсам

Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім.Арманым алдағы уақытта құрт туралы әлі де ізденіс жұмысын жүргізу. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы құрт – дәруменнің таптырмас көзі, адам денсаулығына қажетті тағам.Мен Қазақстанның жас жеткіншегі осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуім керек.

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!