Құрылымдық схемалардың тағайындалуы, орындау ережелері
Автоматтандырудың схемалары басқарылатын процесстің құрама бөліктерін және олардың арасындағы байланыстарды шартты түрде кескіндейтін не белгілейтін құрылымдық құжат болып табылады.
Өнеркәсіптің барлық салаларындағы схемаларды орындауда қойылатын жалпы талаптар МЕСТ 2.701-84 стандарттың ережесіне сәйкес орындалады.
Негізгі атқаратын міндетіне байланысты схемалар 10 түрге және 8 типке бөлінеді.
Схемалардың түрлері кириллица алфавитінің бас әріпімен белгіленеді. Олар: электрлік – Э, гидравликалық – Г, пневматикалық – П, газдық – Х, кинематикалық – К, вакуумдық – В, оптикалық – Л, энергетикалық – Р, бөлу – Е, құрастырма – С.
схемалардың типтері араб санымен белгіленеді. Олар: құрылымдық -1, функционалдық - 2, принциптік - 3, құрамдық (монтаждау) - 4, іске қосу - 5, жалпы - 6, орналасу - 7, біріктірілген - 0.
Құрылымдық схема объектінің негізгі функционалдық бөліктерін, олардың міндеті мен өзара байланысын анықтайды.
Функционалдық схема объектінің жекеленген функционалдық тізбегінде немесе тұтастай алғанда жүріп жататын белгілі құбылыстарды анықтайды.
Принциптік (толық) схема элементтердің толық құрамын және олардың арасындағы байланысты анықтайды.
Құрамдық (монтаж) схема объектіні құрайтын бөліктердің біріктірілуін көрсетеді және осы біріктірулерді іске асыратын сымдарды, бұрауларды, кабельдерді, сонымен қатар олардың түйісіп қосылатын жерлерін анықтайды.
Іске қосу схема бұйымның сырттай іске қосылуын көрсетеді. Бұл сұлба бұйымның іске қосылуын орындауда және пайдалануда қажет.
Жалпы схема белгілі бір эксплуатациялық қызмет атқаратын бірнеше бұйымның өзара байланысын анықтайды, ол монтаждау және жобалау кезінде қолданылады.
Орналастыру схемасы бұйымды құрайтын бөліктердің салыстырмалы орналасуын, қажет болғанда сымдарды, бұрамдарды, кабельдерді көрсетеді. Конструкторлық құжаттарды, бұйымдарды жасағанда және пайдаланғанда осы сұлбаның қажеттілігі туындайды.
Біріккен схема жекеленген жағдайда бір графикалық құжатта бір бұйым үшін сұлбаның екі типін орындауға рұқсат етіледі.
Орындалған схемада әріптік және санды бөліктерден тұратын код қойылады. Мысалы: электрлік принциптік сұлба коды - Э3.
Автоматтандыру жобасын жобалау барысында ең алдымен, басқару объектісі қай жерден басқарылатынын, оператор пункітінің қайда орналасқандығын, олардың арасындағы байланыстың яғни басқару құрылымының сұрақтарын шешіп алу қажет. Басқару құрылымы деп белгілі бір критерий бойынша бөлуге болатын автоматты жүйенің бөліктерінің жиынтығы, сондай-ақ олардың арасындағы әсерлердің берілу жолдары түсініледі.
Автоматтандыру объектісі үшін басқару құрылымын таңдау оның жұмысының тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді, басқару жүйесінің салыстырмалы құнын төмендетеді, оның сенімділігі, жөндеуге қабілеттілігі және т.б.
Автоматтандыру жүйесі автоматтандыру объектісінен және осы объектіні басқару жүйесінен тұрады. Автоматтандыру объектісі мен басқару жүйесінің өзара әрекеттесуінің арқасында автоматика жүйесі тұтастай алғанда x1, x2, ..., xn параметрлерімен сипатталатын объектінің жұмыс істеуінің қажетті нәтижесін береді.

Сурет 2.4 - Автоматтандыру жүйесінің құрылымдық схемасы
Бұл параметрлерге, мысалы, технологиялық процестің мақсатқа сай соңғы өнімін сипаттайтын мәндер, технологиялық процестің барысын, оның тиімділігін, ақаусыз жұмыс істеуін анықтайтын жеке параметрлер және т.б.
Осы негізгі параметрлерден басқа, күрделі автоматтандыру объектісінің жұмысы бірқатар көмекші параметрлермен сипатталады y1, y2, ... yi, оларды бақылау және реттеу қажет (мысалы, тұрақты ұстау керек). Мұндай параметрлерге, мысалы, технологиялық бу дайындайтын қондырғылардың, айналмалы сумен жабдықтауға арналған сорғы станцияларының және басқаларының жұмысын сипаттайтын мәндер жатады.
Жұмыс кезінде объект x1, x2, ..., xn параметрлерінің қажетті мәндерінен ауытқуын тудыратын f1, f2, ... fi сыртқы әсерлерін алады. Ағымдағы x1, x2, ..., xn, y1, y2, ..., yi мәндері туралы ақпарат басқару жүйесіне енеді және белгіленген g1, g2, ..., gk мәндерімен салыстырылады. нәтижесінде басқару жүйесі шығыс параметрлеріндегі ауытқулардың орнын толтыру үшін E1, E2,…, Em басқару әрекеттерін орындайды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз