400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

«Құртақандарға арналған ұй»

Материал туралы қысқаша түсінік
Түстің әртүрлі заттардың белгісі болып табылатынын және олардың сипатын білдіру үшін қолданылуы мүмкін екенін көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бірінші кіші «Айналайын» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Тәрбиеші:Муканова Д.Д.

Күні: 10.11.2018ж.

Білім беру саласы: Таным. Сенсорика

Өтпелі тақырып: «Менің-Қазақстаным!»

Тақырыбы: :«Құртақандарға арналған ұй»

Мақсаты: : Түстің әртүрлі заттардың белгісі болып табылатынын және олардың сипатын білдіру үшін қолданылуы мүмкін екенін көрсету.

Тәрбиелік: Қарапайымдылыққа тәрбиелеу

Оқыту: балалардың назарын заттардың түстік қасиеттеріне аудару.

Дамытушылық : ұсақ қол моторикасын жетілдіру.

Ресурстармен қамтамасыз ету: сегіз бұрышты бөлшектен тұратын мозаика (немесе қатты қағаз). Қорапта 10 ақ бөлшекті және 10 қызыл бөлшекті және 10 қызыл бөлшекті мозаика бар, тапсырманы орындауда қолданысқа керек болмаса да қосымша 3 сары, 3 көк, 3 жасыл бөлшектер салынады.

Сөздік жұмыс: құртақандар.

Билингвальды компонент: ақ- белый, қызыл- красный.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Бас бармаққа қонаққа,

Үй есігі алдында,

Балаң үйрек, ортан терек,

Шылдыр шүмек асыға,

Ең ақыры кішкентай бөбек,

Есік қақты жайлана.

Бірге жүрсе саусақтар - мәңгі достар,

Бір-бірінсіз күні жоғын ұғынды олар!

Бір уақытта екі қолдың да саусак, ұштарын мәтіндегі сөзге сәйкес кезекпен қосады.

2.Негізгі бөлім. балаларға қонаққа құртақандар келеді.

Құртақандар туралы тақпақ.

«Құртақандар кішкентай»,

Үйсіз тұрар орманда.

Көмектесіп оларға,

Үй салайық кішкентай!

Балалар құртақандарға үй салуға көмектесуге дайын екенін айтады.

1. Үй жайлы, түстер жайлы әңгімелесу.

2. -Балалар, біздің үйлеріміз мынадай түспен болады (ақ түсті көрсету).

-Ал мынадай түстен үйіміздің шатыры болады (қызыл түспен)

3.  Саусақ жаттығуы

Мақсаты: қолдың, саусақтың  қимылдарының  үйлесімділігін дамыту.

Жүргізуші балаларға қарама-қарсы отырып, саусақтарымен кез-келген  «фигураны»  көрсетеді. (кейбір саусақтар  бүгулі, ал кейбіреуі түзу, әртүрлі  қимылдар). Балалар  сол қимылды  тура солай қайталау керек.

4.Қауіпсіздік ережесі: ойын барысында бірін бірі қағып кетпеу

5. -Балалар, үйлерді панелге тұрғызып, ал қызыл шатырды үйлердің үстіне қою керек.

-Балалар, ұмытпаңдар, әрбір ақ үйге қызыл түстен шатыр керек.

Егер балаға көмек қажет болса, онда көмек көрсетіледі.

Сергіту сәті: «Өз үйіне кір» дидактикалық ойын.

-құртақандармен ойын ойнайық.

Еденге 2 құрсауды (обруч) тастау. Балалар «жаңбыр» деген бұйрықта құрсау- үйлерге тығылады, ал «күн!» деген бұйрықта топ ішінде қыдырып жүреді.


Қорытынды: 5 мүмкіндіктіің ішінен берілген 2 түсті (ақ, қызыл) таңдауды, қызыл түспен үйдің шатырын орнатуды қызыл түспен үйдің шатырын орнатуды үйренгені үшін балаларды мақтау.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.01.2019
969
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі