Материалдар / Құртақанды киіндіреміз.

Құртақанды киіндіреміз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

6 ҰОҚ

Білім беру саласы: Әлеумет.

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: Құртақанды киіндіреміз.

Мақсаты: қоршаған ортадағы заттар туралы білімдерін кенңейту.


Міндеттері: 1. Киім туралы тусінік беру, жыл мезгілдерінің өзгерістеріне байланысты киімдерді сараптай білуді үйрету;


2.Маусымдық өзгерістеріне сәйкес киімдерді таңдау дағдыларын қалыптастыру;


  1. Тиянақтылықты, мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу. орындайды: маусымдық киімдерді ажырата алуға арналған тапсырманы. түсінеді: маусымдық өзгерістердің адамдардың киім кию үлгісіне әсерін. қолданады: қыстық киімдерді жаздық киімдерден ажырата білу дағдыларын. Қолданылатын көрнекі құралдар: жаздық, қыстық киім үлгілері көрсетілген заттық суреттер, сандық, киім түрлерінің суреттері, үлестірмелі материалдар.


Сөздік жұмыс: жаздық киім, қыстық киім.


Билингвалды компонент: киім одежда, тон шуба, шарф –мойынорағыш, етіктер сапоги.


ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері.


Күннің шапағы қандай керемет! Барлығыңды шаттық шеңберіне шақырамын.


Сәлем, достым,


Мен ғой досың!


Таңғажайып сәт.

Ортаға сандық алып шығады.


Балалар, мына сандықты кім әкелген? Сандықта жазу бар екен, кәне, оқиық:


«Мен ғажайып сандықпын. Кәне, достым, қақпағын аш!». Сандықты ашады, оның ішінен құртақанды алып шығады.


Балалар, мына құртақан қонаққа бармақ. Бірақ қандай киім киерін білмей жатыр. Құртақанға киім таңдап берейік.


2. Негізгі кезең Білімді өзектендіру:

Педагог бір-бірлеп сандықтан киімдерді алып шығады.

Мынау не?

Бұл заттарды бір сөзбен қалай атауға болады?

Осы киімдерді құртақанға кигізуге бола ма?

Онда оған қандай киім керек?

Билингвалды компонент:

киім – одежда, тон – шуба, шарф – мойынорағыш, етіктер – сапоги.

Киімдер туралы жұмбақтар шешу.


Сандықта тек жаздық киімдер ғана, ал қыстық киімдер туралы жұмбақтар бар екен. Енді оларды шешу керек.


Есігі – біреу,

Бөлмесі – бесеу. (Қолғап)


Мойынға ол оралып,


Жылулықты сақтайды,

Аяздан бізді қорғайды. (Мойынорағыш – шарф)


Теріден тігілген,

Тек қыста киілген.

Үлкен-кіші киген

Ол не екен білсең? (Тон)


Қыстың күні онсыз,


17

Шыға алмайсың далаға. (Тымақ)


Осыдан кейін педагог сандықтан жұмбақтардың шешулері болған киімдердің суреттерін алып шығады.


Ал мына киімдерді құртақанға киюге бола ма?

Киімді қалай күтуге болады?

Саусаққа арналған жаттығу.

Музыка әуенімен кеудешелерінің түймелерін ашады, қайтадан салады.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді.

Жеке жұмыс өткізеді.


3. Рефлексия.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу қызметінде алған білімдері қорытындыланады.






ЖИ арқылы жасау
22 Қазан 2018
1164
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі