Физикалық қасиеттерді дамыту
Құрылымдалған ойындар:
Тақырыбы: «Спорттық ойындар арқылы командалық рухты қалыптастыру»
Мақсаты : Қимылдарды орындауда балалардың дербестігін, белсенділігін дамыту. Жүру,еңбектеу,секіру дағдыларын,ептілікті, жылдамдықты дамыту, қимылдарды мәнерлі орындауға және логикалық ойлауын дамыту. Құрдастарымен қимылды ойындарды бірге ойнауға, өзара оң қарым-қатынас жасауға баулу.
Педагогикалық тәсіл: Нұсқау беру, яғни балаға қалай жасау керектігін түсіндіре отырып,өз бетінше әрекет етуге жетекшілік ету, бір нәрсені жасату арқылы ойын түйіндеуге баулу
(нысанаға дейін орындап шыққан баланы мадақтау , ойын соңында сыйлық беру) Дағдылыр: Физикалық дағдылар
Физикалық белсенді болу, сенсомоторлық дағдыларды жаттықтыру арқылы қозғалыс кеңістікті түсіну, дамыту және белсенді, салауатты денені дамыту
Заттық дамыту ортасындағы пайдаланатын құралдар:
Орындықтар, туннель палатка,түрлі-түсті доптар, құрсау, геометриялық пішіндер, таяқша, түрлі-тусті балықтар,ыдыстар, қолдан жасалган қармақ, түрлі -түсті ыдыстар
Ойын барысы:
Амандасу: - Сәлеметсіңдер ме балалар,бүгін бізде ерекше күн, бізге қонақтар келді,қане амандасайық
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сәлеметсіздер ме , құрметті қонақтар!
Тосын сый : музыка әуенімен екі қонағымызды қарсы аламыз, қолдарында үлкен қорапша сыйлық бар
Нұсқаушы:- Сәлеметсіздер ме ,қош келіпсізсіздер ,төрлетіңіздер!
Қонақтар:-Балалар, бүгін сендерде қызықты іс -әрекет болып жатқанын естіп, арнайы сендерге( танымдық зияткерлік дағдыларды дамытудың) түстер әлемінен бірнеше қызықты ойындар ала келдік. Осы ойынды ойнап болған соң, сендерге мына қорапша ішіндегі сыйлықтарды береміз. Ендеше ойын ойнауға дайындалайық
Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар әуенмен ортаға жиналады.
-Нұсқаушы балаларды екі командаға бөліп, екі топ атауын жариялайды.
- Әр команда кезекпен өз ұранын айтады.
Жұлдыздар ⭐: “Жұлдыз болып жанамыз”
Күншуақ ☀️: “Күншуақпыз күлімдейміз”
Нұсқаушы:- Келгендеріңіз қандай жақсы болды, біздің балалар, барлық ойынға қатысуға дайын. Ойынды бастамас бұрын денені қыздырып алайық. Сіздер де бізбен бірге денені қыздырып алыңыздар
Музыка әуенімен ,Қожа бала кіреді. Сюрприз
Ырғақтық жаттығулар:
Таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыканың сүйемелдеуімен орындау.
Нұсқаушы: -Жарайсыңдар!
Қонақтардың бірінші ойынын , ондағы қозғалыс түрлерін балаларға түсіндіре отырып, нұсқаушы алдымен балаларға өзі көрсетеді.
1 Ойын :«Менің көңілді добым»
Мақсаты: Қол мен иық белсенділігін дамыту.Командада жұмыс істей білуге дағдыландыру.Жылдамдықты арттыру.
Ойын барысы: Орындықта отырып,шеңбер ішіндегі доптарды бір-біріне басынан жоғары,артқы балаға беру. Соңғы бала шеңберге салып отыру
2 Ойын: «Балық аулау»
Мақсаты: Қимыл-қозғалыс арқылы ептілік пен шапшаңдықты дамыту
Ойын барысы: Судағы балықты түсіне қарай, түстес қорапшаға жылдам салу.Бірінші болған команда жеңіске жетеді
3 Ойын: «Кім жылдам?»
Мақсаты:Қимыл-қозғалыс арқылы ептілік пен шапшаңдықты дамыту
Барысы: Туннель арқылы үйден төртағандап еңбектеп шығу,
көрнекі -қимылдық ойлауды дамыту арқылы, заттардың түсінің кеңістікте орналасуын ажыратуға , геометриялық пішіндерді орнына жылдам қойып шығуды пысықтау
Рефлекция:
- Балалар,бүгінгі ойындар сендерге ұнадыма?
- Не істедіңдер,қандай жаттығулар ұнады сендерге?
- Балалар,білесіңдер ме сендер бүгін барлық тапсырманы жылдам қарқынмен орындап шықтыңдар. Жарайсыңдар! Мадақтау.Ата-аналар әкелген қорапшаны бәрі бірге ашып, тамашалау.
Қәне сапқа тұрып, бізді тамашалаған қонақтарға , жылы лебізімізді білдіріп қоштасайық. Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтижелер:
- бір қатармен, отыра алады, қолды артқа,алға соза алады
-заттардың ішімен еңбектейді,қос аяқпен құрсаудан секіре алады
-жалпы дамытушы жаттығулардың орындалу ретін сақтайды;
қимылды ойындарды қызығып ойнайды;Түстерді ажырата біледі
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Құрылымдалған ойындар: Тақырыбы: «Спорттық ойындар арқылы командалық рухты қалыптастыру»

шағым қалдыра аласыз